Саясаттар.
«НКОК» компаниясы Солтүстік Каспийдің теңдессіз
және сезімтал қоршаған ортасының қорғалуын
қамтамасыз ете отырып, әлемдік деңгейдегі жобаны
инженерлік-техникалық және өндірістік шешімдерге
сәйкес жүзеге асыруға ұмтылуда. Біз өндірістік операцияларды
жауапкершілікпен, Қазақстан Республикасының
заңнамасын және халықаралық ережелердің,
стандарттардың және озық тәжірибелердің
талаптарын бұлжытпай сақтай отырып жүргізудеміз.
2016 ЖЫЛҒЫ КАСПИЙ КҮНІ
«НКОК» компаниясы теңдессіз ішкі теңіздің
құрметіне арналған Каспий күнін
(12 тамызда) тұрақты түрде атап өтеді және
оның флорасы мен фаунасын зерттеуші
мамандарды ұлығылайды.
10 тамызда «НКОК» компаниясының инженер-экологы
Сергей Ухов Атыраудағы
жергілікті экологиялық үкіметтік емес
ұйымдарға «НКОК» компаниясының теңіз
суы мен түптік шөгінділерден сынамалар
алып, олардың физикалық-химиялық
қасиеттерін анықтау жөніндегі бағдарламалары,
гидрогеологиялық зерттеулері
және «НКОК» компаниясы жобаны жүзеге
асыра бастағаннан бері қоршаған ортаның
аялық жағдайының мониторингісі бойынша
жыл сайын орындап келе жатқан басқа
да ұзақ мерзімді бағдарламалары туралы
ақпарат берді. (Бұл 2015 жылы Каспий күнін
мерекелеу кезінде қалыптасқан дәстүрдің
жалғасы болып табылады, аталған шара
аясында «НКОК» компаниясы «Каспий
теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде
мұнай кен орындарын игеру барысында
жүргізілген экологиялық мониторинг» e
атты жаңа кітапты ұсынды, онда экологиялық
мониторинг нәтижелеріне жалпы
шолу жасалған).
Сонымен бірге «НКОК» компаниясы
«Эко Маңғыстау» ұйымымен (ҮЕҰ) бірлесе
отырып, тамыздың 7-сі мен 13-і аралығында
Ақтау қаласында 3-інші Жазғы экологиялық
мектептің жұмысын ұйымдастырды.
Ресейлік және қазақстандық мамандармен
сүңгуір жұмыстар, сынамалар алу, каспий
итбалығының популяцияларын зерделеу
тақырыптары мен басқа да көптеген тақырыптар
бойынша өткізілген мастер-кластар
мен практикалық дәрістерге Маңғыстау
мен Атырау облыстарынан 34 тыңдаушы
— болашақ экологтар қатысты (фотосуретті
қараңыз).
Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
2016 жылы «НКОК» компаниясы ресми талаптарды ескере отырып,
І кезең бойынша Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ)
нәтижелерін нақтылап, мемлекеттік экологиялық сараптаманың
оң қорытындысын алды. Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде
жүргізілген зерттеулер қазақстандық қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі сарапшы-кеңесшілердің қатысуымен орындалды және
сол зерттеу нәтижелері жергілікті халықтың назарына олардың
ұсыныс-пікірлерін білу үшін ұсынылды.
Аялық зерттеулер және мониторинг.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды әдіс - жоба
бойынша жұмыстар басталғанға дейін болған бастапқы жағдайларды
(аялық жағдайларды) зерделеп, кейін сол жағдайларға жоба
аяқталғанға дейін тұрақты мониторинг жүргізу. «НКОК» компаниясы
өз қызметінің барлық салаларында сыртқы сарапшылар мен ұйымдардың
қатысуымен осындай зерттеулердің жүздегенін өткізді.
Нақты зерттеулер төмендегі тиісті тарауларда ескерілген.
«НКОК» компаниясы экологиялық мониторинг бойынша қорытындылар
туралы мәліметтерді түрлі нысанда береді: Бастапқы тәуелсіз
техникалық сараптамасы бар ғылыми жарияланымдар, есептер,
қоғамдық тыңдау, ҚОӘБ, қоғамдық және салалық форумдардағы
презентациялар, «НКОК» компаниясының веб-сайты және БАҚ-та
жарияланатын мақалалар.
«НКОК» компаниясы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу
туралы келісім талаптарына сай экологиялық мониторингінің
жинақталған деректерін қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты
мемлекеттік органдарға тікелей ұсынады. Ол органдар халықты
тиісті түрде ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, «Қазгидромет»
РМК (ҚР Энергетика министрлігі) экологиялық мониторинг
департаменті қоршаған ортаның күйі туралы ай сайынғы, тоқсан
сайынғы және жыл сайынғы есептерді жариялайды, олар қосымшалар
түрінде «НКОК» компаниясының «Болашақ» МГКДҚ және
шектес аумақта орналасқан ауа сапасын бақылайтын өндірістік
стансаларынан алынып, талданған деректерді қамтиды.
«Қазгидрометтің» 2016 жыл бойынша есебіне сілтеме. - f
Экологиялық сезімталдық карталарын әзірлеу.
Осы географиялық ақпарат жүйесі (ГАЖ) негізіндегі жергілікті
жердің бедері, экожүйелер, қорғалатын аймақтар және мекендеу
орталары көрсетілген интерактивті карталар көп жылдар бойы
тұрақты түрде жүргізілген экологиялық мониторингінің деректері
негізінде әзірленген және мұнай төгілімдеріне ден қою, биоәртүрлілікті
сақтау, болашақ игеру жұмыстары және т.б. жөніндегі
іс-шараларды жоспарлауымыз үшін операцияларымыз жүргізілетін
өңірдегі экологиялық тұрғыдан алғанда анағұрлым осал алаңдарды
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл карталар тұрақты түрде жаңартылып
тұрады.
Табиғат қорғау іс-шараларының жоспарлары.
«НКОК» компаниясы қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылдап
жатқан шаралар жыл сайын қоршаған ортаны қорғау
саласындағы бақылаушы органдармен бекітілетін Табиғат қорғау
іс-шараларының жоспарында реттеледі. Жыл сайынғы Табиғат
қорғау іс-шараларының жоспарында жобалардың келесі түрлері
қарастырылған: экологиялық зерттеулер және атмосфераның,
судың, топырақтың және биоәртүрліліктің мониторингісі; қатты
және сұйық қалдықтармен жұмыс істеу; мұнай төгілімдеріне ден
қою; көгалдандыру; қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша
ағарту қызметі. Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарының орындалуы
туралы есептер тоқсан сайын мемлекеттік органдарға беріледі.
