Саясаттар.
NCOC компаниясы Солтүстік Каспийдің теңдессіз
және сезімтал қоршаған ортасының қорғалуын
қамтамасыз ете отырып, әлемдік деңгейдегі
жобаны инженерлік-техникалық және өндірістік
шешімдерге сәйкес жүзеге асыруға ұмтылуда.
Біз өндірістік операцияларды жауапкершілікпен,
Қазақстан Республикасының заңнамасын және
халықаралық ережелердің, стандарттардың және
озық тәжірибелердің талаптарын бұлжытпай
сақтай отырып жүргізудеміз. Мердігерлер мен
жабдықтаушылар өздерінің NCOC компаниясымен
жасалған келісімшарттарының баптарына сай
бізбен бірге орындайтын жұмыстарының барлық
салаларында денсаулықты сақтау, еңбекті
және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
саясаттарымызды сақтауға міндетті.
Біздің тәсілдемеміз қатерлерді басқарудан тұрады.
Тұжырымдамалық деңгейде бұл тәсілдемеге кез
келген қызметке байланысты қатерлер мен болуы
ықтимал зардаптарды анықтау және зерделеу;
сол қатерді барынша азайту немесе оның әсерін
қолайлы деңгейге дейін төмендету шараларын
қолдану; үнемі қатерлерді қайта тексеру және
оларды бақылау шараларын жетілдіру кіреді.
Бағдарламалар
Экологиялық талаптардың сақталуын және
қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз
етудің маңызды бағдарламаларына қоршаған
ортаға әсерді бағалау, аялық зерттеулер және
мониторинг жүргізу, сонымен қатар экологиялық
сезімталдық карталарын әзірлеу жатады. Бүйір
жақтағы блокты қараңыз.
Қолжетімділік
NCOC компаниясы экологиялық мониторинг
бойынша қорытындылар туралы мәліметтерді
түрлі нысанда береді: бастапқы тәуелсіз
техникалық сараптамасы бар ғылыми
жарияланымдар, есептер, қоғамдық тыңдау,
ҚОӘБ, қоғамдық және салалық форумдардағы
презентациялар, NCOC компаниясының веб-
сайты, БАҚ-тағы мақалалар және компанияның
кітапшалары (бүйір жақтағы блокты қараңыз).
NCOC компаниясы Солтүстік Каспий бойынша
Өнім бөлісу туралы келісім талаптарына сай
экологиялық мониторингінің жинақталған
деректерін қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты
мемлекеттік органдарға тікелей ұсынады. Ол
органдар халықты тиісті түрде ақпараттандыруды
қамтамасыз етеді. Мысалы, «Қазгидромет»
РМК (ҚР Энергетика министрлігі) экологиялық
мониторинг департаменті қоршаған ортаның күйі
туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл
сайынғы есептерді жариялайды, олар қосымшалар
түрінде NCOC компаниясының «Болашақ» МГКДҚ
және шектес аумақта орналасқан ауа сапасын
бақылайтын өндірістік стансаларынан алынып,
талданған деректерді қамтиды.
ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ОРМАН БЕЛДЕУІ БОЙЫНША ЖАҢАРТЫЛҒАН АҚПАРАТ
«Қорғауға арналған орман белдеуі» – Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасымен мақұлданған және «Болашақ» зауытының айналасында
атмосфералық шығарындыларды сіңіруге арналған буферлік аймақ ретінде ағаштар мен бұтасын
өсімдіктер отырғызуды көздейтін жоба.
Зауыт айналасындағы аумақта тұздылығы жоғары және жерасты суы аз топыраққа дәстүрлі
түрде «ашық» отырғызылған ағаштардың барлығы да бой алып кетпейтінін тәжірибе көрсетіп
отыр. Сондықтан жобаның алғашқы кезеңінде «Самал» вахталық кенті мен зауыт арасында алты
180-метрлік ордан тұратын және оқшаулау үшін полихлорвинил үлдірімен жабылып, әкелінетін
топырақпен толтырылған он екі модульде 2018 жылы 4 000 ағаш отырғызылды. Модульдердің
әрқайсысы тікелей ағаш тамырларына тазартылған сарқынды су беретін дербес тамшылап суару
жүйесімен жабдықталған. Тамыр жүйесі жабылған көшеттер жергілікті орман тәлімбақтарынан
жеткізілді: кәдімгі шаған, сібір қарағаны, ірі жапырақты шегіршін және каспий талы.
Бой көтеріп кету деңгейі қазіргі уақытта 70% жетті. Қазіргі уақытта екінші кезең бойынша
шешімнің қабылдануы күтіліп отыр.
Табиғатты қорғау іс-шараларының
жоспарлары
NCOC компаниясы қоршаған ортаны қорғау
мақсатында қабылдап жатқан шаралар жыл
сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы
бақылаушы органдармен бекітілетін Табиғатты
қорғау іс-шараларының жоспарында реттеледі.
Жыл сайынғы Табиғат қорғау іс-шараларының
жоспарында жобалардың келесі түрлері
қарастырылған: экологиялық зерттеулер және
атмосфераның, судың, топырақтың және
биоалуантүрліліктің мониторингісі; қатты
және сұйық қалдықтармен жұмыс істеу; мұнай
төгілімдеріне ден қою; көгалдандыру; қоршаған
ортаны қорғау мәселелері бойынша ағарту
қызметі. Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарының
орындалуы туралы есептер тоқсан сайын
мемлекеттік органдарға беріледі.
Экологиялық қолдау тобы
Экологтар құрлық кешеніндегі, теңіз кешеніндегі
және Баутин теңіз операцияларын қолдау
базасындағы бөлімдердің штатына кіреді
және экологиялық заңнама мен нормативтік
талаптарды сақтау мәселелері бойынша тексеру
жүргізіп, кеңестер береді. Экологтар тобы
күнделікті (алдын ала хабарлап және ескертусіз)
тексеру жұмыстарын жүргізеді, жұмыс орнында
нұсқамалар береді және процестің өзгерістерін
басқарудың экологиялық аспектілерінде,
оқиғаларға ден қоюда, эмиссияларға рұқсат
алуда, мониторинг жүргізуде және есептер
беруде көмек көрсетеді.
5.2. КАСПИЙ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЖҮЙЕНІҢ
БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІ
Каспий теңізі – сирек кездесетін, осы су
қоймасында ғана мекендейтін және эндемик
түрлердің үлесі жоғары экологиялық жүйе. Осы
өңірдегі бірегей биоалуантүрлілікті қорғау және
сақтау тұрақты даму шеңберіндегі ең басты мақсат
болып табылады.
Саясат, жоспарлар және бағдарламалар
Жыл сайын теңізде төрт экологиялық зерттеу
(жылдың әр маусымында біреуден) және
құрлықта екі зерттеу жүргізіледі. Осы зерттеу
жұмыстарының көлеміне Каспий өңірінің
флорасы мен фаунасы түрлерінің таралуы
және популяцияларының динамикасы туралы
анағұрлым анық мағлұмат алу мақсатында
флора мен фаунаны, су түбіндегі организмдерді,
топырақ пен атмосфералық ауа сапасын зерттеу
жұмыстары кіреді. Жоба жүзеге асырыла
бастағаннан бері 200-ден астам экологиялық
және флора мен фаунаға қатысты зерттеулер
жүргізілді.
