8.1. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ ДАМЫТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
NCOC КОМПАНИЯСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТТЕРДІ БАРЫНША ПАЙДАЛАНУДЫ КӨЗДЕЙТІН ӘЛЕМДІК
ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҰМТЫЛУДА, БҰЛ РЕТТЕ
ЖЕРГІЛІКТІ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРЫП, ЖЕРГІЛІКТІ
КОМПАНИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕДІ.
2019 жылы Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде жергілікті
тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 730 млн АҚШ
доллары жұмсалды, бұл шығындардың жалпы көлемінің 52,4%
құрайды. Бұл NCOC үшін пайызбен алғанда жаңа рекорд болып
табылады. 2004 жылдан бастап осы жыл соңына дейінгі
кезеңде жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге
жұмсалған қаражаттың жиынтық сомасы 14,8 млрд АҚШ
долларынан асты. Осы және басқа да деректер NCOC
компаниясының жергілікті қамтуды пайдалануға ынталылығын
айғақтайды.
8.2. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ: NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
NCOC компаниясының жергілікті қамту саласындағы саясаты
Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімнің
(СКӨБК) баптарымен және қолданылатын заңнамамен реттеледі,
сонымен қатар NCOC миссиясына, стратегиялық мақсатына,
құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне негізделген.
СКӨБК ережелеріне сай NCOC тауарлары мен қызметтері сапа,
қауіпсіздік және бағалар тұрғысынан алғанда шетелдік
жабдықтаушылардың ұқсас материалдарымен және қызметтерімен
бәсекелесуге қабілетті жергілікті тауар өндірушілер мен
қызмет көрсетушілерге артықшылық береді. Осылайша,
жергілікті қамтуды дамыту Компанияның ең маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады.
2019 жылы NCOC компаниясы қазақстандық қоғамның
экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы
басталған Жергілікті қамтуды дамытудың бесжылдық
бағдарламасының аралық қорытындысына бағалау жүргізді.
Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы Мұнай Операцияларын
өзара тиімді шарттар бойынша жүзеге асыру үшін жергілікті
халыққа қолдау көрсетуге, жергілікті жабдықтаушылардың
тиімді дамытуға және оларға өндірістік қуаттарын арттыруға
көмек көрсетуге бағытталған.
Қосымша мақсаттар қазақстандық компаниялардың қатысуы,
сонымен қатар NCOC компаниясының жаңа жобалары мен
бұрғылау бағдарламасы саласында белгіленген.
NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕМЕСІ
ҮШ НЕГІЗГІ БАҒЫТТЫ КӨЗДЕЙДІ: ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІСТІК
ҚУАТТАРДЫ ҰЛҒАЙТУ; КӘСІПТІКТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ЖӘНЕ БІЛІММЕН
БӨЛІСУ; ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ.
ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ БОЙЫНША ТӨЛЕМДЕР, 2004-2019 ЖЖ. КЕЗЕҢ,
%
8.3. ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРДЫ ҰЛҒАЙТУ
NCOC компаниясы үшін жергілікті жабдықтаушыларды дамыту
басымдықты міндет болып табылады. Оның мақсаты –
жергілікті компаниялардың жоба бойынша әлеуетті
жабдықтаушылар ретінде біліктілік деңгейін бағалаудан
өтуі, ал анағұрлым ұзақ келешекте ішкі және халықаралық
нарықтардағы өзге тендерлерге қатысуға қабілетті болуы
үшін оларға техникалық және басқарушылық мүмкіндіктерін
жақсартуға қолдау көрсету.
2006 жылдан бастап шамамен 1 400 жергілікті компания NCOC
ұйымдастырған семинарлар мен форумдарға қатысты. Олар жоба
бойынша жалпы таныстыру семинарлары мен тиісті
келісімшарттық талаптардан бастап тендерлік ұсыныстарды
әзірлеу және біліктілікті алдын ала бағалау процестері
бойынша өткізілетін әлдеқайда мамандандырылған
семинарларға дейінгі түрлі тақырыптар бойынша өткізілді.
2006 жыл мен 2019 жыл аралығындағы кезеңде Оператор
200-ден астам жергілікті компанияға басқару, тауарлар мен
қызметтерді сертификаттау саласындағы халықаралық
стандарттар бойынша сертификаттар алуға көмектесті,
осылайша NCOC компаниясының келісімшарттары үшін олардың
бәсекеге жарамдылығы елеулі түрде артты.
Оператор сонымен бірге жергілікті компанияларға Америка
инженер-механиктер қоғамының (АИМҚ) және Америка мұнай
институтының (АМИ) талаптарына сәйкес өз өнімдері мен
қызметтерін халықаралық сертификаттау кезінде оларға
қажетті қолдау мен қаржылық көмек көрсетті.
2006 мен 2019 жылдар аралығындағы кезеңде NCOC компаниясы
жергілікті компаниялардың Солтүстік Каспий жобасы
шеңберінде тендер жарияланған тауарлар мен қызметтер
бойынша техникалық шарттардың және халықаралық нормалар
мен стандарттардың қатаң талаптарын орындау мүмкіндіктерін
бағалау үшін олардың өндірістік алаңдарында 350-ден астам
техникалық біліктілік аудиті мен тексеру өткізді.
2006 мен 2019 жылдар аралығындағы кезеңде Оператор
жергілікті компаниялардың 3 800-ден астам қызметкері үшін
тұйық кеңістікте жұмыс жүргізу, дәнекерлеу жұмыстарын
орындау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері,
электрондық жүйелер мен оларды құрастыру, биікте жұмыс
жүргізу, жылжымалы кранды пайдалану және т.б. сияқты ең
қажет мамандықтар бойынша мамандандырылған
кәсіптіктехникалық оқыту курстарын ұйымдастырды.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІКТЕРМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
NCOC компаниясы жергілікті қамтуды дамыту саласында NCOC
мен облыстық әкімдіктер арасындағы ынтымақтастықтың
тиімділігін арттыру үшін 2018 жылы басталған көшпелі
кездесулер өткізу бағдарламасын жүзеге асыруды ойдағыдай
жалғастырды. 2019 жылы NCOC жергілікті персоналдың
дағдыларын жетілдіруге және жергілікті компаниялардың
қуаттарын арттыруға бағытталған жергілікті қамтуды
дамыту мәселелері бойынша төрт Ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойды.
-
18 қаңтарда NCOC Атырау облысының әкімдігімен
жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша
Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Сонымен қатар NCOC компаниясы «Жігермұнайсервис»
ЖШС-іне 2019 жылғы күрделі жөндеу жұмыстары үшін
қойнауқатты жарғанда қолданылатын 120-150 ыдыс сатып
алуға тапсырыс берді, сонымен қатар «АтырауМұнайМаш»
ЖШС-іне жоғары қысымды азотқа арналған ыдыс сатып
алуға тапсырыс берді.
-
25 маусымда NCOC компаниясы Шымкент қаласының
әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту мәселелері
бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол
қойды. Шымкент қаласының әкімдігімен көшпелі кездесу
аясында өткізілген Меморандумға қол қою рәсіміне «PSA»
ЖШС және NCOC өндірістік операциялар директоратының,
келісімшарттар жасау және сатып алу бөлімінің өкілдері
қатысты.