6.2 Каспий өңіріндегі экожүйенің биоәртүрлілігі
Каспий теңізі - сирек кездесетін, осы су қоймасында ғана
мекендейтін және эндемик түрлердің пайыздық үлесі жоғары
экологиялық жүйе. Осы өңірдегі бірегей биоәртүрлілікті қорғау
және сақтау тұрақты даму шеңберіндегі ең басты мақсат болып
табылады.
Саясат, жоспарлар және бағдарламалар.
2016 жылы төрт теңіз экологиялық зерттеу (жылдың әр мезгілінде
біреуден) және екі жерүсті зерттеу жұмысы барысында елеулі
деректер көлемі жиналды. Каспий өңірінің флорасы мен фаунасы
түрлерінің таралуы және популяцияларының динамикасы туралы
анағұрлым анық мағлұмат алу мақсатында осы зерттеулердің
көлеміне флора мен фаунаны, су түбіндегі организмдерді, топырақ
пен атмосфералық ауа сапасын зерттеу жұмыстары кірді. Жоба жүзеге
асырыла бастағаннан бері 100-ден астам экологиялық зерттеулер
және флора мен фаунаға қатысты зерттеулер жүргізілді
«НКОК» компаниясы құрлық кешеніндегі, сондай-ақ теңіз кешеніндегі
инженерлік-техникалық және құрылыс жұмыстарының барлық
кезеңдерінде биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шаралардың
арнайы жоспарларын әзірледі. Негізгі түрлерге арналған кейбір
бағдарламалар төменде анағұрлым толығырақ сипатталған.
Каспий итбалығы.
Каспий итбалығының саны өткен ғасыр бойына бірқатар табиғи
және антропогендік/техногендік (яғни адам қызметіне байланысты)
себептердің салдарынан азайып келді. Бұл себептерге аурулар,
итбалықтардың күшіктеуіне байланысты қиындықтар, қоректену
тізбегінің өзгеруі, мұз қату процесінің өзгеруі, сондай-ақ аңшылық,
итбалықтардың құрылған ауларға түсіп өлуі және кемелермен
соқтығысу жатады. 2008 жылы Табиғат пен табиғи ресурстарды
қорғау жөніндегі халықаралық одақ каспий итбалығын «әлсіз түр»
санатынан «жойылу қаупі төнген түр» санатына ауыстырды және
жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің Қызыл кітабына
енгізді.
ИТБАЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НЕНІ АЙҒАҚТАЙДЫ?
Зерттеулер итбалықтардың көбею және
күшіктеу орындары орналасқан жерлердің
түрлі жылдары ең бастысы мұз жағдайлары
мен теңіз деңгейінің өзгеруі салдарынан
біршама ерекшеленетінін көрсетті;
зерттеулер жүргізілген кезеңде қандай да
бір айқын тенденциялар анықталған жоқ.
Итбалықтардың саны, күшіктерінің
таралуы, итбалықтардың кемелерге
соғысуының тіркелген оқиғалары туралы
анағұрлым толығырақ деректерді«НКОК»
компаниясының биоәртүрлілік жөніндегі
кітапшасынан және каспий итбалығы
жөніндегі халықаралық зерттеулерден
қараңыз.
Қадағалаушылардың есептері итбалықтардың
мұзжарғыш кемелермен соғысу оқиғаларының
сирек болатынын немесе мүлдем
болмайтынын айғақтайды. Салыстыратын
болсақ, каспий итбалығы жөніндегі ха-
лықаралық зерттеулердің деректері бойынша
балық аулайтын ауларға түсіп қалу
және браконьерлік әрекеттер нәтижесінде
жыл сайын өлетін итбалықтар саны бірнеше
мыңнан ондаған мыңға дейін жетсе,
лицензияланған кәсіпшілік оған қосымша
ондаған итбалықтан мыңдаған итбалықтың
өліміне соқтырады.
Кейбір қорытындылар Каспий теңізінің
ресейлік секторы бойынша деректердің
қолжетімсіздігі салдарынан шектеулі.
Алайда зерттеу жұмыстарының көлемін
шектеу ықтималдығына қарамастан,
бұл фактор Қазақстанның аумақтық су
айдынында итбалықтарды қадағалау және
кемелеріміздің навигациясы салдарынан
итбалықтарға тиетін әсерді азайту жөніндегі
жұмыстарымызға кедергі келтірмейді.
Қажет болған жағдайда «НКОК» компаниясы
спутниктердің деректерін ала алады,
сонымен қатар ол нәтижелерді салыстырып,
айырмашылықтарды анықтау үшін
ресейлік зерттеушілермен байланыс жасап
тұрады.
Солтүстік Каспий жобасының қатысушылары
каспий итбалығы туралы білімімізді
тереңдетуге және оны қорғауға арналған
стратегияны әзірлеуге мүмкіндік берген
бастапқы зерттеулерді жүргізу мен
қаржыландырудың бастамашысы болды..
2016 жылға жоспарланған итбалықтарды зерттеу
жұмыстары 23 қаңтарда Баутин базасында
кемелердің капитандары мен экипаждарына теңіз
сүтқоректілерін қорғау саласындағы ғылыми ұсынымдар
мен халықаралық озық тәжірибелерді
ескере отырып әзірленген әсерлерді азайту шаралары
жөніндегі екі күндік нұсқау беруден басталды.
Келесі бес-алты апта ішінде итбалықтарды қадағалаушылар
Баутин базасы мен Қашаған кен орны
арасында жүрген бес мұзжарғыш кемеде кемелер
навигациясының бойындағы итбалықтар жатақтарының
карталарын әзірледі, итбалықтарды санау және
жіктеу жұмыстарын жүргізді және күшіктеу кезеңінде
оларға бақылау жүргізді. Итбалықтарды қадағалаушылар
топтары Атырау облысы бойынша экология
департаментінің және Облыстық аумақтық жануарлар
әлемін қорғау және аңшылық инспекциясының
инспекторларымен бірге тікұшақпен мұзжарғыштардың
жолдарына жақын алаңдардың үстімен ұшып,
итбалықтар шоғырланған орындарды зерделеді.
