• NCOC (current)
    Солтүстік Каспий жобасы Солтүстік Каспий жобасының негізгі кезеңдері «NCOC» компаниясының басқару жүйелері Өндірістік операциялар барысы
    Қоршаған ортаға қамқорлық Бірегей ландшафт Бірегей жабайы табиғат Экологиялық басқару
    Қазақстан үшін экономикалық пайда Жергілікті қамту Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар ҚР студенттеріне арналған демеушілік бағдарлама Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы
  • ІСКЕРЛІК ӘДЕП
  • Жергілікті қамту
  • NCOC компаниясымен жұмыс істеу
    Жеке тұлғалар үшін Жабдықтаушылар үшін Сатып алу үдерісі ДЕҚҚОҚ бойынша оқулар
  • Жарияланымдар
  • Жаңалықтар
  • Тұрақты даму
    Тұрақты даму 2021 Тұрақты даму 2020 Тұрақты даму 2019 Тұрақты даму 2018 Тұрақты даму 2017 Тұрақты даму 2016 Тұрақты даму 2015
  • Байланыс
  • Жедел ЖЕЛI
  • Қазақша
  • English
  • Русский
logo
  • NCOC (current)
    Солтүстік Каспий жобасы Солтүстік Каспий жобасының негізгі кезеңдері «NCOC» компаниясының басқару жүйелері Өндірістік операциялар барысы
    Қоршаған ортаға қамқорлық Бірегей ландшафт Бірегей жабайы табиғат Экологиялық басқару
    Қазақстан үшін экономикалық пайда Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар ҚР студенттеріне арналған демеушілік бағдарлама Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы
  • ІСКЕРЛІК ӘДЕП
  • ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ
  • NCOC-мен ЖҰМЫС
    Жеке тұлғалар үшін Жабдықтаушылар үшін Сатып алу үдерісі ДЕҚҚОҚ бойынша оқулар
  • ЖАРИЯЛАНЫМДАР
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ТҰРАҚТЫ ДАМУ
    Тұрақты даму 2021 Тұрақты даму 2020 Тұрақты даму 2019 Тұрақты даму 2018 Тұрақты даму 2017 Тұрақты даму 2016 Тұрақты даму 2015
  • ВИДЕО
  • ҚАЗАҚША
  • ENGLISH
  • РУССКИЙ
НКОКЖергілікті қамту
Page Content

Жергілікті Қамту

local content

NCOC N.V. СКӨБК шеңберіндегі қызметінің Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына елеулі мүмкіндіктер туғызатынына сенімді.

Бұған ең алдымен NCOC N.V. қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен регламенттеріне сәйкес жауапты, тиімді және ашық басқару арқылы қол жеткізуге болады.

Қашаған кен орнын игеру жобасы Қазақстанда теңіздегі мұнай кен орындарын игеруге жол ашты. Осы техникалық жағынан күрделі жоба бойынша шешім қабылданған шақта Каспий өңірінде жобаны

жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымы мен құрылыс жабдықтары бар қолдау базалары да, теңіз кемелері немесе бұрғылау қондырғылары болған жоқ.

Жергілікті жабдықтаушыларды, мамандарды және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялар Қазақстанда бірқатар кәсіпорындар құруға және олардың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.


Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы санмен берілген жетістіктер:
  • 2006-2022 жылдар аралығында NCOC N.V. компаниясының қатысушыларды жалпы жобамен және келісімшарт талаптарымен таныстыру, сонымен қатар тендерлік ұсыныстарды дайындау мен кәсіби жарамдылықты алдын ала бағалаудан өту туралы толығырақ мағлұмат беру мақсатында ұйымдастырған семинарлары мен форумдарына 1 700 жергілікті компания қатысты.
  • 2006–2022 жылдар аралығында Оператор 225 жергілікті компанияға тауарлар мен қызметтерді басқару, олардың сапасы саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаттарын алу бойынша қолдау көрсетті, сол арқылы олар NCOC N.V. компаниясымен жасаған келісімшарттар бойынша бәсекеге қабілеттіліктерін мейлінше арттыра алды.
  • 2006–2022 жылдар аралығында NCOC N.V. жергілікті компаниялардың өндірістік алаңдарына бара отырып, Солтүстік Каспий жобасының тендерлері шеңберінде ұсынылатын материалдар мен қызметтердің жоғары техникалық талаптарға және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестігін бағалау мақсатында 430-ға жуық техникалық аудит өткізді.
  • 2006–2022 жылдар аралығында Оператор жергілікті компаниялардың 5 390-дан астам қызметкері үшін «Тұйық кеңістікте жұмыс істеу», «Дәнекерлеу жұмыстарының өндірістік қауіпсіздігі», «Электрондық жүйелер мен құрылғылар», «Биіктіктегі жұмыстар», «Жылжымалы кранды пайдалану» және т.б. сынды ең жоғары сұранысқа ие салаларда кәсіби-техникалық оқыту шараларын ұйымдастырды.
  • Сонымен қатар 2015–2022 жылдар аралығында жергілікті компаниялардың 560-ге жуық қызметкері NCOC N.V. компаниясымен ұйымдастырылған бүтіндікті сақтап тексеру бойынша оқу курстары мен сертификаттаудан ойдағыдай өтті.

Жергілікті Қамту Жөніндегі Саясат

Қр «Жер Қойнауы Және Жер Қойнауын Пайдалану Туралы» Заңына Сәйкес Анықтамалар

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;

Қазақстандық тауар өндірушіҚазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;

Қазақстанда шығарылған тауар тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;

Тауардағы қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;

Жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) қазақстандық қамту жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттарының бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы қазақстандық қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;

Кадрлардағы қазақстандық қамтужұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісімшартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;

Жергілікті Қамтуды Арттыруға Бағытталған Қызмет

Кәсіпорындарды дамыту

Оператор жергілікті кәсіпорындарды дамытуға қатысты жүйелі тәсілдеме әзірледі, ал ол өз кезегінде негізгі төрт кезеңнен, атап айтқанда жоспарлаудан, әзірлеуден, жүзеге асырудан және мониторинг жүргізуден тұрады.

Консорциум жоспарлау кезеңінің бір бөлігі ретінде Қашаған кен орнын игеру шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны, сонымен қатар нақты мақсаттары жергілікті қамту үлесін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды қабылдады.

local content

Барлық келісімшарттарға қатысты алғашқы кезеңде жергілікті компаниялардың қуаттарын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жергілікті қамту жөніндегі стратегиялар жүзеге асырылады.

Жұмыстарды жобалау кезеңінде шетелдік жобалау компанияларының жобалық нормативтерге (МЕМСТ) сәйкес отандық компаниялар жасап шығарған нақты материалдар мен жабдықтарды пайдалануын қамтамасыз ету мүмкіндіктері көзделеді.

Жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін жобаның келешектегі қажеттіліктері талданады, талдау нәтижелері кейіннен Консорциумның ұзақ мерзімге есептелген сатып алу жоспарында ескеріледі.


2012 жылдың 25 қыркүйегінде NCOC N.V., ҚазМұнайГаз, ТШО және ҚПО компаниялары арасында Ақтау біріккен іс-қимылдар декларациясына қол қойылды.

Ақтау біріккен іс-қимылдар декларациясына

2012 жылғы 25 қыркүйекте Оператор 1. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» («ҚПО»); 2. «ҚазМұнайГаз» («ҚМГ») ҰК АҚ; 3. «Теңізшевройл» ЖШС («ТШО») компанияларымен бірге Ақтау біріккен іс-қимылдар декларациясына («АД») қол қойды.

АД мақсаты - сезімтал емес және құпия емес ақпаратпен алмасу және қолжетімді тұрақты нәтижелері мен іске асыру мерзімдері бар жаңа бастамаларды дамыту мүмкіндігін беру мақсатында Операторлар, инвесторлар мен Агенттердің жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жеке бағдарламаларын үйлестіруді және олардың біркелкілігін жетілдіруге қажет механизмдерді әзірлеу.

