Document

БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРДЫҢ ЖОЛДАУЫ

NCOC компаниясы жауапты Оператор ретінде өз қызметін тұрақты даму қағидаттары негізінде жүзеге асырып келеді. Біз тұрақты дамуды күрделі міндеттерді шешу арқылы және тек Оператор үшін ғана емес, сондай-ақ барлық мүдделі тараптарымыз үшін, қызметіміз жүзеге асырылып жатқан өңірлердегі жергілікті халық үшін және жалпы алғанда Қазақстан Республикасы үшін пайдалы мүмкіндіктер іздеу арқасында қамтамасыз етіп жатырмыз.

2021 жыл айтулы және маңызды кезеңдерге толы жыл болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеген кезде NCOC өз кезегінде өнеркәсіптік мұнай өндіруінің бесжылдығын атап өтіп, Қашаған кен орнында мұнай өндіріле бастаған кезден бастап мұнай өндіру бойынша 500 миллион баррель көлеміне қол жеткізді. Мен қызметкерлеріміздің өткен жылдарда Қашаған кен орнында қауіпсіз, тұрақты және сенімді мұнай өндіру бойынша белгіленген өндірістік мақсаттарға жету жолында танытқан табандылығы мен мақсаттылығын ерекше мақтан етемін.

Біздің жетістіктеріміз тек бизнестегі табысымызды ғана емес, сондай-ақ қызметкерлеріміздің ерекше кәсіпқойлығын, құндылықтарымызға сәйкес Компанияның стратегиялық дамуын қамтамасыз ету жолын ымырасыз ұстануын көрсетіп отыр. Қауіпсіздік – ең басты құндылығымыз. Мақсатымыз оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішке жету болып қала береді. Осы мақсатқа жету үшін оқыту, мониторинг жүргізу және қауіпсіздік табысты өндірістің негізгі көрсеткіші болып есептелетін мәдениетті дамыту арқылы қауіпсіздік саласындағы қызметімізді үнемі жақсарту қажет болады. 2021 жылы өндірістік қауіпсіздік бойынша көрсеткіштеріміздің оң динамикасы сақталды және біз жылда тіркелетін жарақаттардың жалпы деңгейі мен жұмыс уақыты шығындалған оқиғалар саны бойынша бұрын-соңды болмаған 0,15-ке тең үздік көрсеткіштермен аяқтадық.

Оның үстіне NCOC пайдалануға дайындық пен технологиялық жабдықтардың сенімділігіне қатысты көрсеткіштер бойынша саладағы жоғары нәтижелерді көрсетіп отыр, бұл ретте қауіпсіздік мақсатында алауда газ жағу көлемі сала бойынша ең төмен деңгейде. 2021 жылы алауда газ жағудың нақты көлемі өндірілген ілеспе газдың бүкіл көлемінің 0,34%-на тең болды, бұл мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық қауымдастығы Еуропа Одағы үшін белгілеген мәндерден едәуір төмен.

Атырау облысының тұрғындарын ауа сапасы ерекше алаңдатады. Бұрынғы есептерімізде атап өткеніміздей, Батыс Ескенеде, жақын маңдағы елді мекендерде және Атырау қаласында ауа сапасын бақылайтын 20 автоматты станса орнатылған. Олар үнемі ауа параметрлерін бақылап, NCOC өндірістік нысандарының Атырау қаласындағы ауа сапасына әсерін тигізбей, нормативтік көрсеткіштер аясында жасайтынын растайды. Сонымен қатар 2021 жылы жұртшылықтың тікелей сұратуы бойынша NCOC компаниясының толық қолдауымен ұлттық зерттеу орталықтары өткізген үш жылдық ауа сапасын кешенді зерттеу жұмыстары аяқталды. Қазақстанда осындай ауқымды зерттеулер алғаш рет жүргізілді. Осылайша жұртшылық алдындағы міндеттемемізге сәйкес жыл аяғында арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстелде осы зерттеу нәтижелерін көпшілік назарына ұсындық.

Солтүстік Каспий жобасында жұмыс істеп жатқан адамдар – ең бағалы активіміз. 2016 жылы NCOC компаниясы шетелдік персонал санын 50%-ға дерлік қысқартып, соңғы 4 жыл ішінде өзінің шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру жоспарын 1,5 есеге асыра орындады. Мен NCOC компаниясының жоғары басшылығының 50%-ын құрап отырған қазақстандық әріптестеріммен бірге жұмыс істеп жатқанымды ерекше мақтан тұтамын. Біз саналуандық пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шеңберінде қызметкерлеріміздің арасында гендерлік теңгерімге қол жеткізуге де тырысып жатырмыз.

Жергілікті қамтуды дамыту – экономикалық тұрақтылықтың маңызды бөлігі. Солтүстік Каспий жобасы жүзеге асырылып жатқан соңғы ондаған жылдар бойына өңірге жергілікті жабдықтаушыларды, еңбек ресурстарын және инфрақұрылымды дамыту үшін тартылған қомақты инвестициялар Қазақстанда мүлдем жаңа саланы құруға және дамытуға ықпал етті. 2021 жылы біз жергілікті қамту бойынша көрсеткіштерімізді жақсартуды жалғастырдық, бұл ретте жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жұмсалған шығыстар жалпы шығындарымыздың 58%-на тең болды. Бұл соңғы он жеті жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш және біз елішілік құндылықты арттыру бағытындағы жұмысымызды жалғастыра бермекпіз.

Ал енді Солтүстік Каспий жобасының болашағына көз тігер болсақ, бұл ретте мен газ өңдеу зауытына тоқталғым келеді. Құрылысы 2021 жылы сыртқы инвестор бастаған зауыт ұлттық экономикада елеулі рөл атқарады деп күтіледі. Біз оны жылына 1 млрд текше метр газ тапсыру жобасы деп атаймыз, өйткені жоба мақсаты Қашаған кен орнында өндірілген шикі газдың жылына 1 миллиард текше метрін өңдеу. NCOC үшін бұл жоба Қашаған кен орнында қазіргі уақытта газды кәдеге жаратуға байланысты проблемалармен шектеліп отырған мұнай өндіру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және қоршаған ортаны қорғаудың жақсаруын қамтамасыз етеді. Республика үшін пайда экономикалық дамудағы анағұрлым өзекті мәселелерді шешу – елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны кеңейту, газ өңдеу саласын дамыту және өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу.

Болашақ кеңейту жобалары үшін тағы бір маңызды қажетті шарт – су түбін тереңдету жұмыстарының жобасы. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне және тиісінше Қашаған кен орнындағы теңіз кешені нысандарының айналасында теңіздің тайыздануына байланысты су түбін тереңдету – теңіздегі кеме қозғалысын жалғастыру мен Қашаған кен орнындағы қауіпсіз өндірістік операцияларға қолдау көрсетудің міндетті талабы. Су түбін тереңдету жұмыстары тек кемелер жүретін маршруттар бойында қолжетімді ең үздік технологияларды пайдалана отырып, бүкіл Солтүстік Каспий бойынша түрлі экологиялық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу арқылы іске асып жатыр.

NCOC өз қызметін жауапкершілік, ашықтық және заңдарды сақтау қағидаттары негізінде жүзеге асырады. Біз жұртшылыққа, соның ішінде жабдықтаушылар мен үшінші тараптардың басқаруындағы персоналға шұғыл байланыс желілері арқылы ашықпыз және 2021 жылы біз әлеуметтік желідегі аккаунттарымыз арқылы қосымша ақпарат беру шараларын жүзеге асырдық. Сол жылы біз мүдделі тараптардың барлығына қызметіміз туралы жаңалықтарды Instagram, Facebook, LinkedIn және Youtube желілерінде мыңдаған жазылмандарымыз бен көрермендерімізге жарияладық. Біз NCOC компаниясына қызығушылық танытқан әр адамға разымыз.

Компаниямыздың елге барынша пайда келтіруге және оның қарқынды дамуына ықпал етуге бағытталған өршіл жоспарлары бар. Мен жетістіктерімізді мақтан етемін, алайда біз одан да қомақты табыстарға жететінімізге сенімдімін. Сондықтан да біз сіздерге жыл сайынғы тұрақты даму туралы есебімізде қызметіміз, түрлі салалардағы жетістіктеріміз бен жұмыстарымыздың барысы туралы жариялауды жалғастыра береміз.

Құрметпен,
Оливье Лазар,
NCOC компаниясының
басқарушы директоры

01

ТҰРАҚТЫ ДАМУ
САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАР

БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттары әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өзекті проблемаларды шешуге

бағытталған. Біз осы мақсаттардың 11-ін корпоративтік мәдениетімізге енгізіп, олардың Қазақстанда орындалуына ықпал етудеміз.

Біз қызметкерлеріміз, олардың отбасыларының, мердігерлеріміз және қызметімізді жүргізетін өңірлердің тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттаймыз.

Біз жергілікті халықтың сапалы білім алуына және кәсіби оқуына инвестиция жасаймыз.

Біз қызметкерлеріміздің барлығының қызмет сатысымен өсуі үшін тең мүмкіндіктер жасаймыз, өтемақы төлемдері мен жеңілдіктер ұсынамыз.

Біз қызметімізді жүзеге асыратын өңірлерде су тұшыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, ағынды суды тазарту және айналымды пайдалану технологияларын қолдану арқылы тұщы су қорларын сақтаймыз. Біз жерүсті су қоймаларына, соның ішінде Каспий теңізіне қатысты «нөлдік төгінді» саясатын ұстанамыз.

Біз тұрақты экономикалық дамуға үлес қосып, баршаға лайықты еңбек ету мүмкіндіктерін ұсынудамыз.

Біз қызметімізді жүзеге асыратын өңірлерде сенімді инфрақұрылым құруға және қоршаған орта үшін таза әрі қауіпсіз технологиялар мен өндірістік процестерді барынша кеңінен енгізуге инвестиция жасаймыз.

Біз жауапкершілікпен тұтынуды және өндіруді қамтамасыз етеміз, түзілетін қалдықтар мен атмосфераға тарайтын шығарындылардың көлемдерін азайтып, энергия тиімділігін арттыруға ықпал етеміз және нөлдік төгінді саясатын ұстанамыз.

Біз климаттың өзгеруіне тигізетін әсерімізді барынша азайтуға ұмтыламыз.

Біз қызметімізді экологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырудамыз, Каспий теңізінің бірегей биоалуандығын сақтау мақсатында ғылыми білімді және зерттеу қызметіне арналған мүмкіндіктерді кеңейтудеміз.

Біз қызметімізді жүзеге асыратын өңірлерде көгалдандыру бойынша бастамаларды белсенді қолдап, «Компанияның биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі іс-қимыл жоспарын» жүзеге асырамыз.

Біз қызметіміздің барлық аспектісінде шынайылық, адалдық және әділдік қағидаттарын ұстанамыз.

02

2021 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕР

03

КОМПАНИЯНЫ БАСҚАРУ
ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ӘДЕП

3.1. КОМПАНИЯНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Солтүстік Каспий жобасы 1997 жылы Қазақстан Республикасы мен ірі мұнай-газ компанияларының халықаралық консорциумы арасында жасалған Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (СКӨБК) шеңберінде жүзеге асырылып келеді.

Осы консорциумның құрамына әлемдегі ең ірі және анағұрлым тәжірибелі жеті энергетикалық компания кіреді. Олар: «ҚазМұнайГаз», «Эни», «Шелл», «ЭксонМобил», «ТотальЭнерджиз», ҚҰМК және «Инпекс» компаниялары. Акционерлердің әрқайсысы өнімдегі өзінің үлесін тасымалдау мен өткізу үшін, есеп беру және сол өнімді СКӨБК-ге сай Үкіметпен бөлісу үшін дербес жауапкершілік атқарады.

Жобаның басқарылуын акционерлер атынан әрекет ететін Оператор жүзеге асырады. 2015 жылға дейін Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде Оператор кен орнын игеру мен өнім өндіру бойынша белгілі жұмыстарды төрт агент-компанияға жүктеген операциялық үлгі қолданылып келген болатын. 2014 жылдың аяғында акционерлер бірыңғай

Оператор — «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC1 ) компаниясын тағайындау арқылы басқаруды одан әрі біріктіру және нығайту туралы келісімге келді. NCOC компаниясының бірінші басшысы – басқарушы директор.

Компанияның жүйелері мен процестерінің ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін NCOC компаниясы сертификаттаудан өтті және өзінің халықаралық сертификаттарын тұрақты түрде растап отыр. 2021 жылы ол 3 халықаралық стандарт бойынша сертификатталды:

  • ISO 9001 – сапаны басқару жүйесі (QMS);
  • ISO 14001 – экологиялық менеджмент жүйесі (EMS);
  • ISO 45001 – персоналдың денсаулығы мен еңбегін қорғауды басқару жүйесі (OH&MS)

3.2. ІСКЕРЛІК ӘДЕП

NCOC қызметінің барлық аспектілерінде адалдық, адамгершілік және әділдік негіз қалаушы қағидаттар болып келеді және біз бұны бірге жұмыс істейтін серіктестерімізден де талап етеміз.

АКЦИОНЕРЛЕР

2

Осы құжатта NCOC аббревиатурасы тек «North Caspian Operating Company N.V.» компаниясын ғана білдіреді. «Оператор» термині құжаттың мәтініне қарай NCOC компаниясына немесе СКӨБК бойынша бұрынғы басқа кез келген Операторға қатысты қолданылуы мүмкін.

NCOC қызметінің жалпы қағидаттары компания қызметінің барлық салаларына қатысты қолданылады. Олар NCOC компаниясының әрбір жұмыскерінің, соның ішінде тікелей еңбек шарты бойынша еңбек ететін қазақстандық персоналдың, уақытша қызметке тағайындалған қызметкерлердің және мердігерлер персоналының мінез-құлқына қойылатын талаптардың сипаттамасын қамтиды. Оның үстіне NCOC компаниясының барлық қызметкерлерінен Компанияның негізгі құндылықтарына сәйкес қызметтің жалпы қағидаттарын қалай қолдану керектігі сипатталған іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтау талап етіледі. Онда заңнама талаптарын және тапсырыс берушілермен, жергілікті халықпен және әріптес

термен қарым-қатынас жасау ережесін сақтау бойынша практикалық нұсқаулар берілген. Талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін персоналды хабардар ету және мониторинг жүргізу бағдарламасы әзірленген және енгізілген.

NCOC компаниясында ешбір тұлға персоналдан заңға қайшы немесе қызметіміздің жалпы қағидаттарына немесе іскерлік әдеп кодексіне қайшы іс-әрекеттерді орындауды талап ете алмайды. Егер қызметкер ондай әрекетке немесе нұсқауға тап болса, ол тергеу жүргізу және қажет болуы мүмкін тәртіптік шараларды қолдану үшін құпия түрде сол жағдай туралы супервайзеріне, NCOC компаниясындағы іскерлік әдеп және этикалық нормалардың

сақталуы жөніндегі маманға немесе этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша тікелей байланысу желісі арқылы хабарлауға құқылы. Этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша тікелей байланыс желісі үшінші тарап басқаратын веб-сайттан (http:// www.ncoc.deloitte-hotline.com), электрондық пошта мекенжайынан (ncoc.hotline@deloitte. kz) және телефон нөмірінен тұрады (8 800 080 15 65), осы байланыс құралдары арқылы кез келген адам соның ішінде аты-жөнін айтпай заңның, жалпы қызмет қағидаттары мен іскерлік әдеп кодексінің бұзылу ықтималдығы туралы хабарлай алады.

NCOC персоналы, өнім берушілер, мердігерлер немесе басқа да кез келген тараптар өздерін алаңдатып отырған мәселені көтере ала

ды немесе компанияның құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмеуі мүмкін жағдайлар туралы NCOC компаниясының іскерлік әдеп және этикалық нормаларға сәйкестік жөніндегі маманына хабарлай алады немесе осы мақсатта тікелей байланысу желісін пайдалана алады, соның ішінде аты-жөнін атамай жасырын хабарласа алады. Бұндай хабарламалардың мазмұны құпия сақталады. Іскерлік әдеп және этикалық нормаларға сәйкестік жөніндегі маман өтініштерді қарайды және көрсетілген жайттар расталған жағдайда NCOC басшылығы анықталған мән-жайларға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды. NCOC компаниясы қызметіміздің жалпы қағидаттарының, іскерлік әдеп кодексінің немесе парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі басшылықтың не болмаса қолданылатын заңнама талаптарының бұзылуы мүмкін оқиғалар туралы хабарлаған адамдарға қатысты қандай да бір қудалауға жол бермейді.

Жыл сайын NCOC жұмыс орнында этикалық мәдениет қалыптастыру мақсатында өз қызметкерлері мен негізгі мердігерлері үшін іскерлік әдеп және әдеп нормаларын сақтау бойынша оқу курстарын өткізеді.

3.3. ТӘУЕЛСІЗ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Біз Атыраудағы Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры Шынар Ізтілеуова басқаратын Тәуелсіз консультациялық кеңеспен (ТКК) тығыз қарым-қатынас жасай отырып, NCOC компаниясының Тұрақты даму туралы есебін ойдағыдай әзірлеуді жалғастырып келеміз. Жетекші экологиялық және әлеуметтік салалардағы ҮЕҰ өкілдерінен, академиктерден және қазақстандық тұрақты даму жөніндегі бизнес-кеңестің өкілдерінен тұратын кеңес 5 жыл бойы бізге NCOC қызметі туралы жария етудің ең үздік тәсілі мен жұртшылыққа ақпарат берудің барынша ашық тәсілдемесі бойынша ұсынымдар берді.

Бірлескен талқылаулар аясында NCOC компаниясы қызметінің экологиялық және әлеуметтік салалардағы оң нәтижелерді белгілеуге, сонымен қатар баса назар аударуды және жақсартуды қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

ТӘУЕЛСІЗ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Шынар
ІЗТІЛЕУОВА

Aтырау

Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры

Жақсыгүл
МАХАНБЕТОВА

Ақтау

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Өңірлік жобаларға мониторинг жүргізу орталығының негізгі бағыттағы тобының жетекшісі

Кирилл
ОСИН

Aқтау

«Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры, Қоршаған ортаны қорғау, экотуризмді дамыту және еріктілер қозғалысы саласындағы қоғам қайраткері

Галина
АРТЮХИНА

Алматы

Қазақстандық табиғат пайдаланушылардың тұрақты дамуға арналған қауымдастығының (BCSD Kazakhstan) атқарушы директоры

«Экология и промышленность» журналының бас редакторы

Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика және тұрақты даму жөніндегі ұлттық сарапшы

Галина
ЧЕРНОВА

Атырау

«Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі

Атырау облысында инвесторлар жүзеге асырып жатқан әлеуметтік және инновациялық жобаларға қоғамдық мониторинг және қоғамдық сараптама жүргізудің бастамашысы

Гүлжамал
ТӨЛЕМІСОВА

Атырау

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы,

«Экология» оқу ғылымизерттеу зертханасының меңгерушісі

Қуаныш
ҚҰСМОЛДАНОВ

Атырау

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Гранттық жобалар орталығының жетекшісі

Жансая
ИСМАҒҰЛОВА

Ақтау

«Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ «Маркетинг және коммуникациялар» басқармасының басшысы

04

NCOC ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2018 2019 2020 2021
ӨНДІРІС

Мұнай өндіру көлемі (ұңғымалар сағасында, млн тонна)

13.22 14.13 15.14 16.24
Газ өндіру көлемі (ұңғымалар сағасында, млрд стандартты текше метр) 7.70 8.45 9.15 9.88
  • Соның ішінде кері айдалатын көлем (млрд стандартты текше метр)

2.24 3.15 3.81 4.31
Өндірілген күкіртті экспорттау көлемі (мың тонна) 1,056 1,207 1,228 1,234
  • Блоктарда сақталып жатқан күкірттің жыл аяғындағы көлемі (мың тонна)

1,409 1,527 1,594 1,696
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

Өндірістік жарақаттар мен аурулар

  • Тіркелетін жарақаттардың жалпы деңгейі (ТЖЖД), млн адам-сағатқа шаққанда

0.44 0.88 0.23 0.15
  • NCOC жұмыскерлері
0.66 0.47 0.15 0.16
  • Мердігерлер
0.36 1.01 0.27 0.15
  • Еңбекке уақытша қабілетсіздік оқиғалары (ЕУҚO) млн. адам-сағатқа шаққанда

0.09 0.11 0.06 0.15
  • NCOC жұмыскерлері
0.17 0 0 0.16
  • Мердігерлер
0.06 0.14 0.09 0.15
  • Адам өлімі болған оқиғалар

0 0 0 0
  • Адам өлімі болған жазатайым оқиғалар, млн адам-сағатқа шаққанда

0 0 0 0
  • Адам өлімі болған оқиғалар деңгейі, млн адам-сағатқа шаққанда

0 0 0 0

Технологиялық қауіпсіздікке байланысты 1-деңгейлі оқиғалар саны (API RP 754 құжатына сай2)

0 0 0 0

Технологиялық қауіпсіздікке байланысты 2-деңгейлі оқиғалар саны (API RP 754 құжатына сай2)

2 0 0 0
2

API RP 754 — Америка мұнай институтының тәжірибелік ұсыныстары, олар мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларының технологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерін төрт деңгейге бөледі. 1-ші және 2-ші деңгейлер есепті жариялауға жол береді. http://www.api.org қараңыз.