-
26 маусымда NCOC компаниясы Түркістан облысының
әкімдігімен көшпелі кездесу аясында жергілікті қамтуды
дамыту мәселелері бойынша Ынтымақтастық туралы
меморандумдарға қол қойды.
-
6 желтоқсанда NCOC компаниясы Батыс Қазақстан
облысының әкімдігімен көшпелі кездесу аясында
жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша
Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
2019 ЖЫЛҒЫ НАРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
- Цемент өндіру: 12 компания анықталды.
-
Сапаны қамтамасыз ету / сапаны бақылау: 41 компания
анықталды.
-
Қойма қызметтерін ұсыну: 26 компания анықталды.
-
Шетелдік және жергілікті персоналды ұсыну: 33 компания
анықталды.
-
Мұнай төгілімдеріне және мұз жағдайына мониторинг
жүргізу үшін жерсеріктік суретке түсіру қызметін
ұсыну: 9 компания анықталды.
-
Қойма қызметтерін ұсыну: 26 компания анықталды.
5 САНАТ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ КЕМШІЛІКТЕРГЕ ТАЛДАУ
ЖҮРГІЗІЛДІ:
- цемент өндірісі;
- теңіздегі суасты жұмыстар;
- сапаны қамтамасыз ету / сапаны бақылау;
- машинажасау (механикалық жабдықтар);
- машинажасау (электртехникалық жабдықтар).
Тауарлар мен қызметтердің түрлі санаттары үшін нарықты
талдау және техникалық кемшіліктерді талдау
қорытындылары бойынша бүкіл Қазақстан бойынша (Шымкент,
Өскемен, Семей, Шетпе, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе,
Павлодар және Алматы) 56 басым компанияның алаңдарымен
танысу ұйымдастырылды.
NCOС ЖЕРГІЛІКТІ КОМПАНИЯЛАРҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
СЕРТИФИКАТТАУ КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
2019 жылы жергілікті екі компания NCOC компаниясының
қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған
жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы аясында
Америка мұнай институтының (АМИ) стандартын енгізу
жөніндегі екіжылдық жобаны ойдағыдай аяқтады.
NCOC басқарушы директорының орынбасары Ермек
Марабаев АМИ-дің осы беделді сертификаттарын
қазақстандық компаниялар – «ҚазАрматура зауыты»
ЖШС-іне және «Karls Krona LC AB» ЖШС-іне табыс етті.
МАШИНАЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТАМАСЫ
2019 жылы NCOC компаниясы ҚР машинажасау саласын
дамытудың жол картасы аясында машинажасаушы
компаниялармен жұмыс істеуге кірісті. NCOC компаниясы ҚР
Энергетика министрлігі жетекшілік ететін мемлекеттік
органдардың өкілдері басқаратын Жұмыс тобына қатысты.
NCOC компаниясы отандық өндірушілердің әлеуетін дамыту
және олардың Солтүстік Каспийдегі келешек операцияларға
қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін бірқатар іс-шараларды
ұйымдастырды:
-
NCOC компаниясы сатып ала алатын тауарлар өндіру
бойынша 2 семинар өткізілд
-
20 машинажасаушы компанияның техникалық мүмкіндіктерін
және NCOC компаниясының жобаларына қатысу әлеуетін
анықтау мақсатында компанияның өкілдері олардың
нысандарымен танысты;
-
Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы аясында
бірқатар кәсіптік-техникалық оқыту курстары,
бүтіндікті бұзбай бақылау бойынша оқыту және
сертификаттау, сонымен қатар Америка инженермеханиктер
қоғамының (ASME) және Америка мұнай институтының (API)
халықаралық стандарттарына сәйкестік бойынша
сертификаттау жөніндегі оқу курстары ұйымдастырылды.
2019 жылы NCOC компаниясы 126 оқу курсын ұйымдастырып, сол
курстарда мыңнан астам қазақстандық техникалық мамандар
оқудан өтті. Осындай оқу курстары NCOC компаниясының
жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі департаменті іріктеген
жергілікті компанияларға өздерінің кәсіби базаларын
жетілдіруге және халықаралық стандарттардың, ережелердің
және қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын салалық қатаң
нормалардың талаптарын орындауға мүмкіндік береді.
8.4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР
Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберінде NCOC компаниясы
жыл сайын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың
жүзеге асырылуына бюджет бөледі. 2019 жылы осы бюджет 76.8
млн АҚШ долларын құрады. Мектептер, балабақшалар,
ауруханалар, спорт нысандарын салу, сонымен қатар жолдар,
электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік
қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда
тигізетін басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салуға
арналған қаражат Солтүстік Каспий жобасы шеңберіндегі
негізгі қызмет жүргізіліп жатқан Атырау және Маңғыстау
облыстары арасында тең бөлінеді.
1998 жыл мен 2019 жж. аралығындағы кезеңде 214 әлеуметтік
және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Осылайша,
әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалған жалпы
инвестициялар 697,6 млн АҚШ долларын құрады.
Әдетте әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды облыстық
әкімдіктер ұсынады. ӨБК мен Оператордың тұрақты даму
стратегиясының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін
ұсыныстарды NCOC компаниясы мен ӨБК бойынша Өкілетті Орган
талдайды; содан кейін сол ұсыныстар негізінде облыстық
әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста жобалар әзірленеді.
Жобалар бекітілгеннен кейін NCOC компаниясы барлық
кезеңдер үшін, атап айтқанда жобалау және инженерлік
әзірленім, келісімшарт беруге арналған тендер, жобаны
жүзеге асыру және тапсыру-қабылдау үшін жауапкершілік
атқарады.
2019 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ЖОБАЛАР
NCOC АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИ
ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАДЫ
NCOC компаниясы өзінің әлеуметтік және
инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде Әбіш Кекілбаев
атындағы мәдени орталық салу және жазушыға ескерткіш
орнату жөніндегі ауқымды жобаны аяқтады. Кешен үш
бөлек ғимараттан – кітапханадан, өлкетану музейінен
және әкімшілік корпустан тұрады. Жобаның
авторларының айтуынша, мәдени орталық екі мыңға
дейінгі қонақтарды қабылдай алады.
АҚТАУДАҒЫ БІРЕГЕЙ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА
2019 жылғы тамызда NCOC компаниясы Ақтауда «Жартас
жолы» атты бірегей әлеуметтік жобаны аяқтады. Жоба
үш элементтен тұрды. Біріншісі – 4-ықшам ауданнан
1-ықшам ауданға дейінгі жаяужол. Екіншісі – Жеңіс
паркін абаттандыру, және үшіншісі – 14 және 15 ықшам
аудандарының бойындағы жағалауды абаттандыру.
Ұзындығы 1,5 км әдемі жартас жолында 24 көру алаңы
және тынығу орындары, соның ішінде үлкен үңгір мен
үш модульді пирс бар. Шомбал жартастар бойындағы
жаяу жүретін аймақ өңірдің жеміргіш келетін ортасы
үшін әдейі әзірленген ағаш-полимерлі композиттік
материалдан жасалған. Жартас жолы табиғи түрде
Каспий теңізінің жартасты жағалауының ландшафтымен
үйлесіп тұр. Жартас жолын салу идеясын Маңғыстау
облысының әкімдігі ұсынған болатын. Бюджеті шамамен
4 млрд теңге құраған және 136 жұмысшы тартылған
жобаны жергілікті «Нұрсат» ЖШС компаниясы жүзеге
асырды. Осы бірегей жоба NCOC компаниясының басқа
әлеуметтік жобаларының ішінде ерекше орын алды.