«НКОК» компаниясы 2005 жылдан бері жыл сайын
итбалықтарды бақылау және зерделеу үшін тәуелсіз
халықаралық және жергілікті сарапшылардан тұратын
далалық топтарды құрады, олар мұзжарғыштар
үшін қауіпсіз жолдарды анықтайды, Солтүстік
Каспийдегі итбалықтардың популяциясын сақтауға
ықпал етеді және оларды түр ретінде зерделейді.
Қазіргі уақытта ондай топ негізінен қазақстандық
тәжірибелі мамандардан құрылады, олар Қазақстан
мен Ресейдің ғылыми институттарының бақылауында
жұмыс істейді.
Қазақстандық экологтар және НКОК қызметкерлерінен
тұратын флора мен фауна жөніндегі мамандар
2016 жылы қарашада Ресейдің
Астрахань қаласында өткен каспий итбалығын зерделеу
және популяциясын сақтау жөніндегі конференцияға,
сонымен қатар маусым айында Ресейдің
Краснодар қаласында өткен бекіре тұқымдас балықтарды
сақтау жөніндегі
конференцияға қатысты.
Ихтиофауна.
Қазіргі уақытта Каспий теңізін мекендейтін бекіре тұқымдас балық
түрлерінің барлығын Табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ «жойылу қаупі төнген түр» санатына жатқы-
зды. Жергілікті популяцияның ауқымына шамадан тыс және заңсыз
аулау, сонымен қатар өзендерде дамбалар салу, ауылшаруашылығы
алқаптарынан аққан төгінділер және өндірістік қызмет әсер етті.
Зерттеу жұмыстарына және алдыңғы жылдары бірқатар жетілдіру
жобалары үшін орындалған бағдарламаларды ерікті түрде қаржыландыруға қосымша «НКОК» компаниясы өтемақы төлеу жөніндегі
міндеттемелері шеңберінде Жайық өзеніндегі балық өсіру зауыттарына елеулі қаражат бөлуде, осының арқасында кейінгі жылдарда
бекіре тұқымдас балықтардың популяциясы 700 мыңнан астам
шабақпен толығатын болады. 20 шілдеде «Жайық-Атырау бекіре
балық өсіру зауыты» мемлекеттік кәсіпорны» Курилкин елді мекенінде бекіре тұқымдас балықтардың 235 мыңға жуық шабағын Жайық
өзеніне жіберді, бұл НКОК міндеттемесі шеңберіндегі алғашқы жылдық үлесті құрайды.
Киіктерге ен салу.
«НКОК» компаниясы Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығымен (ҚБСҚ) бірлесе отырып, киіктің (saiga tatarica) шағын
популяциясына ен салу және мониторинг жүргізу жөніндегі 2014
жылы басталған бағдарламаның жүзеге асырылуын жалғастыруда.
Биыл Атырау және Маңғыстау облыстарындағы экспедиция шеңберінде қазан айының 2-сі мен 13-і аралығында үш киік ұсталып,
оларға телеметриялық қарғыбаулар тағылды. Бұндай қарғыбаулар
мамандарға орналасқан орынды анықтайтын ғаламдық жүйе (GPS)
қабылдауышының көмегімен жануарлардың күнделікті тірлігін
нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. 1996 жылы
киік Табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық
одақтың жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің Қызыл
кітабына енгізілді, ал 2002 жылы жойылуға шақ қалған түр деп
жарияланды. Соңғы жылдары осы түрге көмек көрсететін Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) сияқты ынтагерлер
топтары құрылды, олар шамамен 100 бастан тұратын киік үйірі мекендейтін Исатай ауданында ауданы 2000 га қорғау аймағын орнату
сияқты бастамаларды ілгерілетуде.
2016 жылдың күзінде жыл құстарының санын тіркеу.
12 қыркүйекте «НКОК» компаниясы құстарды күзгі миграция
кезінде есептеу жөніндегі жыл сайынғы бағдарламаны EPC 2 және
EPC 4 жасанды аралдарындағы екікүндік мониторингіден бастады,
содан кейін қазанның 15-і мен 24-і аралығындағы кезеңде төрт
күн бойы Каспийдің жағалау аумағы тікұшақпен ұшып зерделенді.
Зерттеушілер тобының құрамына «НКОК» компаниясының және
мердігерлердің экологтары мен орнитологтары, сонымен қатар
Атырау облысы бойынша экология департаментінің және Облыстық аумақтық жануарлар әлемін қорғау және аңшылық инспекциясының инспекторлары кірді.
Топтың санағы бойынша құстар саны миллионнан асты — бұл
соңғы он жыл бойы жүргізілген қадағалау жұмысындағы ең жоғары
көрсеткіш — олардың ішінде құстардың анағұрлым әдемі түрлері,
атап айтқанда қоқиқаздар (55 000 ), сыбырлауық аққу (133 000),
қызғылт және бұйра бірқазан (6 000) және қызылтұмсық сүңгуір
(150 000) байқалды.
Солтүстік Каспий жобасы арқылы шығыс жарты шардағы негізгі құс
жолдарының бірі өтеді. Жайық өзені атырабының жағалаудағы суы
тайыз мекендеу орталары мен батпақты алаңдары жыл құстарының көбею, түлеу және ұзақ уақыт тұрақтау орны ретінде қызмет
атқарады. Осы өңірде орналасқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи
резерваты 2009 жылдың сәуір айында БҰҰ Рамсар конвенциясы
бойынша сулы-батпақты алқаптар қатарына жатқызылып, 2012
жылы НКОК акционерлерінің бірі «Эни» компаниясының қоғамдық-жеке меншік бастамасы бойынша ЮНЕСКО биосфералық
қорығы деп жарияланды.
Құстардың күзгі миграциясын зерделеу «НКОК» компаниясының
су мен су маңы құстарына маусымдық мониторинг жүргізу жөніндегі жыл сайынғы зерттеу бағдарламасының қыстау, жазда ұя салу
және күзгі-көктемгі қоныс аудару сияқты төрт бөлігінің бірі болып
табылады.
6.3 Су қоймаларына төгінділер
«НКОК» компаниясы өндірістік процестер барысында түзілген бүкіл тазартылған сарқынды суды,
сонымен қатар шаруашылық-тұрмыстық сарқынды
суды торлы сүзгілерден өткізіп, шегенделген булану
тоғандарына төгеді, беткі су қоймаларына, соның
ішінде Каспий теңізіне сарқынды су төкпейді.
