Document

NCOC басқарушы
директорының жолдауы



Құрметпен,
Ричард Хоув
NCOC компаниясының басқарушы директоры Richard Howe Signature

2020 жыл бүкіл әлем үшін қиын жыл болды. NCOC үшін биыл да күрделі және жаңа сын-тегеуріндерге толы жыл болды. Алайда компаниямыз мүмкіндіктерді іске асыру үшін бар күшін салып, 2020 жылдың көптеген бағыттар бойынша тарихымыздағы ең табысты жыл болуына қол жеткізді.

Қауіпсіздік әрқашан біздің негіз қалаушы құндылығымыз болып қалуда. Бұл тұрғыда біз мақсатты нөлдік көрсеткішке қол жеткізу бағытындағы жұмысымызды жалғастырдық және жыл бойына технологиялық қауіпсіздікке байланысты 1-деңгейлі немесе 2-деңгейлі бір де бір оқиға тіркелген жоқ. Осы нәтиженің арқасында Қашаған жобасы технологиялық қауіпсіздік көрсеткіші бойынша әлемдегі ең үздік жобалардың бірі болды. 2020 жылы өндірістік жарақаттану деңгейі де тарихи төмен деңгейге жетті, бұл жобамыздың тарихындағы ең үздік көрсеткіш болып табылады. Біз табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ұмтыламыз. Біз бұл міндеттемеге үлкен жауапкершілікпен қараймыз және 2020 жылы газды алауда жағу эмиссиялары мен ұйымдастырылған шығарындылар бұрынғы төмен деңгейден де елеулі түрде азайды.

Ұзақ мерзімге есептелген болашағы бар өсіп келе жатқан компания ретінде біз алдын алу тәсілдемесін қолданып, жинаған тәжірибемізбен бөлісуге ұмтыламыз. Сондықтан біз NCOC компаниясының өткен жылғы жалпы шығындарының 50%-дан астамын жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға жұмсап, жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бағдарламамызды жүзеге асыруды жалғастырдық. Сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстарында көптеген адамдарға пайда әкелген бірнеше әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар аяқталды. NCOC өткен жылы жүзеге асырған «әдеттегі» әлеуметтік жобаларға қосымша, пандемия кезінде жаңа ауруханалар салуға, ауруханаларды жөндеуге, медициналық жабдықтар сатып алуға, дәрігерлер мен медбикелерді тартуға және қоғамдастықтарымызға қолдау көрсетуге арналған басқа да бірқатар аса маңызды бағыттарды жүзеге асыруға миллиондаған АҚШ долларына тең қаржы жұмсады. Осы үлесіміз үшін Қазақстан Республикасының беделді «Жомарт жүрек» сыйлығына ие болғанымызды мақтан тұтамыз.

Тұрақты дамудың маңыздылығы «Жер бізге ата-бабаларымыздан мұра ретінде берілген жоқ – біз оны балаларымыздан қарызға алдық» деген мақалда жақсы сипатталған. NCOC-да біз тұрақты дамудың қазіргі кезде таңдау мәселесі емес, бірден- бір мүмкін болатын нұсқа екенін білеміз. Бұл парниктік газдар шығарындыларын қамтиды және біздің мақсатымыз – осы көрсеткіш бойынша да әлемдік деңгейде болу. Біз қызметіміздің өндірістен бастап жобаларға дейінгі, экологиядан бастап әлеуметтік және экономикалық салаларға дейінгі барлық бағыттарында үздік көрсеткіштерге қол жеткізуге ұмтылудамыз. Бұл біздің Қазақстан, бүкіл әлем және бір-біріміз алдындағы борышымыз.

01

біздің
есебіміз

Бұл есеп North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының тұрақты даму жөніндегі алтыншы ерікті есебі болып отыр1 . Ол Мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің әлеуметтік және экологиялық мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастығымен (IPIECA), Мұнай-газ өндіруші компаниялардың халықаралық қауымдастығымен (IOGP) және Америка мұнай институтымен (API) бірлесіп әзірленген «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі тұрақты даму саласында ерікті есеп беру жөніндегі нұсқауға» сәйкес дайындалған.

Есепте NCOC компаниясының Қазақстан Республикасы мен NCOC акционерлері үшін ұзақ мерзімдік артықшылықтарға ие болуға бағытталған Қашаған жобасын тұрақты және жауапты игеру жөніндегі міндеттемелері көрсетілген. Есепте өндірістік операциялар, әлеуметтік-экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау саласындағы NCOC қызметінің негізгі көрсеткіштері берілген.

Осы есепте компанияның Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық міндеттерді орындауға бағытталған тұрақты даму саласындағы мақсаттарға жетуге қосып жатқан үлесі көрсетілген.

2020 жылы біз тәуелсіз консультациялық кеңеспен тығыз қарым-қатынаста тұрақты даму туралы есеп бойынша жұмысты жалғастырдық («Тәуелсіз консультациялық кеңес» атты 15.7-тарауды қараңыз).

Есептегі ақпарат NCOC акционерлеріне және қадағалау мен бақылау функцияларын орындаушы Қазақстан Республикасына ұсынылған Солтүстік Каспий жобасы аясындағы қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік-экономикалық қызмет бойынша орындалған жұмыс туралы есептерде берілген деректерге толық сәйкес келеді.

Есеп беру барысы

at www.ncoc.kz

02

2020 жылғы
негізгі
жетістіктер

03

NCOC
қызметінің
көрсеткіштері

  • 2017
  • 2018
  • 2019
  • 2020

Өндіріс

Мұнай өндіру көлемі (ұңғымалар сағасында, млн тонна)

  • 8.29
  • 13.22
  • 14.13
  • 15.14

Газ өндіру көлемі (ұңғымалар сағасында, млрд текше метр)

  • 4.80
  • 7.70
  • 8.45
  • 9.15

Соның ішінде кері айдалатын көлем (млрд стандартты текше метр)

  • 0.32
  • 2.24
  • 3.15
  • 3.81

Өндірілген күкіртті экспорттау көлемі (мың тонна)

  • 109
  • 1,056
  • 1,207
  • 1,228

Блоктарда сақталып жатқан күкірттің жыл аяғындағы көлемі (мың тонна)

  • 1,121
  • 1,409
  • 1,527
  • 1,594

Денсаулық пен еңбек қорғау

Өндірістік жарақаттар мен аурулар

Тіркелетін жарақаттардың жалпы деңгейі (ТЖЖД), млн адам-сағатқа шаққанда

  • 0.60
  • 0.44
  • 0.88
  • 0.23

NCOC қызметкерлері

  • 0.76
  • 0.66
  • 0.47
  • 0.15

Мердігерлер

  • 0.55
  • 0.36
  • 1.01
  • 0.27

Еңбекке уақытша қабілетсіздік оқиғалары (ЕУҚO) млн адам-сағатқа шаққанда

  • 0.32
  • 0.09
  • 0.11
  • 0.06

NCOC қызметкерлері

  • 0.30
  • 0.17
  • 0
  • 0

Мердігерлер

  • 0.33
  • 0.06
  • 0.14
  • 0.09

Адам өлімі болған оқиғалар

  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Адам өлімі болған жазатайым оқиғалар, млн адам-сағатқа шаққанда

  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Адам өлімі болған оқиғалар деңгейі, млн адам-сағатқа шаққанда

  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Технологиялық қауіпсіздікке байланысты 1-деңгейлі оқиғалар саны (API RP 754 құжатына сай2)

  • 3
  • 0
  • 0
  • 0

Технологиялық қауіпсіздікке байланысты 2-деңгейлі оқиғалар саны (API RP 754 құжатына сай2)