Солтүстік Каспий мен Жайық өзені атырабының
экологиялық сезімтал болуына байланысты
Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыруды бастауға
рұқсат қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар
тобы әзірлеген арнайы экологиялық талаптар
негізінде 1993
жылы үкімет шешімі бойынша
берілді. Осы шешімге сай жағалау бойында жаңа
қорғау аймақтары белгіленді, сонымен қатар
операциялар жүргізуге маусымдық шектеулер
ұсынылып, NCOC балықтардың кәсіпшілік
түрлерінің, құстардың және итбалықтардың қоныс
аударуына, қоңдану және көбею орындарына
әсер етпеу үшін бұл шектеулерді сақтап келеді.
Соңғы жылдары қорғау аймақтары кеңейтілді. 2012
жылы NCOC акционері «Эни» компаниясының
қатысуымен көтерілген қоғамдық-жеке меншік
бастама нәтижесінде «Ақжайық» мемлекеттік
табиғи резерваты ЮНЕСКО-ның «Адам
және биосфера» бағдарламасы шеңберінде
биосфералық қорық статусына ие болды.
NCOC компаниясының барлық нысандарында
аң аулау мен балық аулауға тыйым салынған, тек
Компанияның экологиялық зерттеу жұмыстарын
жүргізу барысында ғылыми мақсаттарда балық
ауланады.
NCOC компаниясы құрлық кешеніндегі, сондай-
ақ теңіз кешеніндегі инженерлік-техникалық және
құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдерінде
биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шаралардың
ерекше жоспарларын әзірледі. Негізгі түрлерге
арналған кейбір бағдарламалар төменде сипатталған.
(Анағұрлым нақты ақпарат осы жылы NCOC
компаниясының жаңа «Экологиялық зерттеулер мен
бастамалар» атты кітапшасында берілген.)
Каспий итбалығы
NCOC компаниясы 2005 жылдан бастап алдыңғы
жылдардағыдай 2018 жылы қазақстандық
сарапшылардың қатысуымен және қазақстандық
және ресейлік ғылыми-зерттеу институттарының
бақылауында итбалықтарға зерттеу жүргізді.
2018 жылы итбалықтарды зерттеу 26 қаңтарда
басталып, 8 наурызда аяқталды. Түрлі
уақыттарда кемелердің борттарында NCOC
қызметкерлерінің қатарынан он бір ерікті болды;
олар «Маңғыстау-3» және «Тұлпар» мұзжарғыш
кемелерінен итбалықтарды қадағалаушылар
міндетін атқарып, сарапшыларға Баутин базасы
мен Қашаған кен орны арасындағы маршрутты
зерделеуге көмектесті. Кемелердің бортындағы қадағалаушылар
ғылыми деректерді жинаумен қатар жобаны жүзеге асыру басында
теңіздегі сүтқоректілер
жөніндегі сарапшылармен әзірленген
әсерді төмендету жөніндегі ұсыныстарға сай
кемелердің капитандарына итбалықтармен
соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Бұл
шараларға қосымша итбалықтар шоғырланған
аралдарды анықтау үшін тікұшақтармен
барлау жұмыстары жүргізіледі. Тікұшақтармен
барлау жұмыстарының нәтижелері тікелей
мұзжарғыш кемелердің бортына жолданып,
кеме капитандары мен итбалықтарды
қадағалаушылар жануарларды қорғау үшін
анағұрлым қауіпсіз маршрутты анықтайды.
Соңғы жылдары NCOC пайдаланып жатқан
барлық мұзжарғыш кемелердің борттарында
тепловизорлар орнатылған. Осы камералар
итбалықтарды күндіз де, түнде де, қарлы
дауылда және тұман басқанда кемеден бірнеше
жүз метр қашықтықтан қадағалауға мүмкіндік
береді.
Қадағалаушылардың топтары Атырау облысы
бойынша Экология департаменті мен облыстық
аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар
әлемі инспекциясы инспекторларының жетекшілік
етуімен жұмыс істеді.
Ихтиофауна
Жобаның теңіз алаңдарында көктемде, жазда және
күзде балықтарды зерттеу жұмыстары тұрақты
түрде жүргізіледі. Балықтардың индикаторлық
«отырықшы» түрлерінің (бұзаубас балық)
тіндерінің үлгілері ішінара көмірсутегілер мен ауыр
металдардың бар-жоғына қатысты талданады.
Кезінде бекіре тұқымдас балықтар Каспий
теңізіндегі ең құнды балық түрлері болған. Қазіргі
уақытта осы түрге жойылып кету қаупі төніп тұр
және 2014 жылы Каспий маңы мемлекеттері бекіре
тұқымдас
ҚҰСТАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОСЫМША ШАРАЛАР
NCOC «Болашақ» зауытына жақын орналасқан өзінің булану тоғандарының бірінде құстарды үркіту
үшін «био-акустикалық» құрылғылар пайдалану жөніндегі эксперимент жүргізуде. Бұл құрылғылар
жыртқыш құстардың дауыстарын шығарып, суда жүзетін жыл құстарының дауыстарын басады.
Құрылғылар табиғи болып көрінетін тоғанда қоныстануы мүмкін құстарды үркіту үшін тиімді деп
танылды. Құстардың теңіздегі металл құралымдарға соқтығысу оқиғаларын азайту үшін 2019 жылы
осы құрылғылар теңіз аралдарында сынақтан өткізілетін болады.
балықтардың популяциясын қалпына
келтіру үшін оны кәсіпшілік мақсатында аулауға
тыйым салу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Оператор 1998 жылы жобамызды жүзеге асырудың
ең алғашқы кезеңдерінде Жайық өзенінің
атырабында балық өсіретін зауытты пайдалануға
беруге қолдау көрсетіп, кейінгі жылдарда да зерттеу
жұмыстарын қаржыландыруды жалғастырды және
балық өсіретін зауытты жаңарту жобаларына
атсалысты. 2018 жылы NCOC Жайық-Атырау
бекіре балық өсіру зауыты үшін сумен жабдықтау
жүйесін жаңартуға қаржылық қолдау көрсетіп,
сонымен қатар сол зауыттың мамандарының Қазан
қаласында (Ресей) өткен ғылыми конференцияға
қатысуына демеушілік көмек көрсетті. Сондай-ақ
2018 жылы NCOC компаниясы бекіре тұқымдас
балықтардың популяциясын қолдау үшін балық
қорларына келтірілген зиянды өтеу аясында
700 мыңнан астам шабақ өсіру жөніндегі іс-
шаралардың үшжылдық бағдарламасын аяқтады.
2018 жылы құстарды зерттеу жұмыстары
Жыл сайын құстардың 280-нен астам түрлері
Еуразия мен Сібірден Африкаға және Үндістанға
қоныс аударып, жол бойынша Солтүстік
Каспийдің сулы-батпақты алқаптарының қамыс
қопаларында тасалану және тынығу үшін біраз
уақыт тоқтайды.
Оператор құстарды жыл сайын зерттеу
жұмыстарын 2000 жылдан бері жүргізіп келеді:
құстардың маусымдық қоныс аудару кезеңдерінде
(көктем және күз) жыл сайынғы екі зерттеу жұмысы,
құстардың көбею кезеңінде жағалау аймағындағы
ұяларының таралуын зерттеу, су мен су маңы
құстарының қыстауларын бақылау, құрлықтағы
және теңіздегі өндірістік нысандар орналасқан
өңірлерде бақылау жұмыстары орындалады.