Тазартылған кәріздік сарқынды сумен және техникалық сумен бірге булану тоғандарына төгілетін
көмірсутегі шикізатының жалпы көлемі 2016 жылы
0,23 тонна құрады
«НКОК» компаниясы шегенделген булану тоғандарын су айдауға қолайлы геологиялық қабаттар жоқ
жағдайда тазартылған техникалық сумен жұмыс істеудің қолданыстағы анағұрлым қауіпсіз әдісі ретінде
пайдаланады және қолайлы геологиялық қойнауқаттар табылған жағдайда сол қаттарға айдау мүмкіндіктерін бағалайды. Сарқынды су негізінен «Болашақ»
мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында
төменде көрсетілген өндірістік процестер барысында түзіледі.
• Күкіртсутегіні қарапайым күкірт түрінде өңдеу.
Бұл судың құрамында күкірт және басқа да
заттардың қалдықтары болуы мүмкін. Суды тазарту
ұшпа компоненттердің (мысалы, күкіртсутегі,
меркаптандар) басым бөлігін жою (мөлшерін 400
есе азайту) үшін күкіртті газды булау бағанасында
жүргізіледі.
• Қойнауқаттық су, яғни өндірілген мұнайдан
бөлінген су. Бұл судың құрамында көмірсутегі
шикізатының қалдықтары болуы мүмкін. Оны
тазарту деэмульгаторлар, гироциклонда
сепарациялау, флотация және мұнай жинау
құрылғылары көмегімен орындалады, бұл су
құрамындағы мұнай мөлшерін шамамен 40 есе
азайтуға мүмкіндік береді.
2016 жылы «НКОК» компаниясы ҚР табиғат қорғау
саласындағы талаптарына сай булану тоғандарына
тазартылған техникалық су төгуге қажетті барлық
рұқсаттарды алды.
6.4 Парник газдарға жатпайтын атмосфералық шығарындылар
2016 жылы «НКОК» компаниясының барлық операциялары салдарынан атмосфераға шыққан шығарындылар көлемі рұқсат етілген көлемнің 56% құрады, атап
айтқанда:
637 тонна - ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ);
56 408 тонна - күкірт оксиді (SOX),
1430 тонна - азот оксидтері (N2O-дан басқа NOX), және
По сравнению с 2015 г. объемы выбросов в 2016 г. увеличились
в связи с более интенсивным сжиганием на факеле и производством
электроэнергии после возобновления добычи в четвертом квартале.
Мониторинг.
Атырау облысында ауа сапасына бақылау жүргізетін
жиырма станса атмосфералық ауа құрамындағы түрлі
қосылыстардың мөлшерін тәулік бойы өлшеп, метеорологиялық деректер жинау жұмыстарын жүргізуде.
Төрт станса «Болашақ» МГКДҚ санитарлық қорғау
аймағының периметрі бойынша орналасқан; оларға
қосымша жақын маңдағы аудандарда, соның ішінде
Доссор мен Мақатта 7 станса бар; тоғыз станса
Атырау қаласының өзінде орналасқан.
Мемлекеттік метеорологиялық агенттік
(«Қазгидромет») атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізеді және өзінің веб-сайтында ай сайынғы
және жыл сайынғы жиынтық деректерді (соның ішінде «НКОК» компаниясы CO, SO2, H2S, NO және NO2
құрамына жүргізетін бақылау жұмысының деректерін)
жариялайды. 2016 ж. жиынтық есеппен сілтеме
бойынша танысуға болады.
2016 ж. жиынтық есеппен сілтеме1 бойынша танысуға болады. - f
АЛАУ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛЫ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Алауда жағу қосу-реттеу және пайдалануға беру жұмыстары барысындағы
штаттық жұмыс болып табылады. Зауыт
тұрақты жұмыс режиміне шыққан сайын
алауда газ жағу сирей бастайды.
Егер сіз алауды көрсеңіз, бұл
қорғау жүйелерінің жоспарға сай
технологиялық режимдердегі
уақытша өзгерістерді ескере
отырып жұмыс істеп тұрғанын
білдіреді.
Жағылатын газдың көлемдері есептеліп,
ҚР билік органдарының қаперіне беріледі.
Күкіртті газды алауда жағу кезінде SOX
және NOX бөлінуі мүмкін (жоғарыдағы
6.4-тармақта көрсетілген). Күкіртсутегі (H2S) тек жүйелерден шығып кеткен
жағдайда ғана болуы ықтимал.
Нақты мәселені талдау — «Болашақ»
МГКДҚ шығарындыларының қауіпсіздігі
2016 жылдың төртінші тоқсанында өнім өндіру қайта басталған
кезде жергілікті халық пен БАҚ атмосфералық ауа сапасы мен
«Болашақ» МГКДҚ-дан шығатын шығарындылардың, атап айтқанда
газды алауда жағудың қауіпсіздігі туралы сауалдар қойған.
«НКОК» компаниясы зауыттың тұрғындар үшін қауіпті емес
деп сенімді түрде мәлімдей алады. Қауіпсіздіктің негізгі кепілі «Болашақ» МГКДҚ айналасындағы 7-километрлік буферлік аймақ
(санитарлық қорғау аймағы немесе СҚА); СҚА-ның осындай аумағы
жақын маңдағы елді мекендерде тұратын адамдарды атмосфералық шығарындылардың халықтың денсаулығына ұзақ мерзім
әсер етуінен қорғауға және тіпті штаттан тыс оқиғалар орын алған
жағдайда жоғары деңгейлі сенімділік қорын құруға жеткілікті құрал
болып табылады. Осындай сенімділік ыждағатты жобалауға, зерттеу және компьютерлік үлгілеу нәтижелеріне, мемлекеттік сараптаманың жүргізілуіне және мемлекеттік органдардың рұқсаттарын
алуға, сонымен қатар үлгілердің дұрыстығын растаған алдыңғы
пайдалану тәжірибесіне негізделген.
Зерттеулер және рұқсаттар
Жоба бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері 2016
жылы нақтыланды. Осы бағалау Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алды және ол атмосфералық шығарындылардың жел және ауа райына қатысты болжамдарға қарамастан,
«Болашақ» МГКДҚ айналасындағы 7-километрлік санитарлық
қорғау аймағы шектеріндегі және оның шекарасынан тыс жердегі
рауалы концентрациялардан аспауы тиіс екенін көрсетіп отыр.
Қазақ ұлттық медициналық университеті 2013 жылы орындаған
«Болашақ» МГКДҚ-сынан атмосфераға тарайтын шығарындыларды
зерттеудің сілтемесі.
