Бірегей жабайы табиғат

Итбалықтар

Каспий итбалығы Каспий теңізіндегі жануарлар әлемінің ішіндегі теңіз сүтқоректілерінің эндемик түрі болып табылады. Итбалықтар популяциясының саны өткен ғасырдан бастап бірқатар табиғи себептер мен антропогендік/техногендік факторларға (яғни адамдар қызметінің әсер етуіне) байланысты азайып келеді. Ондай себептерге түрлі аурулар, күшіктеу кезеңіндегі қиындықтар, азық қорының азаюы, ауа райының қолайсыз жағдайлары, итбалық аулау, трал ауларына түсу және мұзжарғыш кемелермен соқтығысу жатады. 2008 жылы Халықаралық табиғат қорғау одағы каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізіп, осы түрді «әлсіз түр» санатынан «жойылу қаупі төнген түр» санатына ауыстырды.

Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялар каспий итбалығы туралы анағұрлым толығырақ ақпарат алу және оны қорғау жөніндегі стратегияны әзірлеу үшін зерттеу және қаржыландыру жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта Халықаралық табиғат қорғау одағы бекіре тұқымдас балықтардың барлық түрлерін «жойылу қаупі төнген түр» санатына жатқызды. Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтардың популяциясына бақылаудан тыс және заңсыз балық аулау, өзен дамбаларын салу, шаруа қожалықтары мен өнеркәсіп өндірісінің зиянды шығарындылары әсер етуде.

2016 жылдан бері Компания Атыраудың «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытымен тығыз қарым қатынаста бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіру және оларды Жайық-Каспий бассейніне жіберу жөніндегі іс-шараларды орындауда. Соңғы екі жыл ішінде Компанияның қолдауымен Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың 490 930 шабағы жіберілді. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Бекіре

Құстар

Компания мемлекеттік органдардың орнитологтарымен бірлесе отырып, құстардың жазғы және күзгі қоныс аудару кезеңдерінде, жазғы ұя салу және қыстау кезінде олардың түрлерін, популяцияларын және мекендейтін орындарын анықтау мақсатында жыл сайынғы экологиялық мониторинг жүргізеді.

Зерттеу жұмыстары кезінде маусымдық қоныс аудару кезеңдерінде құстардың 280-нен астам түріне бақылау жүргізілді, сонымен қатар құстардың 100-ден астам түрінің ұя салғандары байқалды. Олардың ішінде 40-тан астам түрі ұлттық және халықаралық Қызыл кітаптарға енгізілген.