Іскерлік әдеп

NCOC компаниясында жоғары қызмет атқару стандарттары және әдептілік нормалары белгіленген. Бізді іс-әрекеттерімізге қарай бағалайды, біздің беделіміз адалдық, ар-ұят және адамдарға құрметпен қарау қасиеттерінен тұратын құндылықтарымызға сай іс-әрекеттеріміз бойынша анықталады. NCOC компаниясының Жалпы қызмет атқару қағидаттары мен Іскерлік әдеп кодексі әрбір қызметкеріміздің тиісті нормативтік талаптар мен стандарттарды осы құндылықтарға сәйкес орындауына ықпал етеді.

Қызметіміздің жалпы қағидаттары:

Қызмет атқару қағидаттарымыз адалдық, ар-ұят және адамдарға құрметпен қарау қасиеттерінен тұратын құндылықтарымыздан негізделген және олар барлық ісіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған қағидаттар қызметіміздің барлық салаларына қатысты қолданылады және әр қызметкерімізден күтілетін мінез-құлық нормаларын анықтайды. Қызметіміздің жалпы қағидаттары сенімділікті, ашықтықты, топта жұмыс жасай білу қабілетін, кәсіпқойлықты және өз iсiн мақтан тұтуды қалай көтермелейтінімізді көрсетеді.

Іскерлік шешімдерді қабылдау барысында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторларды ықпалдастыра отырып, сонымен қатар қысқа және ұзақ мерзiмдi мүдделерді ескере отырып, тұрақты дамуға үлес қосу жөніндегі міндеттемеміз қызмет атқару қағидаттарымыздың құрамдас бөлiгi болып табылады.

Сонымен бірге біз өз мердігерлеріміздің NCOC компаниясымен жұмыс жасаудың барлық аспектілерінде осы қағидаттарды ұстанатынына үміттенеміз. Қызметіміздің жалпы қағидаттарының PDF форматындағы көшірмесін жүктеу үшін сілтемені басыңыз.

Іскерлік әдеп кодексі:

Іскерлік әдеп кодексінде қызметкерлерімізге Қызметіміздің жалпы қағидаттарының адалдық, ар-ұят және адамды құрметтеу атты негiзгi құндылықтарына сәйкес қолдануы түсіндірілген. Кодексте заңнамалық және нормативтік талаптарды қалай сақтау керектігі және тапсырыс берушілермен, жұртшылықпен және әріптестермен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы практикалық кеңес берілген. Іскерлік әдеп кодексінде стандарттар, сондай-ақ қызметкерлеріміздің міндетті түрде орындайтын мінез-құлық нормалары анықталған.

Іскерлік әдеп кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ұлттық және халықаралық сауда, денсаулық, еңбек, қоршаған ортаны қорғау және қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, ақпарат құпиялылығын сақтау және ақпарат алмасу сияқты мәселелер қамтылған. Іскерлік әдеп кодексінің PDF форматындағы көшірмесін жүктеу үшін сілтемені басыңыз.

Іскери әдеп мәселелері бойынша қолдау көрсету және Жедел желі

Қызметкерлер мен үшінші тараптар (жабдықтаушылар, мердігерлер және өзге де кез келген мүдделі тараптар) өздерін толғандыратын мәселелерін көтеруі және біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызды ықтимал сақтамау жағдайлары туралы хабарлауы үшін Компаниямызда Жедел желі жұмыс істейді. Барлық хабарламалар олардың құпиялығы мен анонимдігіне кепілдік беретін тәуелсіз компаниямен жинақталып, өңделетін болады. Жедел желі арқылы алынған хабарламалар «НКОК Н.В.» компаниясының тағайындалған тұлғаларына тапсырылып, кәсіби және құпия түрде қарастырылатын болады. Хабарламаңызды мейлінше нәтижелі өңдеу үшін Сізден өзіңіз туралы ақпарат сұралатын болады, алайда анонимдік хабарламалар да қабылданады.