2018 2019 2020 2021
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Парниктік газдардың эмиссиялары

  • Тікелей шығарындылар (1-көлем), CO2баламасындағы мың тонна3

3,333 3,068 3,035 3,190
  • Көмірқышқыл газ (CO2), мың тонна
3,158 2,885 2,842 2,986
  • Метан (CH4), CO2 баламасындағы мың тонна
167 175 184 196
  • Азот оксиді (N2 O), CO2 баламасындағы мың тонна
8 7,9 8,8 8,5
  • Жанама шығарындылар (2-көлем, импортталатын энергия), CO2 баламасындағы мың тонна4

10 8 7,5 7,8
  • Парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай эквивалентінің 1000 тоннасына шаққандағы CO2 эквивалентіндегі мың тонна5

180 159 149 148

Отын-энергетика ресурстарын тұтыну

  • Жалпы тұтыну, млн гигаджоуль, (ГДж)6

42.25 37.63 43.14 43.45
  • Үлесті энергия тұтыну, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай баламасындағы тоннаға шаққандағы ГДж

2.28 1.94 2.11 2.00
  • NCOC компаниясы экспорттайтын (импорттайтын) электр энергиясының жалпы көлемі, млн ГДж

(0.11) (0.11) (0.42) (0.40)

Алауда көмірсутегілерді жағу

млн стандартты7 текше метр
63 57.7 47.2 34
3

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 280-э(п) бұйрығымен бекітілген Парниктік газдардың шығарындыларын есептеу жөніндегі жекелеген әдістемелерге сай CO2 баламаларын есептеу үшін пайдаланылатын ғаламдық жылыну потенциалының коэффициенттері 100 жылға болжау шегі бойынша CH4 үшін 21 және N2 O үшін 310 құрайды. Шығарындыларды есептеу бекітілген әдістемелер мен ҚР Экологиялық кодексінде белгіленген талаптар және қолданылатын нормативтік құжаттар негізінде, сонымен қатар Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы 2006 жылы шығарған Парниктік газдарды ұлттық деңгейде түгендеу жөніндегі басшылыққа алынатын нұсқауларға сай нысан деңгейінде жүзеге асырылады.

4

Есептер электр энергиясын жанама тұтыну негізінде сұраныс тарабындағы шығарындылар коэффициентін қолдана отырып жасалады. Аталған коэффициент ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты (2012 ж.) шығарған «Электрэнергетикалық жүйелерге арналған шығарындылар коэффициентін есептеу әдістемесі» құжатына сай Еуропалық қайта құру және даму банкінің осы құжатқа жалғанған әдістемесі (Lahmeyer International, 2012 ж.) негізінде 2020 ж. Қазақстан электр жүйесі үшін (біріктірілген қорлар коэффициенті) 0,919 т CO2 -бал./МВт-сағ шамасына тең.

5

Қарқындылық мәндері үшін қалыптандыру коэффициенті 2021 жылы мұнай баламасының 21,714 миллион тоннасын (мұнай бал. тоннасы) құрайды. Бұл коэффициент Мұнай өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастығының «Мұнай-газ компанияларының тұрақты даму саласындағы ерікті есептілігі жөніндегі нұсқауының» 3-басылымында (2015 ж.), 37-бетте берілген экологиялық деректер үшін ұсынылған қалыптандыру коэффициенттеріне сай ұңғыма сағасында өндірілетін шикі мұнай, құрғақ газ және газ конденсатын өндірудің (соның ішінде алауда жағылатын және отын ретінде пайдаланылатын газды қосқанда, бірақ қойнауқатқа айдалатын газды санамағанда) жалпы көлемі негізінде мұнай бал. тонналарымен есептеледі. Шикі мұнайдың тоннамен есептелетін физикалық көлемдері мұнай тоннасына шаққанда 1,018 мұнай бал. тоннасы коэффициентіне көбейту арқылы мұнай бал. тоннасына айналдырылады. Ілеспе газдың физикалық көлемдері 0,932 мұнай бал. тоннасы/мың ст. текше м. коэффициентіне көбейту арқылы мұнай бал. тоннасына айналдырылады. Қайта есептеу коэффициенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 160 бұйрығымен бекітілген «Отын-энергетикалық теңгерімді қалыптастыру және энергетика саласын сипаттайтын жекелеген статистикалық көрсеткіштерді есептеу бойынша әдістеменің» 2-қосымшасында көрсетілген

6

1 мегаватт-сағ (МВт-сағ) = 3,6 гигаджоуль (ГДж)

7

20° С мен 1 атм. шамасындағы стандартты текше метр. Алауда газды жағу көлемдері туралы есептілік нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1104 қаулысымен бекітілген.

2018 2019 2020 2021

Тұщы су

  • Су алудың жалпы көлемі, мың текше метр

964 1,064 812 871
  • Теңіз суынан өндірілетін тұщы судың жалпы көлемі, мың текше метр

36 39 17.5 30.8
  • Су тұтынудың жалпы көлемі, мың текше метр

1,000 940 762 871
  • Тұщы су тұтыну қарқындылығы, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай баламасындағы 1 000 тоннаға шаққандағы тұтынылған судың тоннасы4

52 55 40 40

Беткі суға бақылаудағы төгінді

  • Көмірсутегі шикізаты, метрикалық тонна

0 0 0 0

Атмосфераға тарайтын шығарындылар

  • Ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ) шығарындылары, тонна

943 1,113 947 828
  • Күкірт диоксидінің (SO2) шығарындылары, тонна

27,949 22,760 14,899 11,161
  • Азот оксидтерінің (NOx) шығарындылары, тонна

2,550 3,711 3,818 4,012

Қоршаған ортаға төгінділер

  • Қоршаған ортаға көлемі 1 баррельден көп мұнай төгінділерінің саны

0 0 0 0
  • Төгілген көмірсутегі шикізатының (мұнайдың) көлемі, тонна

0 0 0 0

Қалдықтар

  • Кәдеге жаратылатын қалдықтардың жалпы көлемі, тонна

10,976 13,726 4,839 12,142
  • Соның ішінде жергілікті нормаларға сай қауіпті деп жіктелген қалдықтар, тонна
5,731 9,092 3,149 9,581
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛА

NCOC компаниясындағы шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру8

  • Басшы лауазымдардағы жергілікті персоналдың пайыздық үлесі

80 82 85 87
  • Инженерлік-техникалық лауазымдардағы жергілікті персоналдың пайыздық үлесі

95 95 95 97
  • Жұмысшы және қосалқы лауазымдардағы жергілікті персоналдың пайыздық үлесі

100 100 100 100

NCOC персоналының құрылымы,

әйелдердің пайыздық үлесі
32 29.18 32 30

NCOC компаниясының қаржылық қолдауымен оқып жатқан Қазақстан азаматтарының жиынтық саны,

мың адам
16 18 19.3 22.2

NCOC компаниясының Қазақстан азаматтары болып келетін жұмыскерлерін қарқынды кәсіби оқытудың жиынтық құны,

млн АҚШ доллары
263 289 291 294

Жергілікті жабдықтаушыларға тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген жиынтық төлемдер9,

млрд АҚШ доллары
14.1 14.8 15.3 15.9

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен қайырымдылыққа қосылған тікелей жиынтық үлес, Атырау және Маңғыстау облыстарында,

млн АҚШ доллары
640 718.1 818.5 887
8

Тек NCOC жұмыскерлері. Басқарушы лауазымдар СКӨБК бойынша 1-інші және 2-нші санаттарға сәйкес келеді, инженерлер-техниктер лауазымдары СКӨБК бойынша 3-інші және 4-інші санаттарға сәйкес келеді және көмекші лауазымдар СКӨБК бойынша 5-санатқа сәйкес келеді.

9

Жергілікті тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің анықтамасы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңында белгіленген Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінде берілген

КӨБЕЮІ

Каспий итбалығы аналықтарының көбі қаңтардың аяғында, ақпанның басында күшіктейді. Соңғы жылдары күшікті итбалықтардың жатақтары негізінен мұзды алқаптың қазақстандық бөлігінде түзіледі.

Ақүрпектердің (жаңа туған күшіктер осылай аталады) ұзын, жұмсақ, жасыл-сарғыш түсті түгі бар. Олар екі апталық жасқа толған кезде түлей бастайды. Итбалықтың енесі күшігін үш апта бойы құнарлы майлы сүтімен асырайды. Ақпанның аяғында, наурыздың басында күшіктер емуді тоқтатып, дербес тіршілік ете бастайды.

Жаңа туған күшіктер (ақүрпектер):

ҰЗЫНДЫҒЫ

65-79 см

САЛМАҒЫ

5 кг

Үш апталық итбалық
(ему кезеңі аяқталған):

ҰЗЫНДЫҒЫ

85 см

САЛМАҒЫ

15 кг

05

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

5.1. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

Қызметкерлеріміз мен мердігерлеріміздің денсаулығы және қауіпсіздігі аса маңызды мәселе және бұл жарақат бойынша нөлдік көрсеткішке жету бойынша міндеттемені білдіреді. Адамдарға қамқорлық таныту – NCOC құндылықтарының бірі, сондықтан денсаулық пен еңбек қорғау бойынша міндеттеменің орындау – басты мақсатымыз. Сенімді жүйелер мен процестер денсаулық пен еңбекті қорғау саласын басқаруға қатысты тәсілдемеміздің негізін құрайды. NCOC саясаты жұмыс алаңдарымыздың барлығында күн сайын зиянды әсер мен төгінділердің болмауын қамтамасыз етуден тұрады. Біз бұны «Мақсатты нөлдік көрсеткішке» жету бойынша міндеттемеміз деп мақтанышпен атаймыз.

NCOC қауіпті факторларды анықтау, оларды азайту шараларын жүзеге асыру және алынған білімді бөлісу арқылы қатерлерді жояды немесе азайтады. NCOC қызметкерлерінің барлығы өндірістік қауіпті факторларды анықтау бойынша оқудан өткен әрі тиісті өкілеттіктерге ие және бұл ретте кез келген қызметкер қауіпті болуы ықтимал жұмысты тоқтата алады. Қауіпті факторлар туралы хабарламалар оқиғалар туралы хабарлау жөніндегі жүйеміз арқылы жолданады, бұл жүйе қауіпті факторлар туралы ақпаратты басқа адамдарға жолдауға, бақылау шарала

рын орындауға және өндірістік операцияларымыз кезінде алынған сабақтарды зерделеуге бағытталған.

2021 жылы біз мердігер ұйымдарда қауіпті факторларды анықтау мен қатерлерді басқаруға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық рөл қалыптастыруға және оқиғаларды тергеуге бағытталған еңбек қауіпсіздігін арттыру жобаларын әзірледік. Біз мердігерлерімізбен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, еңбек қауіпсіздігін арттыру бойынша орындалған жұмысты ерекше мақтан тұтамыз. 2021 жылы NCOC басшылығы компанияның ірі мердігерлерінің жоғары басшылығымен бірге еңбек қауіпсіздігі мәдениетін жақсарту және «Мақсатты нөлдік көрсеткішке» жету бойынша өршіл мақсатымызға жету жөніндегі стратегиялар мен практикалық шараларды талқылады.

Біз еңбек қауіпсіздігі мәдениетін құруға тек талаптарға сәйкес болуды қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ адамдар олардың ой-пікірлерін назарға алатынымызды және олардың қамын ойлайтынымызды түсінуі үшін және өздерін алаңдататын мәселелерді жасқанбай көтерулері үшін ұмтылып жатырмыз. Компаниямызда персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үш комитет құрылған, олар қызметкерлеріміз бен мердігерлерімізге өз жұмыстарында қауіпті факторларды басқаруды және бір-бірімен тың ойлар бөлісуді үйренуге мүмкіндік береді. NCOC компаниясында 2021 жылы өткізілген талқылаулар мен науқандар бірлескен жұмыс пен өзара әрекет ету, жол қауіпсіздігі және таю, сүріну және құлау сияқты күнделікті қауіп-қатерлерге қатысты қырағылықтан айрылуға жол бермеу тақырыптарына арналды.

Сонымен қатар 2021 жылы біз еңбек қауіпсіздігі саласында 2020 жылғыдай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жылды жобамыздың

тарихындағы үздік нәтижелермен аяқтадық. Жұмыс істелген миллион сағатқа шаққандағы жарақаттар саны – тіркелетін жарақаттардың жалпы деңгейі (ТЖЖД) 0,15 болды. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа алып келген жарақаттар саны (ЕУҚОЖ) 2020 жылғымен салыстырғанда сәл өсіп, 0,15-ке жетті.

тар мен адам өмірін өзгертетін жарақаттарға жол бермеуге көбірек көңіл бөлетін боламыз.

Біз ауыр жарақатқа соқтыру ықтималдығы жоғары жағдайлар мен жұмыстарды анықтауға және басқаруға бағытталған стратегияларды әзірлеуді жалғастырамыз. Бұл стратеги

2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021

ТІРКЕЛЕТІН ЖАРАҚАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ДЕҢГЕЙІ

24 31 15 10 24 4 3

ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ОҚИҒАЛАРЫ

9 11 8 2 3 1 3

Сонымен бірге біз елеулі зардап шегу ықтималдығы жоғары оқиғаларға (ЕЗЫЖО) жол бермеу жұмыстарын жалғастырдық. Өткен 2021 жыл елеулі зардап шегу ықтималдығы жоғары оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізілген екінші жыл болды.

We will continue to develop strategies to pinpoint and address those situations or work activities that have a high potential for serious injury. These strategies include our traditional attention in maintaining safety barriers and conducting training. In addition, we will also focus more heavily on how we can help our workers when in high-risk situations, specifically ensuring management controls are in place, effective, and complied with.

Жұмыс орнында үнемі қауіпсіздік деңгейін көтерудегі, әсіресе ЖТО (тіркелетін оқиғалардың жалпы саны) көрсеткіші бойынша үміттендіретін нәтижелерге қарамастан, біз барлық жарақаттарға жол бермеу жөніндегі міндетімізді орындай отырып, ұсақ оқиғаларды азайту бағытындағы тұрақты түрде жүргізіліп жатқан жұмыстарымызға қоса, ауыр жарақат

2021 ЖЫЛҒЫ АУЫР ЗАРДАПТАР
ЫҚТИМАЛДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚИҒАЛАР ПИРАМИДАСЫ

ялар әдеттегідей қорғаныш тосқауылдарды қамтамасыз етуді және оқу курстарын өткізуді қамтиды. Сонымен қатар біз қатер деңгейі жоғары жағдайларда қызметкерлерімізге қалай көмектесе алатынымызға да көбірек көңіл бөлеміз, атап айтқанда, бақылау және басқару құралдарының болуын және олардың тиімділігі мен пайдаланылуын қамтамасыз етеміз.

Біз адам қателігі әрбір дерлік ауыр оқиғаның себебі екенін мойындаймыз. 2022 жылға аяқ басқанымызға қарай басты назарымыз персонал жұмысын жақсартуға аударылатын болады және қорғау шараларымыздың тиімділігін арттыру жұмыс орнында «Зиян келтірмеу және төгіндіге жол бермеу» қағидатына сәйкес келетін «Мақсатты нөлдік көрсеткішке» жетудегі негізгі фактор болмақ. Осылайша біз қорғау шараларын және олардың сенімді түрде басқарылуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік атқаратын қызметкерлеріміздің кәсіпқойлық деңгейін арттыруды жалғастырамыз. Бұған мысал ретінде басшылардың өндірістік алаңдарда болу бағдарламасын атауға

болады, бұл бағдарлама басшыларымыздың жұмыс алаңдарындағы жұмысшылармен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді.

5.2. КӨЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Көлік қауіпсіздігі – NCOC компаниясының логистика, соның ішінде адамдарды тасымалдау, материалдар мен жабдықтарды жеткізу бойынша қауіпсіз қызметін қамтамасыз етудегі басты міндет. Қауіпсіздік үшін қатерлерді басқару бойынша салалық стандарттармен және озық тәжірибелермен бекітілген халықаралық стандарттарды енгізу оқиғалардың орын алу ықтималдығын барынша азайтуды қамтамасыз етудің негізгі бағыты болып қала береді.

Компания логистика қауіпсіздігі бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетуді жалғастырып келеді. 2021 жылы автокөлік жүрісі 13 миллион километр, тікұшақтардың ұшуы 450 сағат құраған және теңіз флоты көптеген операциялар орындаған кезде бізде автокөлік құралының, әуе және теңіз кемелерінің қатысуымен

бірде-бір ауыр, ірі және апатты оқиға тіркелген жоқ. Біз екі жыл қатарынан қыс мезгіліндегі қауіпсіздік бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізіп отырғанымызды атап өткіміз келеді.

Автокөлік құралдарына келетін болсақ, компанияның көлік құралдарының барлығы жүргізушінің жолдағы мінез-құлқын, сонымен қатар жылдамдық режимін сақтауын, кілт тежелуін және сақтандырғыш белдіктерді пайдалануын бақылайтын көліктегі бақылау жүйесімен (КБЖ) жабдықталған. Жеңіл көлік құралдарының барлық жүргізушісі 2 жылда бір рет, ал автобус жүргізушілері жыл сайын көлікті қауіпсіз жүргізу бойынша міндетті оқудан өтетін бағдарлама әзірленген. 2021 жылы біз жолаушылар тасымалдайтын көлік құралдарының салондарында камералар орнаттық. Бұл қосымша бақылау шарасы бізге жүргізушілердің көлікті қауіпсіз жүргізу саласындағы кәсіпқойлық деңгейін арттыру мақсатында оқиғалардан тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда үнемі жолға жануарлардың шығып кету қаупінің болуына байланысты біз жергілікті халыққа қолдау көрсетуді жалғастырып, фермерлерге жарық шағылыстыратын бояулар мен таспаларды таратамыз. Бұл заттар жүргізушілердің қараңғыда және көру мүмкін

дігі нашар жағдайларда жолдағы жануарларға соқтығысуға байланысты жол-көлік оқиғаларының ықтималдығын азайтуға ықпал етеді.

2021 жылы NCOC компаниясы Атырау – Қарабатан – Доссор трассасындағы ең қауіпті учаскелерде жол бойындағы мұз жағдайын бақылайтын бекеттер орнатты. Осы теңдесі жоқ жобаның мақсаты – жол бойындағы мұз жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауды қамтамасыз ететін жүйе енгізу. Жол бойындағы мұз жағдайын бақылау жүйесі толық енгізілген және ол жол қауіпсіздігін бақылау тобына 10 минут сайын жолдағы көктайғақ туралы жаңартылған ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жүйе ауа райы мен жол жағдайларын, атап айтқанда, ауа температурасын, ылғал-

дылықты, желді, көрінімді және жолдың мұз басуын тіркейтін датчиктерді қамтиды, сонымен қатар жол төсемінің температурасын өлшеуге арналған инфрақызыл датчикпен және камерамен жабдықталған.

Жолдағы мұздың жағдайын бақылау жүйесінен алынатын деректер көпшілікке қолжетімді www.caspianwebmet.com/table.php веб-парағында жарияланады.

5.3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АКТИВТЕРДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ

Технологиялық қауіпсіздік нысандарымыздың қауіпсіздігін және өнім сақтайтын жүйелердің бүтіндігін қолдауға бағытталған арнайы қорғау

шаралары немесе тосқауылдар арқылы қамтамасыз етілуде. Біздің мақсатымыз – адамдарға, қоршаған ортаға және активтерімізге әсер ету ықтималдығына жол бермеу. Қауіпті заттектердің жоспардан тыс кез келген түрдегі шығарындысы технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиға болып есептеледі. Компанияда технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалардың алдын алу, оларды бақылау және әсерін азайту үшін тиісті технологиялар мен процестер пайдаланылады.