Жартас жолы Ақтаудың архитектуралық көрікті орнына
айналды және алдағы уақытта қалада туризмді одан әрі
дамыту ісіне қомақты үлесін қосатын болады.
NCOC КОМПАНИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ 10 ЕЛДІ МЕКЕНДІ
ГАЗДАНДЫРДЫ
NCOC компаниясы Құрманғазы ауданының Азғыр
аймағындағы 10 елді мекенді газдандыру жөніндегі екі
ірі жобаны аяқтады.
Бұл жобалар 365 км-ден астам магистралдық және
ауыларалық жоғары қысымды газ құбырларын және 57 км
ішкі орта және төмен қысымды газ құбырларын қамтиды.
Сонымен қатар жоба шеңберінде «Көгілдір жалын-3000»
автоматты газ тарату стансасы салынды. Бұған қоса
NCOC компаниясы халықты газбен жабдықтауды
қамтамасыз ететін 28 газ қысымын редукциялау
құрылғысын салды.
Қазіргі уақытта бұрын табиғи газды пайдалануға
мүмкіндіктері болмаған шалғай елді мекендердегі 1239
үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Жаңа желі
қолданыстағы «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистралдық
газ құбырынан қоректенеді.
1998 жылдан бері Консорциум Атырау және Маңғыстау
облыстарында жалпы ұзындығы 1130 км құрайтын газ
құбырлары тартылған 31 газдандыру жобасын жүзеге
асырды.
NCOC КОМПАНИЯСЫ 2019 ЖЫЛЫ ҮЗДІК КОМПАНИЯ ДЕП ТАНЫЛДЫ
NCOC Ақтау қаласында өткен «Жомарт жүрек» меценаттар
форумында 2019 жылдың үздік компаниясы ретінде
«Жомарт жүрек» сыйлығына ие болды. Марапаттау
салтанаты 2019 жылғы 14 қарашада Қазақстан халқы
Ассамблеясының ғимаратында Маңғыстау облысы әкімінің
қатысуымен өтті. Осы сыйлық NCOC компаниясы
Маңғыстау облысында 2019 жылы демеушілік және
қайырымдылық бағдарламасы аясында жүзеге асырған
әлеуметтік жобалары үшін берілді.
8.5. ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
NCOC компаниясы өзінің демеушілік және қайырымдылық
бағдарламасы шеңберінде жергілікті халықтың қажеттіліктері
мен сұраныстарына тікелей көңіл бөледі. Жыл сайын
демеушілік және қайырымдылық мақсатындағы шараларға 1,5
млн АҚШ доллары мөлшеріндегі бюджет бөлініп, ол Атырау
және Маңғыстау облыстары арасында тең жұмсалады.
Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы жергілікті
халықты қолдаудың бес негізгі бағыты бойынша жүзеге
асырылуда: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет
және қайырымдылық.
NCOC компаниясының тұрақты даму бағытындағы стратегиялық
мақсаттарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жобалар
жергілікті халықтың қатысуын көздеуі тиіс және жергілікті
халық үшін тұрақты артықшылықтарды көрсетулері қажет. Бұл
жобалар саяси немесе діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауы
тиіс, әділетсіз нарықтық бәсекеге жағдай туғызбауы керек,
жергілікті қоғамдастықтардың және (немесе) табиғи
экожүйелердің экологиялық тұрақтылығын бұзбауы қажет.
Әдетте жобаларды жергілікті халық ұсынады, бұл ретте NCOC
компаниясы да бастамашы бола алады.
2019 жылы 53 жоба (Атырау облысында 31 жоба және Маңғыстау
облысында 22 жоба) жүзеге асырылды. 1998 жылдан бергі
кезеңде инвестициялардың жалпы сомасы 20,5 млн АҚШ
долларын құрады.
Сонымен қатар 2006 жылдан бері Атырау және Маңғыстау
облыстарындағы аз қамтылған отбасылардың балалары мен
жетім балалар қатарынан 200 бала үшін жазғы демалыс
ұйымдастыруға жыл сайын 300 мың АҚШ долларына дейін
қаражат бөлініп келеді. 2019 жылы NCOC компаниясы осы
балалардың Бурабайдағы «Балдәурен» орталығына сапары мен
демалысын және мәдени-ағарту іс-шараларын қаржыландырды.
NCOC компаниясы 2018 жылы Алматыдағы Қазақ-Британ
техникалық университетімен (ҚБТУ) бірлесе отырып бастаған
жазғы мектеп жобасын жалғастыруда. 2019 жылы Мақат және
Түпқараған аудандарының аз қамтылған отбасылардан шыққан
100 баласы 21 күн бойы ағылшын тілін үйреніп,
бағдарламалаудың негіздерін меңгерді. Дәрістер ҚБТУ мұнай
және газ факультетінің зертханаларында, АТ,
бизнес-мектептің және Теңіз академиясының дәрісханаларында
өтті.
NCOC компаниясы 2018 жылы Алматыдағы Қазақ-Британ
техникалық университетімен (ҚБТУ) бірлесе отырып бастаған
жазғы мектеп жобасын жалғастыруда. 2019 жылы Мақат және
Түпқараған аудандарының аз қамтылған отбасылардан шыққан
100 баласы 21 күн бойы ағылшын тілін үйреніп,
бағдарламалаудың негіздерін меңгерді. Дәрістер ҚБТУ мұнай
және газ факультетінің зертханаларында, АТ,
бизнес-мектептің және Теңіз академиясының дәрісханаларында
өтті.
МЕКТЕПТЕР ҮШІН ТАЗА АУА МЕН ТАЗА СУ
NCOC Атырау қаласының 27 мектебінде ауаны
зарарсыздандыру құрылғыларын және ауыз су
бұрқақтарын орнатуға демеушілік көмек көрсетті. Бұл
бастама Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының
«Салауатты мектеп» бағдарламасы шеңберінде жүзеге
асырылды. Орнатылған жабдықтардың артықшылықтары
төменде берілген.
-
Ауаны зарарсыздандыру құрылғылары балалар үшін
мүлде қауіпсіз, өйткені химиялық реакциялардың
барлығы құрылғы ішінде өтіп, атмосфераға зиянды
заттектер шықпайды. Осылайша бұл құрылғыларды
балалар отырған жайларда үнемі пайдалануға болады.
-
Ауыз су бұрқақтары механикалық, биолоигиялық және
химиялық ластарды және хлор исін жою үшін үш
сатылы су сүзгілеу жүйесімен жарақтандырылған.
Жабдық сертификатталған. Ол гигиена талаптарына
сай және пайдалануда ыңғайлы.
8.6. ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
NCOC компаниясы Атырауды мақтанышпен өз үйі деп атайды.
NCOC компаниясының шамамен 3 000 қызметкері және Қашаған
кен орнын игерудің І кезеңі жобасына тартылған мердігер
ұйымдар мен жабдықтаушылардың бірнеше мың қызметкері
Атырау мен Маңғыстау облыстарында тұрады.
