Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар



Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу келісімшарт (ӨБК) шеңберінде NCOC компаниясы жыл сайын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына бюджет бөледі. 2022 жылы осы бюджет 21.7 млн АҚШ долларын құрады. 

1998 жыл мен 2022 жж. аралығында 226 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Осылайша, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалған жалпы инвестициялар 863 млн АҚШ долларын құрады. 

Әдетте әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды облыстық әкімдіктер ұсынады. ӨБК мен Оператордың тұрақты даму стратегиясының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін ұсыныстарды NCOC компаниясы мен ӨБК бойынша Өкілетті Орган талдайды; содан кейін сол ұсыныстар негізінде облыстық әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста жобалар әзірленеді. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандарын салу, сонымен қатар жолдар, электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда тигізетін басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салуға арналған қаражат Солтүстік Каспий жобасы шеңберіндегі негізгі қызмет жүргізіліп жатқан Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең бөлінеді.  

 

NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар туралы брошюрасы