  • 11
  • 2
  • 0
  • 0
2

API RP 754 – Америка мұнай институтының тәжірибелік ұсыныстары; олар мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларының технологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерін төрт деңгейге бөледі. 1-ші және 2-ші деңгейлер есепті жариялауға жол береді. http://www.api.org қараңыз

  • 2017
  • 2018
  • 2019
  • 2020

Қоршаған ортаны қорғау

Парниктік газдардың эмиссиялары

Тікелей шығарындылар (1-көлем), CO2баламасындағы мың тонна3

  • 2,974
  • 3,333
  • 3,068
  • 3,035

Көмірқышқыл газ (CO2), мың тонна

  • 2,852
  • 3,158
  • 2,885
  • 2,842

Метан (CH4), thousand CO2 баламасындағы мың тонна

  • 115
  • 167
  • 175
  • 184

Азот оксиді (N2O), thousand CO2 баламасындағы мың тонна

  • 6.7
  • 8
  • 7.9
  • 8.8

Жанама шығарындылар (2-көлем, импортталатын энергия), CO2 баламасындағы мың тонна4

  • 10.2
  • 10
  • 8
  • 7.5

Парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай эквивалентінің 1000 тоннасына шаққандағы CO2 эквивалентіндегі мың тонна5

  • 237
  • 180
  • 159
  • 149

Отын-энергетика ресурстарын тұтыну

Жалпы тұтыну, млн гигаджоуль, ГДж6

  • 29.8
  • 42.25
  • 37.63
  • 43.14

Үлесті энергия тұтыну, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай баламасындағы тоннаға шаққандағы ГДж5

  • 2.36
  • 2.05
  • 1.94
  • 2.11

NCOC компаниясы экспорттайтын (импорттайтын) электр энергиясының жалпы көлемі, млн ГДж

  • (0,12)
  • (0.11)
  • (0.11)
  • (0.42)
3

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 280-э(ө) бұйрығымен бекітілген Парниктік газдардың шығарындыларын есептеу жөніндегі жекелеген әдістемелерге сай CO2 баламаларын есептеу үшін пайдаланылатын ғаламдық жылыну потенциалының коэффициенттері 100 жылға болжау шегі бойынша CH4 үшін 21 және N2O үшін 310 құрайды. Шығарындыларды есептеу бекітілген әдістемелер мен ҚР Экологиялық кодексінде белгіленген талаптар және қолданылатын нормативтік құжаттар негізінде, сонымен қатар Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы 2006 жылы шығарған Парниктік газдарды ұлттық деңгейде түгендеу жөніндегі басшылыққа алынатын нұсқауларға сай нысан деңгейінде жүзеге асырылады

4

Есептер электр энергиясын жанама тұтыну негізінде сұраныс тарабындағы шығарындылар коэффициентін қолдана отырып жасалады. Аталған коэффициент ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты (2012 ж.) шығарған «Электрэнергетикалық жүйелерге арналған шығарындылар коэффициентін есептеу әдістемесі» құжатына сай Еуропалық қайта құру және даму банкінің осы құжатқа жалғанған әдістемесі (Lahmeyer International, 2012 ж.) негізінде 2020 ж. Қазақстан электр жүйесі үшін (біріктірілген қорлар коэффициенті) 0,919 т CO2 -бал./МВт-сағ шамасына тең.

5

Қарқындылық мәндері үшін қалыптандыру коэффициенті 2020 жылы мұнай баламасының 20397 миллион тоннасын (мұнай бал. тоннасы) құрайды.). Бұл коэффициент Мұнай өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық қауымдастығының «Мұнай-газ компанияларының тұрақты даму саласындағы ерікті есептілігі жөніндегі нұсқауының» 3-басылымында (2015 ж.), 37-бетте берілген экологиялық деректер үшін ұсынылған қалыптандыру коэффициенттеріне сай ұңғыма сағасында өндірілетін шикі мұнай, құрғақ газ және газ конденсатын өндірудің (соның ішінде алауда жағылатын және отын ретінде пайдаланылатын газды қосқанда, бірақ қойнауқатқа айдалатын газды санамағанда) жалпы көлемі негізінде мұнай бал. тонналарымен есептеледі. Шикі мұнайдың тоннамен есептелетін физикалық көлемдері мұнай тоннасына шаққанда 1018 мұнай бал. тоннасы коэффициентіне көбейту арқылы мұнай бал. тоннасына айналдырылады. Ілеспе газдың физикалық көлемдері 0,932 мұнай бал. тоннасы/мың ст. текше м. коэффициентіне көбейту арқылы мұнай бал. тоннасына айналдырылады. Қайта есептеу коэффициенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 160 бұйрығымен бекітілген «Отын-энергетикалық теңгерімді қалыптастыру және энергетика саласын сипаттайтын жекелеген статистикалық көрсеткіштерді есептеу бойынша әдістеменің» 2-қосымшасында көрсетілген.

6

1 мегаватт-сағат (МВт-сағ) = 3,6 гигаджоуль (ГДж)

  • 2017
  • 2018
  • 2019
  • 2020

Көмірсутегілерді алауда жағу, млн стандартты7 текше метр

  • 104
  • 63
  • 57.7
  • 47.2

Тұщы су

Су алудың жалпы көлемі, мың текше метр

  • 1,148
  • 964
  • 1,064
  • 812

Теңіз суынан өндірілетін тұщы судың жалпы көлемі, мың текше метр

  • 21
  • 36
  • 39
  • 17.5

Су тұтынудың жалпы көлемі, мың текше метр

  • 1,169
  • 1,000
  • 940
  • 762

Тұщы су тұтыну қарқындылығы, өндірілетін мұнай көлемі үшін мұнай баламасындағы 1 000 тоннаға шаққандағы тұтынылған судың тоннасы5

  • 93
  • 52
  • 55
  • 40

Беткі суға бақылаудағы төгінді

Көмірсутегі шикізаты, метрикалық тонна

  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Атмосфераға тарайтын шығарындылар

Ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ) шығарындылары, тонна

  • 9218
  • 943
  • 1,113
  • 947

Күкірт диоксидінің (SO2) шығарындылары, тонна

  • 41,717
  • 27,949
  • 22,760
  • 14,899

Азот оксидтерінің (NOx) шығарындылары, тонна

  • 2,874
  • 2,550
  • 3,711
  • 3,818

Қоршаған ортаға төгілімдер

Қоршаған ортаға көлемі 1 баррельден көп мұнай төгілімдерінің саны

  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Төгілген көмірсутегі шикізатының (мұнайдың) көлемі, тонна

  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Қалдықтар

Кәдеге жаратылатын қалдықтардың жалпы көлемі, тонна

  • 26,353
  • 10,976
  • 13,726
  • 4,839

Соның ішінде жергілікті нормаларға сай қауіпті деп жіктелген қалдықтар, тонна

  • 17,310
  • 5,731
  • 9,092
  • 3,149

Әлеуметтік-экономикалық сала

NCOC компаниясындағы шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру9

Басшы лауазымдардағы жергілікті персоналдың пайыздық үлес

  • 75
  • 80
  • 82
  • 85
7

20°С мен 1 атм. шамасындағы стандартты текше метр. Газды алауда жағу көлемдері туралы есептілік нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы №1104 қаулысымен бекітілген.

8

2017 ж. есептің жаңартылған деректері 608 тонна, булану тоғандарының шығарындыларын қамтиды.

9

Тек NCOC қызметкерлері. Басқарушы лауазымдар СКӨБК бойынша 1-інші және 2-нші санаттарға сәйкес келеді, инженерлер-техниктер лауазымдары СКӨБК бойынша 3-інші және 4-інші санаттарға сәйкес келеді және көмекші лауазымдар СКӨБК бойынша 5-санатқа сәйкес келеді.