Орнитологиялық зерттеулер батысында Еділ
атырабынан бастап, шығысында Жем атырабына
дейінгі, солтүстігінде Атыраудан бастап, оңтүстігінде
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Суы тайыз Солтүстік-шығыс Каспий өзінің өзгергіштігімен белгілі. Бұл жердегі судың орташа тереңдігі
бар болғаны үш метрге жуық, сондықтан болмашы өзгерістің өзі кемелер қозғалысының қауіпсіздігіне
елеулі әсер етуі мүмкін. Ал NCOC компаниясының өндірістік операциялары үшін теңіз аралдарын керек-
жарақпен жабдықтайтын және апаттық жағдайда персоналдың эвакуациялануын қамтамасыз ететін
кемелер қажет болғандықтан су тереңдігінің мұнайды қауіпсіз өндіруді жалғастыру қабілетімізге
тікелей қатысы бар.
NCOC компаниясында мұздану және гидрометеорологиялық жағдайлар жөніндегі мамандандырылған
бөлім құрылған, ол өзіміздің гидрометеорологиялық стансаларымыздың жабдықтарын пайдалана
отырып, Каспий теңізінің деңгейін үнемі қадағалайды және теңіз деңгейін ауытқуын үлгілеу және
болжау жөніндегі зерттеулерді жүргізеді.
Талдау нәтижелері Солтүстік-шығыс Каспийдегі теңіздің орташа деңгейі 2005 жылдан бері біртіндеп
төмендеп жатқанын айғақтайды және қазіргі уақытта ол он жыл бұрынғы кезге қарағанда бір метрден
астам шамаға төмен. Еділден құйылатын тұщы судың біршама ағынымен толығатын теңіз суының
деңгейіне бір жағынан булану көлемінің ұлғаюы мен жауын-шашынның орташа жылдық деңгейі кері
әсерін тигізуде.
Қашаған төңірегінде теңіздің орташа деңгейі суы тайыз алаңдарға желдің әсер етуі мен мезгіл-мезгіл
жел бағытымен судың ығуына байланысты (желқума) орташа шамадан аздап төмен. Ең үлкен жел
әсері 2018 жылдың қараша айында байқалды, сол кезде Қашаған маңында теңіз деңгейі өзінің орташа
белгісінен 75 см-ге төмендеді.
Ақтауға дейінгі ауқымды өңірді
қамтиды. Зерттеушілер топтарының құрамына
NCOC компаниясының және мердігерлердің
экологтары мен орнитологтары, сонымен
қатар Атырау облысы бойынша экология
департаментінің және Облыстық аумақтық
орман шаруашылығы және жануарлар әлемі
инспекциясының инспекторлары кіреді.
2018 жылы құстардың күзгі қоныс аударуы
кезінде олардың популяциясының тығыздығы
жоғары болды. Іс жүзінде қазан айындағы
зерттеу жұмыстары кезінде 544 000 құс
тіркелді, құстардың бұндай көп саны бұрын-
соңды тіркелген жоқ. Осы өңірге тән негізгі
түрлердің бірі сыбырлауық аққудың саны
2000 жылдан бері ең көп болды және 91 000
бас құрады. Құстардың кеңістікті таралуы
өзгеріп отыр, бұл ретте шығыс бөліктегі
Комсомолец шығанағы теңіз деңгейінің
төмендеуі салдарынан іс жүзінде кеуіп бара
жатқанына байланысты ондағы қоқиқаздар
мен сыбырлауық аққулар азайып барады.
Жем өзенінің атырабы мен Еділ мен Жайық
өзендерінің атыраптары арасындағы аумақта
да дәл осындай жағдай. Бұл құстардың
тасаланатын орындар мол Итбалық аралдары
маңындағы жылы және тайыз суда көптеп
шоғырлануына себеп болды.
5.3. СУ ҚОЙМАЛАРЫНА
ТӨГІНДІЛЕР
NCOC компаниясы гидрооқшаулағыш төсемі
бар булану тоғандарын тазартылған өндірістік
суды қолданудың анағұрлым қауіпсіз әдісі
ретінде пайдаланады (булану тоғандары
бойынша нақты мысалдың талдамасын
қараңыз). Өндірістік процестер барысында
түзілген тазартылған сарқынды су, сонымен
қатар шаруашылық-тұрмыстық сарқынды
су торлы сүзгілерден өткізіліп, су буланатын
булану тоғандарына төгіледі, беткі су
қоймаларына, соның ішінде Каспий теңізіне
сарқынды су төгілмейді.
Тазартылған кәріздік сарқынды сумен және
техникалық сумен бірге булану тоғандарына
төгілетін көмірсутегілердің жалпы көлемі 2018
жылы 15,95 тоннаны құрады.
2018 жылы NCOC компаниясы ҚР табиғат
қорғау саласындағы талаптарына сай булану
тоғандарына тазартылған су төгуге қажетті
барлық рұқсаттарды алды (Нақты жағдайдың
талдамасында сипатталған бір ғана жағдайды
қоспағанда).
Тұщы су туралы тарауда көрсетілгендей, 2018-
2020 жылдар аралығында NCOC техникалық
және өндірістік процестердің нәтижесінде
түзілген сарқынды су ағынын барынша қайта
пайдалану үшін «Болашақ» МГК ДҚ-да сарқынды
су тазартудың қосымша қондырғысын салуды
жоспарлап отыр.
5.4. ПАРНИК ГАЗДАРҒА ЖАТПАЙТЫН
АТМОСФЕРАЛЫҚ ШЫҒАРЫНДЫЛАР
NCOC компаниясының нысандарындағы
атмосфералық шығарындылардың негізгі
көздері – алау қондырғысы, газ турбиналары,
қазандықтар және дизельді генераторлары.
Алау қондырғысы мұнай мен газ өндіретін
барлық нысандардың құрамына кіреді және
қондырғы үшін «сақтандырғыш клапан»
қызметін атқарады. Аздаған тұтандыру оттығы
жағуға дайындықты қамтамасыз ету үшін үнемі
жанып тұрады. Алау қондырғысының биіктігі
жану өнімдерінің атмосферада барынша
сейілуін қамтамасыз етуге есептелген. Құрлық
және теңіз кешендерінің нысандарына электр
энергиясы кен орнында өндірілетін ілеспе
газбен жұмыс істейтін газ турбиналарынан
беріледі. Турбиналар азот оксидінің
шығарындыларын азайтуға есептелген
арнайы жанарғылармен жабдықталған.
Қазандықтар бу өндіруді, су қыздыруды және
ғимараттарды жылытуды қамтамасыз етеді.
Қазандықтар отын газымен жұмыс істейді;
сонымен қатар дизель жанармайын да
пайдалануға болады. Дизель генераторлары
тек резервтік энергиямен жабдықтау үшін ғана
пайдаланылады.
2018 жылы NCOC компаниясының барлық
операциялары салдарынан атмосфераға
шыққан парниктік газдарға жатпайтын
шығарындылар көлемі рұқсат етілген көлемнің
21% құрады, атап айтқанда:
-
ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ) –
943 тонна;
-
күкірт диоксидтері (SO2) – 27 949 тонна;
-
азот оксидтері – 2 550 тонна (NOx,
парниктік газдың атмосфералық
шығарындылары туралы тарауда
көрсетілгендей, N2O қоспағанда).
2017 жылғымен салыстырғанда ҰОҚ және
NOx шығарындылары мұнай өндіру көлемі
60% ұлғайғанын ескергенде шамамен бірдей
болды. SO2 шығарындылары есептік кезеңде
алауда газ жағу көлемінің қырық пайызға
азаюына байланысты күрт төмендеді.