NCOC компаниясының бас кеңсесі Солтүстік Каспий жобасы
шеңберіндегі кен орындарына жақын жерде, Қазақстанның
Атырау қаласында орналасқан және өндірістік нысандары
Атырау мен Маңғыстау облыстарында орналасқан. Біз
жергілікті халық үшін ең қолайлы жұмыс беруші , сонымен
қатар жергілікті қоғамдастықтың беделді мүшесі болуға
ұмтылудамыз. Біз үшін өзіміз қызмет жүргізетін өңірлердің
жергілікті халқы өте маңызды, өйткені біз оның бір
бөлігіміз. Біз алаңдаушылық тудыратын және қызметімізге
байланысты мәселелерге белсенді ден қоюға тырысудамыз және
адамдардың құрметі мен сеніміне қызметіміздің нәтижелері,
ақпарат ұсынудағы ашықтық және қызметімізге жергілікті
халықтың қатысуын қамтамасыз ету арқылы ие бола
алатынымызды мойындаймыз. Осы мақсатқа жетуде ерікті
негізде тұрақты даму туралы есеп беру маңызды рөл
атқарады.
NCOC компаниясы өзінің Демеушілік және қайырымдылық
бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жергілікті халыққа
қолдау көрсететін әлеуметтік жауапты компания ретінде
беделге ие болып отыр. Төменде мысал ретінде біз 2019 жылы
орындаған бірқатар бағдарламалар беріліп отыр
NCOC компаниясы Ақтау қаласына жақын жерде бір апталық
Жазғы экологиялық мектеп ұйымдастыруға демеушілік көмек
көрсетті. Оқушылар Каспий теңізін тұрақты дамыту идеяларын
одан әрі енгізуге бағытталған теориялық сабақтар мен
практикалық экологиялық зерттеулерге қатысады. Дәстүр
бойынша Жазғы мектеп жыл сайын тамыз айында Каспий күнін
мерекелеу кезеңінде жұмыс істейді.
Біз жыл бойына тұрғындармен тұрақты түрде ақпарат
алмасамыз және Солтүстік Каспий жобасы бойынша
алаңдаушылық тудырып отырған мәселелерді талқылаймыз.
15 наурызда және 26 сәуірде NCOC компаниясы Атырау және
Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылған әлеуметтік
жобаларды ұсыну және Корпоративтік әлеуметтік
жауапкершілік аясында жергілікті халықпен қарым-қатынас
жасау тәжірибесімен бөлісу үшін Атырау және Маңғыстау
облыстарының ҮЕҰ және мемлекеттік органдары өкілдерімен
кездесулер өткізді.
24 мамырда NCOC компаниясы «Қазақстан мен Ресей
ғалымдарымен ынтымақтастықта Каспий итбалығының
популяциясын кешенді зерттеу жұмыстары» және «Атырау
қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің атмосфералық ауа
сапасын кешенді зерттеу жұмыстары» атты жобалармен
таныстыру үшін ҮЕҰ, мемлекеттік органдар өкілдерімен және
жергілікті халықпен экологиялық «дөңгелек үстел»
ұйымдастырды. NCOC компаниясының экологтары осы жобалардың
орындалу барысы және келешектегі кеңею жоспарлары туралы
әңгімеледі.
9 қазанда NCOC компаниясы республикалық және жергілікті
БАҚ-тың, соның ішінде «Хабар», «24KZ», «Каспийские
новости» арналарының, Атырау қаласының жаңалықтар
арналарының және«Эсквайр», «Курсив», «Нефть и газ
Казахстана», «Прикаспийская коммуна» сияқты басылымдардың
20 журналисі үшін таныстыру турын өткізді.
Осы іс-шараның мақсаты журналистердің Солтүстік Каспий
жобасы, Қашаған кен орны, жергілікті қамтуды дамыту, NCOC
компаниясының рөлі және басқа да мәселелер туралы
білімдерін кеңейтуден және осылайша NCOC коммуникациялық
науқандарына қатыса алатын білікті журналистер тобының
құрылуына ықпал етуден тұрды.
Осы Тұрақты даму туралы есеп жұртшылықпен қарым-қатынастың
жаңа және тиімді алаңына айналды. 2018 жылдың Есебін
дайындау барысында біз 2019 жылдың басында Атырау мен
Маңғыстау облыстарының экологиялық және қоғамдық үкіметтік
емес ұйымдарының ұсыныс-пікірлерін алу үшін олардың ортақ
пікірін білдіретін Тәуелсіз консультациялық кеңеспен
кездестік. 2019 жылдың сәуір айында біз Атырауда және
Ақтауда ұйымдастырылған және Жайық-Каспий Орхус
орталығының директоры Ізтілеуова Шынардың төрағалығымен
өткен үш арнайы кездесуде жұртшылықтың назарына 2018
жылдың Есебін ұсынып, сұрақтарға жауап бердік.
NCOC компаниясында өзекті мәселелер бойынша мүдделі
тараптарға хабарлау және жергілікті бұқаралық ақпарат
құралдарымен жұмыс істеу жөніндегі кең ауқымды бағдарлама
әзірленген. Жергілікті кәсіпкерлерге Солтүстік Каспий
жобасына қатысуға байланысты жаңа экономикалық
мүмкіндіктерді іздеуге көмек көрсету үшін біз жоба бойынша
жалпы таныстыру семинарларын өткізу мен салалық
конференцияларға қатысудан бастап, жабдықтаушылардың тар
шеңберлі аудиттері мен мамандандырылған оқыту курстарына
дейінгі түрлі нысандарды пайдалана отырып ақпарат ұсынамыз
(«Жергілікті қамту» тарауындағы қосымша ақпаратты
қараңыз). Кез келген тұрғын өзін алаңдататын мәселелермен
бөлісе алады немесе құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға
сәйкес келмеуі мүмкін жайт туралы (соның ішінде құпия
түрде) NCOC компаниясының іскерлік әдеп және нормаларға
сәйкестік жөніндегі маманына хабарлай алады немесе осы
мақсатта 2017 жылы қолданыла бастаған сәйкестік мәселелері
бойынша тікелей байланысу желісін пайдалана алады
(«Іскерлік әдеп» тарауындағы қосымша ақпаратты қараңыз).
This Sustainability Report has become a new and effective
forum for engagement with the local community. At the
beginning of 2019 when we were preparing the 2018 Report
we met with the External Advisory Board, representing the
combined opinions of environmental and social NGOs from
Atyrau and Mangystau Oblasts, to receive their comments
and recommendations. In April 2019, we presented the 2018
Report to the public and answered questions at three
special meetings in Atyrau and Aktau, moderated by Shynar
Izteleuova, Director of the Zhayik-Caspian Aarhus Center.
NCOC has in place a comprehensive programme for
communication with the stakeholders and engagement with
local media on pressing issues. In order to support the
local companies in finding new economic opportunities
related to the North Caspian Project, we provide the
information by using various ways from general awareness
seminars about the Project and participation in industry
conferences, to specialized vendor audits and dedicated
training courses (For more information please see the
Local Content section). Any citizen can raise concerns or
report potential non-compliance with our values and
principles (including anonymously) to NCOC Ethics and
Compliance officer, or use the Compliance Hotline opened
in 2017 (For more information please see the Business
Ethics section).