АД дайындау және жүзеге асыру мақсатында саланың мүдделі тараптарынан тұратын Салалық жұмыс тобы құрылды. Салалық жұмыс тобының атқаратын міндетіне синергетикалық әсерді айқындау, жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ағымдағы бағдарламалардың нәтижелерін одан әрі дамыту және жергілікті жабдықтау әлеуетінің өсуіне ықпал ететін жаңа міндеттерді белгілеу кіреді.

Салалық жұмыс тобы тиісті бірлестіктермен бірге қарауы тиіс бастапқы іс-қимылдардың басым мәселелеріне мыналар жатады:

• АД шеңберіндегі барлық бастамалар жергілікті қамтудың тұрақты дамуын терең түсінуге негізделетіндей Операторлармен келісілетін ұсыныстар мен сұраныстардың кешенді жобалық жүйесін дайындау;

• Операторлардың түрлі шарттық қағидалар («ӨБК», «БК») шеңберіндегі жұмыстарына байланысты салалық жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бастамалардың шектеулерін нақтылау;

• Операторлардың түрлі корпоративтік тәжірибелерді қолданатынын ескере отырып, біліктілік бойынша алдын ала іріктеу процестері мен тендерлік процедураларды біріздендіру мүмкіндігі мәселесі бойынша консенсусқа қол жеткізу;

• Синергетикалық әсер құру және ынтымақтастық пен қолдау үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында саладағы жергілікті қамтуды дамыту бойынша қолданылып жатқан және келешекке жоспарланған бағдарламалардың барлығына шолу жасау.

КАДРЛАРДЫ ҰЛТТАНДЫРУ (NEED TO CHECK)

Қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ саласы қазақстандық жастар үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынуда. Мұнай-газ секторы өзінің инновациялық әлеуеті мен техникалық міндеттері тұрғысынан алғанда өзіне тартылған мамандардан кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін талап етеді.

Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімнің шарттарына, заңнамалық талаптарға, Елбасы белгілеген жоспарлар мен міндеттерге сәйкес NCOC N.V. пен оның Агент-компаниялары жобадағы жергілікті тауарлар мен қызметтердің үлесін барынша

manpower

арттыруға ұмтылуда. Консорциум шетелдік мамандарды жергілікті қызметкерлермен бірте-бірте алмастыру мақсатында қазақстандық мамандарды кәсіби дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар әзірледі.

Оператор кезі жеткенде шетелдік мамандарды тиісті дайындығы мен тәжірибесі бар жергілікті білікті мамандармен біртіндеп алмастыру үшін бірқатар тәсілдер мен процедураларды пайдаланады. Алмастыру процесі кадрларды ұлттандыру бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.

Кадрларды Ұлттандыру

СКӨБК-нің XXVII бабы Мұнай Операцияларын жүзеге асыру үшін қазақстандық кадрларды жинақтаудың жалпы деңгейлерін көздейді. Төмендегі суретте көрсетілгендей, Солтүстік Каспий Консорциумы көзделген жалпы деңгейлер бойынша мақсатты көрсеткіштерден асып түсті.

Атап айтсақ, қарқынды жұмыстар жүргізілген шақтарда жобада 42 000-нан астам адам (мердігер ұйымдардың қызметкерлерін қосқанда) еңбек етті, бұл осы жобаны Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші етті.

2013 жылдың IV тоқсанына қараған шақта Консорциумның қызметкерлер саны Қазақстанда қосалқы мердігерлердің персоналымен бірге есептегенде 13 800 адамды құрады. Олардың 82% - ҚР азаматтары, бұл осы тектес жоба үшін теңдесі жоқ көрсеткіш болып табылады.

Сонымен бірге 2012 жылдың IV тоқсанында Батыс Ескенеде теміржол кешенінің құрылысы басталды. Бұл жоба бойынша Қазақстан азаматтары үшін уақытша 3000-нан астам жұмыс орнын ашу көзделген.