Ауа сапасын бақылау NCOC өндірістік
мониторинг жүргізу жалпы бағдарламасының
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Ол бірнеше компоненттерден тұрады, соның
ішінде:
Алау асты бақылау жұмысы
Мезгіл-мезгіл ауа сынамаларын алуға және
метеорологиялық зерттеулер жүргізуге арналған
аспаптармен жабдықталған арнайы көлік
құралдарымен алау асты бақылау жұмыстары
жүргізіледі. Осы көлік құралы сынама алу және
шығарындылардың сипаттамаларын анықтау
үшін алау жалынының астынан өтеді.
Шығарынды көздері жанындағы
мониторинг
Шығарындылардың әрбір көзі үшін шекті
рауалы шығарынды (ШРШ) нормалары есептеледі, NCOC компаниясы оларды
сақтауға міндетті. Шығарынды көздері
жанындағы нақты шығарындыларды өлшеу
жұмыстары аспаптық әдіспен жүргізіледі.
H2S КОНЦЕНТРАЦИЯЛАРЫНЫҢ
ШАМАДАН АСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
20 МИН. ОРТАШАЛАНДЫРЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР
1-ескертпе: осы кестеде тек H2S бойынша деректер ғана көрсетілген. NCOC ауа сапасын
бақылау
стансалары осы көрсеткішпен
қатар CO, SO2, NO және NO2 деңгейлерін тіркейді. Алауда күкіртті газ жағудың ықтимал
өнімдері SOx және NOx
екенін атап өткен жөн.
Күкіртсутегі (H2S) тек жүйелерден шығып кеткен жағдайда ғана болуы ықтимал.
2-ескертпе: шекті рауалы концентрацияны ҚР Үкіметі тұрғындардың шамамен жартысы иіс сезетін
консервативтік норматив реті (яғни
миллиардқа шаққандағы 6 бөлік шамасында) белгілейді. Ондай деңгейлер тікелей қауіп төндіретін деңгейлерден
ондаған мың есе төмен
және мөлшерінің аздығы сондай, электрондық аппаратурамен аңғарыла бермейді. Көп жағдайда жоғары деңгей
көрсеткіштері жалған
пайда болады, сонымен қатар, мысалы, пойыздар өткен кезде қысқа мерзімді жоғары көрсеткіштер пайда болады.
Мысалы, ірі шығарынды көздеріндегі газ
шығатын түтіктерде азот оксидтерінің,
күкірт диоксидтерінің, көміртегі оксидінің
мөлшерін, газ ағынының жылдамдығын,
қысымы мен температурасын өлшеу
мақсатында мезгіл-мезгіл газ сынамаларын
алуға арналған зонд және Пито түтігін енгізу
үшін арнайы сынамалар алу нүктелері бар.
Ауа сапасын бақылау стансалары
Атырау облысында ауа сапасына бақылау
жүргізетін жиырма станса атмосферадағы
түрлі қосылыстардың мөлшерін тәулік бойы
өлшеп, метеорологиялық деректер жинау
жұмыстарын жүргізуде.
Төрт станса «Болашақ» МГК ДҚ 7 км
құрайтын санитарлық қорғау аймағының
периметрі бойынша орналасқан; оларға
қосымша жақын маңдағы аудандарда,
соның ішінде Доссор мен Мақат та жеті
станса бар; тоғыз станса Атырау қаласының
өзінде орналасқан. «Қазгидромет»
мемлекеттік метеорологиялық агенттігі
атмосфералық ауа сапасына мониторинг
жүргізеді және ай сайынғы және жыл
сайынғы жиынтық деректерді өзінің веб-
сайтында жариялайды. Сонымен қатар
Атырау облысының Табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы қызметкерлері үшін деректерді
онлайн режимінде пайдалану мүмкіндігі
қамтамасыз етілді.
Күкіртсутегі
Күкіртсутегі (H2S) көптеген адамдарда
алаңдаушылық туғызып отырған атмосфераға
тарайтын шығарындылар құрамындағы
парниктік газға қатысы жоқ тағы бір қосылыс
болып табылады. Ол – жанғыш және
уыттылығы жоғары, өткір жағымсыз исі бар
заттек. Күкіртсутегі оттегі болмағанда күкіртті
органикалық заттектер ыдырайтын кез келген
жерде түзілуі мүмкін, сондықтан табиғатта
ол батпақ газдары және жанартаулардың
шығарындылары құрамында (кейде өте көп
көлемде) болады. Сондай-ақ бұл заттек тері
илейтін және целлюлоза-қағаз шығаратын
кәсіпорындарда, күкіртті шикі мұнай
дайындау және тасымалдау барысында
түзіледі.
NCOC компаниясының ұңғыма ернеулеріне,
лезде буланатын газ компрессорларына
және басқа да жабдықтарға өте жақын
жерде жұмыс істейтін мамандары арнайы
оқу курсынан өтіп, жеке детекторлармен
жабдықталады. Күкіртсутегінің (H2S)
жоғары концентрацияларына байланысты
қауіпті өндірістік фактор әсер етуі мүмкін
жағдайда олар респираторлар мен тыныс
алу аппараттарын пайдаланады. Аталған
орындардан алыстаған сайын қауіп-қатер
деңгейі төмендеп, жоғары деңгейдегі
концентрациялардың болу ықтималдығы да
азаяды.
NCOC компаниясы «Болашақ» МГКДҚ
тұрғындар үшін қауіпті емес деп сенімді
түрде мәлімдей алады. Қауіпсіздіктің негізгі
кепілі – «Болашақ» МГК ДҚ айналасындағы
7-километрлік буферлік аймақ (санитарлық
қорғау аймағы немесе СҚА); СҚА-
ның осындай аумағы жақын маңдағы
елді мекендерде тұратын адамдарды
атмосфералық шығарындылардың
халықтың денсаулығына ұзақ мерзім
әсер етуінен қорғауға және тіпті штат тан
тыс оқиғалар орын алған жағдайда
жоғары деңгейлі сенімділік қорын құруға
жеткілікті құрал болып табылады. Осындай
сенімділік ыждағатты жобалауға, зерттеу
және компьютерлік үлгілеу нәтижелеріне,
мемлекеттік сараптаманың жүргізілуіне
және мемлекеттік органдардың рұқсаттарын
алуға, сонымен қатар үлгілердің
дұрыстығын растаған алдыңғы пайдалану
тәжірибесіне негізделген (суретті қараңыз).
2018 жылы үздіксіз мониторинг жүргізу
нәтижелері алдыңғы жылдардағыдай
H2S мөлшерінің қысқа мерзімді жоғары
деңгейлері (1 мен 20 мину т аралығында)
іс жүзінде «Болашақ» МГК ДҚ-ға қарағанда
Атырау қаласында орын алуы әлдеқайда
ықтимал екенін көрсетіп отыр. Ауа сапасын
бақылау жөніндегі құзырлы мемлекеттік
агенттік болып табылатын «Қазгидромет»
РМК 2018 жылы «Болашақ» МГК ДҚ
төңірегінде жоғары ластану (ЖЛ) немесе
экстремалды жоғары ластану (ЭЖЛ)
жағдайларының тіркелмегенін растады.
NCOC ауа сапасын бақылайтын барлық
жиырма стансасының жиынтық деректері
жарияланған «Қазақстан Республикасының
2018 ж. қоршаған орта жай-күйі туралы
ақпараттық бюллетень» атты есепті қараңыз
(www.kazhydromet.kz).