  • 2017
  • 2018
  • 2019
  • 2020

Инженерлік-техникалық лауазымдардағы жергілікті персоналдың пайыздық үлесі

  • 97
  • 95
  • 95
  • 95

Жұмысшы және қосалқы лауазымдардағы жергілікті персоналдың пайыздық үлесі

  • 100
  • 100
  • 100
  • 100

NCOC персоналының құрылымы, әйелдердің пайыздық үлесі

  • 32
  • 32
  • 29.18
  • 32

NCOC компаниясының қаржылық қолдауымен оқып жатқан Қазақстан азаматтарының жиынтық саны, мың адам

  • 16
  • 16
  • 18
  • 19.3

NCOC компаниясының Қазақстан азаматтары болып табылатын қызметкерлерін кәсіби оқыту курстарының жиынтық құны, млн АҚШ доллары

  • 260
  • 263
  • 289
  • 291

Жергілікті жабдықтаушыларға тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген жиынтық төлемдер10, млрд АҚШ доллары

  • 13.7
  • 14.1
  • 14.8
  • 15.3

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен қайырымдылыққа қосылған тікелей жиынтық үлес, Атырау және Маңғыстау облыстарында, млн АҚШ доллары

  • 571,4
  • 640
  • 718,1
  • 818,5
10

Жергілікті тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің анықтамасы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңында белгіленген Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінде берілген

04

COVID-19-ға
ден қою
шаралары

4.1. Компаниядағы қорғану шаралары

Өндірістік алаңдарда жұмыс істеп жатқан компания қызметкерлері мен мердігерлердің персоналының денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылғы ақпанда NCOC компаниясы 90-күндік іс-әрекеттер жоспарын әзірледі. Осы жоспарға сай жұмыс алаңдарына кіру қатаң түрде шектеліп, тек негізгі персоналға ғана кіруге рұқсат берілді. Өндірістік персонал үшін компанияның барлық нысандарындағы жұмыс басталар алдында міндетті карантиннен өту тәртібі енгізілді.

Бұл ретте қызметкерлерге NCOC өндірістік нысандары аумағынан кету мүмкіндігі берілді, алайда кері келген кезде оларға міндетті ПТР-тест тапсырып, карантиннен өту талабы қойылды.

Теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік персонал үшін денсаулық пен еңбек қорғау бойынша қосымша шаралар енгізілді. Батыс Ескенедегі өндірістік кешен шартты түрде екі санитариялық алаңға бөлінді: жұмыс алаңы және тұрғын алаң.

Барлық қызметкер жақсы өмір сүру, тамақтану, тынығу және т.б. жағдайларымен қамтамасыз етілді. Еңбекке ақы төлеу шарттары барлық тараппен келісілді.

90 күн ішінде компанияның өндірістік алаңдарында COVID-19 жұқтырудың бірде бір оқиғасы тіркелген жоқ.

4.2. Қызметкерлерді қолдау

Ел ішінде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін NCOC компаниясы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап қызметкерлерінің басым бөлігін жалақыларын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірді.

NCOC үшін барлық қызметкермен байланыста болып, олардың қалай жұмыс істеп жатқанын, жағдайларының қандай екенін және NCOC компаниясындағы жұмысы туралы не ойлайтынын білу маңызды болды.

Сол себепті қашықтан жұмыс істеу туралы 4 пікіртерім жүргізілді, олардың мақсаттары:

  • нәтижелерін былтырғы ой-пікірлермен салыстыру;
  • NCOC қазіргі уақытқа дейін қабылдаған амал-әрекеттердің тиімділігін бағалау;
  • сол нәтижелерді қызметкерлердің басқа ой-пікірлерімен сәйкестендіру.

Бұл қызметкерлердің алаңдаушылығын тудыратын мәселелерді шешуге көмектесетін ой-пікірлер алу үшін өте маңызды арна. Қабылданған ақпарат басшылықтың қызметкерлермен қарым-қатынасы тұрақты кері байланыс арқасында жақсарып жатқанын айғақтайды.

2020 жылғы сәуірде NCOC компаниясы EAP Kazakhstan компаниясының қолдауымен өз қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері үшін психологиялық қолдау бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Бағдарламаның мақсаты – жұмыста және жеке өмірінде қиын жағдайға тап болған қызметкерлерге кәсіби қолдау көрсету.

COVID-19 кезінде қызметкерлер үшін күйзелісті жағдайларды басқаруда, жұмыспен және отбасындағы қарым-қатынаспен байланысты жаңа проблемаларды шешуде психологиялық қолдау аса маңызды болды.

Осы бағдарлама аясында қызметкерлер келесі тақырыптар бойынша вебинарларға қатыса алады:

  • «NCOC компаниясының психологиялық қолдау бағдарламасымен танысу» – қызметкерлерді және олардың тікелей менеджерлерін бағдарламаның артықшылықтарымен егжей-тегжейлі таныстыру;
  • «Пандемия және карантин кезіндегі эмоциялық аман-саулық»;
  • «Балалардың пандемия және карантин кезіндегі эмоциялық аман-саулығы»;
  • «Қашықтан жұмыс істеуді қалайша қауіпсіз ұйымдастыруға болады».

Қызметкерлерді және олардың отбасыларын психологиялық қолдау бағдарламасы жеке өмір мен құпиялылыққа қол сұқпаушылық қағидатының сақталуымен жүзеге асырылады. Бағдарлама шеңберінде 106 қызметкерге жеке және жұмысқа байланысты проблемаларын шешуде көмек көрсетілді.

Компания өзінің персоналы мен отбасы мүшелеріне жан-жақты қолдау көрсету аясында коронавирус таралған алғашқы айларда Атырау, Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларында бір рет пайдаланылатын 300 000 бетперде таратты.

Пандемия туралы хабарланған кезден бастап компанияның бірде бір қызметкері қысқартылған жоқ.

4.3. Жергілікті халыққа қолдау көрсету

Бүкіл әлем COVID-19 пандемиясына душар болғанда NCOC компаниясы осы індет салдарынан материалдық жағдайлары мен денсаулығы нашарлаған жергілікті қоғамдастықтарға көмек қолын созды.

Компания әлемдегі COVID-19-ға байланысты ахуалды қадағалай отырып, 2020 жылдың басында-ақ өмірлік маңызы бар медициналық жабдықтар сатып алу туралы шешім қабылдады. Табысталған жабдықтар тізімінде өкпені жасанды желдететін аппараттар, оттегі стансалары, заманауи УДЗ аппараттары, жұқпалы ауруханалардың қарқынды терапия бөлімшелеріне арналған дефибрилляторлар, көп функциялы ауруханалық керуеттер, дәрі-дәрмектер және медициналық персоналға арналған жеке қорғану құралдары, жедел жәрдем машиналары және басқа да көптеген құралдар, соның ішінде жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне арналған медициналық дәрі-дәрмектер мен қосымша ресурстар бар.

Компания Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау жүйелеріне COVID-19 індетімен күресу үшін тікелей көмек көрсетуге барлығы 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

NCOC компаниясы 2 ай ішінде Атырау мен Ақтау қалаларында 200 орындық 2 модульді жұқпалы аурулар ауруханасын салды, олардың әрқайсысының жалпы құны 8 млрд теңгеден асып түсті. Ауруханалар толығымен заманауи медициналық жабдықтармен, соның ішінде жағдайы аса ауыр науқастарды емдеу үшін оттегі беретін арнайы желілермен жарақталған.

Компания мен басқа операторлардың бірлескен бастамасы бойынша жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсету үшін Ұлыбританиядан қарқынды терапия дәрігерлері шақырылды.

NCOC компаниясы денсаулық сақтау жүйесімен қатар оқу орындарына да қолдау көрсетті және аз қамтылған отбасылардың балаларына онлайн режимінде оқу үшін 1200 компьютер табыс етті.