NCOC әйелдер қауымдастығы ресми және бейресми
қарым-қатынас жасау және кәсіби дағдылармен алмасу,
қауіпсіз жұмыс жағдайларын қолдау және ұжымдағы
қарым-қатынастарды нығайту арқылы NCOC компаниясы
қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында
2015 жылы құрылды.
Әйелдер қауымдастығының құрамына NCOC қызметкерлері
де, сондай-ақ мердігер компаниялардың қызметкерлері
де кіре алады.NCOC әйелдер қауымдастығы:
-
NCOC компаниясының барлық қызметкерлерінің жеке
және кәсіби өсуіне ықпал ету;
-
жұмыс істеп жүрген әйелдердің толыққанды өмір сүре
отырып, кәсіби дамуға ұмтылуында олардың құқықтары
мен мүмкіндіктерін кеңейту;
-
жұмыс орнында және NCOC компаниясынан тыс жерлерде
пікірлес әріптестерімен сұхбаттасу және
қарым-қатынас жасау;
-
Компания үшін де, сондай-ақ жергілікті халық үшін
де маңызды болып табылатын тиімділікті жақсарту;
-
NCOC компаниясының көп ұлтты ұжымында алынған
білімді қолдану үшін жағдай жасайды.
2015 жылдан бастап NCOC әйелдер қауымдастығы
тәлімгерлік бағдарламасы, жеке өсуге арналған
кездесулер, отбасылық іс-шаралар, шақырылған
қонақтармен кездесулер, қайырымдылық акциялары,
сонымен қатар жергілікті компаниялармен бірге
өткізілетін іс-шаралар сияқты бірқатар бағдарламалар
мен іс-шаралардың жүзеге асырылуына ықпал етті.
Қауымдастық қызметімізді жақсарту жұмыстарын жүргізу
арқылы және ұзақ мерзімді міндеттерді анықтауға
көмектесе отырып, NCOC жоғары басшылығы ортасында
беделге және қолдауға ие болды.
8.7. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰРЫП ЖАТҚАН ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ
ӨМІРГЕ ҚАТЫСУЫ
NCOC КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨЗДЕРІ ТҰРАТЫН
ӨҢІРЛЕРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУЫН ҚОЛДАЙДЫ.
2019 жылы NCOC қызметкерлері «TazaQazaqstan» және «Birge
Jasyl Qazaqstan» атты республикалық экологиялық
науқандарға белсенді қатысты:
-
3 тамызда NCOC қызметкерлері мен олардың отбасыларының
мүшелері Атырау әкімдігі АтырауМахамбет-Астрахань
айналма жолының төңірегінде белгілеген үш километрлік
алаңды тазартты. 3 сағат ішінде 2 жүк машинасына сыятын
қалдықтар жиналды.
-
24 тамызда NCOC компаниясының еріктілері «KMG Systems &
Services» компаниясының қызметкерлерімен бірге «Ақжайық»
мемлекеттік табиғи резерватының, Облыстық аумақтық орман
шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының, Дамба
поселкесі әкімдігінің қолдауымен Солтүстік Каспий
мұнайдың төгілуіне ден қою экологиялық базасымен шектес
аумақты қоқыстардан тазартты. Еріктілер 1 260 кг қалдық
жинады.
-
12 қазанда NCOC компаниясының Нұр-Сұлтандағы, Ақтаудағы
және Баутиндегі қызметкерлері кең ауқымды «Birge Jasyl
Qazaqstan» атты науқанға қосылды. Барлығы 220 ағаш
отырғызылды.
-
26 мамырда NCOC компаниясы Атырау облыстық аумақтық
орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясымен
және Атырау әкімдігімен бірлесіп Жайық өзенінің
жағалауын тазалау жөніндегі жыл сайынғы акцияны («Атырау
– таза қала») ұйымдастырды. Акция нәтижесінде алаңда
25м3 қоқыс жиналды.
-
NCOC компаниясы мен оның қызметкерлері Наурыз және Жеңіс
күні сияқты жергілікті халық үшін маңызды мерекелерге
қатысты.
-
2019 жылы NCOC қызметкерлерінен құрылған еріктілер тобы
Атырау мектептеріндегі бес мыңнан астам балаға өрт
қауіпсіздігі туралы әңгімелеп, олардың өрт шыққан
жағдайда әрекет ету, сонымен қатар оқиға орындарынан
кету мен эвакуациялану туралы білім деңгейінің артуына
ықпал етті.
8.8. КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ЖӘНЕ БІЛІММЕН БӨЛІСУ
Оператор шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен
алмастыру жөніндегі орта мерзімді және ұзақ мерзімді
мақсаттарына жету құралы ретінде қазақстандық
қызметкерлерді анықтау мен іріктеу және кейіннен оларды
оқытып, NCOC компаниясында ұзақ мерзім еңбек етуге
мүмкіндік беру үшін арнайы мақсатты бағдарлама әзірледі.
1998 жылдан бері Қазақстанның 18 000-нан астам азаматы
NCOC қызметкерлері немесе NCOC көмек көрсетіп жатқан
жергілікті компаниялардың қызметкерлері ретінде оқудан
өтті.
Жиырма жылдан астам кезең ішінде Оператор Солтүстік Каспий
жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті мүмкіндіктер жасау
мақсатында шамамен 289 млн АҚШ долларына тең қаражатты
қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және кәсіби оқытуға
жұмсады.
2019 жылы 116 студент NCOC компаниясында практикадан өтті.
Бұл бағдарлама жергілікті студенттерге халықаралық
мұнай-газ компаниясында шынайы жағдайларда жұмыс істеп,
саладағы ең заманауи жабдықтарда жұмыс істеу тәжірибесін
алуға мүмкіндік береді.
2019 жылы NCOC компаниясының 13 қызметкері Халықаралық
тағылымдама бағдарламасы бойынша іріктелді. Бағдарлама
2018 жылы NCOC қызметкерлеріне (және «ҚМГ» ұлттық
мұнай-газ компаниясынан іс-сапарға жіберілген
қызметкерлерге) кәсіби дағдыларын шыңдау және Компаниядағы
болашақ лауазымдарға дайындалу мақсатында шет елдердегі
акционер компанияларымызда екі жылға дейін жұмыс істеуге
мүмкіндік беру мақсатында басталды.
NCOC компаниясының оқу гранттары бойынша бағдарламасы
NCOC СКӨБК-ге сәйкес студенттер үшін гранттар беру
бағдарламасын әзірледі. Оператор Қазақстанның 3 420
студентіне Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі
оқу орнындарында білім алуға демеушілік қолдау көрсетті.
Осы мақсаттағы демеушілік ақшалай алғанда 8,3 млн АҚШ
долларынан асты.
