НКОК-мен жұмыс

Құрметті талапкер,

NCOC ұйымына қызығушылық танытқаныңызға рахмет. Өзіңіздің түйіндемеңізді қалдыру үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Егер сіз лайықты вакансия таба алмасаңыз, сіз "Sign in"-ді басып, жаңа аккаунт аша аласыз. Ол үшін Кандидаттік профильді толтырып, өзіңіздің түйіндемеңізді жүктеңіз.


Жұмыспен қамту саласындағы алаяқтық

Жұмысқа орналасқан кезде алаяқтардан сақ болыңыз

Бізге алаяқтық іс-әрекетпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардың жұмыс іздеушілерге хабарласып, оларға «НКОК Н.В.» компаниясына жұмысқа орналастыру туралы жалған ұсыныс жолдайтыны мәлім болды.

Өздерін «НКОК Н.В.» компаниясының қызметкерлері немесе өкілдері деп таныстыратын тұлғалар тобынан келіп түсетін жұмысқа орналастыру туралы жалған ұсыныстар әртүрлі форматта, соның ішінде электрондық хабарлама, мәтін және хат түрінде болуы мүмкін.

Мұндай электрондық хаттар әдетте шынайы ұсыныстар тәрізді болып келеді, онда ұсынылған жұмысқа қатысты лауазымдық міндеттер, жалақы мөлшері мен жеңілдіктер туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрсетіледі. Әдетте бұндай хаттарды жіберген алаяқтар жұмыс іздеушілерден кез келген төлемді, оның ішінде жұмысқа орналастыру ақысы, медициналық тексерістен өту ақысы, жұмысқа рұқсат және виза алу ақысы және т.б. алдын ала төлеуін өтінеді. Олар сізді жолдаған ұйым сізден құжаттарды өңдеу үшін ақы сұрауы мүмкін. Кей жағдайларда барлық шығындарыңыз өтеледі деп айтуы мүмкін.

Егер сізге жұмысқа орналастыру туралы ұсыныс немесе жалпыға ортақ электрондық пошта мекенжайына өтініш беру туралы хабарлама немесе электрондық хат келіп түссе, әрі оның «НКОК Н.В.» компаниясы атынан жолданғаны айтылса, алаяқтардың қақпанына түспес үшін қырағылық танытып, сақ болғаныңыз абзал.

«НКОК Н.В.» компаниясына жұмысқа орналастыру туралы ұсыныс жасаған кез келген адамға ешқашан ақша жібермеңіз және дербес деректеріңізді бермеңіз. «НКОК Н.В.» компаниясы қызметкерлерді іріктеу және жұмысқа алу процесі кезінде ешқашан қандай бір төлем жасауды талап етпейді.

Біз ресми сұхбат жүргізбей тұрып ешқандай жұмыс ұсыныстарын жасамаймыз. Жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс жасалғанға дейін үміткерлер міндетті түрде «НКОК Н.В.» компаниясының қызметкерлерімен сұхбаттасуға шақырылады. 

Егер сіз «НКОК Н.В.» компаниясында жұмыс істегіңіз келсе, https://www.ncoc.kz мекенжайында орналасқан ресми сайтымызға кіріңіз.

Егер сіз хатты алаяқтардан келді деп күдіктенсеңіз, жергілікті билік органдарымен хабарласып, оларға барлық алынған ақпаратты ұсынуға кеңес береміз.