NCOC қызметкерлері сонымен бірге карантинмен байланысты қиындықтарға тап болған егде адамдар мен әлеуметтік қорғалмаған адамдарға қолдау көрсету үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Атырау облысында 200 отбасы және Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 126 отбасы шамамен 4,5 миллион теңге мөлшерінде көмек алды.

Сонымен бірге NCOC компаниясының өндірістік персоналы Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдету аппараты мен оттегі концентраторын сатып алу үшін 4 миллионға жуық теңге қаражат жинады.

4.4. COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі мердігерлермен қарым-қатынас

Мердігерлермен іскерлік қарым-қатынастарымыздың негізі – топтық жұмыс, жауапкершілікпен қарау, шапшаңдық және өзара түсіністік.

NCOC өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және әлеуметтік қамсыздандыруды ең жоғары құндылық деп есептейді, және бұл көзқарас компанияның мердігерлерінің қызметкерлеріне де тең дәрежеде қатысты.

NCOC компаниясының түрлі өндірістік алаңдарында аса маңызды 47 мердігер компаниядан 2000-нан астам адам жұмыс істейді.

Пандемиямен күрестің бастапқы кезеңінде компания мердігер ұйымдарды негізгі мүдделі тараптар ретінде белгіледі.

Сонымен бірге NCOC компаниясы мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің басшыларымен тығыз қарым-қатынаста Еңбек кодексі талаптарының сақталуын қадағалады. Оның үстіне NCOC төтенше жағдай және карантин кезеңінде Қазақстан Республикасында тіркелген мердігерлер үшін төлем жүргізу мерзімдерін (42 күннен 21 күнге дейін) қысқартты.

2020 жылғы ақпанның аяғынан бастап осы компаниялармен тұрақты байланыс жасалып, оларға эпидемиологиялық ахуалға байланысты түрлі өзгерістер, атап айтқанда елдер санаттары, гигиена ережелері, сапарларға қатысты шектеулер, жұмыс берушілердің міндеттері және ҚР мемлекеттік органдары енгізген басқа да ережелер туралы уақтылы хабарлап тұрдық.

NCOC «90 күнге оқшауланған өндірістік алаң» немесе «оқшауланған қауіпсіз аймақ» тұжырымдамасын енгізу алдында мердігер компаниялардың басшыларымен бірге шұғыл ден қоюды қамтамасыз етудің басымдықтарын, атап айтқанда:

  • талап етілетін барлық санитариялық-гигиеналық іс-шараларды;
  • ақы төлеу, еңбек ету және тұру жағдайларын, еңбек қатынастары жоспарларын анықтады.

Мердігерлердің COVID-19-ға даяр болу және ден қою жөніндегі жоспарлары да NCOC жоспарына сәйкестендірілді, ол жұмыстың бес негізгі бағытынан тұрады:

  • персоналдың вирустық инфекция жұқтыру қатерін шектеу;
  • тиімді және уақтылы ақпарат алмасу;
  • медициналық емдеу;
  • бизнес-қызметтің үздіксіздігі;
  • әлеуметтік тұрақтылық.

Бұл бағыттар бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда.

05

денсаулық
пен еңбек
қорғау

5.1. Еңбек қорғау

Қызметкерлер мен мердігерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету NCOC компаниясының ең басты мақсаты болып табылады. Өндірістік операциялар кезінде персоналға тиюі ықтимал кез келген зиянның алдын алу және толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Біз «Мақсатты нөлдік көрсеткіш» атты өршіл мақсатымызға жету жолын ұстанамыз және мақтан тұтамыз.

NCOC компаниясында жұмыс істейтін әр адамнан, мейлі ол компанияның қызметкері немесе мердігер болсын, қауіпсіз болмауы мүмкін жұмыстарды кідірту және мүлде доғару бойынша батыл әрекеттер күтіледі.

Компания оқиғалар туралы және қауіпті болуы ықтимал жағдайлар туралы ашық хабарлайды және оларға тергеу жүргізеді. Біз өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмысты жақсарту үшін сол оқиғалардан сабақ алуға тырысамыз және тәжірибемізбен бөлісеміз.

NCOC компаниясының қызметкерлері мен мердігерлері еңбек қорғау саласындағы барлық стандарттар мен талаптарды, соның ішінде «Қауіпсіздік бойынша алтын ережелерді» сақтауға міндетті («2015 ж. тұрақты даму туралы есепті» қараңыз). Осы ережелер өндірістік қауіпсіздіктің аса маңызды бағыттарына баса назар аударуға көмектеседі, бұл өз кезегінде ауыр оқиғалардың алдын алуда елеулі ілгерілеушілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты бұрын-соңды болмаған қиындықтарға қарамастан, бізде ешқашан «Мақсатты нөлдік көрсеткішке» жету жөніндегі өршіл мақсатымызға қатысты ешбір күдік болған жоқ. Біз аса маңызды аспектілерді толық түсіну және алаңдататын факторлар мен пандемияға байланысты тұрақсыздықтарды

Денсаулық, еңбек, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы саясат

at www.ncoc.kz

ескере отырып таңдаған тәсілдемеміздің дұрыстығына көз жеткізу үшін осы мүмкіндікті пайдаландық.

2020 жылы NCOC компаниясы еңбек қауіпсіздігі саласында қол жеткізілген көрсеткіштерді және жарақаттанудың алдын алуға байланысты жағдайды елеулі түрде өзгерту үшін жүзеге асыру қажет әрекеттерді талдады. Ол үшін жарақаттану жағдайларының себептері мен сипаты, мердігерлермен қарым-қатынас және жұмысқа арналған рұқсат қағазы жүйесі сияқты профилактикалық шаралардың тиімділігі зерделенді.

2020 жылы компаниядағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тәсілдеме мердігерлермен анағұрлым дәйекті қарым-қатынас жасаудан, сонымен қатар жұмыстардың қатері жоғары бағыттарына баса көңіл бөлуден тұрды. Сонымен қатар жұмыс орындарындағы супервайзерлерді әкімшілік жұмыстардан босату және олардың жауапкершіліктерін арттыру арқасында өндірістік алаңдардағы қадағалау мен техникалық бақылау күшейтілді.

Біз қорғаныш тосқауылдар орнатып, қызметкерлерімізді қауіпсіздік техникасы бойынша оқытып және олардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, оқиғалардың алдын алу бағытында жұмыстануды жалғастырудамыз. Атап айтқанда, алдын алу шараларын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік атқаратын қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұйымдастырылды.

2020 жылы біз еңбек қорғау саласындағы көрсеткіштерімізді елеулі түрде жақсартып, жылды қызметіміздің бүкіл кезеңі бойынша ең үздік нәтижелермен аяқтадық. Тіркелетін жарақаттардың жалпы деңгейі (ТЖЖД) көрсеткіші бойынша жұмыс істелген миллион сағатқа шаққандағы жарақат алу оқиғаларының саны 0,23 болды. Еңбекке уақытша қабілетсіздік оқиғаларының жиілігі (ЕУҚОЖ) де бұрын-соңды болмаған ең төмен деңгейге түсті – 0,06. Бұл ТЖЖД көрсеткішінің 74%-ға, ал ЕУҚОЖ көрсеткішінің 45%-ға төмендегенін білдіреді.