Қазақстан азаматтарының (NCOC қызметкерлері емес)
мұнай-газ саласымен байланысты мамандықтар бойынша
академиялық оқуы, соның ішінде университеттерде,
колледждерде немесе басқа да оқу орындарында оқуы үшін
құрылған шәкіртақылық қорды NCOC қаржыландырып, KAZENERGY
қауымдастығы басқарады. Қордың ақшалай қаражаты конкурстық
негізде бөлінеді. NCOC компаниясы 42 оқу орнында оқитын
420 студентке 2019-2020 оқу жылына демеушілік қолдау
көрсетті, олардың ішінде 133-ке жуық студент Атырау
облысының тұрғындары болып табылады.
8.9. ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КАДРЛАРМЕН АЛМАСТЫРУ
СКӨБК-нің XXVII бабында Мұнай Операцияларын орындауға
тартылған қазақстандық персонал саны бойынша жалпы
мақсатты көрсеткіштер белгіленген. 2019 жылы Қашаған кен
орнын игерудің І кезеңі жобасының шеңберінде осы мақсатты
көрсеткіштер бойынша жұмыс қазірдің өзінде асыра
орындалды:
-
басшы лауазымдарының 82% жергілікті персоналдан тұрады;
-
инженерлік-техникалық лауазымдардың, әкімшілік
лауазымдардың және білікті мамандар атқаратын
лауазымдардың 95% жергілікті персоналдан тұрады;
-
жұмысшы және көмекші лауазымдардың 100% жергілікті
персоналдан тұрады.
Жалпы алғанда, 2019 жылды ңаяғына қарай NCOC операциялық
компаниясының 3 000-нан астам жұмыскерінің 91% Қазақстан
азаматтары болып табылады. Солтүстік Каспий жобасына
тартылған он мыңнан астам қызметкердің 95% Қазақстан
азаматтары болып табылады.
8.10. NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ; ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ
NCOC ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАУЛЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ БОЛУҒА ҰМТЫЛУДА.
NCOC компаниясы Еңбек кодексінің еңбекке ақы төлеу және
әлеуметтік пакет ұсыну жөніндегі құқықтық талаптарын
біршама асыра орындауда, бұл қызметкерлерді тартуға,
уәждеуге және ұстап қалуға, сонымен қатар олардың
бизнес-мақсаттарымызға жетуімізге үлес қосуына
ынталандыруға мүмкіндік береді. NCOC компаниясы жалақының,
сонымен қатар әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер
жинағының бәсекеге қабілеттілігін нарықтық зерттеулер
жүргізу арқылы мұқият реттеп отыр.
Көтермелеу қағидаттары «жұмыс нәтижелері бойынша ақы
төлеу» тәсілдемесіне негізделген, бұл мақсаттарымызға,
көзқарасымызға және құндылықтарымызға, сонымен қатар NCOC
мәдениетіне толық сәйкес келеді. Қызметкердің жалақысына
жыл сайын жалпы үстемеақы қосылуымен, Мұнайшы күні
қарсаңында сыйақы төленуімен және еңбек демалысына
шыққанда материалдық көмек көрсетілумен қатар, еңбек
сіңіргені үшін жеке жалақысының көтерілуі мүмкін және ол
жұмыс нәтижелері бойынша Компанияның жыл сайынғы сыйақысын
ала алады. Компанияның шешімі бойынша үстемеақы және
қосқан сүбелі үлесі үшін немесе Компанияның құндылықтарын
ұстануы үшін арнайы ақшалай сыйлық төленуі елеулі
ынталандыру шараларының бірі болып табылады. NCOC
компаниясында тікелей жалдау бойынша жұмыс істейтін
Қазақстан азаматтары басқа да көптеген өтемақы төлемдері
мен жеңілдіктер алады, олардың ішінде ақы төленетін еңбек
демалыстары мен ақысыз демалыс күндері, зейнетақы
төлемдері, білім алуға қаржылық қолдау көрсету,
медициналық сақтандыру мен өмірді сақтандыру, компанияның
көлік құралдарымен тегін жүру, спортпен шұғылдануға
қаржылай қолдау көрсету бағдарламасы, тұрғын үй алуды
ипотекалық несиелеу, жақын туыстарынан айрылған кезде
қаржылай көмек көрсету, балаларды оқыту, оқулықтар сатып
алуға көмек бар.
NCOC компаниясы жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылатын,
жұмыс істеу қызықтыратын және NCOC акционерлерінің
компанияларында халықаралық тағылымдамадан өту
мүмкіндіктері бар халықаралық ұжым болып табылады
(кәсіптік-техникалық оқыту және біліммен бөлісу туралы
8.6-тарауды қараңыз).
2019 жылы NCOC компаниясы қазақстандық жоғары оқу
орындарының 25 түлегін жұмысқа қабылдады, олардың оны
Атырау қаласының университеттерін тамамдаған.
Персоналдың тартылуы
NCOC компаниясы өз жұмысына болашақ көшбасшыларды тартуға
және әсіресе компанияның өндірістік қызметі жүргізіліп
жатқан маңызды алаңдарда еңбек ететін біліктілігі жоғары
мамандардың жұмыстан шығуына жол бермеуге тырысады. Бұл
ретте жұмыс көрсеткіштерін жақсарту үшін NCOC компаниясы
қызметкер мен басшылық арасында байланыс орнату арқылы
қызметкерлердің тартылуының анағұрлым жоғары деңгейін
қамтамасыз етуді маңызды міндет деп есептейді.
2019 жылы біз NCOC қызметкерлерінің тартылуын бағалау
бойынша пікіртерім жүргізуді бастадық. Пікіртерім
қызметкерлердің тартылуының ағымдағы деңгейін түсінуімізге
және компанияның ұйымдық мүмкіндіктеріне бағалау
жүргізуімізге көмектеседі. Бұндай пікіртерім NCOC
қызметкерлерін тарту жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын
әзірлеуге негіз болып табылады, бұл жоспарда пікіртерімнің
негізгі нәтижелеріне сүйене отырып, қызметкерлердің
тартылуын күшейту үшін алдағы 24 ай ішінде компания қолға
алатын іс-шаралар көрініс табатын болады.
Келесі 8 негізгі бағыт бойынша екі жылда бір рет
пікіртерім жүргізу жоспарлануда:
- Еңбекті ұйымдастыру және атқарушылық тәртіп
- Құрылым және жауапкершілік аясы
- Процестер және жүйелер
- Нұсқау
- Мінез-құлықты талдау
- Персонал мен дағдылар
- Өтемақы және төлемдер
- Тартылу дәрежесі
Мәдени ерекшеліктерді және жеке ерекшеліктерді құрметтеу
NCOC еңбек қатынастарында кемсітушіліктерге жол бермейді.
Қызметкерлерімізге арналған Іскерлік әдеп кодексімізде
жұмысқа қабылдау туралы шешім тек тиісті біліктілікке,
сіңірілген еңбекке, жетістіктерге және кәсіби факторларға
ғана негізделетіні көрсетілген.
NCOC үшін кез келген түрде қысымшылық көрсету, тіл тигізу
қорқыту немесе қастандық жасау әрекеттері немесе сондай
мінез-құлық мүлдем жат болып табылады. Басшылар
қызметкерлерін қысымшылық көрсету әрекеттерінен қорғау
және жұмыс орнындағы қысымшылық көрсету жайттарынан
мазасызданатын қызметкерлер ондай мәселелерді құпия түрде
талқылай алатын ахуал тудыру үшін жауапкершілік атқарады.