Нақты мысалды талдау
САРҚЫНДЫ СУ ЖӘНЕ
ГИДРООҚШАУЛАҒЫШ ЖАБЫНДЫ
БУЛАНУ ТОҒАНДАРЫ
Сарқынды су
Солтүстік-Каспий жобасының нысандарында сарқынды су ағындарының үш түрі түзіледі: шаруашылық-
тұрмыстық сарқынды су (соның ішінде кәріздік сарқынды су), жауын-шашын суы және техникалық
процестер мен өндірістік операциялардан шығатын өндірістік сарқынды су.
Теңіз кешенінде D аралы мен тұрғын баржалардан шыққан шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суды
тазарту арнайы жинақты жүйеде жүзеге асырылады, ол биологиялық тазарту процесі мен мембраналық
сүзгілеуді біріктіре отырып, көптеген мақсаттарда суды айналымды пайдалану үшін біршама таза су
алуға мүмкіндік береді. Анағұрлым жоғары шығындарға қарамастан, бұл сарқынды су арнайы ыдыстарға
жиналып, NCOC компаниясында қабылданған Каспий теңізіне «нөлдік төгінді» саясатына сай кәдеге
жарату үшін Маңғыстау облысындағы құрлық нысандарына баржамен тасымалданады.
D аралында түзілген өндірістік сарқынды су да жағаға шығарылып, кейін құрамындағы мұнай мен
қалқыма қатты заттектерден тазартылады. 2017 жылы құрлық кешенінде тазартудың қосымша кезеңі
қосылды, ол сарқынды суда ауаны ерітіп, кейін ауаның ұсақ көпіршіктерімен бірге су бетіне көтерілетін
ластаушы заттектерді жинауды көздейді. Бұл кезең сарқынды су құрамындағы мұнай өнімдерінің
99,9% және қалқыма қатты заттектердің 97% жоюға мүмкіндік береді. Тазартылған сарқынды су
кейін Баутин базасының маңындағы Қошанай алаңындағы қалдықтар өңдеу нысанында орналасқан
гидрооқшаулағыш жабыны бар булану тоғандарына төгіледі.
Құрлықтағы «Болашақ» МГКДҚ нысанында сарқынды сумен жұмыс дәл осылай жүргізіледі. Вахталық
кенттер мен құрлық нысандарында түзілген шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су биологиялық
тәсілмен тазартылып, жазғы мезгілде шаң басу және өсімдіктер суару үшін пайдаланылады, ал қалған
мөлшері санитарлық қорғау аймағы шектеріндегі булану тоғандарына жіберіледі.
Сарқынды судың белгілі бір көлемі шикі мұнаймен бірге жер қойнауынан өндіріледі (қойнауқат
суы) немесе мұнайды дайындау кезінде онымен әрекеттеседі және құрамында көмірсутегілердің
қалдықтары болады. Оларды тазарту деэмульгаторлар, гироциклонда сепарациялау, флотация, мұнай
жинау құрылғылары, сүзгілер және кезеңдік режимде жұмыс істейтін қышқыл суды булау бағаны
көмегімен орындалады, бұл сарқынды суды булану тоғандарына жібергенге дейін оның құрамындағы
мұнай мөлшерін 35-36 есе азайтуға мүмкіндік береді.
Сарқынды судың мол көлемі техникалық процестер барысында түзіледі. Оларды тазарту сонымен бірге
өндіріліп жатқан сұйық өнімді «күкіртсіздендіруге» арналған технологиялық процесте пайдаланылатын
судың құрамынан күкіртсутегі мен басқа да қалдық компоненттерді жою үшін төмен қысымды бу
пайдаланылатын қышқыл суды булау бағанында да орындалады. Техникалық сарқынды суды тазарту
жөніндегі қосымша нысан 2017 жылы пайдалануға берілген және сарқынды суды қалдықтар ретінде
жоюдың орнына айналымды пайдалану (технологиялық процестерде пайдалану үшін қайтару)
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сарқынды суды айналымды пайдалану қондырғының қажеттіліктері үшін
Астрахань – Маңғыстау құбыр желісінен алынатын су көлемін 50% азайтуға мүмкіндік берді.
Булану тоғандары
Тазартылған сарқынды су ағындары «Болашақ» МГКДҚ булану тоғандары жіберіледі. Осындай орналастыру
торы 3x3 тоғандардың тоғызы қарастырылған. Тоғандардың әр секциясының өлшемі шамамен 250 х
500 метр және тереңдігі үш метр. Тоғандар беткі су қоймаларынан толық оқшауланған, еңісті бетон
қабырғалары бар және топыраққа сіңіп, ыза суға қосылуына жол бермеу үшін түбіне геотоқымадан
жасалған су өткізбейтін мембрананың бірнеше қабатынан тұратын гидрооқшаулағыш жабын төселген.
Сарқынды су тоғандарға төгілгеннен кейін күннің әсерімен буланады, нәтижесінде тоғандарда шлам
түріндегі қатты заттектердің / тұздардың шөгінділері қалады, ал таза су бу түрінде су айналымына қайта
оралады. Су айналымынан біршама су көлемі алынатын суды жерасты қабаттарына кері айдаумен
салыстырғанда булану тоғаны көміртегі шығарындыларының аз болуын қамтамасыз ететін, климаты
ыстық және қуаң, күн сәулесі мол түсетін өңірлер үшін қолайлы экономикалық шешім болып табылады.
(Жерасты қабаттарына айдау да сарқынды суды жайғастырудың оңтайлы практикасы болып табылады,
алайда «Болашақ» зауытының маңынан сарқынды су айдау үшін қолайлы болатын бір де бір жерасты
сулы беткей табылмады.)
Сарқынды су құрамында кейбір ұшпа компоненттер, яғни тоған бетінен буланып ұшатын ластаушы
заттектер, соның ішінде метанолдың біршама мөлшері болуы мүмкін, бірақ атмосферада сейілу
процесін үлгілеу қорытындыларының деректері бойынша олардың мөлшері санитарлық қорғау
аймағының шегарасында рауалы шектерден әлдеқайда төмен екені анықталды.
Метанол
Метил спирті (метанол немесе ағаш спирті) сондай ұшпа компоненттердің бірі болып табылады. Ол
теңіз кешенінде құбырларда гидрат тығындарының түзілуіне жол бермеу үшін мұнайға қосылады, содан
кейін келесі тазарту кезінде ажыратылып, технологиялық сарқынды су ағынына жіберіледі.
Ол да этил спирті сияқты суда жақсы ериді, осыған байланысты оның бу құрамындағы мөлшері тым
аз болады. Күн көзінің және биологиялық ыдыраудың табиғи процестерінің әсерімен метанол буы
бірнеше күн ішінде көміртегі диоксиді мен су болып бөлінеді. Метанол табиғи органикалық қосылыс
болып табылады; сау адамның демімен шыққан ауа құрамында оның аздаған мөлшері бар. Жүргізілген
зерттеулердің қорытындылары бойынша оның сүтқоректілер үшін тыныс алған кезде уыттылығы төмен,
осыған байланысты тоғандардан атмосфераға тарайтын шығарындылардың адамдар мен жергілікті
қоршаған ортаға төндірер қатері өте төмен деңгейде. ЭЫДҰ12 елдерінің көбінде ауа құрамындағы
метанолдың мөлшеріне қатысты нормативтер жоқ.
Булану тоғандарының пайдаланылуын реттеу
Булану тоғандары әсіресе климаты ыстық және қуаң өңірлерде сарқынды суды кәдеге жаратудың озық
практикасы деп есептеледі. Ресейде және ЭЫДҰ елдерінде олардың құрылысы мен пайдаланылуы
инженерлік-техникалық стандарттармен реттеледі, алайда сарқынды су төгінділері үшін стандарттар
белгіленбеген13.