Тиімді қорғау шаралары жабдықтарды және/ немесе персоналды қамтуы мүмкін және олар ырықты, ырықсыз немесе процестік болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда біз қауіпті болуы ықтимал фактордың ауыр

лығына қарай қатерлерді азайту және бірнеше қорғау шараларын қамтамасыз ету үшін резервтік қорғау шараларын пайдаланамыз. Біз үнемі NCOC ауқымындағы технологиялық қауіпсіздік саласындағы мәдениетіміз бен жұмысымызды жақсартуға күш саламыз. Өндірістік және технологиялық қауіпсіздік жөніндегі мамандар ай сайын үздіксіз жетілдіру үшін білім алмасу және озық тәжірибелерді талқылау мақсатында жиналыстар өткізіп тұрады.

Технологиялық қауіпсіздік саласындағы көрсеткіштерімізді жақсарту үшін:

  • инженерлер мүмкіндігінше жаңа білім мен технологияларды ескере отырып, ажырамас қауіпсіздік қағидаттары мен алдыңғы қатарлы қауіпсіздік жүйелері негізінде процестерді дамытады;

  • қорғау шараларының тиімділігін қамтамасыз ету, қауіпті технологиялық факторлардың әсерін азайту және активтердің тұтастығын сақтау үшін ағымдағы техникалық қызмет көрсету жүргізіледі;

  • технологиялық қауіпсіздік жөніндегі мамандар істен шығу жағдайларын олардың механизмін түсіну үшін талдайды және алынған білімді компанияның бүкіл персоналымен бөліседі.

Компания ауқымында технологиялық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық пен білі

тілікті арттыру – негізгі мақсаттарымыздың бірі. Технологиялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары технологиялық қауіпсіздік саласындағы хабардарлықты арттыру үшін қарапайым және жүзеге асыруға болатын озық өндірістік практикаларды әзірлей отырып жаңартылды. Осы негізгі қағидаттар қауіпті заттектердің жоспардан тыс шығарындыларының алдын алу мақсатында озық өндірістік практиканы қолдану жөніндегі нақты нұсқауларды қамтиды. Сондай-ақ қызметкерлерге қауіпсіздік саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін құзыреттіліктің тиісті деңгейін қамтамасыз етудің кешенді процесі енгізілді.

Технологиялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары

NCOC өндірістік персонал қауіпсіздік саласындағы аса маңызды міндеттерді орындаған кезде технологиялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттарын енгізу арқылы қорғану шараларын күшейтуді жалғастыруда. Осы негізгі қағидаттар қауіпті заттектердің жоспардан тыс шығарындыларының алдын алуға бағытталған озық өндірістік тәжірибені қолдану жөніндегі нақты нұсқауларды қамтиды. Компания өз қызметкерлеріне және мердігерлеріне қауіпсіздік саласындағы проблемалы мәселелерді анықтау үшін өткізілетін күнделікті талқылауларда оларды алға қарай шешу үшін осы қағидаттарды пайдалануға кеңес береді.

2021 жылы активтердің тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы бағдарлама шеңберінде құрлық және теңіз кешендері объектілеріндегі техникалық қорғау құрылғыларына бағалау жүргізілді. Бағдарлама өндірістік қауіпсіздік үшін сыни элементтердің техникалық тұтастығының жай-күйін растауға бағытталған. Бұдан басқа технологиялық қауіпсіздік бойынша базалық талаптар әзірленді, олар салалық тәжірибе негізінде анықталған, онымен байланысты неғұрлым ықтимал оқиғаларды ескере отырып, осы саладағы негізгі міндеттерді сипаттауды қамтиды. Бұл талаптар жоғарыда аталған оқиғалардың алдын алу үшін қорғаныс шараларын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондай-ақ

NCOC акционерлері компанияның технологиялық қауіпсіздігі саласындағы бақылау жүйелері мен құралдарының тиімділігіне тәуелсіз талдау жүргізді. Пайдалану бойынша стандарттар мен рәсімдер зерделенді, жергілікті жерлердегі технологиялық қауіпсіздікті бағалау және түсініктемелер беру үшін өндірістік учаскелерге бару ұйымдастырылды

Компанияда ДЕҚОҚ шеңберінде өндірістік қауіпсіздік бойынша құжаттама жүргізіледі, профилактикалық және жауап беретін қорғау шараларын қабылдаудың арқасында технологиялық қауіпсіздік пен оларды басқару саласындағы қауіпті факторларды анықтау үшін тәуекелдердің себеп-салдарлық талдауы пайдаланылады. Осы қорғау шараларының салалық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде тексерулер, сынақтар және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргіземіз.

Технологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері

NCOC салалық стандарттарына сай біз технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғаларды олардың API 754 стандартында белгіленген маңыздылығына сәйкес бағалаймыз және олар туралы хабарлаймыз. 2021 жылы біз 2019 және 2020 жылдары қол жеткізген табысымызды қайталап, технологиялық қауіпсіздікпен байланысты І және ІІ деңгейлі оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішке жете алдық.

2017-2021 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКПЕН БАЙЛАНЫСТЫ І ЖӘНЕ ІІ ДЕҢГЕЙЛІ ОҚИҒАЛАР

06

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

6.1. КАСПИЙ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЖҮЙЕНІҢ БИОАЛУАНДЫҒЫ

Каспий теңізі әлем бойынша басқа еш жерде жоқ, сирек кездесетін және эндемик түр

лері бар бірегей экологиялық жүйе. Бүгінгі таңда оның жағдайы табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен жаһандық өзгерістерге ұшырап отыр. Осы бірегей өңірді қорғау және сақтау NCOC қызметіндегі ең басты міндет.

1993 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан түрлі зерттеулер арқасында NCOC компаниясында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және сол аумақтардағы биоалуандықты сақтау жөніндегі маңызды міндеттерді орындау үшін қажет экологиялық деректердің мол қоры бар. Осы экологиялық деректер қоры Каспийдегі өзгермелі климат пен шаруашылық қызметтің өсуі жағдайында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және олар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ
ЖӨНІНДЕГІ ХАТТАМАНЫ РАТИФИКАЦИЯЛАУ

2021 жылы Қазақстан «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Осы заңға сәйкес Каспий өңірінің әрбір елі басқа елдердің келісімімен қорғау мақсатында теңіз ортасы мен жағалау аумағында:

  • флора мен фаунаның құрып кету қаупі төнген немесе эндемикалық түрлерінің тіршілік етуі, көбеюі және қалпына келуі үшін өмірлік маңызы бар мекендеу орындарында;
  • ғылыми, эстетикалық, мәдени немесе білім беру маңыздылығына байланысты ерекше маңызды объектілерде қорғалатын аудандарды бөле алады.

Заңға қол қойылған сәттен бастап NCOC компаниясы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Солтүстік Каспийде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) және «Итбалық» мемлекеттік табиғи резерватын әзірлеу және құру жөніндегі бастамаларына белсенді қатысып келеді.

ды сақтау шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

NCOC үшін теңіздегі кен орнын игеру тек көмірсутегілер өндіру ғана емес, сонымен бірге Солтүстік Каспийдегі қоршаған ортаны қорғау саласында теңіздің экожүйесін қорғау жөніндегі ауқымды бағдарлама шеңберінде зерттеулер жүргізуге үлес қосу мүмкіндігі, зерттеулер келесі жұмыстарды қамтиды:

  • өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жай-күйіне зерттеулер (мониторинг) жүргізу;

  • теңіздегі және құрлықтағы биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында оны зерделеу;

  • озық тәжірибені пайдалану;

  • табиғатты қорғау бағдарламаларын қолдау және халыққа өңірдің биоалуандығы туралы ақпарат беру

Биологиялық әртүрлілікті зерделеу және сақтау жөніндегі NCOC жүргізетін жұмыстар мыналарды қамтиды:

  • өндірістік мониторинг шеңберінде құрлықтағы және теңіздегі қоршаған ортаның параметрлерін жыл сайын қадағалау;

  • Каспий итбалығының популяциясын зерттеу;

  • орнитологиялық бақылау;

  • биоалуандық бойынша геоақпараттық жүйе құру;

  • көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;

  • Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің сезімталдық картасын әзірлеу;

  • жасанды аралдарда су түбі организмдерінің қоныстануын зерттеу жұмыстары;

  • Жайық-Каспий бассейніне жасанды жолмен өсірілген балық шабақтарын жіберу.

NCOC биоалуандықты зерделеу және сақтау үшін жануарлар әлемін зерделеуде өздігінен ұшатын аппараттарды қолдану, Каспий итбалығы популяциясын мультиспектрлі суретке түсіру, Атырау бекіре балық өсіру зауыттарына заманауи жабдықтар орнату және т.б. сияқты инновациялық озық технологияларды белсенді пайдаланып жатыр.

Компанияның экологтары халықтың биоалуандықты сақтау мәселелері бойынша

хабардарлығын арттыру бағдарламасы шеңберінде биоалуандық бойынша деректер ұсынады, ғылыми-көпшілік ақпаратты жариялайды, бейнефильмдер шығарады, қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қолдау көрсетеді, өңірдегі мектеп оқушылары мен студенттерге консультациялық көмек көрсетеді.

НАҚТЫ МЫСАЛДЫ ТАЛДАУ

Ағаш егу

NCOC компаниясы ««Болашақ» МГКДҚ санитарлық-қорғау аймағының ауданын негіздеу» жобасы шеңберінде Батыс Ескенедегі санитарлық-қорғау аймағының аумағын атмосфералық шығарындыларды сіңіруге арналған буферлік аймақ ретінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда көгалдандыру ауданы 14,7 гектарды құрап отыр. 2021 жылы СҚА-ға және Соколок эксперименттік учаскесіне егілген ағаштарға күтім жасау және оларды суару үздіксіз жүргізілді, NCOC оны алдағы жылдар да жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Алайда СҚА учаскелерін көгалдандыру жөніндегі көпжылдық жұмыстардың нәтижесінде компания орман қорғау белдеуін дамыту кезінде кездесетін проблемалар анықталды. Атап айтқанда, бұл суару үшін судың жетіспеушілігі, топырақтың сортаңдануы және климаттың құрғақтығы. Осы қиындықтардың себебінен компания СҚА-ны көгалдандыру жөніндегі міндеттемелерді қайта қарау және оны Атырау қаласы мен оның маңындағы өзге учаскелерге ауыстыру мүмкіндігін қарастырды

Осыған байланысты 2021 жылдың 20 сәуірінде NCOC пен әкімдік Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды (ӨтМ). ӨтМ шарттарына сәйкес СҚА жобасы бойынша міндеттеме басқа учаскеге ауыстырылатын болады және 2022 жылға арналған СҚА жобасында бекітіледі, өйткені көгалдандыру СҚА жобасының бір бөлігі.

Көгалдандыру үшін топырақ күйін тексеру туралы есепке сай 2021-2025 жж. кезеңде ағаш егу үшін келесі алаңдар анықталды:

  • Соколок арнасының маңында 194 га;

  • Береке кентінде 73 га;

  • Еркінқала кентінде (трасса) 21 га;

  • Мақат ауданында 20 га.

NCOC компаниясы «Ә.Н. Бөкейхан атындағы қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (қызмет көрсету жөніндегі мердігер) бірлесіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді және аталған алаңдарда көгалдандыру жобасын әзірлеуге кірісіп кетті.

Береке кентіндегі алаңды көгалдандыру жұмыстары 2021 жылғы қыркүйекте басталды. Жыл аяғына қараған шақта ауданы 62 га аумақ қоршалды, аумақ тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды, топырақ ағаш отырғызуға әзірленді, сорғылар және тамшылап суаруға арналған материалдар сатып алынды, отырғызатын материал алынды және 10 гектардан асатын алаңға ағаш отырғызылды. Ағаш отырғызу 2022 жылғы көктемде жалғастырылады.

Атырау өңірінде ағаштар мен бұта егу кезінде топырақта сульфидтер мен хлоридтер тұздары басым болуына байланысты ерекше агротехникалық жағдайларды ескеру қажет. Тұзды топырақ ағаштардың көптеген түрінің өлуіне әкеледі. Атырау облысы атмосфералық жауын-шашынның ең төмен деңгейімен ерекшеленеді – жылына 200 мл-ден аз (маусымына 3–4 жаңбыр). NCOC компаниясы осындай табиғи жағдайларда егу материалдарын таңдауда және өсіруде мол тәжірибесі бар қызмет көрсету жөніндегі мердігерді жұмысқа тартты. Егілетін ағаштар: ұсақ жапырақты және ірі жапырақты шегіршін (қарағаш) тұқымдастарының ыстыққа және тұзды топыраққа төзімді түрлері, кәдімгі шаған, ақ және сары қараған, жіңішке жапырақты жиде, қына ағаш және жыңғыл.

Суаруда тамшылап суару әдісі қолданылады, сондықтан су әр ағашқа жетеді, ылғал үнемдеуге ықпал етеді және топырақ екінші рет қоқыстанбайды.

Көгалдандыру бағдарламасына міндетті түрде органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану кіреді.

Каспий итбалығы

Каспий нерпасы немесе Каспий итбалығы Pusa caspica (Gmelin, 1788) – Каспий теңізінің бүкіл су айдынында мекендейтін жалғыз теңіз сүтқоректісі. Сүтқоректілердің осы өңірдегі эндемик түрі Каспий су экожүйесінің қоректік тізбегіндегі соңғы буын бола отырып, теңіз экожүйесінде бірегей рөл атқарады, сондықтан оның күйінің индикаторы саналады.

XX ғасырда бірқатар табиғи себептерге, антропогендік және техногендік факторларға байланысты Каспий итбалығының саны тұрақты түрде азайып жатқаны байқалды. Ондай себептерге азық қорының азаюы, өткен ғасырдың ортасында кәсіпшілік мақсатында аулау, түрлі аурулар, күшіктеу кезеңіндегі қиындықтар, қолайсыз ауа райы жағдайлары, кәсіпшілік, құрылған ауларға түсіп өлу және басқалар жатады.

2005 жылдан бастап Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді қарқынды барлау және өндіру басталғаннан кейін NCOC компаниясы жыл сайынғы көзбен шолып ұшу есептерін қоса алғанда, Каспий итбалығына көпжылдық зерттеулер ұйымдастырды.

NCOC компаниясының қолдауымен зерттеулер жүргізген Caspian International Seal Survey (CISS) халықаралық тобы ғалымдарының деректері бойынша 2005 жылы Каспий итбалықтарының саны 104 мыңға жуық дарақты құраған, бұл олардың саны 1,2 миллионнан астам дарақты құраған 1900 жылғы деректермен салыстырғанда 91%-ға аз.

2019 жылдан бері NCOC компаниясы Қазақстан мен Ресейдің Солтүстік Каспий акваториясында Каспий итбалығын зерттеу жөніндегі бес

жылға есептелген бағдарламасының жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп келеді, бағдарламаға «Қазақ қолданбалы экология агенттігі» ЖШС, Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу орталығы, А.Н. Северцов атындағы Экология және эволюция проблемалары институты, Бүкілресейлік балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институты сияқты қазақстандық және халықаралық ғылыми-зерттеу институттары қатысуда.

Бағдарлама 2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның негізінде әзірленген. Конвенция баптарының орындалуы Каспий өңірінің елдері арасындағы ынтымақтастықтың дамуы мен нығаюына ықпал етеді, Каспий теңізін бейбіт мақсаттарда пайдалануға, оның ресурстарын оңтайлы пайдалануға, табиғи ортасын зерделеуге, қорғауға және сақтауға көмектеседі.

Таяуда жүргізілген зерттеулер барысында итбалықтар популяциясының саны мен 2012 ж., 2020 ж. және 2021 ж. жыл сайынғы төлдер саны салыстырылды. Бұл зерттеулер 2022– 2023 жылдары да жалғасады.

Соңғы он жыл ішінде жыл сайынғы төлдеудің орташа мәні 59,07 мың бас құрады; популяцияның орташа алғандағы жалпы саны – 286,2 мың бас. Өсім төл саны бойынша да (2012 ж. 56,7 мың бас, 2021 ж. 62, 26 мың бар), популяцияның жалпы саны бойынша да байқалып отыр (2012 ж. 274,7 мың бас, 2021 ж. 302,0 мың бас). Соңғы 10 жыл ішінде Каспий итбалығы

популяциясының жыл сайынғы өсімі орташа алғанда шамамен 1%.

Осылайша Каспий итбалығы популяциясының жалпы саны соңғы он жыл бойына біршама тұрақты. Бұл ретте осы жылдардағы қысқы кезеңдерде елеулі метеорологиялық өзгерістер болғанына қарамастан, аздап болса да тұрақты өсу үрдісі байқалады. Бұл экологиялық өзгерістердің түрлі жағдайларында Каспий итбалығының сәтті көбеюіне ықпал ететін жоғары бейімділігін білдіреді.

Мұзжарғыш кемелердің борттарынан бақылау

2021 жылдың қысқы навигация кезінде итбалықтар күшіктеген кезеңде «Тұлпар» және «Маңғыстау-3» мұзжарғыш кемелері бортта бақылау жүргізетін қызметкерлермен бірге сегіз рейс орындады.

КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫНЫҢ 2012–2021 ЖЫЛДАРДАҒЫ КӨБЕЮІ
МЕН ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ САНЫН БАҒАЛАУ

Төлдердің есептелген саны, мың бас Популяцияның есептелген жалпы саны, мың бас

2012

56.70 274.7

2020

58.24 282.0

2021

62.26 302.0

ОРТАША МӘНДЕР

59.07 286.2

Итбалық бақылаушылардың негізгі міндеті – мұзжарғыш кемелердің маршруты бойынша итбалықтарға есеп жүргізу және операциялық персонал орындап жатқан әрекеттердің теңіздегі кеме қозғалысының итбалықтарға әсер етуінің алдын алу жөніндегі ереже талаптарына сәйкестігін растау.

NCOC компаниясының өндірістік операциялары, соның ішінде мұзжарғыш кемелермен орындалатын операциялар нәтижесінде теңіздегі кеме қозғалысының итбалықтарға әсер етуінің алдын алу жөніндегі ереже енгізілгеннен бастап кемелер итбалықтарға соқтығысқан бір де бір оқиға ТІРКЕЛМЕГЕНІН, сонымен қатар 2015 жылдан бері итбалықтар жаппай қырылған бір де бір оқиға ТІРКЕЛМЕГЕНІН атап өткен жөн.

Кеме қозғалысының жоспарланып отырған маршруттары бойындағы әуе санақтары

Мұзжарғыш кемелердің Каспий итбалығы популяциясына әсер ету дәрежесін анықтау мақсатында Қашаған кен орнына қызмет көрсетуші мұзжарғыш кемелер жүретін трасса бойынша авиабақылау жұмыстары жүргізілді.

Тікұшақ ұшқан маршрут Қашаған кен орнынан жоспарланған кеме қозғалысы арнасы бойымен батысқа қарай өтіп, содан кейін оңтүстікке қарай виртуалды арнадан шығатын орынға дейін және содан соң солтүстік-батыстан

оңтүстік-шығысқа қарай мұзжарғыш кемелердің маршруты бойымен ашық су шекарасына дейін өтті. Қашаған кен орнына қарай солтүстікке өткенде жануарлардың сирек топтары мен дара итбалықтар кездесті. Ұшу кезеңінде Каспий итбалығының тығыздығы анағұрлым жоғары 23 учаскесі анықталды. Итбалықтардың көбі мұз өрісінде болды, тек кейбіреулері ғана мұз жиегін бойлай, суда жүзіп жүрді.

Ихтиофауна

2021 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мен NCOC компаниясы Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын өсімін молайту жөніндегі жұмыс істеп тұрған кешендерді қайта жаңартуды және өсімін молайту кешенінің инфрақұрылымын салуды қамтитын өтемдік іс-шараларын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Өтемдік іс-шараларының тізіміне бекіре тұқымдас балықтардың жасанды жолмен өсірілген шабақтарын балықтардың су айдындарына жіберу кіреді.