NCOC компаниясы жұмыс орнында қызметкерлердің біріне бірі
құрметпен қарауы негіз қалаушы қағидат болып табылатын,
үнемі жетілу жалпы мақсат болып табылатын, ал жекелеген
қызметкерлердің проблемалары дұрыс қабылданып,
қызметкерлерге және олардың мансабына зиян келтірмей
оңынан шешілетін ашықтық ахуалын қалыптастыруға мүдделі.
Еңбек даулары мен шағымдар
NCOC компаниясында еңбек даулары мен шағымдарды қарау
жөніндегі нақты саясаттар мен процедуралар әзірленді, олар
мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да бірдей
дәрежеде қолданылады. Еңбек даулары мен шағымдарды қарау
процедуралары қызметкерлердің проблемаларын басшылықтың
қаперіне жеткізуге және шағымдарды наразылық еңбек
жанжалына ұласпай тұрғанда ашық, тиісті түрде және дер
кезінде қарау мен реттеуді қамтамасыз етуге арналған.
Қызметкерлер өздерінің шағымдарын қысылмастан және
жұмыстан шығаруы мүмкін деген қорқынышсыз еркін және ашық
мәлімдей алады. NCOC компаниясы кез келген қызметкер
берген кез келген жазбаша шағымды қабылдауға, тіркеуге
және қарауға міндетті. Қызметкерлер өздерінің пікірлері
бойынша олардың еңбек құқықтарын бұзатын шешімге шағым
келтіруге құқылы. Егер еңбек дауы немесе шағым NCOC
компаниясының ішінде реттелмесе, олар Қазақстан
Республикасының тиісті ресми тұлғаларының қарауына
ұсынылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай
NCOC компаниясы да, оның мердігер ұйымдары да
қызметкерлерді заңды еңбек акцияларына қатысуға немесе
қатыспауға мәжбүрлей алмайды және қызметкердің жұмыс орны
мен оған тиесілі жеңілдіктерді сақтауға тиіс.
NCOC компаниясында еңбекақының уақытында төленуін,
мердігерлеріміз бен қосалқы мердігерлеріміз ұсынатын
тұрғынжайлардың жағдайларын және асхана қызметінің күйін
бақылауға арналған саясаттар мен процедуралар
қарастырылған.
8.11. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА КЕШЕНДІ АУДИТ ЖҮРГІЗУ
NCOC көптеген жылдар бойы өзінің ұйымдық құрылымы ішінде
адам құқықтарына құрметпен қарауды қолдау жұмысын жүргізіп
келеді. Біздің тәсілдемеміз бірнеше негізгі элементтен
тұрады, соның ішінде:
-
қолданылатын заңнама мен нормативтік-құқықтық актілердің
сақталуы;
-
мүдделі тараптарымызбен тұрақты түрде талқылау және
қарым-қатынас жасау;
-
өз қызметімізді жүзеге асырып жатқан өңірлердегі
жергілікті халықтың жалпы әл-ауқатын жақсартуға тікелей
немесе жанама үлес қосу;
-
тиісті мәселелер қарастырылатын қызметіміздің Жалпы
қағидаттарын, Іскерлік әдеп кодексін және Парақорлықпен
және жемқорлықпен күрес жөніндегі басшылықты сақтау.
Өз қызметкерлерімізге қатысты бұндай тәсілдеме заңнаманы
сақтаудан, қызметкерлердің жеке деректерінің қорғалуын
қамтамасыз етуден, мәдени ерекшеліктерге құрметпен
қараудан және кадрлар саласындағы бағдарламаларымыз бен
саясаттарымызды үнемі жетілдіруден тұрады («NCOC еңбек
ресурстары» тарауын қараңыз).
Жабдықтаушылар да өздерінің келісімшарттық
міндеттемелеріне сәйкес бізбен бірге орындайтын
жұмыстарының барлық салаларында қызметіміздің Жалпы
қағидаттарын және Іскерлік әдеп кодексімізді сақтаулары
тиіс.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
NCOC компаниясында өз қызметкерлерін, нысандарын, іскерлік
ақпаратын және басқа да активтерін қорғау мақсатында
тиісті бағдарламалар мен қауіпсіздік пен күзетті
қамтамасыз ету шаралары әзірленген. NCOC компаниясының
өндірістік алаңдарында қатерлерді бағалаудың тексеруден
өткен, құрылымдалған әдіснамасы негізінде әзірленген
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасы енгізілген. NCOC
компаниясы өз қызметі жүргізілетін алаңдарда қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қатысты тиісті заңнама мен
нормативтікқұқықтық актілердің талаптарын сақтайды және
жергілікті және республикалық құзырлы қорғау органдарын
тарта отырып, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесіне бірыңғай және үйлестірілген тәсілдеменің
қолданылуына ықпал етеді.
NCOC компаниясының қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы қатерлерді басқару қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың қолдауымен және
жеке меншік күзет кәсіпорындарымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметтері NCOC компаниясына
аумаққа рұқсатсыз ену оқиғаларының алдын алуға, соның
ішінде жаппай тәртіпсіздікке, шерулерге немесе қоғамдық
тәртіпті бұзу оқиғаларына қарсы тұру мәселелері бойынша
жан-жақты көмек көрсетуде.
NCOC қауіпсіздік қызметі Адам қауіпсіздігі және құқықтары
жөніндегі ерікті қағидаттарға сәйкес жұмыс істейді және
мердігер ұйымдардан да осы қағидаттарды сақтауды талап
етеді. Осы қағидаттардың ережелері қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қызметін көрсетушілермен жасалған
келісімшарттардың ажырамас бөлігі болып табылады.
2019 жылы NCOC компаниясы осы қағидаттарды енгізуді
жалғастырды және өндірісте, сондай-ақ жалпы компания
бойынша хабардарлық деңгейін арттыру бойынша курстар
өткізді.
NCOC қауіпсіздік қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы мердігер үшін бірқатар оқу курстары мен
семинарлар өткізді. Сонымен бірге біз мердігердің
«Іскерлік әдеп стандарттарына және адам құқықтары
жөніндегі қағидаттарға» толық сай болуын қамтамасыз ету
үшін бақылау мақсатындағы тексерулерді тұрақты түрде
жүзеге асырамыз.
8.12. ІСКЕРЛІК ӘДЕП
ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНДЕ АДАЛДЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК
ЖӘНЕ ӘДІЛДІК НЕГІЗ ҚАЛАУШЫ ҚАҒИДАТТАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖӘНЕ
БІЗ БҰНЫ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗДЕН ДЕ ТАЛАП ЕТЕМІЗ.
Хабардарлық
NCOC қызметінің жалпы қағидаттары қызметіміздің барлық
салаларына қатысты қолданылады. Олар NCOC компаниясының
әрбір қызметкерінің, соның ішінде тікелей еңбек шарты
бойынша еңбек ететін қазақстандық персоналдың, уақытша
қызметке тағайындалған қызметкерлердің және мердігерлер
персоналының мінезқұлқына қойылатын талаптардың
сипаттамасын қамтиды. Оның үстіне NCOC компаниясының
барлық қызметкерлерінен негізгі құндылықтарымызға сәйкес
қызметіміздің жалпы қағидаттарын қолдануға қатысты
нұсқаулар берілген Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын
сақтау талап етіледі. Онда заңнама талаптарын және
тапсырыс берушілермен, жергілікті халықпен және
әріптестермен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтау
бойынша практикалық нұсқаулар берілген. Талаптарға
сәйкестікті қамтамасыз ету үшін персоналды хабардар ету
бағдарламасы және мониторинг бағдарламасы әзірленген және
енгізілген.