Қазақстанда оқшауланған өнеркәсіптік жасанды тоғандарға сарқынды су төгу үшін рұқсаттар алу,
мониторинг жүргізу және сарқынды су сапасының стандарттарын демалыс аймағында орналасқан,
балық шаруашылығы маңызы бар немесе ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын табиғи су қоймаларына
төгілетін су сапасының деңгейінде сақтау талап етіледі. Атап айтсақ, метанолдың шекті мөлшері
бойынша өте қатаң талаптар белгіленген (литрге шаққанда 3 миллиграмм), олар өндірістік сарқынды
судан метанолды жою үшін пайдаланылатын жабдықтардың басым бөлігінің өндірістік қуаттарынан
асады. NCOC осы стандартты сақтау бойынша жұмыстануда, алайда бұл көптеген шығындарды қажет
етеді, ал қосымша инвестициялардың экологиялық артықшылықтары түсініксіз.
Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан Қазақстан экологиялық заңнамасының
реформасы
Қазақстанның тағы бір ерекшелігі – шығарындылар, төгінділер және қалдықтар үшін экологиялық салық
төлемдерінің ауқымды және күрделі жүйесі. Олар ЭЫДҰ кейбір елдеріндегі бірнеше «басымдықты»
ластаушы заттектермен (мысалы, парник газдармен) салыстырғанда ондаған ластағыш заттектерге
қатысты қолданылады.
Қазақстанда шығарындыларды белгіленген нормадан асырғанда немесе рұқсатта сипатталған басқа
ластаушы заттектерден басқа осы ондаған реттелетін ластаушы заттектердің бірінің шығарындысы
орын алғанда салық мөлшерлемесін белгілі бір коэффициентке көбейту арқылы есептелетін әкімшілік
айыппұлдар автоматты түрде өндіріледі. ЭЫДҰ елдерінде әкімшілік айыппұлдар жай ғана салық
түсімдерін толықтыру үшін емес, ластаушы заттектің әрекетіне байланысты өндіріледі. ЭЫДҰ елдерінде
айыппұлдар мен өсімпұлдар өте сирек жағдайларда қолданылады және тек ластаушы тұлға тиісті
органдармен ынтымақтасудан бас тартқанда немесе ластануға жол бермеу мақсатында қолданыстағы
оңтайлы технологияларды қолданудан анық жалтарғанда ғана салынады.
Рұқсатта белгіленген шекті нормалардан асу да қоршаған ортаға зиян келтіру үшін мемлекет
пайдасына ақшалай өтемақы төлеу туралы талап қойылуына негіз болуы мүмкін. Осы қоршаған ортаға
зиян келтіру үшін жауапкершілік қоршаған ортаға іс жүзінде келтірілген нақты зиянның дәлелдемелерін
ұсыну қажетінсіз жай ғана рұқсат шарттарын бұзу үшін белгіленеді. Тәртіп бұзушы өтеуге міндетті
ақшалай залал мөлшері тиісті нысандағы қалпына келтіру шығындарын бағалаумен байланысты емес
формуланың көмегімен есептеледі (әдетте жойылуы қажет нақты залалдың болмауына байланысты).
Бұл да «ластаушы төлейді» қағидаты ластаушы заттектердің ірі оқшауланған шығарындысы орын
алған жағдайда қоршаған ортаны тазарту және қалпына келтіру үшін мемлекет емес, ластаушы
жауапкершілік атқаратынын меңзейтін ЭЫДҰ елдерінде қабылданған практикадан ерекшеленеді.
Тазарту міндетті талап болып табылады. Егер ластаушы тазарту жұмысын орындаудан бас тартса немесе
орындай алмаса, оны мемлекеттің өзі жүзеге асыра алады, бұл ретте барлық шығыстар ластаушының
есебіне жатқызылады. Бұл талап су мен топырақтың ластануына қатысты қолданылады, бірақ тазарту
мүмкін болмайтын немесе залал оқшау сипатта болмайтын атмосфералық шығарындыларға қатысты
қолданылмайды, өйткені ластаушы заттек табиғи жолмен атмосферада сейіліп, бейтараптанады.
Дей тұрғанмен, Қазақстанда осы залал орнын ақшалай өтеу сомасы оны рұқсат етілмеген немесе
нормативтерден тыс шығарындылар салдарынан келтірілген зиянды жоюға шығындауға қатысты
талаптар қоймастан жай ғана өндіріліп, мемлекеттік бюджетке аударылады.
2018 ЖЫЛЫ NCOC КОМПАНИЯСЫНА БУЛАНУ ТОҒАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ
САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ
2018 жылғы наурызда NCOC компаниясы сұйық өндірістік қалдықтарды жою алаңының (СӨҚЖ А)
тоғанына шекті рауалы төгінді (ШРТ) жобасында көрсетілг ен суағар арқылы төгілген тазартылған
сарқынды сумен бірге сол тоғанға ШРТ жобасында қарастырылмаған суағарлар арқылы бөлек
тазартылған сарқынды су төгілгені туралы бақылаушы органға өз еркімен хабарлады. Бұл шешім
орнитофаунаға әсер ету қатерін барынша азайту үшін СӨҚЖА тоғаны секцияларының бірінде
кондициялы емес ағындарды бөлек жайғастыру үшін қабылданды. СӨҚЖ А тоғанының құрылысы
тазартылған сарқынды судың топыраққа және сулы беткейлерге сіңуіне жол бермейді. Осыған
байланысты қоршаған ортаға іс жүзінде әсер тиген жоқ. Алайда NCOC компаниясына бұл әрекеттер
қоршаған ортаға жанама (лезде) зиян келтірді-мыс деген кінә тағылды.
Тәсілдемелер арасындағы елеулі айырмашылық ЭЫДҰ-ның Қазақстан «зиян келтірілуіне жол бермеудің
және оны жоюдың, уақыт өте шығарындыларды азайтудың және қолда бар ең үздік технологиялардың
пайдаланылуын ынталандырудың орнына мемлекеттің пайдасына ақшалай өтемақы төлемін (негізінен
бюджеттік түсімдерге арналған айыппұл ретінде пайдаланылады) есептеу мен жинауға баса назар
аударатын сыңайлы»14 деген тұжырым жасауына негіз болды.
2018 жылы Энергетика министрлігі осы және басқа да проблемаларды шешу үшін Экологиялық
кодекстің реформаланатыны туралы хабарлады. NCOC компаниясы халықаралық практикаға анағұрлым
толық сәйкестікті қамтамасыз ету және шетелдік инвестицияларды тарту үшін реформалар қажет
екеніне кәміл сене отырып, ашық талқылауларға белсенді қатысуда, бұл ретте ол қоршаған ортаны
қорғау саласындағы жұмысын жалғастыруда.
5.5. МҰНАЙДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА
ТӨГІЛУІ
Көрсеткіштер
NCOC компаниясының өндірістік операциялары
нәтижесінде 2018 жылы қоршаған ортаға
көмірсутегілердің 1 баррельден астам
көлеміндегі төгілім көрсеткіші 0 шамасында
болды (жалпы көлемі: мұнай баламасының 0
барреліне тең).