NCOC компаниясы бекіре балықтарының популяциясын қолдау үшін Жайық-Каспий бекіре тұқымдас балық өсіретін зауытқа 2017-2021 жылдары шамамен 800 000 бекіре шабағын (2021 жылы 27 000 шабақ) өсіріп, су айдынына

жіберуге қаржылық көмек көрсетті. NCOC компаниясы жасанды жолмен өсірілген тіршілікке төзімді бекіре балықтарының шабақтарын Жайық өзеніне жіберу жөніндегі іс-шараларды алдағы жылдарда да жалғастыра бермек. 2022- 2026 жылдарға бекіре тұқымдас балықтардың 2 миллион шабағын өсіру және табиғи су айдынына жіберу жұмысын қаржыландыру шаралары жоспарланып отыр.

Орнитологиялық зерттеулер

Каспий маңының солтүстік бөлігі өзіне құйылатын Еділ мен Жайық өзендерінің атыраптарымен бірге су және су маңы құстары үшін өте үлкен рөл атқаратын жаһандық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар. ҚР ғылыми-зерттеу ұйымы NCOC компаниясының қолдауының арқасында Қашағанның өндірістік нысандары маңында және жағалау бойында құстарға маусымдық (көктемгі-күзгі кезеңде қыстау, қоныс аудару және жазғы кезеңде ұя салу) зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Жалпы алғанда 2021 жылы Солтүстік Каспийдегі орнитофаунаның күйі толық қанағаттанарлық болды. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі құстардың санына және түрлерінің саналуандығына әсер етпейді, бірақ олардың өздері мекендейтін аумақта таралуына әсер етеді.

6.2. ТҰЩЫ СУ

БҰҰ-ның бағалауы бойынша Қазақстан су тапшылығы деңгейі жоғары (25–50%) өңір. NCOC тұщы су қорын барынша сақтауға тырысады. Құрлық кешенінің нысандары жерүсті тұщы су қорлары өте шектеулі өңірде орналасқан.

Құрлық кешенінің нысандары жерүсті тұщы су қорлары өте шектеулі өңірде орналасқан.

Жерасты сулары минералдану деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді және сумен жабдықтау көзі ретінде пайдалануға келмейді. Су пайдаланылатын шаруашылық қызмет толықтай әкелінетін су ресурстарына байланысты. Су ресурстарын тиімді басқару жергілікті қоршаған ортадағы су қорына және әлеуметтік-экономикалық даму мен келешектегі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуге ықпал ете алады. Сол себепті біз су пайдалануды басқару ісіне парасаттылықпен және жауапкершілікпен қараймыз.

2021 жылы NCOC өндірістік операциялары барысында су алу мен тұтынудың жалпы көлемі 871 000 м3 құрады. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын Еділ өзенінен сумен қамтуды жүзеге асыратын «ҚазТрансОйл» компаниясының Астрахань – Маңғыстау құбыр желісі өндірістік қажеттіліктер үшін тұщы судың негізгі көзі болып қалуда.

2020 жылы COVID індеті кезіндегі карантинге және 2020 жылы өндірістік алаңдарға кіру шектелгеніне байланысты тұщы су тұтыну көлемінің біршама азайғаны байқалды, сондықтан 2021 жылғы көрсеткіштер пандемияның алдындағы 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырылып отыр. NCOC компаниясы тұщы су тұтынудың жалпы көлемін 2019 жылғымен салыстырғанда 7,3%-ға азайтты, соның ішінде:

  • қалдық газды тазарту қондырғысынан шыққан суды қайта пайдалану арқасында «Болашақ» МГКДҚ қажеттіліктері үшін Астрахань – Маңғыстау құбыр желісінен алынатын тұщы су көлемі 7%-ға азайтылды;

2019 2020 2021
ТҰЩЫ СУ ПАРАМЕТРІ

«Астрахань-Маңғыстау» су құбырынан сумен жабдықтау, мың м3

902.27 712.14 841.03

Муниципалдық сумен жабдықтау жүйесінен алынатын тұщы су, мың м3

36.32 31.85 28.70

Сатып алынатын тұщы су, мың м3

0.85 0.71 1.06

Сумен жабдықтаудың жалпы көлемі, мың м3

939.44 744.69 871

Тұщы суды қайта пайдалану, мың м3

397.9 385.1 448.3

Тұщы суды қайта пайдалану, %10

42 52 51

Тұщы су тұтыну қарқындылығы, көмірсутегі өнімінің мың тоннасына шаққандағы м311

48 36 39
10

тұщы сумен жабдықтаудың жалпы көлемінің %

11

Экологиялық деректер жинау бойынша пайдаланушының нұсқауы (2020 жылғы деректер) – Анықтамалар мен айрықшалықтар (https://data.iogp.org/Environment/UserGuide).

  • 2021 жылы компанияның қосалқы нысандарына персоналдың кіруі шектелгеніне байланысты муниципалдық сумен жабдықтау жүйесінен алынатын тұщы су көлемі 21%-ға азайды.

2020 жылмен салыстырғанда тұщы су тұтыну көлемінің көбейе бастағаны байқалып отыр. Бұның себебі 2020 жылы COVID-19 індеті кезіндегі карантинге және өндірістік алаңдарға кіру шектелгеніне байланысты NCOC нысандарындағы кейбір өндірістік операциялардың уақытша тоқтатылғандығында.

Бұл ретте 2021 жылы тұщы су тұтыну көрсеткіші көмірсутегілер өнімінің 1000 тоннасына шаққанда 39 м3 тең болды, бұл Мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық қауымдастығы ЕО елдері үшін белгілеген мәндерден (3712) сәл жоғары.

NCOC құрлық кешендерінде тұщы су тұтыну көлемі 870 000 м3

. Теңіз нысандарында да тұщы суға деген қажеттілік бар. NCOC сатып алынатын тұщы сумен қатар (2021 жылы 1 мың м3 ) теңіз суын

теңіз кешеніндегі өндірістік нысандардың қажеттіліктері үшін тұщы су өндіру мақсатында пайдаланады. Тұщыландыру қондырғыларында өңделген тұщы су шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарда пайдаланылады, ал тұзды су кері су көзіне төгіледі. Теңіз суын алу және таза (тұзды) су төгу ҚР заңнамасының талаптарына сай арнайы су пайдалануға алынатын рұқсатпен реттеледі.

Алынатын тазартылмаған тұрмыстық сарқынды су тазарту қондырғысына (Triqua) жі

беріліп, содан кейін тазартылған сарқынды су Маңғыстау облысындағы NCOC жерүсті қондырғысына қосымша тазарту және жасыл желектерді суару мен шаң басу үшін қайта пайдалану үшін жіберіледі.

2021 жылы тұщыландыру қондырғылары үшін алынған теңіз суының жалпы көлемі 115 000 м3 құрады. Тұщыландыру қондырғысынан шыққан 84 000 м3 көлеміндегі қайтпа су арнайы су пайдалану рұқсатына сәйкес теңізге төгілді. 2021 жылы теңіздегі тұщыландыру қондырғыларында шамамен 31 000 м3 су өндірілді. Тұщыландыру қондырғысында алынатын тұщы су көлемі құрлық кешенінің нысандарынан берілетін тұщы суды алмастырады.

NCOC компаниясы теңіз суын алудың жалпы көлемін 2019 жылғымен салыстырғанда 7%-ға азайтты.

Құрлық және теңіз кешендерінде 2021 жылы тұтынылған тұщы судың өнім бірлігіне шаққандағы көлемі мұнай баламасының 1000 тоннасына шаққанда 40 тонна суды құрады13.

2021 жылы NCOC шамамен 448 300 м3 сарқынды су тазартып, құрлық және теңіз кешендеріндегі нысандарда қайта пайдаланды:

  • 60 500 м3 шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су Маңғыстау және Атырау облыстарындағы құрлық нысандарында жасыл желек суару, шаң басу үшін және теңіз нысандарында шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылды;

  • өндірістік сарқынды суды қайта пайдалану арқылы ең жоғары нәтижеге жетуге болады. Осылайша 2021 жылы қалдық газды тазарту қондырғысынан шыққан өндірістік сарқынды суды қайта пайдалану көлемі 387 800 м3 тең болды

6.3. DISCHARGES TO WATER

NCOC компаниясы табиғи беткі су қоймаларына, соның ішінде Каспий теңізіне қалдықтар тастамау мен тазартылған сарқынды су төкпеуден тұратын нөлдік төгінділер саясатын ұстанады.

NCOC гидрооқшаулағыш төсемі бар булану тоғандарын тазартылған өндірістік суды қол

12

A.34 кестесі,https://data.iogp.org/Environment/Water.

2019 г.,
мың м3
2020 г.,
мың м3
2021 г.,
мың м3
ТЕҢІЗ СУЫН ТҰЩЫТУ

Шартты түрде таза суды теңізге төгу

124 66.7 115

Шартты түрде таза суды теңізге төгу

88 49.2 84

Тұщыландыру қондырғысынан кейінгі тұщы су

39 17.5 31
13

Қарқындылық мәндері үшін қалыптандыру коэффициенті 2021 жылы мұнай баламасының 21,714 миллион тоннасын (мұнай бал. тоннасы) құрайды. Бұл коэффициент мұнай өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастығының «Мұнай-газ саласының кәсіпорындарына арналған тұрақты даму туралы еркін нысандағы есеп беру жөніндегі нұсқауының» 3-басылымында (2015 ж.), 37-бетте берілген экологиялық деректер үшін ұсынылған қалыптандыру коэффициенттеріне сай ұңғыма сағасында өндірілетін шикі мұнай, құрғақ газ және газ конденсатын өндірудің (соның ішінде алауда жағылатын және отын ретінде пайдаланылатын газды қосқанда, бірақ қойнауқатқа айдалатын газды санамағанда) жалпы көлемі негізінде мұнай бал. тонналарымен есептеледі. Шикі мұнайдың тоннамен есептелетін физикалық көлемдері мұнай тоннасына шаққанда 1,018 мұнай бал. тоннасы коэффициентіне көбейту арқылы мұнай бал. тоннасына айналдырылады. Ілеспе газдың физикалық көлемдері 0,932 мұнай бал. тоннасы/мың ст. м3 коэффициентіне көбейту арқылы мұнай бал. тоннасына айналдырылады. Қайта есептеу коэффициенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 160 бұйрығымен бекітілген «Отын-энергетикалық теңгерімді қалыптастыру және энергетика саласын сипаттайтын жекелеген статистикалық көрсеткіштерді есептеу бойынша әдістеменің» 2-қосымшасында көрсетілген.

данудың анағұрлым қауіпсіз әдісі ретінде пайдаланады. Өндірістік сарқынды судың бүкіл көлемі механикалық, химиялық және биологиялық тазартудың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сарқынды суды тазарту үшін қолданыстағы ең үздік технологиялар пайдаланылады, соның ішінде қышқыл суды булау, тотықтыру, кері қалқыту, тұндыру, айыру және сүзгілеу әдістері қолданылады.

Өндірістік процестер барысында түзілген тазартылған сарқынды су, сонымен қатар тазартылған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су торлы сүзгілерден өткізіліп, су буланатын

булану тоғандарына/тоған-жинақтауыштарға төгіледі. Тоғандар топырақ пен жерасты суынан толық оқшауланған.

Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды сумен бірге гидрооқшаулағыш жабыны бар булану тоғандарына төгілетін көмірсутегілердің жалпы көлемі 2021 жылы 0,3 тонна құрады. Былтырғымен салыстырғанда булану тоғандарына төгілетін көмірсутегілер көлемінің біршама азаюы (2020 жылы 1,85 тонна, 2019 жылы 1,6 тонна) сарқынды су тазарту нысандарын жаңартуға байланысты болды.

ҚҰРЛЫҚ КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА СУ ТАЗАРТУ
ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ЖОБАСЫT

2020 жылы компания құрлық кешенінде жаңа су тазарту қондырғылары жобасын жүзеге асыру кезеңіне кірісті. Осы ірі жоба мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысынан шығатын суды қосымша тазарту арқасында Астрахань — Маңғыстау құбыр желісінен алынатын су көлемін 70%-ға азайтуға және булану тоғандарына төгілетін судың сапасын жақсартуға бағытталған. Сарқынды суды тазартудың экономикалық тиімділігін арттыру метанол, мұнай, күкіртсутегі, темір және қалқыма қатты бөлшектер, сульфаттар сияқты ластаушы заттектерді (яғни тоғандарда тіршілік ететін сульфатты қалпына келтіретін бактериялардың өсуіне қолайлы орта) 57%–97% азайтудан тұрады.

Су тазарту қондырғылары 2023 жылдың басында іске қосылады деп күтіліп отыр.

6.4. ПАРНИКТІК ГАЗДАРҒА ЖАТПАЙТЫН АТМОСФЕРАЛЫҚ ШЫҒАРЫНДЫЛАР

NCOC өндірістік нысандарындағы атмосфералық шығарындылардың негізгі көздері – алау қондырғылары, газтурбиналы қондырғылар, қалдық газды тазарту қондырғысының термиялық тотықтырғылары, жылыту және су қыздыру қазандықтары және дизельді генераторлар.

Солтүстік Каспий жобасы әуел бастан штаттық режимде газдың алауда жағылуына, сонымен қатар құрамында күкіртсутегі бар газдың атмосфераға шығуына жол бермейтіндей етіп жоспарланған еді. Өндірілетін газдың бүкіл көлемі қойнауқатқа кері айдалады, өнеркәсіптік қажеттілік үшін өңделіп, қарапайым күкірт өндіріледі, отын ретінде пайдаланылады немесе сатылады. Дей тұрғанмен, өндірістік операцияларды орындау барысында уақытша техникалық себептерге (мысалы, қосу-реттеу жұмыстарына, газдың аздаған мөлшерінің ысырма арқылы алау коллекторларына шығуына немесе пайдалану жұмысындағы істен шығулар кезіндегі біржолғы алауға шығарылуына) байланысты өңдеуге мүмкін болмайтын газды жоюдың анағұрлым қауіпсіз және тиімді тәсілі ретінде оны алауда жағу қажет болады. Алау қондырғысы мұнай және газ өндіру саласындағы кез келген нысан үшін стандартты құрылыс түрі

болып келеді. Ол өндірістік нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қондырғының «сақтандырғыш клапаны» қызметін атқарады. Аздаған тұтандыру оттығы жағуға дайындықты қамтамасыз ету үшін үнемі жанып тұрады. Алау қондырғысының биіктігі жану өнімдерінің атмосферада барынша сейілуін қамтамасыз етуге есептелген. Құрлық және теңіз кешендерінің нысандарына электр энергиясы Қашаған кен орнында өндірілетін ілеспе газбен жұмыс істейтін газтурбиналы қондырғылардан беріледі. Өндіріліп жатқан газдан қарапайым күкірт өндіру тиімділігі 99,9%-ды құрап отыр, ал күкіртсутегі мен басқа да күкірт қосылыстарының қалған кез келген көлемі қалдық газды тазарту қондырғысының термиялық тотықтырғысында толық жағылып, SO2 бөлінеді. Турбиналар азот оксидінің шығарындыларын азайтуға арналған арнайы жанарғылармен жабдықталған. Қазандар бу өндіруді, су қыздыруды және ғимараттарды жылытуды қамтамасыз етеді. Олар отын газымен жұмыс істейді, сонымен қатар дизель жанармайын да пайдалануға болады. Дизель генераторлары тек резервтік энергиямен жабдықтау үшін ғана пайдаланылады.

2021 жылы 2020 жылдағыдай атмосфераға шығарынды тарайтын көздерден және нысандар деңгейінде рұқсаттарда белгіленген шығарындылардың шекті нормаларынан асу жағдайлары тіркелген жоқ.

2021 жылы NCOC компаниясының барлық операциялары салдарынан атмосфераға шыққан парниктік газдарға жатпайтын шығарындылар көлемі рұқсат етілген көлемдерге сәйкес болды және:

  • ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ) 828 тонна;

  • күкірт оксидтері (SOx) 11 161 тонна;

  • азот оксидтері (NOx, парниктік газдың атмосфералық шығарындылары туралы есептерде көрсетілетін N2O қоспағанда) – 4 012 тонна құрады.

Құрлық және теңіз кешендерінің өндірістік нысандарындағы атмосфералық шығарындылардың жалпы көлемінің 51,2% құраған, парниктік газдарға жатпайтын SOx шығарындыларының деңгейі 2017 жылдан бастап 2021 жыл аралығындағы кезеңде пайдалану сенімділігін арттыру және технологиялық жабдықтардың даярлығы арқасында алауда газ жағу көлемін азайту есебінен үнемі төмендеп келді.

NCOC компаниясы пайдалануға дайындық және технологиялық жабдықтар сенімділігі саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтеміз. Тиісінше ТӨИ нысандарында алауда жағылған газдың көмірсутегілер өнімінің бірлігіне шаққандағы нақты көлемдері 2021 жылы саладағы ең төмен көлемдер болып отыр және ілеспе газ өндірудің жалпы көлемінің 0,34% немесе алауда жағылған газдың көмірсутегілер өнімінің бірлігіне шаққандағы 1,55 тоннасын құрады, бұл Мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық қауымдастығы ЕО елдері үшін белгілеген мәндерден айтарлықтай төмен (2020 жылы 2,39 болды14).

2021 жылы көмірсутегілер өнімінің бірлігіне шаққандағы SO2 шығарындыларының көлемі мұнай баламасының мың тоннасына шаққанда 0,5-ті құрады, бұл мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық қауымдастығы белгілеген орташа мәндерден жоғары (2020 жылы 0,21 болды)15. SO2 шығарындыларының анағұрлым жоғары деңгейі күкіртті газ мөлшері жоғары

мұнай кен орындарына тән; бұл ретте ондай кен орындары үшін сенімді бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін көрсеткіштер белгіленбеген. Көмірсутегі өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен NOx шығарындыларының көлемі 2020 жылдағымен салыстырғанда жоғары болды. Карантиндік шаралар мен алауда газ жағу көлемінің төмендеуі салдарынан өндірістік нысандардағы жұмыстардың шектелуіне байланысты тұрғын және көмекші баржалардың бос тұруы, сонымен қатар техникалық қызмет көрсету көлемінің азаюы нәтижесінде ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ) шығарындылары азайды. 2021 жылы азот оксидтері шығарындылары мен метанға жатпайтын ұшпа органикалық қосылыстардың көмірсутегілер өнімінің бірлігіне шаққандағы көлемі мұнай баламасының мың тоннасына шаққанда тиісінше 0,18 және 0,04 болды, бұл Мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық қауымдастығы ЕО елдері үшін белгілеген мәндерден айтарлықтай төмен (2020 жылы тиісінше 0,27 және 0,19 болды)15. Парниктік газдарға жатпайтын шығарындылардың көлемі NCOC өндірістік экологиялық бақылаудың жалпы бағдарламасы шеңберінде бақыланады, оның маңызды құрамдас

14

A.12 кестесі – «Өңірлер бойынша алауда жағылған газдың көмірсутегілер өнімінің бірлігіне шаққандағы көлемі» https://data.iogp.org/Environment/Flaring

15

A.4 кестесі – «Өнім бірлігіне шаққандағы шығарындылар»: https://data.iogp.org/Environment/Emissions

бөлігі ауа сапасының мониторингі. Ол бірнеше компоненттерден тұрады:

  • алау асты бақылау жұмыстары;

  • шығарынды көздері жанындағы мониторинг;

  • ауа сапасын бақылау стансалары (АСБС).

Ауа сапасын бақылау стансалары

NCOC компаниясының қаржылық және техникалық қолдауымен Атырау қаласында және Атырау облысында ауа сапасын үздіксіз бақылайтын 20 автоматты станса орнатылды. Төрт станса «Болашақ» МГКДҚ 7 км құрайтын санитарлық қорғау аймағының периметрі бойынша орналасқан; оларға қосымша МГКДҚ-ға жақын маңдағы және одан шалғай орналасқан елді мекендерде, соның ішінде Доссор мен Мақат кенттерінде жеті станса бар және тоғыз станса Атырау қаласында орналасқан.

Ауа сапасын бақылау стансаларында атмосфералық ауаның негізгі ластаушы компоненттері болып келетін 5 ластаушы заттың (күкіртсутегі, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді және көміртегі оксиді) концентрациясы, сонымен қатар қоспалардың атмосферада сейілуі жағдайларын анықтайтын метеорологиялық параметрлер (жел жылдамдығы мен бағыты, ауа температурасы, барометрлік қысым және салыстырмалы ылғалдық) өлшенеді.