ТЖЖД және ЕУҚОЖ кестесі

TRIR & LTIF GRAPH
  • 2015
  • 2016
  • 2017
  • 2018
  • 2019
  • 2020

Тіркелетін жарақаттардың жалпы деңгейі

  • 24
  • 31
  • 15
  • 10
  • 24
  • 4

Еңбекке уақытша қабілетсіздік оқиғалары

  • 9
  • 11
  • 8
  • 2
  • 3
  • 1

2020 жылғы ауыр зардаптар ықтималдығы жоғары оқиғалар пирамидасы

TRIR & LTIF GRAPH

Көрсеткіштердің жақсарғанын елеулі зардап шегу ықтималдығы жоғары оқиғалар санының азаюынан да байқауға болады. Біз 2020 жылды ондай оқиғаларсыз аяқтадық, былтыр ондай 13 оқиға тіркелген.

Тергеулер және алынған сабақтар

NCOC оқиғалар туралы хабарлайды және олардың алғышарттарын, соның ішінде техникалық, мінез-құлық және ұйымдық алғышарттарын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізеді. Компания алған тәжірибесімен бөліседі және келешекте оқиғалардың орын алу ықтималдығын азайту үшін қажет шараларды жүзеге асырады. Біз ұқсас жұмыста стандарттық әдістерді жақсарту үшін жинақталған тәжірибені қолдану арқылы тұрақты тәсілдеме қалыптастыра отырып, алынған сабақтарды пайдалануға ұмтыламыз.

5.2. Персоналдың денсаулығын сақтау

NCOC компаниясы қызметкерлерінің денсаулығын қорғау мен жақсарту және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдады. Біз үнемі осы бағытта түрлі бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қызметкерлеріміздің денсаулығын қорғау деңгейін арттыру мүмкіндіктерін зерттейміз.

Компания жергілікті медициналық қызмет көрсетуші мамандандырылған жабдықтаушыларды тарта отырып, өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне білікті медициналық қызмет ұсынуда және тұрақты түрде медициналық тексеруден өтуге кеңес береді.

NCOC медициналық сақтандыруға қосымша қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінде денсаулыққа байланысты елеулі проблемалар туындаған жағдайда оларға қолдау көрсетуге бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруда.

Оның үстіне компания салауатты өмір салтын қолдайды және спорт залдарында және сауықтыру орталықтарында жаттығу шығындарын өтейді. NCOC компаниясының барлық вахталық кенттерінде спорт залдары мен спорт алаңдары бар, бұл нысандарда түрлі жарыстар өтіп тұрады. Атап айтқанда, компания жұмыс уақытының басым бөлігін отырып өткізетін жүргізушілеріне қамқорлық таныта отырып, автотұрақ жанында жүргізушілер үшін фитнес-бұрыш ұйымдастырды. Тұрақты дене жаттығулары жүргізушілерге денелерін жақсы күйде ұстауға көмектесіп қана қоймай, өз жұмыстарын жақсырақ орындап, көлікті қауіпсіз жүргізулеріне ықпал етеді.

Еңбек демалысы кезінде сауықтыру мақсатындағы, сонымен қатар қызметкерлердің денсаулығы мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған қосымша төлем төлеу бағдарламасы бойынша NCOC персоналына жеңілдіктердің тағы бір түрі беріледі.

Компания жұмыс орындарында коронавирус инфекциясының таралуы қатерін азайту мақсатында кеңселері мен өндірістік алаңдарында мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының талаптарына және өзінің қауіпсіздік техникасы және еңбек гигиенасы жөніндегі протоколдарына сәйкес денсаулық пен еңбек қорғау бойынша тиімді шараларды жүзеге асырды. Бұл шаралар мыналарды қамтиды:

  • дене қызуын өлшеу;
  • әлеуметтік арақашықтықты ұстану;
  • бетперде тағу;
  • жиыстыру және дезинфекция;
  • зарарсыздандыру шамдарын пайдалану.

NCOC қолға алған «Қуаттан» (Energize) науқаны қызметкерлердің жұмыста және жеке тірлігінде салауатты өмір салтын ұстануын насихаттайды. Осы науқан аясында әр қызметкерді салауатты өмір салтын ұстануға және дене шынықтыру жаттығуларымен көбірек айналысуға ынталандыратын білім мен дене тәрбиесі деңгейін көтеру жөніндегі бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

5.3. Көлік қауіпсіздігі

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету NCOC компаниясының жерүсті көлігімен, теңіз және әуе көлігімен көптеген адамдарды тасымалдау, материалдар мен жабдықтарды жеткізу сияқты күнделікті логистика бойынша операцияларды орындау кезіндегі негізгі міндеті болып табылады. Компания халықаралық және салалық стандарттар қабылдап, қауіпсіздік үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі оңтайлы тәжірибені ұстануда, сонымен қатар жарақаттану мен оқиғалардың орын алу ықтималдығына қатысты «Мақсатты нөлдік көрсеткішке» жетуге ұмтылуда. Осылайша, қатерлерді барынша азайту және тасымалдау қауіпсіздігін арттыру мақсатында қауіпсіздікті басқару бойынша кешенді процесс әзірленді, ол мыналарды қамтиды:

  • қатерлерді анықтау;
  • анықталған қатерлерді барынша азайтуға арналған қорғаныш тосқауылдарын қолдану және оқиға орын алған жағдайда зардаптарын азайту мақсатында қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру;
  • қорғаныш тосқауылдар мен бақылау шараларын тексеріп, олардың тиімділігін қамтамасыз ету;
  • қауіпсіздікке байланысты аса маңызды лауазымдардағы персоналдың біліктілік деңгейін бағалау;
  • жұмыстарды қауіпсіз орындау мақсатында персоналды оқытып, оның білімі мен дағдыларын арттыру.

Компанияда мынадай жүйелер енгізілген: 1) оқиғалардың келешекте қайталануына жол бермеу және орын алу ықтималдығын азайту үшін араласуға мүмкіндік беретін жоспарлы және нақты нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштері бойынша есеп беру және 2) «Қауіпсіз жұмыс жағдайын қалыптастыру – хабарлау» және «Қауіпсіздік мәдениетін арттыру» сияқты қызметкерлердің мінез-құлқы туралы ой-пікірлер беруді, қадағалауларды есепке алу мен талдауды, және кейінгі жұмыстарды жақсарту шараларын анықтау мен қабылдау процесін қамтамасыз ететін бағдарламалар шеңберінде жұмыс орнындағы қауіпсіз іс-қимылды бақылау.

2020 жылы компания тиімді жетекшілік ету мен басқару арқасында көлік қауіпсіздігі саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Ауыр зардаптар болу ықтималдығы төмен оқиғалардың 30% үшінші тараптардың кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларына жатады. Компания қызметіне тартылған компанияның және мердігерлердің бүкіл персоналының жұмысы арқасында үздік нәтижелерге қол жеткізілді.

Көлік қауіпсіздігін басқару NCOC қызметінің қауіп-қатер дәрежесі жоғары түрлерінің бірі болып қалып отыр: өндірістік нысандарға күнделікті қызмет көрсетуге шамамен 500 көлік құралы тартылған, олар жыл сайын әдеттегі жылда 25 млн километр жол жүреді.

Алайда 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты маңызды емес сапарларға тыйым салынғанына байланысты тасымалдау көлемі азайып, жалпы жүрілген жол 11 млн километр құрады.

Жеңіл көлік құралдарының жүргізушілері 2 жылда бір рет, ал автобустардың жүргізушілері жыл сайын көлікті қауіпсіз жүргізу бойынша міндетті оқудан өтеді. Компанияның барлық көлік құралдарында көліктегі бақылау жүйесі (КБЖ) орнатылған. Ол жүргізушілердің жол бойындағы іс-әрекеттерін, соның ішінде жылдамдық режимін, кілт тежелуін және сақтандыру белдіктерін пайдалануын бақылауға мүмкіндік береді.

