Қазақстан үшін экономикалық пайда


Жергілікті қамту

NCOC СКӨБК шеңберіндегі қызметінің Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына елеулі мүмкіндіктер туғызатынына сенімді.
Бұған ең алдымен NCOC қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен регламенттеріне сәйкес жауапты, тиімді және ашық басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Қашаған кен орнын игеру жобасы Қазақстанда теңіздегі мұнай кен орындарын игеруге жол ашты. Осы техникалық жағынан күрделі жоба бойынша шешім қабылданған шақта Каспий өңірінде жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымы мен құрылыс жабдықтары бар қолдау базалары да, теңіз кемелері немесе бұрғылау қондырғылары болған жоқ.
Жергілікті жабдықтаушыларды, мамандарды және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялар Қазақстанда бірқатар кәсіпорындар құруға және олардың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Әрі қарай оқу...

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар

Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімге сай NCOC компаниясы жыл сайын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына қаражат бөледі. 2019 жылы осы бюджет 76.8 млн. АҚШ долларын құрады. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандарын салу, сонымен қатар жолдар, электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда тигізетін басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салуға арналған қаражат Солтүстік Каспий жобасы шеңберіндегі негізгі қызмет жүргізіліп жатқан Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең бөлінеді. 1998 жыл мен 2019 жыл аралығында 214 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Осылайша, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалған жалпы шығындар шамамен 697,6 млн. АҚШ долларын құрады.


NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар туралы брошюрасы

Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы

NCOC компаниясы өзінің демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөледі. Демеушілік пен қайырымдылыққа бөлінетін жыл сайынғы қаражат 1,5 млн. АҚШ долларын құрайды. Бағдарлама жергілікті халықты қолдаудың бес негізгі бағыты бойынша жүзеге асырылуда: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылық. 2019 жылы 53 жоба (Атырау облысында - 31 және Маңғыстау облысында 22 жоба) орындалды. 1998 жылдан бері шығыстардың жалпы сомасы 20,5 млн. АҚШ долларын құрады.