Солтүстік Каспий жобасы

Солтүстік Каспий жобасы Қазақстан Республикасында теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы ірі жоба болып табылады. Ол үш кен орнынан тұрады: Қашаған, Қайраң және Ақтоты.

Қашаған алып кен орны соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады; оның өндірілетін қорлары шамамен 9-13 миллиард баррель (1-2 миллиард тонна) мұнайды құрайды. Қашаған кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км қашықтықта, Каспий теңізінің қайраңындағы 3-4 метр тереңдікте және теңіз түбінен 4 км-ден астам (4 200 метр) тереңдікте жатыр.

2016 жылы Қазақстанның тарихында тұңғыш рет Қашаған теңіз кен орнында мұнайды коммерциялық өндіру басталды. Жоба Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы құбыр желісін ауыстыру жөніндегі маңызды жобаны мерзімінен бұрын аяқтап, 28 қыркүйекте теңіз кешеніндегі алғашқы ұңғымаларды қайта ашты. Қазақстан Республикасының Президенті

Солтүстік Каспий жобасы

Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы 7 желтоқсанда Атырауға сапары барысында жобаның қатысушылары мен ардагерлерін осы айтулы оқиғамен құттықтады. Мұнайдың алғашқы миллион тоннасы 2017 жылдың басында экспортқа жөнелтілді және 2017 жылдың ортасына қарай «НКОК» компаниясы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, мұнай өндіру деңгейін іс жүзінде тәулігіне 200 000 баррельден астам шамаға жеткізді.

Солтүстік Каспий жобасы оның ауқымы мен техникалық күрделілігін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Мұнайды коммерциялық өндіру жұмысы 2016 жылы басталған Қашаған кен орнын игеру жобасының І кезеңінің шығындары шамамен 55 миллиард АҚШ долларын құрады.

Жобаның негізгі кезеңдері

2017 жылы «НКОК» компаниясы мен оның акционерлері Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімге қол қойылуының 20-жылдығын атап өтті.

1997 жылғы 18 қарашада Вашингтонда Қазақстан Республикасы мен әлемнің жеті жетекші мұнай-газ компаниясынан тұратын консорциум

Жобаның негізгі кезеңдері

арасында ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық базасы келісіліп, оның шеңберінде тәуелсіз жас мемлекеттің тарихындағы тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ең ірі жобаның жүзеге асырылуы басталды. ӨБК мұнай-газ өнеркәсібінде бұрын-соңды жүзеге асырылған 2-өлшемді (2D) сейсмикалық барлау бойынша ең ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы 1993 жылы қол жеткізілген келісімнің негізінде әзірленді.

2017 жылдың қыркүйек айында осы тарихи кезеңмен бірге Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің қайта басталғанына бір жыл толғаны атап өтіледі.

2018 жылы Солтүстік Каспий жобасы 1993 жылғы желтоқсанда «Қазақстанкаспийшельф» халықаралық консорциумы құрылғанының және Каспий теңізінде сейсмикалық барлау жұмыстары басталғанының 25-жылдығын атап өтті.


Солтүстік Каспий жобасының негізгі кезеңдері.

Жобаның ерекшеліктері

Қашаған кен орнын игерудің І кезеңі теңіздегі өндірістік қауіпсіздік, жобалау, логистика саласындағы қиындықтар мен қатаң экологиялық жағдайларға байланысты қазіргі уақытта сала бойынша әлемдегі ең ірі және анағұрлым күрделі жобалардың бірі болып отыр.

Жоба жұмыстары теңіздегі ауа температурасы қыстыгүні −30°C-ден төмен болатын және жазда +40°C шамасына дейін көтерілетін қатаң климаттық жағдайларда бірегей және күрделі техникалық мәселелерді шешумен және жабдықтау жүйесін үйлестірумен ұштасып жатыр.

Еділ өзенінен тұщы судың құйылуы салдарынан тұздылығының төмен болуына қоса су деңгейі таяз (3-4 метр) және субарктикалық климат болуына байланысты Каспий теңізінің солтүстік бөлігі жылына бес ай бойы мұз құрсауында болады. Мұздың ығуы және мұз қозғалысынан теңіз түбінің зақымдануы құрылыс жұмыстарын, өндірістік операцияларды және логистиканы біршама шектейді және инновациялық техникалық шешімдердің қабылдануын қажет етеді

Жобаның негізгі кезеңдері

Қашағанның өнімді қойнауқаттары теңіз түбінен төмен 4 200 метр тереңдікте, өте жоғары қысым ықпалында жатыр. Кен орнындағы мұнай жеңіл, құрамында күкіртсутегі (H2S) мен көмірқышқыл газдың (СО2) мөлшері көп. Қашаған кен орнын игерудегі күрделі өндірістік жағдайлар қатерлермен жұмысты ойдағыдай басқару мақсатында анағұрлым елеулі қауіпсіздік шаралар жиынтығын және инвестициялық қаражат жұмсауды қажет етеді.

Солтүстік Каспий теңізінің Еділ мен Жайық өзендері құйылатын өңірі оны қоршаған орта өсімдіктер мен жануарлар әлемінің байлығымен ерекшеленеді. Осы жерде олардың сирек кездесетін түрлерінің 60%-ын кездестіруге болады. Каспий теңізі анағұрлым бағалы кәсіпшілік балық түрі болып саналатын бекіре тұқымдастармен қатар Каспий итбалығының да мекені болып табылады, ал жағалаудың сулы-батпақты алқаптарында құстардың көптеген түрлері мекендейді және олардың кейбір түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Каспий теңізі арқылы жыл құстарының Азиядан Сібірге ұшатын негізгі жолы өтеді. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі осы сезімтал қоршаған ортаны сақтау және жүргізілетін жұмыстардың әсерлерін барынша азайту - осы өңірде мұнай-газ кен орындарын игеру барысындағы басты міндеттер.