​«НКОК» КОМПАНИЯСЫМЕН ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Жабдықтаушылардың біліктілігін бағалау және нарықтағы жағдайды зерттеу веб-парақшасына қош келдіңіз

Жобаның бекітілген жабдықтаушысы ретінде іскерлік қарым-қатынас орнатуға қызығушылық танытқаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізге төмендегіні хабарлаймыз.

«НКОК» компаниясы Консорциум бойынша жабдықтаушыларға бекітілген жабдықтаушыларымыздың біріктірілген тізіміне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін біліктілікті алдын ала бағалау процесін қолданады. «НКОК» компаниясымен іскерлік қарым-қатынас орнатудың алғашқы қадамы «НКОК» компаниясы жабдықтаушысының онлайн-кабинетінде тіркелу және профильді толтыру болып табылады.

Алдын ала бағалаудан өткен жабдықтаушы болу үшін әр жабдықтаушы ұсынылатын тауарларға/жұмыстарға/қызметтерге сәйкес процестен сәтті өтуі тиіс.

Бұл процесс негізінен төрт басты кезеңге бөлінеді:

  • үміткердің «НКОК» компаниясы жабдықтаушысының онлайн-кабинетінде тіркелуі;
  • қажетіне қарай үміткердің егжей-тегжейлі сауалнаманы толтыруы;
  • сауалнама мазмұнын бағалау және қажетіне қарай үміткердің экономикалық/қаржылық жағдайына талдау жасау;
  • қажетіне қарай үміткердің өндірістік нысандарына бағалау мақсатында бару.

«НКОК» компаниясы өндірістік және игеру жұмыстарымен тікелей айналыспайтындықтан, жабдықтаушыларды кәсіптік/өндірістік жұмыстар бойынша бағаламай, тек өзінің ішкі қажеттіліктерін өтеу мақсатында алдын ала бағалаудан өткізеді. Болашақ тендерлер мен жоспарлар туралы ақпарат алу үшін Сатып алулардың ұзақ мерзімді жоспарымен келесі сіл​т​еме​​ бойынша танысыңыз. Тіркелу кезінде Сатып алулардың ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес қатысқыңыз келетін тендерге тағайындалған тауарлар мен қызметтер класының кодтарын таңдаңыз.

ЖАБДЫҚТАУШЫНЫ ТІРКЕУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ

Компанияңызды Солтүстік Каспий жобасына тіркеуге қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет.

Тіркеу нысанын толтыру барысында келесіні ескеріңіз:

  • нысан ағылшын тілінде толтырылады;
  • “*” белгісімен белгіленген бөлімдер міндетті түрде толтырылуы қажет;
  • форманы сақтағаннан / толтырғаннан кейін қандай да болмасын хабарламаның келуін күтпеңіз. Алдымен форманы толтыру жөніндегі нұсқаулықпен, презентация-нұсқамамен және «Жиі қойылатын сұрақтар» (FAQ) бөлімімен танысыңыз. Қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда, бізбен allvqmi@ncoc.kz электрондық поштасы арқылы байланысуыңызды сұраймыз (тақырып көрсетілетін жолда «Жабдықтаушының сауалы» деп белгілеңіз). 

Жабдықтаушыны тіркеу нысанына өту үшін мына сілтемені басыңыз

Бастапқы тіркеу «НКОК» компаниясының тауарларға ашық сұраныс порталын көруге мүмкіндік береді, ал 100% тіркелгеннен кейін сіз «НКОК» компаниясының тауарларға ашық сұраныс порталы арқылы өтінім бере аласыз. «НКОК» компаниясының тауарларға ашық сұраныс порталында өтінім беру туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыз: «НКОК» компаниясының тауарларға (материалдарға) ашық сұраныс порталында өтінім беру туралы нұсқаулық.

НКОК Н.В әлеуетті   жабдықтаушыларды анықтау үшін ALASH мәліметтер базасын (www.alash-kz.com) қосымша пайдаланады.




НКОК

«НКОК» компаниясы жеті акционерлік компания атынан Солтүстік Каспий бойынша ӨБК қатысты барлық қызметтер үшін жауапкершілік атқарады. «НКОК» компаниясы СКӨБК шеңберінде өкілеттік берілген Оператор ретінде Солтүстік Каспий бойынша ӨБК сай Консорциумның жалпы стратегиясын анықтайды және бақылайды, жоспарлауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді, геоғылымдарды және тұжырымдамалық зерттеулерді басқарады, сонымен қатар мүдделі тараптармен әрекеттеседі.

Сондай-ақ, НКОК жеті акционер (Мердігер компаниялар) және Өкілетті Орган үшін негізгі байланыс тұлға болып табылады.

Осы беттің жоғарғы бөлігінде жабдықтаушыларға үміткер жабдықтаушы ретінде тікелей тіркелуге мүмкіндік беретін қосымшаға сілтеме бар.

Сіз туралы ақпарат нарықты зерттеу дерекқорында тіркеледі. Келісімшартқа жауапты мүдделі тұлғалар сол ақпаратты алып, Сізбен байланысып және біліктілікті алдын ала бағалау процесін бастауы да ықтимал.

Процесті әділ және ашық түрде жүргізу мақсатында жабдықтаушының әр өнімін/жұмысын/қызметін ұсынылған күйде қарастыру Консорциумның қысқа және орта мерзімді қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады.

Содан кейін келісімшартқа жауапты мүдделі тұлға анықталған ықтимал қажеттілік негізінде әр жабдықтаушымен байланысады.