Тәсілдеме
NCOC КОМПАНИЯСЫ ҮШІН БІРІНШІ
БАСЫМДЫҚ – МҰНАЙ ТӨГІЛІМДЕРІНІҢ
АЛДЫН АЛУ. ЕКІНШІДЕН, АЛДЫН АЛУ
ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ
ҚАНШАЛЫҚТЫ СЕНІМДІ БОЛҒАНЫМЫЗҒА
ҚАРАМАСТАН, NCOC КОМПАНИЯСЫ ОНДАЙ
ОҚИҒАЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДА
ОЛАРДЫ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ЖОЮҒА
ҮНЕМІ ДАЙЫН.
МҰНАЙ ТӨГІЛІМДЕРІНЕ ДЕН ҚОЮҒА ДАЯРЛЫҚТЫ
ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ДАЛАЛЫҚ СЫНАҚТАР
Өткен жылы аяқталған мұз жағдайында мұнай төгілімдеріне ден қою технологияларына қатысты ортақ
салалық бағдарламаның (www.arcticresponsetechnology.org) жалғасы ретінде NCOC компаниясы 2018 жылы
мұнай дағын төгілген орнында бақылап өртеумен қатар химиялық заттектерді мұнай жинауға арналған
реагенттер ретінде пайдаланудың оңтайлылығын зерделеу жөніндегі жобаны жүзеге асырды.
Мұнай жинауға арналған химиялық реагенттер беткі-белсенді заттектерден тұрады және мұнай
үлдірінің жанындағы су бетінде қолданылады. Беткі-белсенді заттектер қолданылғаннан кейін таралып,
ақыр соңында мономолекулярлық үлдір түзеді, ол судың беткі қабатының тартылуын азайтады. Судың
беткі қабатының тартылуын азайту арқасында мұнайдың таралуының алдын алуға және жұқа мұнай
үлдірінің қабатын шапшаң қайта ұлғайтуды қамтамасыз етуге болады. Беткі-белсенді заттектер
мұнай дағын оқшаулау үшін тосқауылды қажет етпейді, осыған байланысты оларды ашық суда да,
сонымен бірге жарылған мұз жағдайларында да қолдануға болады.
Ғылыми зерттеулер мен далалық сынақтардың қорытындылары бойынша жасалған техникалық есептердің
деректері мұнай төгілімдерін жою жөніндегі халықаралық қоғамдастыққа ұсынылады және Қазақстанда
NCOC компаниясының мұнай төгілімдерін жою саласындағы мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін және
ұлттық нормативтік база әзірлеу үшін бастапқы деректер ретінде пайдаланылатын болады.
2018 ж. қабылданған шаралар
-
Алдын алу.
Мұнай төгілімдерінен
қорғанудың анағұрлым тиімді құралы төгілу
қатерлерін анықтау арқылы, сонымен қатар
сол қатерлердің әсерін төмендету үшін
үнемі қауіпсіздіктің қатаң стандарттарын
қолдана отырып, бастапқы кезден олардың
алдын алу болып табылады.
-
Технологиялар.
Біз мұнай төгілімдерін
жоюға ықпал ететін түрлі инновациялық
технологиялардың бірқатарын енгізудеміз
және жаңа, әлдеқайда тиімді әдістерді
зерделеу жұмыстарына белсенді атсалысып
жатырмыз (нақты мысалдың талдамасы –
Мұз жағдайында мұнай төгілімдерін жою
жөніндегі бірлескен салалық бағдарламаны
(JIP) қараңыз).
-
Жою амалдарын үйрету.
NCOC
компаниясында мұнай төгілімдерін
жою жөніндегі арнайы топ құрылған,
ол толық оқудан өткен және жұмыспен
толық қамтылу жағдайында жұмыс
істейтін жүзге жуық мамандардан және
Солтүстік Каспийдегі қоршаған ортаның
қатаң жағдайларына есептелген, Баутин
мен Дамбадағы теңіз
операцияларын
қолдау базаларында сақталып
жатқан жабдықтардан тұрады. NCOC
компаниясында Мұнай төгілімдерін
жоюдың кешенді жоспары әзірленген,
сонымен қатар тұрақты түрде оқу-
жаттығу сабақтары өткізіліп тұрады. 2018
жылы ағымдағы шағын ж аттығуларға
қосымша NCOC компаниясының барлық
нысандарында мұнайдың көп төгілуін
үлгілей отырып, 3-деңгейлі төгілімдерді
жою бойынша екі жаттығу өткізілді.
Астрахань қаласында қол қойылған Төтенше
жағдайлардың алдын алу және оларды жою
саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
шеңберінде 2018 жылғы 2-3 тамызда Каспий
маңы мемлекеттерінің халықаралық «Теңіз-2018»
бірлескен жаттығулары өтті. Түрлі елдердің
жауапты мемлекеттік органдары мен мұнай
компанияларының өкілдерінен тұратын жұмыс
топтары мұнайдың (үлгіленген) төгілімін жоюға
қатысты. Жаттығулар аяқталған соң Баутин
базасында NCOC компаниясының мұнай
төгілімдерін жоюға арналған жабдықтары
көрсетілді.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫ
КЕШЕНДІ ТАЛДАУ (NEBA)
NEBA мұнай төгілімдерін жою жөніндегі сарапшылар, мемлекеттік
бақылаушы органдар және тұрғындар мұнай төгілімдерін жоюға
дайындықты және жою сценарийлерін әзірлеуді қамтамасыз ету
шараларын жоспарлау үшін қолдана алатын құрылымдалған тәсілдемені
қарастырады. Мұнай төгілімдерін жою жөніндегі шаралардың (мұнай дағын
төгілген орнында өртеу, ыдыратқыш заттектер қолдану, механикалық
тәсілмен жинау және т.б.) әр түрінің өз артықшылықтары, кемшіліктері
және шектеулері бар және судың күйі мен ауа райы жағдайлары сияқты
факторларға байланысты. Барлық жағдайлар үшін қолайлы мінсіз тәсіл
жоқ. NEBA процесі түрлі жою тәсілдерінің «араласусыз» стратегиясымен
салыстырғандағы экологиялық артықшылықтарын бағалау үшін
орындалады.
Қазақстанда NEBA процесін енгізу жөніндегі жоба шеңберінде NCOC
компаниясы 2018 жылғы сәуірде Ұлттық «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау
технологиялары ғылыми-зерттеу институтымен, «Шелл» компаниясымен
және Мұнай төгілімдерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі
өңірлік бастамамен бірлесіп Энергетика министрлігінің қолдауымен өткен
семинарлар ұйымдастырды. Семинарлардың мақсаттары:
-
болуы ықтимал мұнай төгілімдерінің экологиялық және әлеуметтік-
экономикалық әсерлерін оңтайлы азайту мақсатында NEBA
процесімен шешімдер қабылдауға арналған құрал ретінде таныстыру;
-
NEBA процесінің «Төгілімдер әсерінің азаюын бағалау» (ТӘАБ) атты
жаңа әдістемесімен таныстыру;
-
NEBA негізіндегі шешімдерді ҚР нормативтік-құқықтық базасы
шеңберінде практикалық қабылдау процесімен таныстыру.
NEBA процесін қолдану қорытындылары бойынша тұжырымдардың бірі
мұнай әлі теңізде болып, қорғау және төгілімді жою шаралары қоршаған
ортаға тиетін әсерді елеулі түрде азайтуға мүмкіндік бермеуі мүмкін тайыз
су алаңдарына, қамыс қопаларына және сезімтал жағалық сызықтарға
жеткенге дейін тазарту үшін қолдан келгенше бар күш салу қажеттілігінен
тұрады. Бұл әлемнің түрлі елдерінде мұнай төгілімдерін жинау жөніндегі
бұрынғы тәжірибелерден алынған сабақтарға сәйкес келеді. Шынымен мұнай
төгілген жағдайда шешімдер қабылдауға уақыт жоймай, мұнайды әлі су
бетінде және шығарынды көзіне жақын арақашықтықта болғанда тазарту
үшін жоюшылардың, мемлекеттік органдардың және тұрғындардың күш-
жігерлерін біріктіру қажет.