Стансалардан ақпаратты орталықтандырып жинау үшін деректерді қашықтан беру жобасы жүзеге асырылуда, бұл әрбір ауа сапасын бақылау стансасынан өлшеу деректерін NCOC кеңсесіндегі орталық компьютерге тәулік бойы жіберуге мүмкіндік береді, деректер сол жерде талданады және сақталады. Компанияның стансаларынан келіп түсетін деректер «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының және «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне де бір мезгілде қолжетімді болады және олар ауа сапасының күйін нақты уақыт режимінде қадағалай алады. Мемлекеттік органдар мен ұлттық гидрометеорологиялық қызметке өңделмеген, сондай-ақ расталған деректер беріледі.

2020 жылдың соңынан NCOC компаниясы Атырау қаласының басты мөлтек аудандарында (Жилгородок, Вокзал маңы, Авангард, Восток және т.б.) орнатқан 8 стансасынан ауа сапасы бойынша алынған деректер «Қазгидромет» РМК интерактивтік картасында (https://maps.hydromet.kz/) және App Store немесе Play Market арқылы жүктеп алуға болатын AirKz мобильдік қосымшасында қолжетімді болды. Сонымен бірге Атырау қаласының тұрғындары аталған деректерді қалада орнатылған дисплейлерден бақылай алады.

2016 жылдан бастап NCOC стансаларды жаңадан техникалық жабдықтау мен жаңғырту бойынша іс-шаралар жүргізуде. Бұл іс-шаралар деректердің кешігіп келуін қысқарту мақсатында деректер тарату жүйесін жетілдіруді көздейді. Нәтижесінде кідіріс уақыты 1 сағатқа дейін қысқарды. МГКДҚ аумағында орнатылған газталдауыштар жаңа сериялы үлгілермен алмастырылды. Барлық стансадағы өлшеу құралдарын кезең-кезеңімен жаңарту 2022 жылы жалғастырылады.

Күкіртсутегі

Күкіртсутегі (H2S) атмосфераға тарайтын шығарындылар құрамындағы парниктік газға қатысы жоқ тағы бір қосылыс. Ол жанғыш және уыттылығы жоғары, өткір жағымсыз исі бар заттек. Күкіртсутегі оттегі болмағанда

күкіртті органикалық заттектер ыдырайтын кез келген жерде түзілуі мүмкін, сондықтан табиғатта ол батпақ газдары және жанартаулардың шығарындылары құрамында (кейде өте көп көлемде), бірқатар мұнай-газ кен орындарындағы мұнайда және ілеспе газда болады.

Қашаған мұнай құрамында күкірт мөлшері көп кен орны екенін ескерсек, күкіртсутегі мұнай мен газ өндірудің, тасымалдаудың және дайындаудың әрбір кезеңінде және тиісінше Компанияның осы процестермен байланысты барлық қондырғысында бар.

Қашаған кен орнын Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасы (ТӨИ) құрлық кешенінің өндірістік нысандарына арналған 7-километрлік санитариялық қорғау аймағы (СҚА) ҚР санитариялық ережелерінің талаптарына сәйкес лицензияланған мердігермен халықтың денсаулығына төнетін қауіп-қатер мен жиынтық әсерлерді бағалау нәтижелері негізінде анықталған және уәкілетті мемлекеттік органмен Қашаған кен орнындағы құрлық кешенінің өндірістік нысандарынан штаттық режимде өндірістік қызмет жүргізу кезіндегі, сонымен қатар оқиғалар мен төтенше/апаттық жағдайлардың ықтимал сценарийлеріндегі қауіпсіз арақашықтық ретінде белгіленген. Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан санитариялық қағидаларға сәйкес санитариялық қорғау аймағының көлемі өндірістік бақылау және әсер ету мониторингі нәтижелерімен расталған (олар ауа сапасын бақылау стансаларының жұмыс уақытының 95% кезінде тіркелетін көрсеткіштер атмосферада сейілу үлгісінде белгіленген рауалы шектерде болатынан көрсетіп отыр), олар бағалау дұрыстығын және атмосфералық ауа сапасының қолданылатын нормативтік көрсеткіштері мен тұрғын және жұмыс аймақтарындағы шығарындылардың шекті нормаларына сәйкестігін айғақтап отыр.

2021 жылы үздіксіз мониторинг жүргізу нәтижелері алдыңғы жылдардағыдай H2S мөлшерінің қысқа мерзімді жоғары деңгейлері (1 мен 20 минут аралығында) «Болашақ» МГКДҚ-ға қарағанда Атырау қаласында орын алуы әлдеқайда ықтимал екенін айғақтайды.

КҮКІРТСУТЕГІ ШРКМ.Б. ДЕҢГЕЙІНЕН
АСҚАН ОҚИҒАЛАР САНЫ

X өсінде NCOC компаниясының ауа сапасын бақылайтын 19 станция белгіленген, алайда оған қаланың өнеркәсіптік аймағында орналасқан № 104 «Вест ойл» АСБС кірмейді, оның деректері елді мекендер үшін ең жоғары біржолғы шекті рауалы концентрациямен (ШРК) салыстыруға жатпайды.

Түсті тік бағандар әр стансада шекті рауалы концентрациялардан асатын күкіртсутегі концентрациялары (20 минутқа жетпейтін қысқа мерзімде) тіркелген оқиғалар санын көрсетеді (шартты белгілердегі түсті кодтауды қараңыз).

№№ 103, 104, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114 стансалары Атырау қаласы аумағында орналасқан.

№№105, 106 стансалары Доссор мен Мақат кенттерінде орналасқан.

№№101, 102, 107, 115, 116, 117, 118, 119, 120 стансалары СҚА периметрі бойынша, Самал вахталық кентінде, жақын маңдағы Ескене, Таскескен, Қарабатан теміржол стансаларында және Батыс Ескене кентінде орналасқан. «Болашақ» МГКДҚ әсері дәл осы стансаларда тіркелуі мүмкін. Ең жақын елді мекен, атап айтқанда, Таскескен теміржол стансасы Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) бағдарламасының құрлық кешені нысандарынан солтүстікке қарай кем дегенде 8,8 км қашықтықта, Атырау қаласы оңтүстік-батысқа қарай 40 км қашықтықта, ал Қарабатан мен Ескене стансалары батысқа/солтүстік-шығысқа қарай 11-17 км қашықтықта орналасқан.

Осы кестеде тек күкіртсутегі бойынша деректер ғана көрсетілген. NCOC ауа сапасын бақылау стансалары осы көрсеткішпен қатар ауа құрамындағы CO, SO2 , NO және NO2 мөлшері деңгейлерін тіркейді. Отынның жануы кезінде және газды алауда технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу барысында бөлінетін жану өнімдері SOx және NOx болуы ықтимал екенін атап өткен жөн. Күкіртсутегі көздері (NCOC нысандарындағы ішкі немесе NCOC-ға қатысы жоқ басқа өнеркәсіптік көздердің) шығарындылармен байланысты болуы мүмкін немесе олар табиғи сипатта болып, биологиялық процестерден түзілуі мүмкін. Батыс Ескенедегі күкіртсутегі концентрациясының шекті шамадан асу оқиғалары саны бойынша аялық көрсеткіш Қашаған кен орнының нысандарында көмірсутегілер берілетін операциялар басталғанға дейін жылына 100–200 оқиға құрап отыр, бұл NCOC компаниясына қатысы жоқ ауданда көмірсутегі шығарындыларының көздері бар екенін меңзейді.

Атырау қаласының оңтүстігіндегі өнеркәсіптік аймақта орналасқан №104 «Вест ойл» АСБС арқылы деректер беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта ластаушы заттардың тұрғындарға әсерін бақылай алу және тұрғын аймақтардағы атмосфералық ауаны бақылау міндеттерін толық орындауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен бірге стансаны өнеркәсіптік аймақтан қаланың қоныстану ауданына көшіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Атырау қаласында және Батыс Ескенедегі «Болашақ» МГКДҚ маңында атмосфералық ауа сапасын кешенді зерттеу

23 желтоқсанда Атырауда NCOC компаниясы мен Жайық-Каспий Орхус орталығы жұртшылыққа атмосфералық ауа сапасын зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы хабарлау мақсатында жергілікті билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өткізді. NCOC компаниясына 2018 жылы жұртшылықтан атмосфералық ауаның жерге жақын қабатын және атмосфералық ауа сапасының өзгеру динамикасын бағалау қажеттігі туралы келіп түскен өтінішіне жауап ретінде 2019 жылдан бері Атмосферадағы ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Gidromet Ltd» ақпараттық-өндірістік орталығы және «ҚАЗЭКОТАЛДАУ» ЖШС Атырау қаласында және Батыс Ескенедегі «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы (МГКДҚ) маңында атмосфералық ауа сапасына кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зерттеудің осындай ауқымды жұмыстары Қазақстанда алғаш рет жүргізілді. Зерттеулер үш кезеңмен жүргізіледі және далалық және зертханалық өлшеулер жүргізе отырып, бастапқы деректер жинауды, оларды талдауды және мониторинг жүргізуді қамтиды.

Зерттеулердің І КЕЗЕҢІНДЕ 2009-2021 жж. аралығында атмосфералық ауа сапасы мен рұқсаттар бойынша деректер жинау және жинақталған деректерге, сонымен қатар «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының деректеріне талдау жүргізу қарастырылды. Зерделенетін параметрлер жиынтығына Атыраудағы және Батыс Ескенедегі күкіртсутегі мен ұшпа органикалық қосылыстар мөлшері, сонымен қатар Атыраудағы азот оксидінің, күкірт диоксидінің және көміртегі оксидінің мөлшерін қамтыды.

I КЕЗЕҢ кезінде ауа сапасын бақылау стансаларында (АСБС) тіркелген атмосфералық ауа құрамындағы күкіртсутегі мөлшері нормативтен асатын жағдайлар үшін басым келетін жағдайлар тән екені анықталды. Мысалы, ондай жағдайлар әдетте жылы күндерде қысқа мерзімді үдемелі болады. Концентрациялар нормативтен асатын жағдайлар үшін басым болып келетін жел бағыттары да тән, бұл ластаушы заттектердің негізгі шығарынды көздері туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, зерттеу қорытындылары бойынша Атырауда және Батыс Ескенеде тіркелген оқиғалардың 92%-да шығарындылар Атырау қаласына қатысты. Атырау қаласына қатысты концентрацияның іс жүзінде нормативтен артуы Батыс Ескенедегі өнеркәсіптік аймаққа қатысты арту жағдайларынан 2-3 есе жоғары болды. Зерттеудің І КЕЗЕҢІНІҢ қорытындылары бойынша Батыс Ескенедегі өнеркәсіптік аймақ Атырау қаласына әсер етпейді деген тұжырым жасалды.

Атмосфералық ауа сапасын зерттеудің ІІ КЕЗЕҢІ мониторинг бағдарламасын әзірлеуді қамтыды, бұл бағдарламаны кейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдар бекітті және Атырау қаласының жұртшылығы қолдады.

Атмосфералық ауа сапасын зерттеудің ІІІ КЕЗЕҢІ далалық өлшеу жұмыстары және атмосфералық ауа сапасын зертханалық зерттеу жұмыстарын қамтиды. Атмосфералық ауа сапасын бақылау жөніндегі далалық жұмыстар 2020 жылғы күзде басталып, 2021 жылғы қарашада аяқталды. Далалық өлшеу жұмыстары бір жыл бойы күніне төрт рет орындалды. Тіркелетін деректердің дәлдігін қамтамасыз ету үшін мониторингінің бақылау бекеттері репрезентативтік көрсеткіштері бар орындарда орналастырылды. Атырау қаласының аумағында мониторинг жүргізілетін он алты бақылау орны таңдалды. Қосымша мониторинг орындары Батыс Ескенеде және Қарабатан, Ескене және Таскескен стансаларының маңындағы елді мекендерде орналастырылды.

Далалық өлшеулер барысында III КЕЗЕҢДЕ азот оксидтерінің, күкірт диоксидінің және көміртегі оксидінің нормативтен тыс концентрациясы анықталған жоқ. Олардың қорытындылары бойынша І КЕЗЕҢНІҢ жалпы қорытындылары кезекті рет расталды, оларға сәйкес күкіртсутектің нормативтен тыс шоғырлану жағдайлары көп жағдайда Батыс Ескене өнеркәсіптік аймағымен байланысты емес. Зерттеу барысында I КЕЗЕҢДЕ анықталғаннан басқа қосымша ұшпа органикалық қосылыстар тіркелді. Бұл жағдайда олардың пайда болу себептерін немесе көздерін анықтауға мүмкіндік беретін басым жағдайлар (мысалы, желдің басым бағыты) анықталмады.

Алау асты бақылауларды қамтыған компанияның зерттеулері барысында Батыс Ескене жер бетіндегі нысандардағы ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары анықталмағанын атап өткен жөн. Бұл NCOC құрлық кешенінің өндірістік объектілерінің есептік көрсеткіштерге және қолданылатын стандарттарға сәйкестігін растайды. Компания өндірістік операцияларды шығарындылардың рұқсат етілген нормаларына сәйкес орындайды, оларды одан әрі азайту үшін мүмкіндіктерді үнемі іздейді және іске асырады. «Батыс Ескене» учаскесінде ластаушы заттардың шоғырлану жағдайларының саны мен сапасын ШРК-ның артуымен төмендету үшін, сондай-ақ булану тоғандарында күкіртсутектің биогендік пайда болуы, компания СТБ белсенділігін төмендету және тоғандарда күкіртсутектің пайда болуы бойынша сынақ шараларын қоса алғанда, техникалық іс-шаралар жоспарын әзірледі және орындайды.

12 жыл ішінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Атырау қаласында ластаушы заттардың нормативтен тыс шоғырлануының тіркелген жағдайларының саны «Болашақ» МГКДҚ-ны пайдалануға берумен ұлғаймағанын көрсетеді. Зерттеулер көрсеткендей, Батыс Ескенедегі шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кету жағдайлары Атырауға қарағанда әлдеқайда аз. Ғалымдардың тұжырымдары мен ұсыныстары мемлекеттік органдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға Атырау облысындағы табиғатты қорғау шараларының тиімділігін арттыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Бұл ретте сарапшылар

6.5. ҚАЛДЫҚТАР

Компанияда 2021 жылы түзілген қалдықтардың жалпы көлемі 12 141 тоннаны құрады, олардың ішінде шайыртас деңгейлі қалдықтар 7 784 тонна және жасыл деңгейлі қалдықтар – 1 797 тонна және қауіпсіз қалдықтар 2 561 тоннаны құрады.

2021 жылы NCOC компаниясы жұмыстардың COVID-19 індеті таралған кезде 2020 жылы уақытша тоқтатылған көптеген түрлерін қайта жандандырды. Бұл қалдықтар көлемінің біршама ұлғаюына әкелді.

NCOC өз қызметін жүргізу барысында жерүсті су қоймаларына, соның ішінде Каспий теңізіне қалдық тастамауға қатысты нөлдік төгінділер саясатын басшылыққа алады. Теңіз нысандарында түзілетін қалдықтардың барлығы Баутин теңіз операцияларын қолдау базасы арқылы қалдықтар мен сарқынды суды қауіпсіз тиеу мен тасымалдау үшін арнайы жабдықталған кемелермен қалдықтар өңдеу бойынша лицензиясы бар мердігердің құрлықтағы нысандарына шығарылады.

NCOC компаниясының қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің мақсаты – техноло

гиялық процестері оңтайландыру және жақсарту арқылы қалдықтар көзі маңында түзілетін қалдық көлемін барынша азайту.

Компания қалдықтарды кейінгі кәдеге жарату процесін жеңілдету үшін өзінің кәсіпорындарында оларды бөлек жинау жүйесін белсенді пайдалануда. Қалдықтарды басқару және бақылау жүйесі қалдықтардың түзілуінен бастап түпкілікті кәдеге жаратылуына дейінгі толық циклден тұрады.

NCOC компаниясы қалдықтарын лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдарға тапсырады, олар қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, бастапқы өңдеу, тазарту, залалсыздандыру және кәдеге жарату жұмыстарын заңнама талаптарына сәйкес жүргізеді.

Компания заңнама талаптарын сақтаумен қатар халықаралық тәжірибеге сәйкес жұмыс істеп, мердігерлер орындап жатқан қалдықты кәдеге жарату жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізеді: қалдықтарды тазарту тәсілдері, өндірістік бақылау жүйесінің күйі, келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ресурстардың жеткіліктілігі тексеріледі. Сонымен қатар NCOC мердігерлерді қалдықтарды

қайта пайдалануды барынша арттыру жолдарын іздеуді қолдайды және ынталандырады.

6.6. МҰНАЙ ТӨГІНДІЛЕРІН ЖОЮ

NCOC компаниясының басты міндеті – мұнай төгінділерінің алдын алу. Алдын алу жөніндегі шаралардың тиімділігіне деген сенімділіктің зор екеніне қарамастан компания ондай оқиғалар орын алған жағдайда оларға шұғыл ден қоюға және толық жоюға әрқашан дайын.

NCOC өндірістік операциялары нәтижесінде 2021 жылы қоршаған ортаға көмірсутегілердің 1 баррельден астам көлеміндегі төгілім көрсеткіші 0 шамасында болды (жалпы көлемі: мұнай баламасының 0 барреліне тең).

2021 жылы қабылданған шаралар

  • Алдын алу. Мұнай төгілімдерінен қорғанудың анағұрлым тиімді құралы төгілу қатерлерін анықтау арқылы, сонымен қатар сол қатерлердің әсерін төмендету үшін үнемі қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарын қолдана отырып, бастапқы кезден олардың алдын алу

  • Технологиялар. Біз мұнай төгілімдерін жою жөніндегі инновациялық технологияларды пайдаланамыз және әлдеқайда тиімді жаңа әдістерді зерделеу жұмыстарына белсенді атсалысып жатырмыз.

  • Жою амалдарын үйрету. NCOC компаниясында мұнай төгілімдерін жою жөніндегі арнайы топ құрылды, ол оқудан өткен 100-ге жуық маманнан тұрады және Солтүстік Каспийдегі күрделі жағдайларда пайдалануға есептелген жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жабдықтар Баутин мен Дамбадағы теңіз операцияларын қолдау базаларында сақталуда. Сонымен қатар компанияда тұрақты түрде оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді көздейтін мұнай төгілімдерін жоюдың кешенді жоспары әзірленген. Ірі жаттығулар облыстық және мемлекеттік өрт қауіпсіздігі қызметтерінің және билік органдарының қатысуын көздейді.

NCOC тосын оқиғаларға жол бермеуге аса зор көңіл бөледі. Біз қатерлерге әрдайым бағалау жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. Тосын оқиғаларға жол бермеуге қаншалықты сенімді болсақ та, олар орын алған жағдайда шұғыл және тиімді түрде ден қоюға дайын болуымыз керек. Осы мақсатта NCOC компаниясы жыл сайын келешек қызметі барысындағы ірі тосын оқиғалардың немесе болуы ықтимал қатерлердің түрлі сценарийлерін пайдалана отырып, жаттығулар өткізіп тұрады.

2021 жылғы қыркүйекте дағдарысты және төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету тобы 3-ші деңгейлі «Қыркүйек-2021» жаттығуын өткізді. Оқытудың негізгі сценарийі жердегі кешендегі ірі апаттың пайда болу қаупі болды: шикі мұнайды сақтауға арналған резервуарда және тиеу құрылыстарында герметикалықтың бұзылуы орын алды-мыс, бұл мұнайдың көптеп төгілуіне және одан кейінгі өрт шығуына әкеп соқтырды.

NCOC компаниясы келісілген процестерді тексеру үшін мемлекеттік өрт қауіпсізді

гі қызметінің қорғау ресурстарын алғаш рет тартты. Жаттығуды мемлекеттік Төтенше жағдайлар департаменті мен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің өкілдері бақылады. Жаттығулар кезінде Oil Spill and Response Limited (OSRL) мердігер компаниясын хабардар ету және іске қосу процесі пысықталып, сыналды. Осы іс-шараға NCOC компаниясының оқиғаларды басқару тобы, Shell ICS нұсқаушылары және Spill Consult мердігер ұйымы қатысты. Жаттығуға жалпы алғанда 130 адам, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт сөндірушілері қатысты.

Бұл ден қою жөніндегі топтардың барлығы үшін құнды тәжірибе болды. Берілген ой-пікірлер дағдарысты және төтенше жағдайларға дайындық процесін одан әрі жетілдіру үшін ескерілетін болады.

Қатысушылар қойылған мақсаттарға қол жеткізілгенін, сонымен қатар қолдау көрсету мен өзара әрекеттестік уақытылы және тиімді болғанын атап өтті.