Компания өзінің жүргізушілері мен қызметкерлерінен көліктегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды, атап айтқанда:

  • белгіленген жол бағытын сақтауды;
  • сақтандыру белдіктерін тағуды;
  • көлік жүргізу кезінде ұялы телефондарды немесе басқа да кез келген құрылғыларды пайдаланбауды және жылдамдық шектеулерін сақтауды талап етеді.

2020 жылы қыс айларында ауыр зардаптар болу ықтималдығы жоғары оқиғалар бойынша алғаш рет нөлдік көрсеткішке қол жеткізілді. Сонымен қатар NCOC компаниясы жергілікті халыққа қолдау көрсету аясында фермерлерге малды таңбалау үшін жарық шағылыстыратын таспалар мен спрейлер табыс етті. Олар жүргізушілердің қараңғыда және көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда жолдағы малмен соқтығысуға байланысты жол-көлік оқиғаларының ықтималдығын азайтуға арналған.

Авиация. 2020 жылы NCOC компаниясы тікұшақтармен жалпы ұшу ұзақтығы 541 сағат құраған 572 рейсті ешбір оқиғасыз орындады. Атырау мен D аралы арасында орындалған осы рейстермен тасымалданған жолаушылар саны 8 928 адам құрады. Сондай-ақ медициналық эвакуациялау мақсатында 19 рейс орындалды, олардың үшеуі түнгі уақытта орындалды. Жыл бойына қажетіне қарай ұшқыштар экипаждарының даярлығын қамтамасыз ету үшін адамдарды шығыр көмегімен тікұшақ бортына көтеру бойынша жаттығулар жүргізілді.

Теңіз көлігі. Жыл бойы ұшу жұмыстары шектеліп, тікұшақтар ұшпаған кезде D аралынан науқас қызметкерлерді медициналық эвакуациялау үшін Caspian Falcon ауа тұғырықты кемесі пайдаланылды. Мердігерлердің жұмысын бақылауды ұйымдастыру NCOC өндірістік стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және үнемі жетілдіру мақсатында тәжірибе зерделеу мүмкіндігін береді.

Қойма және жүк көтеру жұмыстары. Бұл жұмыстар штаттық режимде орындалады және қайталанып тұрады, осыған байланысты компания жайбарақаттыққа жол бермеу үшін бақылау шараларын қолдануда. Ірі габаритті жүк көтеру сияқты штаттан тыс жұмыстар үшін біз жүк көтеру операцияларының егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеп, сала мамандарынан қажетті рұқсаттар аламыз.

5.4. Технологиялық қауіпсіздік және активтердің тұтастығы

Технологиялық қауіпсіздікті басқару адамдарға зардап және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін компанияның құбыр желілерінің, қазандары мен ыдыстарының бүтіндігін қамтамасыз етуді білдіреді.

Технологиялық қауіпсіздік өндірістік құрылыстарды сапалы жобалаудан басталады және барлық нысандардағы өндірістік операциялардың орындалуы барысында қауіпсіз пай-

далануды, тиісті техникалық қызмет көрсетуді және тұрақты тексерулерді қамтамасыз ету мақсатында үнемі көңіл бөлуді талап етеді.

NCOC компаниясының пайдалану жөніндегі процедуралары мен стандарттарында оқиғалардың алдын алу үшін қажет бақылау құралдары мен қорғаныш тосқауылдар анықталған. Осы қорғаныш тосқауылдардың өнеркәсіптік стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін олар тұрақты түрде тексеріледі, сынақтан өтеді және жұмыс күйінде ұсталады. Компания бүтіндіктің бұзылуына жол бермеу үшін өнімнің кез келген, тіпті өте аз мөлшерде төгілуі мен ағуының алдын алуға бар күшін салады. Төгілім анықталған кездегі басты міндет оны жою болып табылады. Қорғаныш тосқауылдары мен қалпына келтіру шараларының жүйесі алдын алу шаралары мен ден қою шаралары арқасында технологиялық қауіпсіздік саласындағы қауіпті факторларды басқаруға мүмкіндік беретін себеп-салдарды талдау үлгісі ретінде пайдаланылады

Компания өндірістік қауіпсіздік саласында оқиғалардың болмауы сияқты нақты көрсеткіштерге ғана көңіл бөлумен шектелмей, табысты бағалау үшін технологиялық қауіпсіздіктің жоспарлы көрсеткіштеріне көбірек көңіл бөлед.

Технологиялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары

NCOC өндірістік персонал өндірістік қауіпсіздік саласындағы аса маңызды міндеттерді орындаған кезде технологиялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттарын енгізу арқылы қорғану шараларын күшейтуді жалғастыруда. Осы қағидаттар іс жүзінде қауіпті заттектердің жоспардан тыс шығарындыларына жол бермеуге ықпал ететін нақты басшылық пен нұсқауларды қамтиды. Компания осы қағидаттарды қызметкерлері мен мердігерлерінің өндірістік қауіпсіздік саласындағы проблемалы мәселелерді анықтау және оларды шешу мақсатындағы күнделікті талқылаулар барысында пайдалануын қолдайды.

Технологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері

Біз салалық стандарттарға сәйкес технологиялық қауіпсіздік саласындағы оқиғаларға бағалау жүргіземіз және оларды мәнділіктерін ескере отырып есептерде көрсетеміз; бұл ретте 1-деңгейлі оқиғалар анағұрлым мәнді болып табылады. Былтырғыдай 2020 жылы да компанияның нысандарында технологиялық қауіпсіздікпен байланысты І және ІІ деңгейлі ешбір оқиғаға жол берілген жоқ.

2017–2020 жж. І және ІІ деңгейлі оқиғалар

Технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары

06

табиғи
ресурстарды
оңтайлы пайдалану

6.1. Тұщы су

NCOC компаниясы тұщы су қорын барынша сақтауға тырысады.

Жергілікті қоршаған орта, әлеуметтік-экономикалық даму және келешектегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін су ресурстарының болуы суды оңтайлы пайдалануға байланысты. Сол себепті біз су пайдалануды басқару ісіне парасаттылықпен және жауапкершілікпен қараймыз.

NCOC компаниясының өндірістік операциялары барысындағы 2020 жылғы су тұтынудың жалпы көлемі 812 мың м3 құрады. Олардың ішінде тұщытылған теңіз суының көлемі 17,5 мың м3 құрады. Тұщыту қондырғысынан шыққан 55,1 мың м3 көлеміндегі қайтпа су арнайы су пайдалануға рұқсатқа сай теңізге төгіледі. NCOC компаниясының құрлықтағы нысандары үшін тұтынылған тұщы су көлемі 762 мың м3 құрайды.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда тұщы су тұтыну көлемінің азая бастағаны байқалып отыр. Бұл коронавирус пандемиясы салдарынан NCOC компаниясының нысандарында карантин енгізіліп, мердігерлер персоналының компания нысандарына кіруі шектелгендіктен көптеген жұмыстардың уақытша тоқтатылғанына байланысты болды.

Тиісінше 2020 жылы өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы тұтынылған тұщы су көлемі мұнай баламасының мың тоннасына шаққанда 40 тоннаны құрады. Теңіз нысандарында да тұщы су қажет: 2020 жылы теңіз кешенінің тұщыту қондырғыларында шамамен 17,4 мың м3 су өндірілді.

Су ресурстары үшін қауіп-қатер Саясаттар, жоспарлар және бағдарламалар

at www.ncoc.kz

Бұл мөлшер басқа жағдайларда құрлық кешенінен берілетін тұщы су көлемін алмастырды.