Дәл осылайша Қазақ ұлттық медициналық университетімен
2013 жылы орындалған скрининг қорытындылары бойынша
«Болашақ» МГКДҚ-сынан атмосфераға тарайтын шығарындылар
жақын маңдағы елді мекендердің және Атырау қаласының тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейді, өйткені ұзақ уақыт
жағымсыз әсер ету қатері белгіленген төмен деңгейден әлдеқайда
төмен деген тұжырым жасалған.
Сондай-ақ «НКОК» компаниясы іс жүзінде болуы мүмкін емес, алайда теориялық тұрғыда «ең нашар сценарий» ретінде қабылдауға
болатын «күкіртті газ құбырының толық жарылуы нәтижесінде күкіртсутегінің (H2S) ауаға тарауы» сценарийін зерттеді. Компьютерлік
үлгілеу көрсеткендей, 7-километрлік аймақтан тыс жердегі адамдар
белгілі бір уақыт аралығында иіс сезуі мүмкін, бұл ретте ондай төмен
деңгейде денсаулыққа ұзақ уақыт бойына ешбір әсер болмайды.
Күкіртсутегінің тез сейілуі салдарынан оның исі тез арада кетеді.
«НКОК» компаниясы алауда күкіртті газды ең жоғары шығынмен
қарқынды жағу кезіндегі SO2 шығарындыларына талдау жүргізді.Талдау нәтижелері бойынша 7-километрлік аймақтан тыс жердегі
SO2 концентрациясы рауалы есептік деңгейлерден асқан жоқ.
Ауа сапасын бақылау стансалары
Өндірістік тәжірибе
2013 жылғы 11 қыркүйек пен 20 қазан аралығындағы кезеңде
«Болашақ» МГКДҚ-да пайдалануға беру кезінде орын алған технологиялық қиындықтарға байланысты алауда газ жағылды. 7-километрлік СҚА шектерінде және жақын маңдағы елді мекендерде ауа
сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері (6.4-тарауды қараңыз)
осындай айрықша жағдайлардың өзінде де шығарынды құрамындағы H2S және SO2 орташа концентрацияларының рауалы деңгейлерден біршама төмен болатынын көрсетті. Бұл деректерді
«Қазгидромет» кәсіпорны жариялады.
2016 жылы өнім өндіруді қайта бастау операциялары барысында
және ілеспе күкіртті газды алауда жағу нәтижесінде H2S және SO2
орташа концентрациялары да рауалы деңгейлерден біршама төмен
болады. Үздіксіз жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері H2S
мөлшерінің қысқа мерзімді жоғары деңгейлері іс жүзінде «Болашақ»
МГКДҚ-ға қарағанда Атырау қаласында орын алуы әлдеқайда ықтимал екенін көрсетіп отыр, яғни оның НКОК нысанындағы алауда газ
жағуға ешбір қатысы жоқ.
2016 ж. қазан - желтоқсан аралығындағы
H2S мөлшерінің жоғары деңгейлері
ШРК — ҚР Ұлттық экономика министрлігі белгілеген шекті рауалы концентрация. Деректерді «Қазгидромет» кәсіпорны жариялады.
КҮКІРТСУТЕГІ
Күкіртсутегінің (H2S) өзіне тән иіс бар
(шіріген жұмыртқаның исіне ұқсас), бұл
иіс физикалық әсер (көздің жасаурауы
және мұрыннан су ағу сияқты) байқалатын деңгейлерден бірнеше мың есе
төмен концентрацияда байқалады.
Осындай төмен әсердің өзі де бірнеше
рет таза ауамен демалғаннан кейін жойылады: H2S ағзада шоғырланбайды және
одан тез шығады. Алайда он есе жоғары
концентрацияда иіс сезімі жоғалып, көз
тітіркенуі мүмкін, ал бұл деңгейден тағы
он есе жоғары деңгей өте қауіпті болып
табылады. «НКОК» компаниясының
ұңғыма ернеулеріне, лезде буланатын
газ компрессорларына және басқа да
жабдықтарға өте жақын жерде жұмыс
істейтін мамандары қауіпсіздік мақсатында арнайы оқу курсынан өтіп, жеке детекторлармен жабдықталады. Күкіртсутегінің
жоғары концентрацияларына байланысты қауіпті өндірістік фактор әсер еткен
жағдайда олар респираторлар мен тыныс
алу аппараттарын пайдаланады.
Аталған орындардан алыстаған сайын
қауіп-қатер деңгейі төмендеп, жоғары
деңгейдегі концентрациялардың болу
ықтималдығы да азаяды. Қазақстанның
мемлекеттік органдарымен белгіленген
«шекті рауалы концентрация» Әлемдік
денсаулық сақтау ұйымының атмосфералық ауа құрамындағы күкіртсутегінің
(H2S) адамдарға қысқа мерзімді әсер
етуі жөніндегі нормативтік көрсеткішіне
сәйкес келетін, халықтың шамамен тең
жартысы исін сезетін (яғни миллиардқа
шаққанда шамамен 6 бөлікке тең) консервативтік норматив болып табылады.
Ондай деңгейлер тікелей қауіп төндіретін деңгейлерден ондаған мың есе
төмен және мөлшерінің аздығы сондай,
электрондық аппаратурамен аңғарыла
бермейді. Көп жағдайда жоғары деңгей
көрсеткіштері жалған пайда болады,
сонымен қатар, мысалы, пойыздар өткен
кезде қысқа мерзімді жоғары көрсеткіштер пайда болады.
6.5 Мұнайдың қоршаған ортаға төгілуі
Көрсеткіштер
«НКОК» компаниясының операциялары нәтижесінде 2016 жылы қоршаған ортаға
көмірсутегі шикізатының 1 баррельден астам көлеміндегі төгілім көрсеткіші
0 шамасында болды (жалпы көлемі: мұнай эквивалентінің 0 барреліне тең).
Тәсілдеме
«НКОК» компаниясы үшін бірінші басымдық - мұнай төгілімдерінің
алдын алу. Алдын алу жөніндегі шаралардың тиімділігіне деген сенімділік
дәрежесіне қарамастан, «НКОК» компаниясының маңыздылығы бойынша
екінші басымдығы - оқиғалар орын алған жағдайда оларды шұғыл түрде
және толық жоюға үнемі дайын болу.