ПОПУЛЯЦИЯ

Соңғы жүз жыл ішінде Каспий итбалығының популяциясы күрт азайып кетті. Бұған 1960 жылдардың аяғына дейін жануарларды бақылаусыз аулау сияқты антропогендік факторлар да, сондай-ақ Каспий деңгейінің ауытқуы, климаттық өзгерістер және қыста мұз алаңдарының азаюы сияқты табиғи факторлар да әсер етті. Итбалық аулау кәсіпшілігін реттеу шаралары 1980 жылдарға дейін сақталған популяция санын біраз тұрақтандырды.

Дей тұрғанмен ғалымдардың есептеуінше, Каспий итбалығының тіршілік етуге қабілетті популяциясына тиген жағымсыз әсердің негізгі себебі климаттың өзгеруі болды. Ауа райының жылынуы салдарынан Солтүстік Каспийдің орасан зор аумақтарында мұз қатпайды, яғни итбалық күшіктерінің жатақтарына жарамды мұз алқаптары азайып келеді.

Климаттың өзгеруімен қатар популяцияға итбалықтарды заңсыз, ретсіз аулау елеулі зардап келтіруде.

Каспий итбалығының санын
бағалау (1900 – 2021 жж.)

07

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ
ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ

NCOC компаниясы БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының тараптары Конференциясының 21-сессиясында қабылданған Париж келісімі аясында Қазақстан Республикасы мәлімдеген мақсаттарға жету үшін қоғам мен бизнестің бірігу қағидатын ұстанады және 2021 жылы өзінің ДЕҚҚОҚ саясатына өндірістік шектеулер мен өндірістік қауіпсіздікті ескере отырып, сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен ұсынымдарға сәйкес парниктік газ шығарындыларын іс жүзінде орынды төмен деңгейге (ІОТД) дейін азайту бойынша міндеттеме қарастыратын өзгерістер енгізді. Біз осы мақсатқа жетудің анағұрлым тиімді тәсілі жоғары пайдалану сенімділігі мен энергия пайдалану тиімділігін үнемі арттыру үйлесімі болады деп есептейміз.

7.1. ПАРНИКТІК ГАЗДАРДЫҢ ЭМИССИЯЛАРЫ

NCOC өндірістік операциялары нәтижесіндегі парниктік газдардың тікелей шығарындыларының жалпы көлемі 2021 жылы CO2 баламасындағы 3 190 мың тоннасын, соның ішінде көмірқышқыл газдың (CO2 ) 2 986 мың тоннасын, метанның (CH4 ) CO2 баламасындағы 196 мың тоннасын және азот шала тотығының (N2 O) CO2 баламасындағы 8,5 мың тоннасын құрады. Осы жалпы көлемге жылжымалы және тұрақты көздердің шығарындылары кіреді.

NCOC компаниясының өндірістік нысандары электр энергиясымен, жылумен және бумен жабдықтауға қатысты автономды жұмыс істейді, бұл компанияның тікелей шығарындылары үлесін елеулі шамада ұлғайтады (1-көлем). «Энергетикалық қызмет» санатындағы эмиссиялар көздерінің үлесі әлдеқайда көп және жалпы шығарындылардың 70%-дан астамын құрайды.

Шығарындылар (2-көлем) Баутин базасы және Атырау оқу орталығы сияқты қосалқы

нысандар үшін электр энергиясын сатып алу салдарынан болады. NCOC өндірістік операциялары салдарынан болған парниктік газдардың жанама шығарындыларының жалпы көлемі 2021 жылы CO₂ баламасындағы 7 552 тоннаны құрады. Бұл шығарындылар тек көмірқышқыл газдан ғана тұрады.

Парниктік газдар шығарындыларының (өндірілетін өнім бірлігіне шаққандағы парниктік газдар шығарындыларының) қарқындылық деңгейі 2021 жылы өндірілген мұнай баламасындағы 1 000 тоннаға шаққанда CO2 баламасының 147 тоннасын құрады, бұл мұнай өндіру көлемі 7% ұлғайғанын ескергенде 2020 жылғы ұқсас көрсеткіштен сәл төмен. Осы қарқындылық мәні мүдделі тараптардың NCOC компаниясының түрлі жылдардағы көрсеткіштерін салыстыру мақсатында пайдалануы үшін оңтайлы. NCOC қарқындылықты 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға азайтуды жоспарлап отыр.

Басқа жобалармен тікелей салыстыру әдіснамалық айырмашылықтар мен түрлі аялық ерекшеліктерге байланысты күрделі мәселе болады. Әдеттегідей Солтүстік Каспий жобасы сияқты теңізде күкіртті мұнай өндіру жобасына қатысты парниктік газдың үлесті шығарындыларының көлемі болжам бойынша электр қуатын әлдеқайда аз тұтынатын құрлықтағы мұнай өндіру жобаларымен немесе құрамында күкірт мөлшері аз мұнай өндіру жобаларымен салыстырғанда көбірек болады.

2019 жылы NCOC компаниясы парниктік газдар шығарындыларын азайту және энергия тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі стратегия әзірлеу кезеңдерінің бірі ретінде мердігер компаниясының түрлі активтерін тең бағалы салыстыру үшін қолайлы параметрлерді қамтамасыз ететін тәсілдеме негізінде өзінің парниктік газ

дар шығарындылары бойынша көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізді. Теңіз нысандарының көрсеткіштері өз класында үздік болып отыр, ал құрлық нысандары үшін энергетика саласында жақсарту мүмкіндіктерді анықталды.

7.2. ЭНЕРГИЯ

NCOC өндірістік операциялары барысында 2021 жылы тұтынылған энергияның жалпы көлемі 43,45 млн гигаджоуль (ГДж) болды. Осы көлем ішінде 0,40 млн ГДж электр энергиясы түрін

де сатып алынды, соның ішінде 0,27 млн ГДж Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығынан (ЖЭК жөніндегі ЕҚО) сатып алынды. 2021 жылы энергияны пайдаланудың үлесті қарқындылығы (өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы энергияның тұтынылуы) мұнай баламасындағы өнімнің тоннасына шаққанда 2 ГДж құрады. Биыл өнімге энергияның жұмсалуы былтырғымен салыстырғанда азайды, бұл негізінен өнім өндірудің ұлғаюына және OPEC+ шеңберіндегі шектеулердің алынғанына байланысты болды.

7.3. АЛАУДАҒЫ ГАЗДЫ ЖАҒУ

NCOC компаниясы «Жұмыстың штаттық режимінде алауда газды мүлде жақпау» саясатын ұстанады.

Қашаған кен орнын игерудің І кезеңі жобасы әуел бастан штаттық режимде газдың алауда жағылуына жол бермейтіндей етіп жоспарланған еді. Толығырақ ақпаратты «Парниктік газдарға жатпайтын атмосфералық шығарындылар» тарауынан қараңыз

7.4. ПАРНИКТІК ГАЗДАР ЭМИССИЯСЫН КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУ

NCOC компаниясы елдердің парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелерін, сонымен қатар акционерлердің көміртексіздендіру және төмен көміртекті даму стратегияларын әзірлеу бойынша тәжірибесін ескере отырып, өзінің парниктік газдар шығарындыларын және энергия тиімділігін басқару стратегиясын әзірледі. Бұл стратегияны 2020 жылғы қыркүйекте компанияның акционерлер комитеті бекітті және ол көмірсутегілерді тұрақты түрде өндіруді қамтамасыз ету қажеттігін және жобалық қуаттарға жетуді ескере отырып, қатерлерді төмендетуді және парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша кешенді шешімдер әзірлеуді мақсат етеді. Осыған байланысты NCOC компаниясы:

  • Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінде парниктік газдардың үлесті шығарындыларын 2030 жылға қарай 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға азайтуға;

  • парниктік газдар шығарындыларын одан әрі, соның ішінде келешек кеңею жобаларын әзірлеу шеңберінде азайту мүмкіндіктерін зерделеуді жалғастыруға;

  • кеңейту жобалары үшін мақсатты көрсеткіштерді іс жүзінде орынды төмен деңгей (ІОТД) негізінде мұнай баламасының бір тоннасына шаққанда көміртегі диоксиді баламасының 0,135 тоннасына тең мөлшерде белгілеуге ниетті.

NCOC компаниясының парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсаттарына жету бойынша қызметінің негізгі бағыттары:

  • энергетикалық зерттеу және міндетті энергия аудиті барысында анықталған және бекітілген іс-шараларды орындау;

  • энергоменеджмент жүйесін (ISO 50001 талаптарына сәйкес келетін) енгізу, яғни энергия үнемдеуге жүйелі тәсілдеме қолдану, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар әзірлеу және енгізу;

  • Атмосфераға газдың ұйымдастырылмаған шығарындыларын бақылау мақсатында өнімнің шығуын немесе төгілуін анықтау және жою жөніндегі (LDAR) тереңдетілген бағдарламаны орындау;

  • алауда технологиялық тұрғыдан еріксіз жағылатын газ көлемін азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

  • жобалық шешімдердің көміртектік бәсекеге жарамдылығын бағалау процесін енгізу;

  • жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) және көміртегілік ізді азайту жөніндегі баламалы технологияларды пайдалану жөніндегі жобаларды зерделеу.

2021 жылы NCOC компаниясы өзінің стратегиясын дәйекті түрде орындауды жалғастырды, атап айтқанда:

  • алауда газ жағу көлемін азайту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Осы шараларды орындау нәтижесінде алауда газ жағудан атмосфераға тарайтын СO2 баламасындағы 2400 тонна көлеміндегі парниктік газдар шығарындыларының алдын алу мүмкін болды.

  • Жөндеу/компоненттерді алмастыру арқылы жоюға болатын газдың (көмірсутегінің) шығуын жүйелі анықтауға бағытталған LDAR бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды;

  • Компания сонымен бірге энергетикалық қажеттіліктер үшін жаңартылатын энергия көздерін және жылу қалдықтарын пайдалану мүмкіндіктерін бастапқы зерделеуге, сонымен қатар құрлық және теңіз кешендерінің өндірістік нысанда рында алау газдарын пайдалануды зерделеуге кірісті. Бұл жұмыс 2022 жылы да жалғастырылатын болады.

  • Сонымен қатар NCOC компаниясы парниктік газдар шығарындыларын бағалау жөніндегі талапты міндетті ақтық жобалық құжаттама құрамына енгізді, бұл компанияға төмен көміртекті экономика бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бермек.

08

ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСС

8.1. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТӘЖІРИБЕСІ

Еңбек қызметі және еңбек жағдайлары

NCOC компаниясының бизнес-стратегиясының негізі және табысты қызметінің кепілі – оның қызметкерлері. Біз дүние жүзінің барлық елдерінен асқан ойшыл адамдарды тарту, ұстау және ынталандыру, сондай-ақ Қашаған жобасының Қазақстан игілігі үшін қарышты дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы және тиімді жағдайлар жасап отырмыз. NCOC компаниядағы жалақы мен ұсынылатын жеңілдіктердің бәсекеге қабілеттілігін нарықты зерделеу нәтижелерімен мұқият салыстырып отырады.

NCOC өзінің қызметкерлеріне Мұнайшы күніне байланысты сыйақыны, еңбек демалысына шыққанда берілетін материалдық көмекті, жекелеген қызметкердің еңбекақысын жұмыс нәтижесіне байланысты өсіруді, компанияның қызмет нәтижелері бойынша жыл сайын төленетін сыйақыны, сонымен қатар жұмыста теңдессіз жетістіктерге жету немесе компания құндылықтарын ұстану үшін компанияның қарауы бойынша белгіленетін үстемеақылар мен арнайы ақшалай көтермелеуді қамтитын әлеуметтік пакет ұсынады. NCOC компаниясында тікелей еңбек шартымен жұмыс істейтін Қа

зақстан азаматтары басқа да көптеген өтемақы төлемдері мен жеңілдіктер алады, олардың ішінде жақсы ақы төленетін еңбек демалыстары мен ақысыз демалыс күндері, зейнетақы аударымдарын төлеу, медициналық сақтандыру мен өмірді сақтандыру, компанияның көлік құралдарымен тегін жүру, спортпен шұғылдануға, сауығу мен емделуге қаржылай қолдау көрсету бағдарламалары, тұрғын үй алуды ипотекалық кредит беру, жақын туыстарынан айрылған кезде қаржылай көмек көрсету, балаларды оқытуға көмек бар.

Өндірістік учаскелерде персоналдың әлеуметтік қамсыздандырылуы және тұру жағдайлары

NCOC – мультимәдениетті және көпұлтты компания, онда әрбір қызметкер нәсіліне, тері түсіне, діни сеніміне, жасына, жынысына, жыныстық бағдарына, отбасылық жағдайына, дене қозғалысының шектелгеніне, этникалық шығу тегіне немесе ұлтына қарамастан бағаланады және құрметке ие.

Өндіріс алаңдарындағы жұмыскерлеріміздің адам құқықтарын құрметтеу – NCOC еңбек қатынастарын басқарудағы маңызды элемент. Қызметкерлердің еңбек өнімділігі оларға қамқорлық танытуға тікелей байланысты екені

NCOC ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 2957 100%
Жергілікті персонал 2761 93%

Шетелдік персонал

196 7%

Ерлер

2051 70%

Әйелдер

17.5 31

Басшы лауазымдардағы жергілікті персонал

634 85%

Басшы лауазымдардағы шетелдік персонал

111 15%

Басшы лауазымдардағы әйелдер

176 23%

Басшы лауазымдардағы ер адамдар

569 77%

не нық сенімдіміз. ҚР нормативтік талаптарына және NCOC компаниясының персоналға тұрғынжай ұйымдастыру жөніндегі саясатына сәйкес өндіріс алаңдарындағы қызметкерлеріміз бен мердігерлеріміздің еңбек ету және тұрғынжайда тұру жағдайларына қатысты стандарттар бойынша нақты талаптар қоямыз.

Біз персоналымызды қауіпсіз, сенімді, жиһазбен жарақталған және қызмет көрсетілетін тұрғынжайлармен қамтамасыз еттік және мердігерлерімізден де соны талап етеміз. Барлық деңгейдегі тұрғынжайларды пайдалануға беру алдында компанияның қауіпсіздікті

қамтамасыз ету, еңбек пен денсаулық қорғау және гигиена жөніндегі мамандары тексереді, содан кейін тұрақты тексеріп отырады. Біз санитариялық гигиена және азық-түлік сапасы бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді тұрақты түрде өткіземіз. 2021 жылы біз өндіріс алаңдарымызда санитариялық гигиена және азық-түлік сапасы бойынша 100-ге жуық тексеру өткіздік. Бұған қоса NCOC азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында негізгі қызмет көрсетуші персонал үшін қауіпті талдау және маңызды бақылау

нүктелері (HACCP) жүйесін қолдана отырып, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі оқу курсын ұйымдастырды. HACCP жүйесі бойынша оқытудың негізгі мақсаты – қоғамдық тамақтандыру саласындағы басқарушы персоналдың халықаралық озық тәжірибеге сәйкес басқару әдістері мен қағидаттары бойынша білімі мен біліктілігін қамтамасыз ету арқылы азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қатерлерді азайту.

Кәсіптік-техникалық оқыту және білім беру

Жиырма жылдан астам кезең ішінде Оператор Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті кадрлардың әлеуетін қалыптастыру мақсатында шамамен 294 млн АҚШ долларына тең қаражатты қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және кәсіби оқытуға инвестициялады. 1998 жылдан бері компанияда жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының 22 279 азаматы оқудан өтті.

NCOC компаниясы тиімді оқыту процестерін қамтамасыз ету мақсатында персоналды дамыту мен оқытуды жоспарлау үшін біліктілікті бағалау үлгісін енгізді. Осы үлгі ағымдағы біліктілік деңгейлерін талап етілетін біліктілік деңгейлерімен салыстыруды, белгілі бір кемшіліктерді анықтауды, сонымен қатар ондай кемшіліктерді жою үшін оқыту жоспарын әзірлеуді қамтиды.

Осы үлгінің өзіне тән ерекшелігі – мұқияттылықпен әзірленген біліктіліктер каталогы арқасында әрбір қызметкер өзінің жеке біліктілігін арттыру жоспарын әзірлей алады және біліктілік бойынша кемшіліктерді жою үшін бірқатар бағдарламалар бойынша оқудан өте алады. Оқытуға қатысты осындай тәсілдеме оқыту қызметінің компанияның бизнес-мақсаттарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біліктілігі жоғары кадрларды дамыту мен қолдаудың негіз құраушы аспектілерінің бірі – үздіксіз оқыту, және компания басшылығы NCOC акционер компанияларының корпоративтік университеттерінің ресурстарымен бірге халықаралық онлайн-оқыту платформаларына қосылу мүмкіндігін беру туралы шешім қабылдады. Мұндай оқыту тәсілі оқу қызметінің компанияның бизнес мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

NCOC компаниясы мен оның мердігер ұйымдарының қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі компания үшін басты мәселе болып қалады. Осыған байланысты компания қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуға және Қазақстан заңнамасына сәйкес басқа да міндетті оқу курстарына ерекше көңіл бөліп отыр.

NCOC компаниясының оқу гранттары бойынша бағдарламасы

NCOC СКӨБК-ге сәйкес студенттер үшін гранттар беру бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыруда. Жалпы алғанда Оператор Қазақстанның 4 333 студентіне Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі оқу орындарында білім алуға демеушілік қолдау көрсетті. Осы мақсаттағы демеушілік үлес ақшалай алғанда 9,6 млн АҚШ долларына тең болды.

Қазақстан азаматтарының (NCOC қызметкерлері емес) мұнай-газ саласымен байланысты мамандықтар бойынша академиялық оқуы, соның ішінде университеттерде, колледждерде және басқа да оқу орындарында оқуы үшін құрылған шәкіртақылық қорды NCOC қаржыландырып, KAZENERGY қауымдастығы конкурстық негізде басқарады. 2021-2022 оқу жылында NCOC компаниясы 73 оқу орнындағы 454 студенттің оқуына демеушілік қолдау көрсетті.

Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру

кадрлармен алмастыру СКӨБК-нің XXVII бабында мұнай операцияларына тартылған қазақстандық кадрларды жинақтау деңгейі бойынша жалпы мақсаттар көрсетілген. 2021 жылы Қашаған кен орнын

NATIONALIZED POSITIONS
2018 2019 2020 2021
47 38 48 22

игеру жобасының І кезеңі шеңберінде бұл көрсеткіштер едәуір жоғары болды:

  • басшы лауазымдарының 87%-ы жергілікті персоналдан тұрады;

  • инженерлік-техникалық және әкімшілік лауазымдардың, сонымен қатар білікті мамандар атқаратын лауазымдардың 97%-ы жергілікті персоналдан тұрады;

  • жұмысшы және көмекші лауазымдардың 100%-ы жергілікті персоналдан тұрады.

Жалпы алғанда 2021 жылдың аяғында NCOC операциялық компаниясының үш мыңнан астам жұмыскерінің 93,3 % Қазақстан азаматтары. Солтүстік Каспий жобасына тартылған жеті мыңнан астам қызметкердің 92% Қазақстан азаматтары.

8.2. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

Адам құқықтарын сақтау

Адам құқықтарын құрметтеу және қорғау – NCOC компаниясының корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі. Адам құқықтарын сақтауға қатысты тәсілдемеміз бірнеше негізгі элементтен, соның ішінде корпоративтік саясаттарды, қолданылатын заңдарды және нормативтік актілерді сақтаудан, мүдделі тараптарымызбен тұрақты байланыста болып, қарым-қатынас жасаудан тұрады. Бұл саладағы міндеттемелеріміз компанияның Жалпы қызмет қағидаттарында, Іскерлік әдеп кодексінде, Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқауында және тиісті процедураларында бекітілген.

Компанияда кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған және қызметкерлердің мәдени ерекшеліктерін ескеретін бағдарламалар мен рәсімдер жұмыс істейді.

NCOC компаниясы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтайды және қандай да бір түрдегі қысымшылық жайттарына, сонымен қатар кез келген қорлағыш, қорқыту немесе қастық әрекеттеріне не болмаса іс-қимылдарға жол бермейді. Басшылар қызметкерлерін қысым көрсету әрекеттерінен қорғауды және өз қызметі саласында қысымшылықтан қауіптенетін адамдар ондай мәселелерді құпия түрде талқылай алатын ахуалды қамтамасыз етуге міндетті.

Жабдықтаушылардың да бізбен бірге орындайтын жұмыстарының барлық салаларында Жалпы қызмет қағидаттары мен Іскерлік әдеп кодексін сақтау бойынша келісімшарттық міндеттемелері бар.