Мердігерлерімізбен Танысыңыз

Қазақстандық кәсіпорындардың табысқа жету тарихы

KCOI

Ынтымақтастық - дамудың кілті

Your browser does not support HTML5 video.
Бемер Арматурен Казахстан

Неміс сапасы - сәттіліктің кепілі

Your browser does not support HTML5 video.
«АтырауНефтемаш»

100 жыл машина жасау саласында

Your browser does not support HTML5 video.
«West Dala LLP»

Жасыл экономикаға қол жеткізу

Your browser does not support HTML5 video.
«Әлемдік нарыққа шығу»

API халықаралық стандарты бойынша сертификатқа ие болу туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Ауқымды кемелдену»

API халықаралық стандарты бойынша сертификатқа ие болу туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Теңіз индустриясының дамуы»

Теңіз индустриясындағы қазақстандық мұнай сервис компаниясының дамуына түрткі болған Қашаған жобасы туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«20 жыл ынтымақтастық тәжірибесі»

Геология және геофизика салаларында Солтүстік Каспий жобасымен 20 жыл бойы ынтымақтастық тәжірибеге ие ғылыми – зерттеу орталығы туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Жаңа межелерді еңсерген»

Тәуелсіздік жылдары жобалау, құру салаларында, құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарында отандық нарықтың көшбасшысы бола білген қазақстандық жетекші инжинирингілік компаниялардың бірі «Монтажспецстрой» кәсіпорны туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Теңіздегі операциялардың көшбасшысы»

Қашаған кен орнын игеру жұмыстарына белсенді түрде үлес қосып, жағалау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырып отырған, Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүргізілетін теңіздегі мұнай операцияларын қолдау жұмыстарымен айналысатын жетекші отандық компания туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Қайтсе көшбасшы болады»

10 жыл ішінде Маңғыстау өнеркәсібінің көшбасшысына айналған Солтүстік Каспий жобасындағы теңіздегі ең ірі мердігерлерінің бірінің даму тарихы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Өз айлағыңды табу»

Халықаралық компаниялармен бәсекелесу қиындықтары және Қашаған жобасының қазақстандық алғашқы дербес кемеге иелік ететін компанияның дамуына жол ашқаны туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Теңізге байлаулы үміттер»

Қазақстан үшін теңіздегі мұнай-газ операциялары үшін жаңа қызмет түрінің қалыптасуы және отандық алғашқы теңізге қызмет ететін кейтеринг компаниясының құрылуы туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Толқынды толқытқандар»

Қазақстандықтар тәуелсіздікті алғаннан кейін ғана шындап кіріскен кәсіп иелері - Солтүстік Каспий капитандары туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Тұрақтылық формуласы»

«Болашақ» зауытының құрылысы және Солтүстік Каспий жобасымен қарым-қатынас тұрғысында ең тәжірибелі компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Тек тұрмаған мақсатына қауышар»

Атырауда серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірінің өнімі мұнай қызметтері нарығында сапаның әлемдік деңгейіне шыққаны туралы.

Your browser does not support HTML5 video.
«Тәжірибең – басты одақтасың»

Ұлыбритания мамандарының тәжірибесі жобалау саласында ең ірі біріккен кәсіпорындардың бірінің құрылуына қалай көмектескені жөнінде.

Your browser does not support HTML5 video.
«Жаңа көшбасшылар ұрпағы»

Қашаған жобасындағы шет елдік менеджерлерді алмастырған жас қазақстандықтар мен отандық мамандардың жаңа легі туралы.

