​​ЖЕТКІЗУЛЕР ЖҮЙЕСІНЕ ТӘН ТӘУЕКЕЛ

НКОКкомпаниясы жабдықтау мен сатып алуға арналған қызметінде НКОК компаниясының Іскерлік Кодексіне және нормативтік-заңдар талаптары мен ӨБК (Өнімді бөлісу туралы келісімі) сәйкес моральдық принциптерге және өнегелілік, адалдық, ашық пен кемсітуді болдырмау мақсатын ұстанады: келісім-шарттарды бекіту туралы шешімді қабылдаған кезде кандидаттарды тендер арқылы конкурстық негізде таңдау, тендерлерді толық құпиялылықпен, айырықша шыншылдықпен және адалдықпен, тендерге қатысушылардың барлығымен құпиялы негізде ақпарат алмасу жолымен өткізу әдісі қолданады.Осы тарауда НКОКжеткізушісі болуына қажет процес толыққанды келтірілген.

Сатып алу процесі

Біліктілікті бағалау

Жабдықтаушылардың біліктілігін бағалау және нарықтағы жағдайды зерттеу бөлімі тендерлерге қатыса алатын «НКОК» компаниясы Жабдықтаушыларының тізімін («НКОК» компаниясы тауарлар мен қызметтер класының талаптарына сәйкес бағаланатын әр жабдықтаушы туралы толық ақпаратты қамтиды) ұлғайту үшін біліктілікті алдын ала бағалау процесін жүргізеді.

Нарықтағы жағдаятты зерделеу - «НКОК» компаниясы Компания қызметіне әлеуетті қатысушы бола алатын жабдықтаушыларды таңдауға ынталы. «НКОК» компаниясы жабдықтаушылармен тікелей байланыса алады немесе жабдықтаушылар Компаниямен өз бетінше байланыса алады. «НКОК» компаниясына өз компанияңыз туралы жалпы ақпарат бергіңіз келген жағдайда жабдықтаушының онлайн-кабинетінде тіркеліп, нысанды келесі сілтеме бойынша толтырыңыз.

Тіркелу аяқталғаннан кейін Жабдықтаушы Компания үшін әлеуетті жабдықтаушылар туралы ақпарат жиналатын және сақталатын «НКОК» компаниясының арнайы жабдықтаушылар дерекқорына енгізіледі. Жабдықтаушы туралы мәліметтің дерекқорға енгізілуі жабдықтаушының біліктілікті бағалаудан өткені болып саналмайды.

Компания нарық жағдаяты бойынша дерекқорында тіркелген жабдықтаушыны арнайы жабдықтаушылар тізіміне көшіру туралы шешім қабылдаған жағдайда жабдықтаушының біліктілігін бағалау процесі басталады және жабдықтаушыға арнайы жабдықтаушының сапаны қамтамасыз етуін бақылау жөніндегі инженер тағайындалады.

Бұл инженер жабдықтаушымен байланысады және жабдықтаушыға біліктілікті бағалау процесі бойынша нұсқау береді және көмектеседі.

Бұл кезеңде жабдықтаушы келісімшартқа жауапты тұлғаға барлық сұралатын, тиісті және қажетті ақпаратты беруге міндетті. Мұндай ақпарат берілмеген жағдайда процестің жойылуы ықтимал. Тіркелуге немесе біліктілікті алдын ала бағалау процесіне қатысты сұрақтарыңызды allvqmi@ncoc.kz мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.

Жабдықтаушыны бағалау - бұл кезеңде жабдықтаушы мүмкіндіктерінің «НКОК» компаниясының біліктілікті алдын ала бағалау талаптарына және анықталған тауар номенклатурасына сәйкестігі бағаланады.
Бағалау төмендегі әдістермен жүзеге асырылады: 
  • жабдықтаушының онлайн-кабинеттегі профилін және қосымша жиналған ақпаратты талдау;
  • жиналыстар өткізу/жұмыс алаңдарына бару (қажетіне қарай);
  • басқа ақпарат көздерін пайдалану (қажетіне қарай). 
Бағалау процесі аяқталғаннан кейін «НКОК» компаниясы жабдықтаушыға бағалау нәтижелері көрсетілген сертификат береді.

Тендерді өткізу және Келісім-шартты беру - Келісім-шарт бәсекелес тендер барысында экономикалық және техникалық тұрғыдан тиімді ұсыныс жасаған Тендер қатысушысына беріледі. 

Ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын берілген сілтеме арқылы көруге болады.

  • Тендерге қатысушылардың тізімі - Келісім-шарт және сатып алу бөлімінің әрбір ұсыныс негізінде НКОК компаниясының жабдықтаушылар тізімі бойынша тендерге қатысушылар тізімі жасалады. Тендерге қатысушылар тізіміне енгізілу үшін Жабдықтаушылар тіркелген болуы тиіс немесе кәсіби жарамдылықты алдын ала бағалаудан өткен жабдықтаушы статусына ие болуы керек. Осылайша, компания, қазақстандық тауарлар және қызмет ұсынушыларға барынша мүмкіндік жасайды. Келісім-шартты билеуші бөлімі келісім-шарт бойынша жұмыс көлемін, техникалық шарттарды, санын, жеткізу талаптарын анықтайды.
  • Тендерге шақыру қағаздарын (ТШҚ) дайындау, бекіту және тарату
    Келісім-шарт және сатып алу бөлімінің қызметкерлері тендерге қатысуға шақыру үшін құжаттамалар пакетін және әрбір тауар, жұмыс және қызмет түріне кемінде үш қатысушымен конвертке салынған ұсыныстар беріледі. НКОК берілген ұсыныстардың ешқайсысын, мейлі оның бағасы төмен немесе жоғары болсын қабылдауға міндеттенбейді, сондай-ақ тендер дайындауға кеткен шығындар бойынша және оларды тендерге қатысушыларға өтеу бойынша өзіне жауапкершілік жүктемейді. «НКОК» компаниясының тендерлік құжаттама дайындау жөніндегі презентациясын берілген сілтеме арқылы көріп, таныса аласыз.
  • Тендерге қатысушылармен ақпарат алмасу
    Тендерге қатысушылар келісім-шарттар және сатып алу бөліміндегі тағайындалған байланысу тұлғасы арқылы кез келген аспектілер бойынша жазбаша түрде, техникалық сипаттағы түсіндірмелер алуы мүмкін. Компания тарапынан, осы кезеңде түсетін ақпараттық сипаттағы кез келген түсіндірмелер, тендерге тең жағдайда қатысуды қамтамасыз ету мақсатында, тендерге қатысушылардың барлығына таратылады.
  • Тендерлік ұсыныстар беру
    НКОК компаниясы тендердің сапалы техникалық және экономикалық нәтижелерін қамтамасыз ету үшін, тендерге қатысушылардың жауаптарына арнап стандарттық нысандар мен конверттер береді. Бағасы көрсетілмеген техникалық келісім-шарттық ұсыныс және бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс әрқайсысы бөлек конверттермен жіберіледі.
  • Тендерлік ұсыныстарды бағалау
    Техникалық және келісім-шарттық ұсыныстарды бағалау жабдықтауға сұраныс берген бөлімдермен және тендермен айналысатын келісім-шарттар және сатып алу бөлімінің бөлімшесімен жүргізіледі. Бекітілген конверт сейфте сақталады және ұсыныс техникалық, келісім-шарттық параметрлері бойынша үздік болған жағдайда ғана ашылады.