Біз қызметкерлеріміздің барлығына да ұлтына, жынысына, сексуалды бағдарлығына, жасына және дене кемшіліктеріне қарамастан құрметпен қараймыз. 2021 жылы адам құқықтары бұзылған бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Адам құқығы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

NCOC персонал мен нысандардың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты басты міндеті ретінде жалғастыруда және жергілікті халықтың адам құқықтарына және қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуде.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында біз қызметкерлеріміздің, сондай-ақ қызметіміз жүзеге асырылып жатқан өңірлердегі халықтың өмірі мен денсаулығына қамқорлық танытамыз. Біз өндірістік операцияларымызға байланысты қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен қатерлерді мұқият бағалаймыз. ҚР Үкіметімен және серіктестермен бірге активтерді қорғау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз және қызметкерлеріміз бен мердігерлеріміз үшін қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етеміз. NCOC қарулы күзет қызметін пайдаланбайды, өйткені бұл ағымдағы тәуекелдер бойынша қажет емес.

Компания кауіпсіздік пен адам құқығы бойынша ерікті қағидаттарды сақтауда, олар адам құқығымен байланысты қатерлерді бағалауға қатысушы тараптардың барлығы үшін мемлекеттік және жеке ұйымдармен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу кезінде нұсқау болып табылады. NCOC құрылған кезден бастап компанияда немесе мердігерлеріміздің өндірістік алаңдарында адам құқығы бұзылған бір де бір жағдай тіркелген жоқ.

2021 жыл бойына NCOC қауіпсіздік қызметі компанияның өндірістік алаңдарында COVID-19 жаппай таралуына қатысты ең нашар сценарийлердің алдын алудағы маңызды рөл атқаруын жалғастырып, кіру бекеттерінде бақылауды қамтамасыз етті және денсаулық пен еңбек қорғау жөніндегі мамандармен бірге басқа да тиісті жұмыстардың барлығына қатысты. Бұл тәсілдеме адамдарымыздың денсаулығын және олардың денсаулық үшін қауіпсіз жағдайларда жұмыс істеуге құқықтарын қорғауға ықпал етті.

NCOC қауіпсіздік қызметі ҚР Үкіметінің терроризмге қарсы қорғану туралы қаулыларын талдауға қатысты. Тиісті өзгерістер талқыланып, ҚР билік органдарының және басқа да ірі мұнайгаз компанияларының өкілдерінен тұратын жұмыс тобының қарауына ұсыныстар берілд

8.3. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ

Жергілікті қамтуды дамыту көрсеткіштері

NCOC компаниясы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі міндеттемесін бұлжытпай орын

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ БОЙЫНША 2004-2021 ЖЖ.
АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ТӨЛЕМДЕР, %

дай отырып, жергілікті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барынша пайдалануда және жергілікті кадрлардың біліктілігін арттырып, жергілікті компаниялардың өндірістік қуаттарын дамытуда.

2021 жылы Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде сатып алынған жергілікті тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сомасы 562,8 млн АҚШ долларына тең болды, бұл жалпы шығындардың 58,4%-ын құрады. 2004 жылдан бастап жылдың аяғына дейін жергілікті тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жалпы алғанда 15,9 млрд АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалды. Осы және басқа да айғақтар NCOC компаниясының жергілікті қамтуды дамытуға ниетті екенін аңғартады.

NCOC компаниясы соңғы он жеті жыл ішінде жергілікті қамтудың ең жоғары пайыздық үлесіне қол жеткізді және жергілікті қамтуды одан әрі арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Сонымен бірге NCOC компаниясы Қазақстанның еңбек нарығында және өндірістік секторында біліктілікті арттыру мен өндірістік қуаттарды дамыту үшін мүмкіндіктер туғызып отыр. Осылайша ЖҚ саласындағы стратегия Қазақстанның экономикасын нығайтуға, сондай-ақ NCOC компаниясының бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпалын тигізуде.

Жергілікті өндірістік қуаттарды ұлғайту

NCOC компаниясы үшін жергілікті жабдықтаушыларды дамыту – басым міндет. Оның мақсаты – жергілікті компаниялардың жоба бойынша әлеуетті жабдықтаушылар ретінде біліктілік деңгейін бағалаудан өтуі, ал ұзақ мерзімді келешекте ішкі және халықаралық нарықтардағы өзге тендерлерге қатысуға қабілетті болуы үшін оларға техникалық және басқарушылық мүмкіндіктерін жақсартуға қолдау көрсету.

NCOC компаниясы жергілікті өнім берушілердің дамуына қолдау көрсету үшін келесі шараларды қолданады:

  • жергілікті компанияларға басқару саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестікке қатысты сертификатталуға, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға көмектесіп, осылайша олардың NCOC компаниясымен келісімшарттар бойынша бәсекеге жарамдылығын елеулі түрде арттырады;

  • жергілікті әлеуетті өнім берушілер мен мердігерлерді анықтайды;

  • оқыту курстарын, семинарлар және форумдар өткізу арқылы жетілдіру бағдарламасын жүзеге асырады;

  • бірлескен кәсіпорындар құруға көмектесу жөніндегі іс-шараларға қатысады.

2021 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТРЕНИНГТЕР

Кәсіби-техникалық және жалпы оқыту

80

СЕМИНАРЛАР

Жалпы таныстыру семинарлары:

  • Жалпы таныстыру семинарлары:

  • өнім берушілерді тіркеу және олардың біліктілігін алдын ала бағалау процестері;

  • ДЕҚҚОҚ.

3

ФОРУМДАР

Су астында жүргізілетін зерттеулер мен жұмыстар бойынша форум.

1

NCOC 8 компанияның бүтіндікті сақтап тексеру бойынша оқудан өтіп, сертификатталуына қолдау көрсетті.

NCOC сонымен қатар жергілікті 36 компанияда 2 санат бойынша техникалық кемшіліктерді

талдау жұмысын жүргізді:

  • электр жабдықтары;

  • теңіз кешенінде персоналды тамақтандыруды ұйымдастыру және тұрғынжаймен қамтамасыз ету қызметтері.

ISO БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАУ

8 жергілікті компания ISO сертификаттауы бойынша оқудан өтті:

  • «Белкамит» ЖШС
  • «GAZ stroy montazh KZ» ЖШС
  • «АтырауТехИнвест» ЖШС
  • «Тек Лэд» ЖШС
  • «Орал «Зенит» зауыты» АҚ
  • «Қазэнергокабель» АҚ
  • «ТемирСтройСервис» ЖШС
  • «Центек» ЖШС

6 компания ISO 9001, ISO 27001, ISO 45001 сертификаттарын алды:

  • «Атырау Тех Инвест» ЖШС – ISO 27001
  • «Глобал Прокюремент Компани» ЖШС – ISO 9001
  • «Виннер Технолоджи Групп» ЖШС – ISO 9001
  • «Тэк Лэд» ЖШС – ISO 9001
  • «Белкамит» ЖШС – ISO 45001
  • «Орал «Зенит» зауыты» АҚ – ISO 45001

МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТАМАСЫ

2021 жылы NCOC компаниясы машина жасау саласының дамуын қолдауды жалғастырды. Электр жабдықтарын өндіруші 32 компания NCOC жобаларына қатысу үшін техникалық және әлеуетті өндірістік қуаттар бойынша техникалық кемшіліктерді талдаудан өтті. 2 экологиялық және 3 энергетикалық аудит жүргізілді, технологиялық мәселелер бойынша 2 кеңес берілді, сондай-ақ жергілікті машина жасаушылар үшін жетілдіру жұмыстары орындалды:

  • кәсіби-техникалық және жалпы оқыту;
  • бүтіндікті сақтап тексеру әдістерін үйрету;
  • ISO стандарттары бойынша оқыту және сертификаттау;
  • ASME және API стандарттарын енгізу және осы стандарттар бойынша сертификаттау.

NCOC компаниясы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы машина жасау саласын дамыту мақсатында Халықаралық машина жасау орталығын (ХМО) құру жөніндегі бастамасына белсенді атсалысып жатыр. NCOC компаниясы «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компанияларымен бірге Ниет туралы келісім әзірлеп, оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС және Қазақстанның машина жасаушылар одағы қол қойды. Халықаралық орталық Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және техникалық стандарттарды бейімдеу арқылы қазақстандық өндірушілерге олардың қуаттарын жаңартуға қолдау көрсетеді деп күтіліп отыр. ХМО 2021 жылы құрылып, бірден өз жұмысына кірісті.

Тауарларды жергіліктендіру

NCOC компаниясы тауарларды жергіліктен

діру бағдарламасына сәйкес ерте тендерлер шеңберінде жергілікті өндірушілермен келесі келісімшарттарды жасасты:

ЕРТЕ ТЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕРДІГЕР
Жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) жабдықтау «Sari Supply» ЖШС
Құбыр арматурасына техникалық қызмет көрсету «Буркит ЭсДжи» ЖШС
Күкірт тасымалдауға арналған теміржол вагондарына арналған полипропиленнен жасалған қорғаныш ішпектерімен/қаптармен жабдықтау «Новопэк» ЖШС
Жабдық жасаушы емес компаниялардан тығыздағыш төсемдер сатып алу «Каспий плюс» ЖШС
«Новус Силинг Каспиан» ЖШС
АЖАҚ жүйелерінің сүзгілерімен жабдықтау «Altezza» ЖШС
Жағар материалдармен жабдықтау «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС
Түпнұсқа жабдық жасаушы емес компаниялардың бекіту элементтерімен жабдықтауы «Studbolt Manufacturing» ЖШС
Техникалық бөлмелер ұсыну «КИОС Техфлоу» ЖШС
Түпнұсқа жабдық жасаушы емес компаниялардың ернемектермен жабдықтауы «International Pipeline Structural Solutions Caspian» ЖШС

ТАБЫСҚА ЖЕТУ ТАРИХЫ: ТОЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН
АЛҒАШҚЫ МОБИЛЬДІ УАҚЫТША ПАНАЛАУ ОРЫНДАРЫ

2021 жылы «Kazakhstan Caspian Offshore Industries» (KCOI) компаниясы NCOC үшін жеке тапсырыс бойынша жасалған уақытша паналау орындарының құрылысын ойдағыдай аяқтады. Контейнер типті мобильді уақытша паналау орындары Қашаған кен орнының теңіз, сондай-ақ құрлық кешендерінде төтенше жағдайларды жою кезінде пайдаланылады.

Құрылыс жұмыстары KCOI компаниясының Маңғыстау облысындағы верфінде орындалды, жұмыстарды орындауға барынша қазақстандық мамандар тартылып, олардың компания персоналының жалпы санындағы үлесі 95%-ды құрады. Бұл Қазақстанда жасалып, СТ-KZ сертификатын алған алғашқы мобильді уақытша паналау орындары. Осы тауардың шығу тегі туралы CT-KZ сертификаты отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында 2009 жылы енгізілген және Қазақстан Республикасында пайдалануға арналған.

ЗЕРТТЕУЛЕР

NCOC компаниясы Каспий итбалығы туралы ақпарат алу және оны қорғау жөніндегі стратегия әзірлеу мақсатында жыл сайын зерттеулер жүргізуде. Мамандар әуе кемелерімен ұшып, барлау жүргізеді, жерсеріктік телеметрия және ен салынған жануарлардың датчиктері – радиомаяктардан алынатын ақпарат көмегімен жануарлардың қоныс аудару жолдарын зерделейді.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының юрисдикциясы шектерінде NCOC компаниясының бастамасы бойынша әзірленген бесжылдық «Каспий итбалығын кешенді зерттеу бағдарламасын» ойдағыдай жүзеге асыру жалғастырылуда.

Соңғы 10 жыл бойынша деректердің талдамасы 2021 жылы күшіктер санының 2012 жылғы деректермен салыстырғанда 19,7%-ға және 2020 жылғы деректермен салыстырғанда 6,5%-ға өскенін көрсетті.

2019 жылдан бері Солтүстік Каспийдің қазақстандық секторында ауланған итбалықтарға 20 жерсеріктік радиомаяк орнатылды, Каспий итбалығының күзгі-қысқы кезеңде Солтүстік Каспий акваториясындағы қозғалу жолдары зерделенді.

Морфологиялық зерттеулер орындалды, токсикологиялық, физиологиялық, вирусологиялық және микроскопиялық зерттеулер үшін ауланған итбалықтардан биологиялық материал жиналды.

Жүргізіліп жатқан зерттеулер ғалымдарға итбалықтар санын анықтауға және популяциясының жалпы күйін бағалауға мүмкіндік береді.

09

ӘЛЕУМЕТТІК
ИНВЕСТИЦИЯЛАР

9.1. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҚСАТТАҒЫ ЖОБАЛАР

Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберінде NCOC компаниясы жыл сайын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына бюджет бөледі. 2021 жылы осы бюджет 67 млн АҚШ долларын құрады.

Мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандарын салу, сонымен қатар жолдар, электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда тигізетін басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салуға арналған қаражат Солтүстік Каспий жобасы шеңберіндегі негізгі қызмет жүргізіліп жатқан Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең бөлінеді.

1998 жыл мен 2021 ж. аралығындағы кезеңде 225 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Осылайша осы жобаларға жұмсалған жалпы инвестициялар 841,3 млн АҚШ долларын құрады.

NCOC 2021 жылы 3 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба құрылысын аяқтады.

Ақтаудағы онкологиялық диспансер 100 орынға мөлшерленген, 75 келушіге арналған

емхананы қамтитын батыс өңірдегі ең үлкен аурухана. Аурухана жетекші әлемдік өндірушілердің ең заманауи жабдықтарымен жасақталған:

  • Elekta Versa HD желілік үдеткіші – медицина технологиясындағы сәулелік терапияның сау тіндерге әсерін елеулі шамада азайтуға, сонымен қатар емдеудің жанама әсерлерін азайтуға мүмкіндік беретін жаңа жетістік;

  • General Electric компаниясының лазерлік бағыттайтын компьютерлік томографы мен МРТ – емдеу процесін анағұрлым дәл жоспарлауды қамтамасыз етеді;

  • Флекситрон – Қазақстандағы брахитерапия процедураларына арналған контактілі сәулелік терапияның алғашқы платформасы;

  • BMT неміс-чех компаниясы шығарған стерилизаторлар – General Electric компаниясы (АҚШ) шығарған диагностикалық жабдық

Ұсынылған жабдықтар ең жаңа емдеу әдістеріне сәйкес келеді.

«Халық Арена» бокс орталығы – 2500 адамға мөлшерленген спорт кешені. Нысанның мақсаты – боксты дамыту және спорт іс-шараларын өткізу, Ақтау тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спорт және мәдениет іс-шараларын ұйымдастыру. Орталықта 19 спорт түріне, соның ішінде баскетболға, волейболға, футболға, жеңіл атлетикаға, боксқа, дзюдоға, ауыр атлетикаға, жүзуге, мини-футболға қажет жабдықтар бар.

Қабиболла Сыдықов атындағыМаңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы Ақтаудағы жаңа мәдениет орталығы ғимараттарының бірінде орналасқан. Екі қабатты ғимаратта 433 орын бар, ал кітапхана қорында 304 343 кітап жинақталған. Кітапхана ішінде балалар мен

ересектерге арналған оқу залдары, өлкетану және ғылыми зерттеулер залдары, лингафондық кабинет бар.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды әдетте облыстық әкімдіктер (жергілікті билік органдары) ұсынады. ӨБК талаптарына және Оператордың тұрақты даму жөніндегі міндеттемесіне сәйкестікті қамтамасыз ету үшін ұсыныстарды NCOC компаниясы мен өкілетті орган – «PSA» ЖШС қарайды; содан кейін сол ұсыныстар негізінде облыстық әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста жобалар әзірленеді. Жобалар бекітілгеннен кейін NCOC компаниясы келісімшарт беруге арналған тендер өткізу және жобаны тапсыру-қабылдау кезеңіне дейін жүзеге асыру үшін жауапкершілікте болады.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың инженерлері техникалық қадағалау өкілдерімен бірге тұрақты түрде өндірістік алаңдарға барып, құрылыс-монтаж жұмыстары мен материалдардың сапасын, сонымен қатар пайдаланылып жатқан жабдықтардың жобалық құжаттамаға, инженерлік желілерге қосудың техникалық шарттарына, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін тексереді. Сонымен бірге әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бөлімі апта сайын жиналыстар өткізіп, сол жобаларға байланысты барлық мәселелерді, соның ішінде бақылау және сапаға сәйкестікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

1998 ЖӘНЕ 2021 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗЕҢДЕ АЯҚТАЛҒАН
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
37 Білім беру 22
21 Денсаулық сақтау 17
46 Инфрақұрылым 48
7 Мәдениет 10
1 Спорт 16

112

Аяқталған жобалардың жалпы саны

113

419,5 млн АҚШ доллары

Барлық шығын

421,8 млн АҚШ доллары

2021 ЖЫЛЫ БАСТАЛҒАН АҒЫМДАҒЫ ЖОБАЛАР

ЖОБА ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ КЕЛІСІМ­ШАРТТЫ БАСТАУ КҮНІ КЕЛІСІМШАРТТЫ АЯҚТАУ КҮНІ
Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы Атырау облысы 02/08/2021 01/08/2022
Ақтаудағы «Балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық демалысына арналған оқушылар сарайы» мекемесінің құрылысы Маңғыстау облысы 15/03/2021 14/11/2023
Ақтау қаласындағы ықшамаудандарды абаттандыру Маңғыстау облысы 01/06/2021 31/05/2022
Ақтау қаласындағы 500 орындық студенттер жатақханасының құрылысы Маңғыстау облысы 04/08/2021 03/10/2022

9.2. ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

NCOC компаниясы өзінің демеушілік және қайырымдылық (ДжҚ) бағдарламасы шеңберінде жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөледі. Жыл сайын демеушілік және қайырымдылық мақсатындағы шараларға 1,5 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі бюджет бөлініп, ол Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең жұмсалады. Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы жергілікті халықты қолдаудың 5 негізгі бағыты бойынша жүзеге асырылып жатыр:

  • денсаулық сақтау;

  • білім беру;

  • спорт;

  • мәдениет;

  • қайырымдылық.

Компания жергілікті халықтың игілігі үшін тұрақты дамуды көрсететін жобаларға басымдық береді. Сондықтан біз толық жарақтан

дыруды және тиімді нәтижелерге жету үшін кезең-кезеңімен жүргізуге болатын сертификатталған оқытуды қамтитын жобаларды қолдаймыз. Біз демеушілік және қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы осы бастама келешекте жұмысқа орналастыру және тұрақты қаржылық өсу жағынан алғанда қоғам игілігі үшін өз бетімен дами алады деп ойлаймыз.
Компанияның саясатына сәйкес демеушілік және қайырымдылық жобалары саяси немесе діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауы тиіс, әділетсіз нарықтық бәсекеге жағдай туғызбауы керек немесе жергілікті қауымдастықтардың немесе табиғи экожүйелердің экологиялық тұрақтылығын бұзбауы қажет. Әдетте жобаларды жергілікті халық ұсынады, бұл ретте NCOC компаниясы да бастамашы бола алады.
2021 жылы 44 жоба (Атырау облысында 21 жоба және Маңғыстау облысында 23 жоба) жүзеге асырылды. 1998 жыл мен 2021 жыл аралығындағы кезеңде жалпы сомасы 25,3 млн АҚШ долларына тең 1 450 жоба жүзеге асырылды.