Алдын алу
Мұнай төгілімдерінен қорғанудың анағұрлым тиімді құралы бастапқы кезден
олардың алдын алу болып табылады.
Мұнай төгілімдерін жою жөніндегі кітапшаға сілтеме (ағылшын тілінде) - h
Мұнай төгілімдерінің алдын алу жобалау кезеңінен бастап салу және пайдалану кезеңіне дейінгі жобаның барлық кезеңдерінде мұнай төгілуінің қатерлерін
анықтау, сонымен қатар сол қатерлердің әсерлерін төмендету үшін қауіпсіздіктің
ең қатаң стандарттарын үнемі қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Келесі тәсілдемелер іріктелді:
• Адами факторды бағалау. Жұмыстарды жүргізудің нақты процедуралары мен
тәжірибесі белгіленген. Бақылау мен техникалық қызмет көрсету ережелерін
сақтау қызметкерлерді тұрақты оқыту арқылы қамтамасыз етіледі.
• Бұған жобалау кезеңінде ерте хабарлау және қорғау мақсатында
герметизациялау құралдары, мысалы, теңіздегі жасанды аралдарда Каспий
теңізінің суына және теңіз түбіне көмірсутегі шикізатының төгілуіне жол
бермеу үшін қолданылатын су өткізбейтін геотоқыма мембраналар мен беткі
ағындыларды жинау жүйелері кіреді.
• Барлық нысандарда арнайы оқудан өткен мамандардың төгілім қатерлеріне
бағалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуі және қатерлер анықталған жағдайда
әсерді төмендету шараларын әзірлеу қарастырылған. Мысалы, мұнайдың
төгілуіне ден қою (МТДҚ) жөніндегі мамандар «НКОК» компаниясы жыл сайын
сүңгуірлерді тартып жүзеге асыратын теңіз ұңғымаларының ернеулеріне
мониторинг жүргізуге қатысады.
Технологии
Біз мониторинг жүргізу, картаға түсіру, мұнай төгілімдерін анықтау және ашық су беті мен мұз жағдай-
ларындағы мұнай үлдірінің қалыңдығын анықтау
мақсатында әуеден GPS-ГАЖ тасымалданатын
құрылғыларын қолдана отырып қашықтықтан бақылау және қашықтан мониторинг жүргізудің басқа
да әдістері сияқты бірқатар түрлі инновациялық
технологияларды енгізіп жатырмыз. Мұнай төгілімдерінің траекторияларының компьютерлік үлгілері
мұнай төгілімдерін жоюға қатысатын адамдарға ауа
райы жағдайлары мен теңіздің күйіне қарай мұнай
төгілімінің таралу мүмкіндігі туралы түсінік алуларына
көмектеседі. Бұл үлгілер мұнай төгілімдерін жою жұмыстарын жоспарлау процесінің ең маңызды бөлігі
болып табылады.
Бұл әдіс экологиялық сезімтал алаңдарды карталаумен (18-бетті қараңыз) бірге маңызды мекендеу
орталарын сақтау және қоршаған ортаға әсерді
барынша азайту үшін төгілімдерді жою жұмыстарын жоспарлау кезінде басымдықтарды белгілеуге
көмектеседі. 2016 ж. қыркүйекте «НКОК» компаниясы
қамыс қопаларын онкүндік зерттеу жұмысын жүргізіп, мұнай төгілген жағдайда сол алаңдарды қорғау
жөніндегі арнайы оқыту курсын өткізді.
«НКОК» компаниясы мұнай төгілімдерін жоюға
арналған әдістер мен тәсілдерді Солтүстік Каспийде
қолдану мүмкіндігі тұрғысында зерделеуде.
• «НКОК» компаниясы Қазақ мұнай және газ
институтымен бірге ыдыратқыш заттектердің
(диспергенттерді) қолданылу мүмкіндіктеріне
зерттеу жүргізді.
• «НКОК» компаниясы қазіргі кезде өндірістік
қуаттарды және мұнайды төгілген орнында өртеу
әдісін қолдануға болатын тиісті жағдайларды
зерттеуде.
• «НКОК» компаниясы ҚР билік органдарымен
бірлескен жұмысқа қатыса отырып, оларға
оқиғалар орын алған жағдайда мұнай төгілімдерін
жоюдың осы әдістерін қолдануға қажет тиісті
процедураларды әзірлеуге және нормативтік база
құруға көмек көрсетуде.
МҰНАЙ ТӨГІЛІМДЕРІН ЖОЮҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК БАСТАМА
(OSPRI)
Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік
бастама (Каспий теңізі — Қара теңіз — Орталық Еуразия) 2003 жылы мұнай
компанияларының тобымен осы өңірдегі мұнай төгілімдеріне ден қою
жөніндегі тұрақты қуаттарды дамыту мақсатында құрылды. Бұл компаниялардың қатарына BP, Chevron, «Эни», «ЭксонМобил», «ИНПЕКС», «Шелл»
және «Тоталь» компаниялары кірді. Аталған компаниялардың соңғы бесеуі
Солтүстік Каспий жобасының ірі инвесторлары болып табылады. «НКОК»
компаниясының ТЖ мен дағдарысты жағдайларға ден қою жөніндегі менеджері Ғани Жарикесов (фотосуретті қараңыз)- Мұнай төгілімдерін жоюға
дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастама төрағасының орынбасары.
Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік
бастама оған қатысушы компаниялардың біліммен және ресурстармен алмасуға қатысты әрекеттерін үйлестіруге және қызметтерінің басым бағыттарын анықтауға, сонымен қатар өңірдегі мұнай төгілімдеріне ден қоюға
даярлықты қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік органдарға тұрақты қолдау
көрсетуге арналған құралдарды қамтамасыз етеді. Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастама мұнай төгілімдеріне ден қою жөніндегі дайын күйдегі ресурстары бар ұйым немесе компания емес, сонымен қатар материалдық жағынан алғанда белгілі бір қызмет
көрсетуге немесе белгілі бір тәсілдер пайдалануға мүдделі емес.
Бизнес-жоспар қолдау көрсету мен түсіндіру қызметінің бес негізгі бағытына
бөлінген:
- республикалық деңгейде жоспарлау;
- өңірлік деңгейде жоспарлау;
- жабдықтар және инфрақұрылым;
- ынтымақтастық туралы келісімдер;
- оқу және жаттығу
Мұнай өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастығы (www.ipieca.org) Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты
қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастаманың жүзеге асырылуын басқаратын жоғарғы ұйым болып табылады. Мұнай өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастығы БҰҰ мамандандырылған мекемесі болып табылатын
Халықаралық теңіз ұйымымен (ХТҰ) бірге
«Ғаламдық бастама» (ҒБ) атты бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда,
аталған бағдарлама шеңберінде бүкіл әлем бойынша мұнай төгілімдеріне
ден қою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға көмек көрсету көзделген.
Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік
бастама толығымен ҒБ-ға кіріктірілген және қызметі оның орындалуымен
үйлестірілген және бұл сол өңірдегі ҒБ мақсаттарына қол жеткізудің негізгі
механизмін құрайды.
Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік
бастама басқа да көптеген халықаралық ұйымдармен, соның ішінде халықаралық қаржылық мекемелермен, қайырымдылық ұйымдарымен, БҰҰ
мекемелерімен (мысалы, БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы және
БҰҰ даму бағдарламасы), Төгілген мұнаймен ластану залалдарын өтеуге
арналған халықаралық қормен, Танкерлер иелерінің ластануға жол бермеу
жөніндегі халықаралық федерациясымен (ITOPF),
«Ойл Спил Респонс Лимитед» компаниясымен,
және мұнай төгілімдеріне ден қою жөніндегі коммерциялық қызметтер көрсетуші басқа да жабдықтаушылармен, Еуропалық
Одақпен және
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастықта жүзеге асырылуда.
Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік
бастама шеңберінде өңірде жүзеге асырылатын қызметтің негізгі бағыты -
оның мүшелеріне бірігу және өнім өндіруге және тасымалдауға байланысты
қатерлерді жою кезінде көмек көрсету. Бұл ретте жекелеген компанияның
мұнай өндіретін немесе тасымалдайтын нысандарынан шалғайда орын алуы
мүмкін оқиға, мысалы, экспорт бағыты бұзылған жағдайда қызметтің кең
ауқымды және өте қатты бұзылуына себеп болуы мүмкін екені ескеріледі.
Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастама бойынша 2016 ж. есеппен сілтеме. - i бойынша танысуға болады.
Жою
«НКОК» компаниясында Мұнай төгілімдерін жою жөніндегі кешенді жоспар әзірленген, ол тұрақты түрде оқу-жаттығу сабақтарын, соның ішінде осы мәселеге жауапты
мемлекеттік органдармен бірлескен жаттығулар өткізуді көздейді. Мұнай төгілімдерін
жою жоспары құбыр желісінің трассасы бойындағы оқиғалар толық сипатталған, соның ішінде экологиялық сезімталдық факторлары анықталған және әр құбыр желісі
үшін төгілімдерді жою жөніндегі нақты ұсыныстар анықталған тараулардан тұрады.
«НКОК» компаниясында мұнай төгілімдерін жою жөніндегі арнайы топ құрылған, ол
толық оқудан өткен және жұмыспен толық қамтылу жағдайында жұмыс істейтін жүзге
жуық мұнай төгілімдерін жою жөніндегі мамандардан және қызмет көрсетуші персонал қатарындағы мамандардан, сонымен қатар шамамен он шақты шөгуі тайыз кеме
мен мұнай жинауға арналған бірнеше баржаның экипаждарынан тұрады. Солтүстік
Каспийдің теңдессіз жағдайларындағы пайдалану үшін арнайы ондаған километр
мұнайды жайылтпайтын бондар, сіңіргіш материалдар, жүзгіш және жиналмалы
резервуарлар, контейнерлер және басқа да жабдықтар сатып алынды; олар Баутин
теңіз операцияларын демеу базасында және Дамба елді мекеніндегі базада сақталуда (соңғысы НКОК үшін келісімшарт бойынша ҚМГ жүйелері мен қызметтері есебінен
пайдаланылуда).
2016 жылы «НКОК» компаниясы барлық нысандарда аумағы бойынша шағын және
ірі жүзден астам жаттығу жүргізіп, соның ішінде НКОК пен мердігер ұйымдардың
тоғыз жүзге жуық қызметкерін оқытты.
6.6 Қалдықтар
«НКОК» компаниясының операциялары нәтижесінде түзілген және ҚР нормаларына сай қауіпті деп жіктелетін қалдықтардың жалпы көлемі 2016 жылы 12 090 тонна
құрады. Осы көлемге Базель конвенциясының ережелеріне сай пайдаланылып
болған ұйымдастырушылық техника құралдары, ағаш қалдықтары, тамақ қалдықтары, пайдаланылып болған ауа сүзгілері және т.б. сияқты «жасыл» деп жіктелетін
бірқатар қалдықтар кіреді.
«НКОК» компаниясының операциялары нәтижесінде түзілген және ҚР нормаларына сай қауіпті емес деп жіктелетін қалдықтардың жалпы көлемі 2016 жылы 11 115
тонна құрады.
Каспий теңізінде қолданылатын «нөлдік төгінді» саясатымызға сай теңіз
нысандарында түзілген қалдықтардың барлығы, соның ішінде бұрғылау шламы
(бұрғылау жұмысының жанама өнімі ретінде жер бетіне шығарылатын топырақтан,
тау жыныстарынан және майлау сұйықтықтарынан тұратын қоспа) тазарту және
өңдеу немесе кәдеге жарату үшін жағаға тасымалданады. Қатты қалдықтар бәсекелі тендердің қорытындылары бойынша іріктелетін және тұрақты дамуға қатысты
талаптарымызға сай жоба бойынша қатты қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату
үшін қажет расталған қуаттары бар мамандандырылған, лицензияланған компанияның күшімен кәдеге жаратылуда.
6.7 Құрлықтағы және теңіздегі зерттеулер
«НКОК» компаниясы теңізде деректер жинау және теңіз суы мен түптік шөгінділердің химиялық құрамын талдау үшін, сонымен қатар балықтар популяциясын,
бентос пен планктонды зерттеу үшін кешенді экологиялық мониторинг бағдарламасын жүзеге асыруда. 1994 жылдан бері жоба шеңберінде сан түрлі 900-ға жуық
алаңда мониторинг бойынша шамамен қырық теңіз зерттеуі жүргізілді. Жылына
екі рет орындалатын зерттеулер кезінде жиналған деректер ауа райы жағдайлары,
су сапасы (тұздылығы, қоректік заттар мен металдардың мөлшері және т.б.), түптік
шөгінділердің сапасы (металдардың мөлшері, көмірсутегілердің жалпы концентрациясы және т.б.) туралы мәліметтерді және биологиялық деректерді
(микроорганизмдер, фитопланктон, зоопланктон, ихтиофауна) қамтиды. 2013 жылдан бері
атмосфералық ауа сапасын зерттеу жұмыстары, сонымен қатар құстар мен каспий
итбалығына қосымша зерттеулер жүргізілуде.