Жабдықтауды Ұйымдастыру

ЖЕТКІЗУЛЕР ЖҮЙЕСІНЕ ТӘН ТӘУЕКЕЛ

NCOC N.V. компаниясы жабдықтау мен сатып алуға арналған қызметінде NCOC N.V. компаниясының Іскерлік Кодексіне және нормативтік-заңдар талаптары мен ӨБК (Өнімді бөлісу туралы келісімі) сәйкес моральдық принциптерге және өнегелілік, адалдық, ашық пен кемсітуді болдырмау мақсатын ұстанады: келісім-шарттарды бекіту туралы шешімді қабылдаған кезде кандидаттарды тендер арқылы конкурстық негізде таңдау, тендерлерді толық құпиялылықпен, айырықша шыншылдықпен және адалдықпен, тендерге қатысушылардың барлығымен құпиялы негізде ақпарат алмасу жолымен өткізу әдісі қолданады.

Осы тарауда NCOC N.V. жеткізушісі болуына қажет процес толыққанды келтірілген.

Сатып алу үдерісі
Жабдықтаушылардың біліктілігін бағалау

тендер барысында назарға алынатын Жабдықтаушылар тізімі жасалады Нарық туралы мәлімет – NCOC N.V. компаниясы жобаны жүзеге сәтті асыру үшін өз қызметіне әлеуетті қатысушысы бола алатын қазақстандық компанияларды таңдайды. Компания қызмет және тауарлар жеткізушілермен өзі байланысуы мүмкін немесе жеткізушілер өздері туралы мәлімет берулері мүмкін. Егер Сіз өз компанияңыздың қызметі туралы мәлімет бергіңіз келсе осы сілтемедегі нысанды толтырыңыз.

Толтырылған нысандағы мәлімет компанияның арнайы жабдықтаушылар туралы деректер жинақталған Нарық туралы мәлімет дерекқорына енгізіледі. Әріне, жабдықтаушы туралы мәліметтің дерекқорға енгізілуі жабдықтаушының біліктілік бағалаудан өткені болып саналмайды.

NCOC N.V. дерекқорда тіркелген жабдықтаушыны Компанияның арнайы. Жабдықтаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жабдықтаушының біліктілігін бағалау процесі басталады және сол мақсатта жабдықтаушымен жұмыс жасау үшін өнім сапасы мен жабдықтаушылардың қызмет көрсету мәселелері жөніндегі инженері тағайындалады. Осы маман жабдықтаушының біліктілік таңдаудан өтуін басқарады және басынан аяғына дейін көмектесетін болады. Бұл кезеңде жабдықтаушы NCOC N.V. компаниясына өз мекемесі туралы бар қажетті мәліметті ұсынады.

Жабдықтаушыны бағалау - бұл кезеңде жабдықтаушының өндірістік және техникалық мүмкіндіктері NCOC N.V. талаптарына сәйкестігі бағаланады.

Бағалау төмендегі әдістермен жүзеге асырылады:

  • Алынған мәліметті талдау
  • Жеткізушілермен кездесу
  • Жабдықтаушының өндірістік орындарына бару (қажеттік туған жағдайда)
  • Басқа мәлімет көздерін пайдалану (қажеттік туған жағдайда)

Бағалау процесі аяқталған соң, оның нәтижесі жабдықтаушыға хат арқылы ресми хабарланады.

Тендерді өткізу және Келісім-шартты беру - Келісім-шарт бәсекелес тендер барысында экономикалық және техникалық тұрғыдан тиімді ұсыныс жасаған Тендер қатысушысына беріледі.