2021 ЖЫЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН
ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ

ЖОБАҒА ШОЛУ САНАТ
Атырау облысында Британ кеңесімен бірге ағылшын тілін қашықтан үйрету, үш жылға есептелген жоба (2018-2021 жж.) Білім беру
Қызылқоға ауданында күндізгі стационарлық бөлімше үшін қосымша автокондиционер және мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арнайы жабдық орнатылған ГАЗЕЛЬ A31R33 базасындағы арнайы автокөлік Қайырымдылық
Исатай ауданында күндізгі стационарлық бөлімше үшін қосымша автокондиционер және мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арнайы жабдық орнатылған ГАЗЕЛЬ A31R33 базасындағы арнайы автокөлік Қайырымдылық
Облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайында емделіп жатқан балалардың дене шынықтыру дайындығы үшін футбол алаңын салу Денсаулық сақтау
Атырау облыстық балаларды оңалту орталығы үшін ерекше қажеттіліктері бар балалармен шұғылдану үшін мамандандырылған тренажер жабдықтарын (EduQuest мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламалық-әдістемелік кешені) сатып алу Білім беру
Атырау облыстық оңалту орталығы үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды профилактикалық және сауықтыру мақсатында емдеуге арналған душ жабдықтары Денсаулық сақтау
№ 3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіз дене шынықтыруына арналған қоршауы бар арнайы далалық ойын алаңы Қайырымдылық
Облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дене шынықтыруы мен дамуына арналған далалық тренажерлік кешен Білім беру
Тіл мүкістігі бар балаларға арналған № 3 облыстық арнайы мектеп-интернаттағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дене шынықтыруы мен дамуына арналған далалық тренажерлік кешен Білім беру
Махамбет кентіндегі облыстық көмекші мектеп-интернаттағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дене шынықтыруы мен дамуына арналған далалық тренажерлік кешен орнату Білім беру
Атырау қаласындағы және Мақат, Махамбет және Индер кенттеріндегі психологиялық-педагогикалық түзетуге арналған «Монтессори» кабинеттері Білім беру
Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай және Жылыой аудандарының кенттеріндегі психологиялық-педагогикалық түзетуге арналған «Монтессори» кабинеттері Білім беру
Атырау облысының 5 жалпы білім беру мектебі үшін инклюзияны қолдау кабинеттерін (ИҚК) толық жарақтандыру Білім беру
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің зертханалық кабинетіне газ химиясы бойынша оқу-зертханалық жабдықтар Қайырымдылық
Атырау облысындағы Екінші дүниежүзілік соғысының 3 ардагері және 54 тыл ардагері үшін Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне COVID-19 пандемиясына байланысты оттегі концентраторлары Білім беру
Сөйлеу қабілеті тежелген балалармен жаттығуға арналған түзету кабинеті үшін «Монтессори» әдістемесі бойынша арнайы жабдық Білім беру
Мақат ауданының балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы жанындағы «STEM – зертхана» оқу кабинетін жарақтандыру Білім беру
Атырау облысының жас ақындары мен жазушыларының өлеңдері мен шығармалары жинағын басып шығаруға қолдау көрсету Мәдениет
«Атырау Маленькая страна» қоғамдық бірлестігі үшін диагноздары ауыр балаларға жүргізілетін иппотерапия бойынша емдік сеанстарға арналған кәсіби амуниция Қайырымдылық
Атырау қаласы мен Мақат ауданының бастауыш сынып оқушылары үшін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде оқу құралдарының толық жинағымен толтырылған 200 рюкзак Қайырымдылық
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аз қамтылған 20 отбасы үшін компьютерлер мен принтерлер Қайырымдылық

2021 ЖЫЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ОРЫНДАЛҒАН
ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ

ЖОБАҒА ШОЛУ САНАТ
Түпқараған ауданының Е. Өмірбаев атындағы орта мектебіндегі инклюзияны қолдау кабинетін жарақтандыру Білім беру
Облыстық арнаулы Сәбилер үйіндегі балалардың дене шынықтыруына арналған жабдықтар Денсаулық сақтау
Ақтау қаласындағы С.Н. Шапағатов атындағы № 59 балабақша аумағындағы балалардың қауіпсіз дене шынықтыруына арналған далалық ойын алаңы Білім беру
Ақтау қаласындағы № 4 «Аққу» балабақшасы аумағындағы балалардың қауіпсіз дене шынықтыруына арналған далалық ойын алаңы Білім беру
Түпқараған ауданындағы «Бәйтерек» балабақшасы аумағындағы балалардың қауіпсіз дене шынықтыруына арналған далалық ойын алаңы Білім беру
Оңалту орталығы үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды профилактикалық және сауықтыру мақсатында емдеуге арналған тренажер жабдықтары Қайырымдылық
Облыстық арнаулы мектеп-интернаттағы балалардың көру қабілетін жақсартуға арналған медициналық жабдық Білім беру
№ 3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы жиһаз бен терінің ойылуын болдырмайтын матрацтар Қайырымдылық
Түпқараған ауданының 4 мектебіндегі инклюзияны қолдау кабинеттері үшін арнайы мектеп жиһазы мен жабдықтар: Ж. Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия, А.М. Горький атындағы мектеп-лицей, Шахтинск жалпы білім беру орта мектебі, Ғ. Айдаров атындағы № 1 мектеп-лицей Білім беру
Түпқараған ауданының 4 мектебіндегі инклюзияны қолдау кабинеттері үшін арнайы мектеп жиһазы мен жабдықтар: Ақшұқыр мектеп-лицейі, М. Әбдіхалықов атындағы мектепгимназия, З. Баймырзаев атындағы жалпы білім беру орта мектебі, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектепинтернат Білім беру
Түпқараған ауданының 2 мектебіндегі (С. Шапағатов атындағы мектеп-гимназия және Ақшұқыр мектеп-гимназиясы) және Ақтау қаласының 2 мектебіндегі ( № 9 және № 23 ЖОМ) инклюзияны қолдау кабинеттері үшін арнайы мектеп жиһазы мен жабдықтар Білім беру
Маңғыстау облысындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың 6 ардагері және 67 тыл ардагері үшін Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне COVID-19 пандемиясына байланысты оттегі концентраторлары Қайырымдылық
Ақтау қаласындағы № 17 «Құлыншақ» балабақшасы аумағындағы балалардың қауіпсіз дене шынықтыруына арналған далалық ойын алаңы Білім беру
Ақтау қаласындағы № 17 «Кәусар» балабақшасы аумағындағы балалардың қауіпсіз дене шынықтыруына арналған далалық ойын алаңы Білім беру
Маңғыстау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) әлеуетін арттыру жобасын жүзеге асыруға арналған жабдық Білім беру
Маңғыстау облысының «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ үшін қосымша автокондиционер және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қозғалуына мүмкіндік беретін арнайы жабдық орнатылған ГАЗЕЛЬ 32217 базасындағы арнайы автокөлік Қайырымдылық
Түпқараған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балаларының дене шынықтыруы үшін мини-футбол ойынына арналған алаң Спорт
Ақтау қаласының 60 ардагері мен Түпқараған ауданының 40 ардагері үшін Ақтау қаласындағы «Шипагер» оңалту орталығына санаториялық жолдама Қайырымдылық
Ақтау қаласының 60 ардагері мен Түпқараған ауданының 40 ардагері үшін Ақтау қаласындағы «Шипагер» оңалту орталығына санаториялық жолдама Қайырымдылық
Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданының бастауыш сынып оқушылары үшін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде оқу құралдарының толық жинағымен толтырылған 200 рюкзак Қайырымдылық
М. Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының сахнасы үшін жарық-музыкалық жабдық Мәдениет

9.3. ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

NCOC жергілікті халықпен қарым-қатынас жасау барысында ашықтық, диалог құру және құрметтеу қағидаттарын ұстанады. Біз жергілікті халық өндірістік операцияларымыз нәтижесінде болуы ықтимал экологиялық және әлеуметтік-экономикалық әсерге қатысты алаңдауы мүмкін екенін білеміз. Сондықтан жергілікті халықпен жобалардың алғашқы кезеңдерінен бастап қарым-қатынас жасап, оларды кездесулер, дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы ағымдағы процестер туралы хабардар етеміз.

2021 жылы NCOC компаниясы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), жергілікті билік органдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Каспий теңізіндегі су түбін тереңдету жұмыстарына қатысты халықтың алаңдаушылығын тудырып отырған мәселелерді талқылау және жұмыс барысы туралы ақпарат беру мақсатында 3 дөңгелек үстел өткізді.

NCOC компаниясы Атырау тұрғындарының NCOC булану тоғандары мен олардың ауа сапасына әсер етуіне қатысты алаңдаушылығына ден қоя отырып, 23 қазанда ҮЕҰ мен жергілікті билік органдарының өкілдеріне Қашаған кен орнының Батыс Ескенедегі келесі нысандарын таныстыру сапарын ұйымдастырды:

  • Астрахань – Маңғыстау құбыр желісінен су алуды шамамен 70%-ға азайту және булану тоғандарына төгілетін судың сапасын жақсарту мақсатында салынып жатқан жаңа су тазарту қондырғылары;

  • өнеркәсіптік сарқынды су химиялық, механикалық және биологиялық тазартудың бірнеше сатысынан өтетін тазартылған сарқынды су жинау тоғандары. Тоғандарда топырақ пен жерасты суын қорғау үшін тиісті оқшаулама бар;

  • Батыс Ескене нысандарына жақын орналасқан, ауадағы ластаушы заттектер концентрациясын өлшеуге арналған № 116 ауа сапасын бақылау стансасы.

NCOC

WWW.LINKEDIN.COM

NCOC

WWW.FACEBOOK.COM

NCOC N. V.

WWW.YOUTUBE.COM

NCOC_official

WWW.INSTAGRAM.COM

2021 жылғы 23 желтоқсанда NCOC жұртшылыққа Каспий итбалығының популяциясын зерттеу және атмосфералық ауа сапасын зерделеу жұмыстарының бастапқы нәтижелерін ұсыну үшін дөңгелек үстел өткізді. Каспий итбалығының популяциясын зерттеу – Қазақстан мен Ресейдің бес жылға (2019–2023 жж.) есептелген және болашақтағы ғылыми зерттеулер үшін итбалықтардың шоғырлану

орындары туралы мәліметтер алуға бағытталған каспий итбалығын зерттеу бағдарламасының бір бөлігі. NCOC компаниясы жұртшылықтың Атырау қаласы мен Батыс Ескенедегі атмосфералық ауаның жерге жақын қабатын және ауа сапасының өзгеру динамикасын бағалау қажеттігі туралы 2018 жылы жасаған өтінішіне жауап ретінде 2019 жылы атмосфералық ауа сапасын зерттеу жұмыстарын бастады. Атмосфералық ауаны зерттеудің осындай ауқымды жұмыстары Қазақстанда алғаш рет жүргізілді. (Зерттеулер бойынша анағұрлым толық ақпаратты «Пар

никтік газдарға жатпайтын атмосфералық шығарындылар» тарауынан қараңыз). NCOC жергілікті халықпен дөңгелек үстелдер шеңберінде қарым-қатынас жасаумен қатар 2021 жылдың басынан бері анағұрлым ашық және жергілікті халық пен басқа да мүдделі тараптарға жақынырақ болу үшін әлеуметтік желілерде ресми парақтарын жүргізе бастады. NCOC әлеуметтік желілердегі парақтар мүдделі тараптарды компанияның қызметі туралы хабардар етуге және олардың ой-пікірлерін алуға жақсы мүмкіндік береді деп есептейді.

НАҚТЫ МЫСАЛДЫ ТАЛДАУ

Жергілікті халықпен Каспий теңізіндегі су түбін тереңдету жұмыстары бойынша қарым-қатынас

2021 жылы NCOC су ығыстырымды теңіз кемелерін пайдалануды қамтамасыз ету және Қашаған кен орнындағы өндірістік операцияларға қолдау көрсету үшін су түбін тереңдету жұмыстарын жүзеге асыруға кірісті.

Жобаны жүзеге асыру алдында NCOC жұртшылыққа жобаны таныстыру және Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) материалдарын ұсыну үшін ҮЕҰ, жергілікті билік органдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен қоғамдық тыңдаулар өткізді.

2021 жылы жергілікті халық су түбін тереңдету жұмыстары жобасының Каспий теңізінің қоршаған ортасы мен биоалуандығына тигізуі ықтимал әсеріне қатысты алаңдаушылығын білдірді. NCOC бұл алаңдаушылыққа жауап ретінде келесі іс-шараларды ұйымдастырды:

  • 2021 ж. 19 сәуір – мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің, қоғамдық пікір қалыптастырушы топбасшылар мен белсенділердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

  • 2021 ж. 6 мамыр – билік органдары өкілдерінің, ғалымдардың және жұртшылық өкілдерінің теңіздегі су түбін тереңдету жұмыстары алаңына барды.

  • 2021 ж. 6 мамыр – мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің, қоғамдық пікір қалыптастырушы топбасшылар мен белсенділердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

  • 2021 ж. 18 мамыр – NCOC Атырау облысы бойынша экология департаменті «Қашаған кен орны нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіз кемелері қатынайтын арналар. Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасын талқылау үшін ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты. NCOC өкілдері мен ғалымдар теңіз логистикасы нұсқаларына, Каспий теңізінің Қашаған кен орны маңындағы деңгейінің ауытқуы бойынша ұзақ мерзімді болжамға және су түбін тереңдету жұмыстарының Каспий теңізінің деңгейіне, теңіз суының сапасына, ихтиофаунаға (бекіре тұқымдас балықтар мен қара балықтарға), жануарлар әлеміне (құстарға, итбалықтарға және т.б.) және табиғи қорықтарға әсер етуіне арналған презентациялар өткізді.

  • 2021 жылғы 22 қыркүйекте билік органдары өкілдері, жұртшылық және ғалымдар қатысқан дөңгелек үстел өтті. Сол іс-шарада NCOC өкілдері мен ғалымдар жұртшылыққа су түбін тереңдету жұмыстарының барысы туралы ақпарат беріп, мониторингінің бастапқы нәтижелерін ұсынды.

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНДЕГІ СУ ТҮБІН ТЕРЕҢДЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және соған байланысты Қашаған кен орнының теңіз кешені маңындағы судың тайыздануы NCOC теңіз кемелерін пайдалану мүмкіндігін шектеуде және теңіздегі өндірістік операциялардың толық тоқтатылуына соқтыруы мүмкін.

Су түбін тереңдету жұмыстары жобасы тұрғын баржалар мен ыдыссыз материалдарды жеткізу үшін су тереңдігінің жеткілікті болуын қамтамасыз ету арқасында өндірістік қауіпсіздік үшін аса маңызды төтенше жағдай орын алған кезде адамдарды құтқару мақсатында өндірістік персоналды апаттық жағдайда эвакуациялауды, сонымен қатар автоматты режимде жұмыс істейтін аралдарды қауіпсіз пайдалануды, 2022 жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын орындауды, сондай-ақ 2024 жылдан кейін өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Жоба әсер ететін жалпы аудан шамамен 29 км2 құрайды, бұл Солтүстік Каспийдің жалпы ауданының тек 0,036%-на ғана сәйкес келеді. Бұл жоба бойынша теңіз кемелерінің қатынауын қамтамасыз ету үшін Қашаған кен орнының бес аралы айналасында су түбін тереңдету жұмыстары қарастырылып отыр. Су түбін тереңдету жұмыстары жүргізілетін алаңның жалпы ұзындығы 56 км құрайды. Жобаны жүзеге асыру барысында қолданыстағы оңтайлы технологиялар пайдаланылуда.

10

COVID-КЕ ҚАРСЫ
ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

10.1. COVID-ПЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

NCOC компаниясының Дағдарысты жағдайларды басқару жөніндегі тобы 2020 жылғы наурыз айының басында COVID-19 індетімен күресу шараларын орындауға жәрдемдесу үшін іске қосылып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Топ төтенше жағдайларды жоюға даярлықты қамтамасыз ету процесінің біз белгілеген құрылымына сәйкес бастапқыда індет бойынша жалпы ахуалды және директораттар мен функционалдық бөлімшелерден келіп түсетін маңызды ақпаратты талдау үшін күн сайын жиналыстар өткізіп тұрды, сонымен қатар күнделікті әрекеттердің басымдықтарын белгілеп отырды. Көп функциялы топ ақпарат алмасу және іс-әрекеттерді үйлестіру үшін жүйелі түрде кездесулер өткізуді жалғастыруда. Жаңар

тылған ақпарат жоғары басшылық пен мүдделі тараптарға тұрақты түрде беріледі. Оған қоса NCOC өндірістік алаңдарда вирустың таралу қатерін азайту жөніндегі іс-әрекеттер хаттамаларын тиісті түрде орындауды жалғастырып келді. NCOC компаниясы сонымен бірге ақпарат және озық тәжірибе алмасу мақсатында әлемнің түпкір-түпкірінде жұмыс істейтін акционерлерімізбен байланысты.

Барлық нысандарда, соның ішінде Атыраудағы кеңселерімізде жұмыс істейтін, аса маңызды персонал құрамына кірмейтін қызметкерлер пандемияның жекелеген кезеңдерінде қашықтан жұмыс істеді. Қызметкерлеріміз қашықтан жұмыс істеуге бейімделу барысында АТ жөніндегі тобымыз жұмысты қашықтан жүргізуімізге қолдау көрсетіп, жаңа виртуалды

2021 жылғы 7 желтоқсанда NCOC компаниясы денсаулық сақтау қызметінің менеджері Нұрлан Байменшин «Еңбек медицинасы саласындағы үздік маман» атағына ие болды. Бұл атақты Ұлыбританияның Еңбек медицинасы мамандарының кәсіби қоғамы өз қызметі саласында қосқан ерекше үлесі үшін береді. NCOC компаниясы мен денсаулық сақтау жөніндегі мамандар ағымдағы дүниежүзілік пандемия кезінде COVID-19 індетімен байланысты қауіпті факторларды болжау, анықтау және бақылау үшін жоғары бағаға ие болды.

жұмыс ортасын пайдалана білуге үйретті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біз Өндірістің тоқтатылмауын қамтамасыз ету жоспарларымызды жаңарттық және қатерлерді азайту жөніндегі қатаң шараларды, соның ішінде ауырған адамдарды ертерек анықтау, қарым-қатынаста болған адамдарды анықтау, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бетперде тағу туралы талаптарды және жайларды тазалау бойынша күшейтілген тәртіпті қолдандық.

Жұмыс алаңдарының барлығында ауру жұқтыру қатерлерін шектеу үшін логистикаға өзгерістер енгізілді, бұл ретте қауіпсіздікті және өндірістің үздіксіздігін сақтау мақсатында техникалық қызмет көрсету кестелерінің сақталуы қамтамасыз етілді. Жұмыс алаңдарымызда COVID-19 вирусының таралуымен күресудің көп деңгейлі және икемді тәсілдемесі жоғары сапалы ПТР талдауын пайдалана отырып вирустың бар-жоғын тексеруді, карантиндік іс-шараларды және, ең маңыздысы, вакциналауды қамтыды. Жұмыс істеп тұрған өндіріс алаңдарына кіру шектелді және кіруге рұқсат тек ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсеткен, кіру алдындағы карантиннен өткен немесе COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен қызметкерлерге берілді.

NCOC компаниясы пандемия кезінде жергілікті халыққа қолдау көрсетті. Біз аса қажет медициналық құралдар мен жабдықтарды жеткізу мерзімдерін тездетуге және таратуға барынша күш салдық. NCOC компаниясы өзі жұмыс істейтін өңірлердегі жергілікті денсаулық сақтау жүйелеріне көмектесу, соның ішінде ауыр науқастарды емдеуге арналған медициналық жабдықтармен және білікті мамандармен (мысалы, қарқынды терапия бөлімшелерінің персоналымен) қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесін орындауда

Жоғарыда аталған шаралардың барлығы індеттің таралуы қарқын алған шақта ауырған адамдар санын азайтуға және басқаруға болатын деңгейде ұстауға ықпал етті, бұл пандемия кезінде өндірістің жоспардан тыс төмендеуіне және кідірістердің орын алуына жол бермеуге және ең бастысы, қызметкерлеріміздің денсаулығын мүмкіндігінше қорғауға септігін тигізді.

10.2. ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚҚА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

2021 жылы NCOC компаниясы COVID-19 індетінің жаппай таралуына жол бермеу үшін жергілікті билік органдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуді жалғастырды. NCOC компаниясы 2020 жылғы қараша мен 2021 жылғы сәуір аралығындағы кезеңде Атырау жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19-бен ауырған науқастарды емдеуге көмектесу үшін Грузиядан келген төрт реаниматолог дәрігерге қолдау көрсетті.

Оған қоса NCOC компаниясы Маңғыстау облыстық ауруханасына келесі медициналық жабдықтарды табыс етті:

  • өкпені жасанды желдететін 20 аппарат (ӨЖЖ);

  • кереует жанындағы 20 монитор;

  • ӨЖЖ жабдықтарының құрамына кіретін 200 медициналық шприцті сорғы. Олар қарқынды емдеу кезінде дәрі-дәрмекті өлшемдері әртүрлі шприцтерден өте аз мөлшерде енгізу үшін қолданылады.

2020 жылдан бері Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау жүйелеріне COVID-19 індетімен күресуге тікелей материалдық көмек ретінде барлығы 53 млн АҚШ доллары бөлінді.