Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы

NCOC компаниясы өзінің демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөледі. Жыл сайын демеушілік және қайырымдылық мақсатындағы шараларға 1,5 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі бюджет бөлініп, ол Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең жұмсалады. Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы жергілікті халықты қолдаудың бес негізгі бағыты бойынша жүзеге асырылуда: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылық. 
NCOC компаниясының тұрақты даму бағытындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жобалар жергілікті халықтың қатысуын көздеуі тиіс және жергілікті халық үшін тұрақты артықшылықтарды көрсетулері қажет. Бұл жобалар саяси немесе діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауы тиіс, әділетсіз нарықтық бәсекеге жағдай туғызбауы керек, жергілікті қоғамдастықтардың және (немесе) табиғи экожүйелердің экологиялық тұрақтылығын бұзбауы қажет. Әдетте жобаларды жергілікті халық ұсынады, бұл ретте NCOC компаниясы да бастамашы бола алады. 
2020 жылы 41 жоба (Атырау облысында 19 жоба және Маңғыстау облысында 22 жоба) жүзеге асырылды. 1998 жылдан бергі кезеңде инвестициялардың жалпы сомасы 23,7 млн АҚШ долларын құрады. 
Сонымен қатар 2006 жылдан бері Атырау және Маңғыстау облыстарындағы аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балалар қатарынан 200 бала үшін жазғы демалыс ұйымдастыруға жыл сайын 300 мың АҚШ долларына дейін қаражат бөлініп келеді. 
NCOC компаниясы 2018 жылы Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) бірлесе отырып бастаған жазғы мектеп жобасын жалғастыруда. Мақат және Түпқараған аудандарының аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар ағылшын тілін үйреніп, бағдарламалаудың негіздерін меңгереді. Дәрістер ҚБТУ мұнай және газ факультетінің зертханаларында, АТ, бизнес-мектептің және Теңіз академиясының дәрісханаларында өтеді.