  • Тендерге қатысушылардың тізімі - Келісім-шарт және сатып алу бөлімінің әрбір ұсыныс негізінде NCOC N.V. компаниясының жабдықтаушылар тізімі бойынша тендерге қатысушылар тізімі жасалады. Осылайша, компания, қазақстандық тауарлар және қызмет ұсынушыларға барынша мүмкіндік жасайды. Келісім-шартты билеуші бөлімі келісім-шарт бойынша жұмыс көлемін, техникалық шарттарды, санын, жеткізу талаптарын анықтайды.
  • Тендерге шақыру қағаздарын (ТШҚ) дайындау, бекіту және тарату
    Келісім-шарт және сатып алу бөлімінің қызметкерлері тендерге қатысуға шақыру үшін құжаттамалар пакетін және әрбір тауар, жқмыс және қызмет түріне кемінде үш қатысушымен конвертке салынған ұсыныстар беріледі. NCOC N.V. берілген ұсыныстардың ешқайсысын, мейлі оның бағасы төмен немесе жоғары болсын қабылдауға міндеттенбейді, сондай-ақ тендер дайындауға кеткен шығындар бойынша және оларды тендерге қатысушыларға өтеу бойынша өзіне жауапкершілік жүктемейді.«NCOC N.V.» компаниясының тендерлік құжаттама дайындау жөніндегі презентациясын берілген сілтеме арқылы көріп, таныса аласыз.
  • Тендерге қатысушылармен ақпарат алмасу
    Тендерге қатысушылар келісім-шарттар және сатып алу бөліміндегі тағайындалған байланысу тұлғасы арқылы кез келген аспектілер бойынша жазбаша түрде, техникалық сипаттағы түсіндірмелер алуы мүмкін. Компания тарапынан, осы кезеңде түсетін ақпараттық сипаттағы кез келген түсіндірмелер, тендерге тең жағдайда қатысуды қамтамасыз ету мақсатында, тендерге қатысушылардың барлығына таратылады.
  • Тендерлік ұсыныстар беру
    NCOC N.V. компаниясы тендердің сапалы техникалық және экономикалық нәтижелерін қамтамасыз ету үшін, тендерге қатысушылардың жауаптарына арнап стандарттық нысандар мен конверттер береді. Бағасы көрсетілмеген техникалық келісім-шарттық ұсыныс және бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс әрқайсысы бөлек конверттермен жіберіледі.
  • Тендерлік ұсыныстарды бағалау
    Техникалық және келісім-шарттық ұсыныстарды бағалау жабдықтауға сұраныс берген бөлімдермен және тендермен айналысатын келісім-шарттар және сатып алу бөлімінің бөлімшесімен жүргізіледі. Бекітілген конверт сейфте сақталады және ұсыныс техникалық, келісім-шарттық параметрлері бойынша үздік болған жағдайда ғана ашылады.

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ

  • Жергілікті қамту

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ ЖӨНІНДЕГІ САЯСАТ

  • Жергілікті қамту жөніндегі саясат
  • Қр «Жер Қойнауы Және Жер Қойнауын Пайдалану Туралы» Заңына Сәйкес Анықтамалар

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТ

  • Кәсіпорындарды дамыту
  • Ақтау біріккен іс-қимылдар декларациясына
  • Кадрларды ұлттандыру
  • Еңбек Ресурстарын Дамыту

МЕРДІГЕРЛЕРІМІЗБЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

  • Қазақстандық кәсіпорындардың табысқа жету тарихы

САТЫП АЛУ ҮДЕРІСІ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ БРОШЮРАСЫ 2019

NCOC
  • Солтүстік Каспий жобасы
  • Солтүстік Каспий жобасының негізгі кезеңдері
  • «NCOC» компаниясының басқару жүйелері
  • Өндірістік операциялар барысы
  • Қоршаған ортаға қамқорлық
  • Бірегей ландшафт
  • Бірегей жабайы табиғат
  • Экологиялық басқару
  • Қазақстан үшін экономикалық пайда
  • Жергілікті қамту
  • Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар
  • ҚР студенттеріне арналған демеушілік бағдарлама
  • Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы.
ІСКЕРЛІК ӘДЕП
NCOC КОМПАНИЯСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
  • Жеке тұлғалар үшін
  • Жабдықтаушылар үшін
  • Сатып алу үдерісі
  • ДЕҚҚОҚ бойынша оқулар
ЖАРИЯЛАНЫМДАР
ЖАҢАЛЫҚТАР
ТҰРАҚТЫ ДАМУ
  • Тұрақты даму 2021
  • Тұрақты даму 2020
  • Тұрақты даму 2019
  • Тұрақты даму 2018
  • Тұрақты даму 2017
  • Тұрақты даму 2016
  • Тұрақты даму 2015
  • Қызметкерлер үшін кіру

© Норт Каспиан Оперейтинг Компани