Жабдықтаушылар
Мердігерлер мен жабдықтаушылар өздерінің келісімшарттық
міндеттемелеріне сәйкес бізбен бірге орындайтын
жұмыстарының барлық салаларында қызметіміздің Жалпы
қағидаттарын және Іскерлік әдеп кодексімізді сақтаулары
қажет. Келісімшарттарға қол қою алдында NCOC компаниясымен
бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірген барлық тараптардың
тәуелсіз кешенді аудиті жүзеге асырылады.
NCOC келісімшарттарында мердігерлер мен жабдықтаушыларға
қатысты өз қызметтерін бизнес жүргізу қағидаттарына және
іскерлік әдеп стандарттарына қатаң сәйкестікте жүзеге
асыру туралы талап бар.
Содан кейін қатерлерге жүргізілетін бастапқы талдаудың
нәтижелері бойынша кейбір компанияларға міндетті түрде
оқудан өту туралы сұрату жолдануы мүмкін немесе олардың
қызмет жүргізу тәжірибелерінің біз күткен болжамдарға
сәйкес болуы мақсатында келісімшарттың ерекше талаптары
белгіленуі мүмкін.
Болжамды бұзушылықтар
NCOC компаниясында ешбір адам персоналдан заң бұзатын
немесе Бизнес жүргізудің негізгі қағидаттарына немесе
Іскерлік әдеп кодексіне қайшы келетін іс-әрекеттерді
орындауды талап ете алмайды. Егер қызметкер ондай әрекетке
немесе нұсқауға тап болса, ол тергеу жүргізу және қажет
болуы мүмкін шараларды қолдану үшін құпия түрде сол жағдай
туралы супервайзеріне, NCOC компаниясындағы іскерлік әдеп
және нормаларға сәйкестік жөніндегі маманға немесе
сәйкестік мәселелері бойынша тікелей байланысу желісі
арқылы хабарлауға құқылы. Сәйкестік мәселелері бойынша
тікелей байланыс желісі сыртқы компания қызмет көрсететін
веб-сайттан (http://www.ncoc.deloitte-hotline.com),
электрондық пошта адресінен (ncoc.hotline@deloitte.kz) және
телефон нөмірінен тұрады (8 800 080 15 65
), осы байланыс құралдары арқылы кез келген адам соның
ішінде аты-жөнін айтпай Іскерлік әдеп кодексінің бұзылу
ықтималдығы туралы хабарлай алады.
NCOC компаниясының персоналы, жабдықтаушылары,
мердігерлері немесе басқа да кез келген тараптар өздерінің
алаңдаушылықтары немесе құндылықтарымыз бен
қағидаттарымызға сәйкес келмеуі мүмкін жағдайлар туралы
NCOC компаниясындағы іскерлік әдеп және нормаларға
сәйкестік жөніндегі маманға хабарлай алады немесе осы
мақсатта тікелей байланысу желісін пайдалана алады (соның
ішінде құпия түрде). Бұндай хабарламалардың мазмұны құпия
сақталады. Іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік
жөніндегі маманы мәлімдемені қарайды және көрсетілген
жайттар расталған жағдайда Компанияның басшылығы
анықталған мән-жайларға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.
NCOC компаниясы Қызметіміздің жалпы қағидаттарының,
Іскерлік әдеп кодексінің немесе Парақорлықпен және
жемқорлықпен күрес жөніндегі басшылықтың не болмаса
қолданылатын заңнама талаптарының бұзылуы мүмкін оқиғалар
туралы хабарлаған адамдарға қатысты қандай да бір шара
қолдануға жол бермейді.
8.13. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
NCOC КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ НАҚТЫ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАРЫН
БАСШЫЛЫҚҚА АЛАДЫ: КЕЗ КЕЛГЕН НЫСАНДА, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ
ЖАНАМА ТҮРДЕ ПАРА ҰСЫНУҒА, БОПСАЛАУҒА, ТӨЛЕУГЕ НЕМЕСЕ
ҚАБЫЛДАУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
Саясаттар
NCOC компаниясының Парақорлықпен және жемқорлықпен күрес
жөніндегі нұсқауында мемлекеттік лауазымды тұлғалармен кез
келген қарым-қатынастың тікелей белгіленген іскерлік
мақсаттармен және нормативтік талаптармен байланысты
болуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң
сәйкестікте жүзеге асырылуын және қолданылатын кез келген
халықаралық заңнамалық актілерге сай болуын қамтамасыз
етуге арналған саясаттар мен процедуралар бар.
NCOC компаниясы өз персоналынан өзінің жеке қызметі,
сонымен қатар отбасылық қатынастары мен NCOC қызметіндегі
рөлі арасындағы мүдделер қайшылығынан аулақ болуды талап
етеді.
NCOC компаниясы өзінің барлық мәмілелеріне белгіленген
процедуралар мен келісімдерге сәйкес дәл және уақтылы
бухгалтерлік есеп жүргізеді.
Мердігерлер мен жабдықтаушылар өздерінің NCOC
компаниясымен жасалған келісімшарттарының баптарына сай
бізбен бірге орындайтын жұмыстарының барлық салаларында
Қызметіміздің жалпы қағидаттарын сақтауға міндетті.
Жоғарыда айтылғандай, талаптардың сақталмауына қатысты
күмән немесе күдік туындаған жағдайда бұл туралы құпия
түрде NCOC компаниясындағы іскерлік әдеп және нормаларға
сәйкестік жөніндегі маманға хабарлауға болады немесе осы
мақсатта тікелей байланысу желісін пайдалануға болады.
Расталған кез келген тәртіп бұзу жағдайының салдары ауыр
болуы ықтимал, соның ішінде тиісті адамдар жұмыстан
шығарылуы және тиісті келісімшарттар бұзылуы мүмкін.
8.14. ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
NCOC компаниясы өз қызметінің Жалпы қағидаттарында
Қазақстанның денсаулық, еңбек, қауіпсіздік және қоршаған
ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық базасын
жетілдіруге әдепті және сындарлы тәсіл қолдану жолын
ұстануға міндеттенеді. NCOC компаниясы Қазақстанның
энергетикалық және мұнай-газ салаларында жұмыс істейтін
компаниялардың KazEnergy коммерциялық емес қауымдастығының
белсенді мүшесі болып табылады. NCOC компаниясы «Атамекен»
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Мұнай-газ өнеркәсібі
комитетінің құрамына кіреді. Осы ұйымдардың шеңберінде біз
саламызға әсер ететін жалпымемлекеттік қызметтің өзекті
мәселелерін талқылауға жиі атсалысамыз. NCOC компаниясы
Америка сауда палатасының Қазақстандағы мүшесі болып
табылады және шетелдік инвестициялар үшін ахуалды
жақсартуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық қызметке
қатысуда.
NCOC саяси мақсаттарға ешқандай қаржылай көмек
көрсетпейді.