2020 жылы NCOC компаниясы 60,7 мың м3 астам суды тазартып, оны Атырау және Маңғыстау облыстарындағы құрлық нысандарында жасыл желектерді суару, шаң басу және теңіз кешенінде тұрмыстық қажеттіліктер үшін қайта пайдаланды. Технологиялық процесте қолданылатын суды қайта пайдалану әдісі арқылы анағұрлым жақсы нәтижеге жетуге болады. Айталық, 2020 жылы қайта пайдаланылған су көлемі 324,4 мың м3 құрады. Өткен жыл бойынша берілген есепке сай қалдық газды тазарту қондырғысынан шыққан суды қайта пайдалану арқасында «Болашақ» МГКДҚ қажеттіліктері үшін Астрахань - Маңғыстау құбыр желісінен алынатын судың жалпы көлемі азайтылды. 2020 жылы NCOC компаниясы сарқынды суды қосымша тазарту жөніндегі жоспарларды орындауды жалғастырды. Құрылысының аяқталуы 2022 жылға жоспарланып отырған жаңа су тазарту қондырғылары пайдалануға берілгеннен кейін су алу көлемі қосымша 70% дейін азаяды, сонымен бергі булану тоғандарына төгілетін судың сапасы жақсарады.

6.2. Каспий өңіріндегі экожүйенің биоәртүрлілігі

Биоәртүрлілікті сақтау – бүгінгі және келешек ұрпақтың әл-ауқатының кепілі. Сондықтан да Каспий өңірінің бірегей биоәртүрлілігін қорғау және сақтау NCOC үшін жаһандық тұрақты даму саласындағы ең басты мақсат болып табылады.

Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспары

Каспий теңізі мен жағалау аумақтарының биоәртүрлілігін сақтау – NCOC компаниясының Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (СКӨБК) шеңберіндегі қызметінің ажырамас бөлігі. Құрлық пен теңіздегі құрылыс жұмыстарының аяқталуына және Қашаған кен орнын игеру жобасының тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) кезеңіне өтуіне байланысты өңірдің тұрақты дамуы шеңберінде биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспарын (БСШЖ) жаңарту туралы шешім қабылданды. 2020 жылы NCOC БСШЖ-ны жаңарту жұмысын аяқтады.

БСШЖ негізгі мақсаты – ТӨИ кезеңіндегі өндірістік қызметтің ықтимал әсерлері мен қатерлерін анықтау және белсенді басқару, барынша азайту арқылы биоәртүрлілікті сақтау.

2020 жылғы қарашаның басында жоспар қалың жұртшылық назарына ұсынылды. Ол биоәртүрлілікті зерделеу және сақтау жөніндегі, сонымен қатар халыққа биоәртүрлілікті сақтау жұмысы туралы ақпарат беру мен оны осы жұмысқа тарту жөніндегі шаралар кешенін көздейді.

Солтүстік-Шығыс Каспийдің биологиялық әртүрлілігі

at www.ncoc.kz

БСШЖ-да жоспарланған жұмыс түрлері үш бағыттан тұрады:

  • 1. теңіздегі және құрлықтағы биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында оны зерделеу;
  • 2. озық тәжірибені пайдалану;
  • 3. табиғат қорғау бағдарламаларын қолдау.

Теңіздегі және құрлықтағы биологиялық әртүрлілікті зерделеу

Биологиялық әртүрлілікті зерделеу және сақтау жөніндегі жұмыстар мыналарды қамтиды:

  • өндірістік мониторинг шеңберінде құрлықтағы және теңіздегі қоршаған ортаның параметрлерін тұрақты қадағалау;
  • Каспий итбалығының популяциясын зерттеу;
  • Жайық өзенінде орнитологиялық бақылау, экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • биоәртүрлілік бойынша геоақпараттық жүйе құру;
  • «Болашақ» МГКДҚ санитарлық қорғау аймағының аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
  • Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің сезімталдық картасын әзірлеу;
  • жасанды аралдарда су түбі организмдерінің қоныстануын зерттеу жұмыстары;
  • Жайық-Каспий бассейніне жасанды жолмен өсірілген балық шабақтарын жіберу.

2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде NCOC компаниясының мұнай кен орындарын игеруі кезіндегі Солтүстік-Шығыс Каспийдің қоршаған ортасын экологиялық мониторингілік зерттеу

at www.ncoc.kz

Озық тәжірибені пайдалану

Бұл бағыт биоәртүрлілікті зерделеу және сақтау жөніндегі жұмыстарда озық технологиялардың пайдаланылуын қамтиды:

  • жануарлар әлемін зерделеуде өздігінен ұшатын аппараттарды қолдану;
  • каспий итбалығы популяциясын мультиспектрлі суретке түсіру;
  • бекіре тұқымдас балықтар өсіру жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру.

Табиғат қорғау бағдарламаларын қолдау

Табиғат қорғау бағдарламалары шеңберінде келесі бастамалар жүзеге асырылады:

  • «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» мемлекеттік кәсіпорындарының басшылығымен және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі уәкілетті ұйымдармен биоәртүрлілік бойынша деректер алмасу аясында қарым-қатынас жасау;
  • халықтың биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру;
  • биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ғылыми-көпшілік ақпаратты жариялау;
  • қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шараларды қолдау;

NCOC компаниясы жүргізіп жатқан экологиялық зерттеулер мен бастамалар

at www.ncoc.kz
  • Қазақстан Республикасының өсімдіктер мен жануарларының Қызыл кітабын шығару;
  • киіктердің үстірт популяциясын қорғау жөніндегі бастамаларды қолдау және жабайы жануарларға арналған оңалту орталықтарына консультациялық және материалдық-техникалық қолдау көрсету;
  • жабайы жануарларға арналған оңалту орталықтарына консультациялық және материалдық-техникалық қолдау көрсету.

БСШЖ жүзеге асыру Қашаған кен орнындағы ТӨИ кезеңінде өндірістік қызмет жүргізу барысында биоәртүрлілікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді, үйлестірілген және дәйекті тәсілдеме қолдануға мүмкіндік береді.

Жоспардың 2020-2025 жж. аралығындағы кезеңге жоспарланған іс-шаралары ағымдағы мән-жайларға қарай өзгертілуі және қажетіне қарай толықтырылуы мүмкін.

Каспий итбалығы

Каспий итбалығы Pusa caspica (Gmelin, 1788) – Каспий теңізінің бүкіл су айдынында мекендейтін жалғыз теңіз сүтқоректісі, эндемик. Каспий итбалықтары үшін ең маңызды аймақ оның солтүстік бөлігі болып табылады, онда олар күзден жаз басталғанға дейін көбею үшін шоғырланады – бұл олардың тіршілік ету циклінің ең маңызды және осал кезеңдерінің бірі.

Соңғы онжылдықтарда теңіз экожүйесінде теңіз ортасының және Каспий гидробионттары күйінің өзгеруіне соқтырып жатқан табиғи өзгерістер (ауа мен су температурасының жоғарылауы, теңіз деңгейінің төмендеуі, қыста мұз жамылғысы ауданының азаюы және т.б.) тіркелуде. Каспий итбалығын зерттеу жөніндегі халықаралық команданың (CISS) деректері бойынша Каспий итбалығы популяциясының да жағдайы нашар. Олардың саны ХХ ғасырдың басындағы 1 миллионнан 2005–2012 жылдар аралығында тіркелген 150 мыңға дейін төмендеген.

2008 жылдан бері каспий итбалығы Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл тізімінде «жойылу қаупі төнген» статусында.

Каспий маңы елдерінің ғалымдары итбалықтар санының күрт төмендеуін және осы түрдің жойылып кету қаупін тіркей отырып, үкіметтік органдарға оны мемлекеттік Қызыл кітаптарға енгізу туралы ұсыныстарын жолдады. 2020 жылғы наурызда осы жойылып бара жатқан түр Ресей Федерациясының Қызыл кітабына енгізілді, кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 746 қаулысы күшіне енді, оған сәйкес Каспий итбалығы жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына) енгізілді.