«НКОК» компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарындағы топырақ пен ыза
судың сапасын талдау мақсатында жерүсті мониторингісін жүргізеді. 2016 жылы
жоба шеңберінде осындай зерттеулердің оны жүргізіліп, бірнеше мың сынамаларға зертханалық талдау жасалды. Каспий өңірінің құрлықтағы алаңында мұнай
өндірісі ұзақ уақыт бойы жүріп жатыр, сондықтан жерүсті зерттеулердің көлемі
жақын маңда орналасқан мұнай-газ кен орындарындағы нысандардың өткен
кезеңдегі жұмыстары мен деректерін, сонымен қатар ағымдағы жұмыстарын ескереді. 2005 жылдан бері топыраққа жүргізіліп келе жатқан зерттеулердің деректері
ауыр металдар мен органикалық заттардың мөлшерлері бойынша сапасының
жалпы жақсарғанын көрсетеді. 2005 жыл мен 2010 жыл аралығындағы кезеңде
жүргізілген ыза суды зерттеу жұмыстарының қорытындылары бұл судың негізінен
өте тұзды болуына байланысты өнеркәсіптік мақсатта немесе басқа да мақсаттарда
пайдалануға жарамсыз екенін көрсетті.
6.8 Пайдаланудан шығару және қалпына келтіру
Пайдаланудан шығару Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімнің
баптарымен, сонымен бірге нақты жоспарлау және уақтылы қаржыландыру
арқылы реттеледі. Пайдаланудан шығаруды жоспарлау және орындау басқа кез
келген техникалық жобадағыдай тәсілмен жүзеге асырылады. Нақты нысан үшін
қолайлы нұсқаны анықтау мақсатында әрбір бағдарлама үшін қоршаған ортаға
әсерді бағалау жұмысын жүргізу қажет.
Нақты мәселені талдау — күкіртке қатысты
жұмыстарды ұйымдастыру
Күкірт газын дайындау және күкіртке қатысты жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарының қауіпсіз
және тиімді жүргізілуі жобаны жүзеге асыру үшін өте
маңызды.
Жоба бойынша күкіртті газды қойнауқатқа кері айдау
жүйелерін қолдана отырып, күкіртті газдың 80 %
дейін айдау көзделіп отыр. Қалған 20 % «Болашақ»
мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында қарапайым күкірт түріндегі жанама өнім ретінде
түзіледі..
Жоба жүзеге асырылатын мерзім ішінде орташа
алғанда қарапайым күкірттің жылына шамамен
1,1 млн тонна қарапайым күкірт (күніне 3,800 тонна
күкірт) түзіледі.
Күкірттің белгілі бір нарықтық құны бар және өзіне
деген сұраныстың өсуімен сипатталады, сол себепті
жобаның акционерлері өндірілген күкірттің барлық
көлемін сатуды жоспарлап отыр. Күкірт өткізудің
әлеуетті нарықтары - Қытай және Жерорта теңізінің
батыс бөлігіндегі елдер, бұл елдерде күкірт ауыл
шаруашылығындағы тыңайтқыштарды өндіруде
шикізат ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ «НКОК»
компаниясы қазақстандық және шетелдік институттармен бірге күкіртті құрылыс саласында және
жол салуда қолдану мүмкіндіктерін, сонымен қатар
Қазақстанның тұздылығы жоғары топырақтарын
тыңайтқыштардың компоненті ретінде пайдалану
мүмкіндіктерін зерделеді.
Күкірт аталған нарықтарға Батыс Ескенедегі арнайы
жүк тиейтін теміржол терминалы арқылы теміржол
бойымен жеткізілетін болады. Уақытша сақтау орындарында 4 миллион тоннаға дейін күкірт сақтауға
болады. 2016 жылдың аяғында жүк тиейтін теміржол
терминалы құрылысының, қосу-реттеу және пайдалануға беру жұмыстарының 2017 жылға белгіленген
аяқталуын күту аясында сақтау орнында шамамен
125 000 тонна күкірт болды.
КЕЛЕШЕК КЕЗЕҢДЕР
«НКОК» компаниясы кейінгі кезеңдерді жүзеге асырудың кері айдау
тәсілімен бірге қосымша дайындалатын ілеспе күкіртті газдың
көлемін іс жүзінде 90 %-ға азайтуға мүмкіндік беретін экономикалық тұрғыда оңтайлы нұсқаларын
зерделеуде. Осы кейінгі кезеңдерде жанама өнім ретінде қосымша
күкірт көлемдерін өндіру толық
дерлік жүргізілмейтін болады..
Таза қарапайым күкірттің исі жоқ, ол уытты емес
және сумен және ауамен реакцияға түспейді. Алайда
шаңының түзілу көлемін азайту үшін оны мұқият
қолдану керек.
Жоба шеңберінде жанама өнім ретінде түзілетін
күкірт сұйық күйде. Уақытша сақтау мақсатында
күкірт үлкен (100 м х 300 м) қатты блоктарға тәулігіне
7 мм жылдамдықпен құйылады. Белгілі бір биіктікке
жеткеннен кейін блоктың үсті ауырлатылған полимер үлдірмен жабылады. Осының арқасында күкіртті
желдің немесе судың әсерінен қорғау қамтамасыз
етіледі. Тасымалдау уақыты келген кезде блоктар
қайта балқытылып, сұйық күкірттен шағын қатты
түйіршік күкірт өндіріледі. Күкірт кесектерінің немесе
күкірт шаңының түзілуіне жол бермеу мақсатында
блоктарды уату көзделмеген.
Сақтау аймағының арнайы төсемі бар және ол ыза
суға сіңіп кетуіне жол бермеу мақсатында дренаж
жүйесімен жабдықталған, сонымен қатар периметрі
бойынша өрт және газ қатері туралы хабарлағыш
құрылғылармен жарақтандырылған.
Теміржол вагондары арнайы қондырғыда 24 сағат
ішінде тазартылады, аталған қондырғы сонымен
бірге вагондарды оларға түйіршік күкірт тиелген соң
жөнелтілгенге дейін тасада тұруын қамтамасыз етеді.