Содан кейін 14 және 18-20 қыркүйекте «Алтын
қыран» атты 3-деңгейлі мұнай төгілімін
жою жөніндегі өңірлік жаттығулар өткізілді.
Жаттығуларға NCOC пен мердігерлердің
жүзден астам жұмыскерлері, сонымен
қатар тиісті республикалық және жергілікті
мемлекеттік органдардың алты өкілі қатысты.
Мұнай көп төгілгенген жағдайда NCOC «Ойл
Спил Респонс Лимитед» компаниясынан
(Ұлыбританияның Саутгемптон қаласында
орналасқан мұнай төгілімдерін жою
жөніндегі бірлескен компания) және
өзінің акционерлері болып табылатын бас
компанияларынан қосымша көмек сұрата
алады. Осы жылы мұнай төгілімдерін
үлгілеуге «Ойл Спил Респонс Лимитед»
компаниясының екі өкілі (алғаш рет),
сонымен қатар «Шелл» және «ЭксонМобил»
компанияларының қырықтан астам
жұмыскері қатысты. Жаттығулар барысында
NCOC оқиғаларды басқару тобының және
дағдарысты жағдайларды басқару тобының
мүшелері NCOC компаниясының Атырау
оқу орталығында оқиғаларды басқару
жүйесі шеңберіндегі іс-әрекеттерді және
дағдарысты жағдайларды басқару әдістерін
іс жүзінде байқап көрді, соның ішінде
онлайн режимінде ресурстарды сұрату
мен қадағалауға арналған бағдарламалық
құралдарды қолданды және барлық
қатысушыларға ағымдағы үлгіленіп жатқан
ахуал туралы мәліметтерді шынайы уақыт
режимінде беру үшін жалпы операциялық
көріністі дайындады. Жаттығулар мол
тәжірибе жинақтауға және өте бағалы ой-
пікірлер алуға мүмкіндік берді, олар ТЖ мен
дағдарысты жағдайларға даяр болу және
ден қою процесін үздіксіз жақсарту үшін
пайдаланылатын болады.
5.6. ҚАЛДЫҚТАР
Компания қызметінде 2018 жылы түзілген
қалдықтардың жалпы көлемі 10 976 тонна
құрады, оның ішінде ҚР Экологиялық
кодексіне сай қауіпті сипаттамалары
бар, қауіпті қалдықтар санатына жататын
қалдықтар 5 731 тонна және қауіпті емес қалдықтар санатына жататын қалдықтар 5 245
тонна болды.
Компанияның теңіз және құрлық
нысандарындағы құрылыс жұмыстарының
аяқталуына байланысты 2018 жылы
түзілген қалдықтар көлемі 2017 жылғымен
салыстырғанда 58% азайды.
Саясаттар мен бағдарламалар. NCOC
компаниясының қалдықтарды басқару жөніндегі
жүйесінің басты міндеті – Компанияның өндірістік
операцияларын тиісті түрде жоспарлау арқылы
қалдықтарды түзілу көзінде немесе технологиялық
процесс барысында азайту немесе түзілуіне мүлде
жол бермеу.
Қалдықтармен жұмыс қалдықтардың түзілу
кезінен бастап ақтық кәдеге жаратылғанына
дейін жүргізіледі. Қалдықтарды сұрыптау
процестің қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды
араластырмауға мүмкіндік беретін маңызды кезеңі
болып табылады.
ҚР Экологиялық кодексі қазіргі уақытта
рұқсат ететіндіктен, тамақ қалдықтары мен
медициналық қалдықтар (қауіпті деп есептеледі)
теңізде қалдықтарды өртеуге арналған пеште
өртеледі. Өртеу барысында алынған күл құрлық
нысандарына тасымалданады.
ҚР Экологиялық кодексіндегі өндірушінің
кеңейтілген жауапкершілігі туралы жаңа
баптардың сақталуын жақсарту үшін құрлық
кешеніндегі өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау
алаңын жаңарту жұмысы орындалуда, ол
қалдықтарды қосымша сұрыптауды және
қалдықтарды қадағалау процестерін көздейді.
Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі туралы
баптарға сай қалдықтар кейінгі өңдеу және қайта
пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдарға
тапсырылады.
«Қызметкерлердің қоғамдық өмірге араласуы»
атты 9.2-тараудағы NCOC кеңселерінде және
«Самал» вахталық кентінде «Жасыл кеңсе»
бастамалары шеңберінде қалдықтарды қайта
пайдалану туралы қосымша ақпаратты қараңыз.
5.7. ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ЖӘНЕ ТЕҢІЗДЕГІ
ЗЕРТТЕУЛЕР
NCOC компаниясы теңізде деректер жинау
және теңіз суы мен түптік шөгінділердің
химиялық құрамын талдау үшін, сонымен
қатар балықтар популяциясын, бентос пен
планктонды зерттеу үшін кешенді экологиялық
мониторинг бағдарламасын жүзеге асыруда.
1994 жылдан бері жоба шеңберінде сан түрлі
900-ға жуық стансада мониторинг бойынша
шамамен қырық теңіз зерттеуі жүргізілді.
Жылына екі рет орындалатын зерттеулер кезінде
жиналған деректер ауа райы жағдайлары,
су сапасы (тұздылығы, қоректік заттар мен
металдардың мөлшері және т.б.), түптік
шөгінділердің сапасы (металдардың мөлшері,
көмірсутегілердің жалпы концентрациясы және
т.б.) туралы мәліметтерді және биологиялық
деректерді (микроорганизмдер, фитопланктон,
зоопланктон, ихтиофауна) қамтиды. 2013
жылдан бері атмосфералық ауа сапасын және
құстарды зерттеу жұмыстары, сонымен қатар
каспий итбалығына қосымша зерттеулер
жүргізілуде.
NCOC компаниясы өзі орындап жатқан
қоршаған ортаға әсердің мониторингісі,
биоалуантүрлілікті және атмосфералық ауа
сапасын зерттеу жұмыстары,
сарқынды суды
тазарту, қалдықтармен жұмыс және қоғамдық
экологиялық бастамалар нақты сипатталған,
көлемі 40 беттен тұратын «Экологиялық
зерттеулер мен бастамалар» атты кітапша
шығарды. www.ncoc.kz. қараңыз.
5.8. ПАЙДАЛАНУДАН ШЫҒАРУ
ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
ШАРАЛАРЫ
Пайдаланудан шығару Солтүстік Каспий
бойынша Өнім бөлісу туралы келісімнің
баптарымен, сонымен бірге нақты жоспарлау
және уақтылы қаржыландыру арқылы реттеледі.
Пайдаланудан шығаруды және қалпына келтіру
шараларын жоспарлау және орындау басқа
кез келген техникалық жобадағыдай тәсілмен
жүзеге асырылады. Нақты нысан үшін қолайлы
нұсқаны анықтау мақсатында әрбір бағдарлама
үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмысын
жүргізу қажет.
2018 жылы пайдаланудан шығару жұмыстары
орындалған жоқ. Сонымен қатар жоба
шеңберіндегі бірде-бір жер телімінде бұрынғы
жылдары немесе жақын арада орын алған
және қалпына келтіру шараларын қажет ететін
ластану жағдайлары анықталған жоқ.