Бұған дейін 1993 жылы Каспий итбалығы Әзірбайжанның Қызыл кітабына, 2011 жылы Түркіменстанның Қызыл кітабына енгізілген. Иранның бастамасы бойынша 2017 жылы Каспий итбалығы Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенциясының (Бонн конвенциясы) I және II қосымшаларына енгізілді.

NCOC компаниясы 2005 жылдан бері жүргізіп келе жатқандай 2020 жылы қазақстандық сарапшылардың қатысуымен («Қазақ қолданбалы экология агенттігі» ЖШС (ҚҚЭА) және ғылыми-зерттеу институттарының бақылауымен («Бүкілресейлік балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институты» («ВНИРО») ФМБҒМ. «ВНИРО» ФМБҒМ Еділ-Каспий филиалы) итбалықтарға қысқы мониторинг жүргізді.

Мониторинг Баутин кентіндегі теңіз операцияларын қолдау базасы мен Қашаған кен орны арасында жүк тасымалдайтын «Маңғыстау-3» және «Тұлпар» мұзжарғыш кемелерінде итбалықтарды қадағалаушы сарапшылардың тікелей қатысуымен жүргізілді. 2020 жылы мониторингілік жұмыстар 29 қаңтар мен 23 ақпан аралығындағы кезеңде жүргізілді.

Мониторинг Баутин кентіндегі теңіз операцияларын қолдау базасы мен Қашаған кен орны арасында жүк тасымалдайтын «Маңғыстау-3» және «Тұлпар» мұзжарғыш кемелерінде итбалықтарды қадағалаушы сарапшылардың тікелей қатысуымен жүргізілді. 2020 жылы мониторингілік жұмыстар 29 қаңтар мен 23 ақпан аралығындағы кезеңде жүргізілді.

Кеме бортындағы қадағалаушылар ғылыми деректерді жинаумен қатар жобаны жүзеге асыру басында теңіздегі сүтқоректілер жөніндегі сарапшылармен әзірленген әсерді төмендету жөніндегі ұсыныстарға сай кемелердің капитандарына итбалықтармен соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Бұл шараларға қосымша итбалықтар шоғырланған аралдарды анықтау үшін тікұшақтармен барлау жұмыстары жүргізіледі. Тікұшақтармен барлау жұмыстарының нәтижелері тікелей мұзжарғыш кемелердің бортына жолданып, кеме капитандары мен итбалықтарды қадағалаушылар анағұрлым қауіпсіз маршрутты анықтайды. Соңғы жылдары NCOC пайдаланып жатқан барлық мұзжарғыш кемелердің борттарында инфрақызыл тепловизорлар орнатылған. Олар итбалықтарды күндіз де, түнде де, сонымен қатар қарлы дауылда және тұман басқанда кемеден бірнеше жүз метр қашықтықтан қадағалауға мүмкіндік береді, бұл жануарларды алдын ала айналып өтуге мүмкіндік береді.

NCOC компаниясының каспий итбалығын қорғау бойынша жүзеге асыратын шаралары

at www.ncoc.kz

Каспий итбалығын кешенді зерттеу бағдарламасы

2020 жылы NCOC компаниясының бастамасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының юрисдикциясы шектерінде Каспий итбалығын кешенді зерттеу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру жалғастырылды.

Бағдарламаның жетекші қатысушылары «Қазақ қолданбалы экология агенттігі» ЖШС (ҚҚЭА) және Ресей ғылымдар академиясының «А.Н. Северцов атындағы Экология және эволюция проблемалары институты» федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (РҒА ЭЭПИ) болды. Түрлі кезеңдерде зерттеу жұмыстарына келесі ғылыми ұйымдардың ғалымдары қатысты: «Қазақ қолданбалы экология агенттігі» ЖШС химиялық-талдау орталығының сынақ зертханасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты, «Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС (МжВ ҒЗО), Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (ҚазБШҒӨО), «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, «Мәскеу мемлекеттік ветеринариялық медицина және биотехнология академиясы – К.И. Скрябин атындағы МВА» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, «Фундаменталды және трансляциялық медицина федералдық ғылыми орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (ФТМ ФҒО ФМБҒМ), Ресей ғылымдар академиясының «И.Д. Папанин атындағы ішкі сулар биологиясы институты» федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі, «“Тайфун” ғылыми-өндірістік бірлестігі» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі.

2020 жыл карантиндік санкциялардың енгізілуіне байланысты теңізде экологиялық зерттеулер ұйымдастыру үшін қиын жыл болды, алайда көптеген шектеу шараларына қарамастан Итбалықтарды кешенді зерттеу бағдарламасы ойдағыдай орындалды.

Атап айтсақ, 2020 ж. ақпанда Piper PA-34 зертхана-ұшағымен Солтүстік Каспийдің қазақстандық бөлігіндегі мұз үстінде орналасқан итбалықтар күшіктейтін жатақтар әуеден мультиспектрлі суретке түсірілді.

Қыстың әдеттегіден жылы болуына байланысты итбалық күшіктерінің негізгі жатақтары әдеттегі орналасқан орындарынан әлдеқайда шығыс жақта, Қашаған кен орнынан бар болғаны 17-20 километр қашықтықта, яғни алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір жақын болды. Оның үстіне мұз жамылғысы жағалау сызығынан бастап теңіздегі шетіне дейін негізінен «сұр» болып, көптеген жылымдардан құралған. Мұз жамылғысының шеттері итбалықтардың күшіктеу процесі үшін өте қолайсыз, өзара бірікпеген, өлшемдері әр түрлі мұз бөліктерінен тұрады.

Каспий итбалығы популяциясының санындағы өзгерістердің беталысын анықтау үшін Каспий теңізінде кем дегенде үш жыл бойы (қысқы маусымда) әуеден суретке түсіру мен алынған материалдарды өңдеудің заманауи әдістері мен құралдарын пайдалана отырып жануарларға тұрақты санақ жүргізу қажет.

2019 жылдағыдай мультиспектрлі суретке түсіру әдісі – каспий итбалығы күшіктерінің жатақтарын әуеден инфрақызыл және көрінетін диапазондарда суретке түсіру әдісі пайдаланылды. Құралдармен санақ жүргізу нәтижелері бойынша мұз бетіндегі итбалықтар саны 58,2 мың күшік пен 119 мың ересек итбалық құрады. 2020 жылы итбалықтардың мұз бетіндегі жатақтарын әуеден мультиспектрлі суретке түсіру әдісін пайдалана отырып Каспий итбалығының жалпы санын бағалаудың төменгі және жоғарғы шекараларының бастапқы есептік деректері бойынша олардың саны 280-350 мың құрады.

2019 жылдағыдай мультиспектрлі суретке түсіру әдісі – каспий итбалығы күшіктерінің жатақтарын әуеден инфрақызыл және көрінетін диапазондарда суретке түсіру әдісі пайдаланылды. Құралдармен санақ жүргізу нәтижелері бойынша мұз бетіндегі итбалықтар саны 58,2 мың күшік пен 119 мың ересек итбалық құрады. 2020 жылы итбалықтардың мұз бетіндегі жатақтарын әуеден мультиспектрлі суретке түсіру әдісін пайдалана отырып Каспий итбалығының жалпы санын бағалаудың төменгі және жоғарғы шекараларының бастапқы есептік деректері бойынша олардың саны 280-350 мың құрады.

Каспий итбалығының күшіктеу жатақтарының Солтүстік Каспий акваториясының қазақстандық және ресейлік секторлары бойынша бөлінуі әр жылдары қысқы кезеңдегі климатқа және қалыптасқан мұз жағдайына қарай елеулі түрде ерекшеленетіндіктен, екі секторда да бірлескен санақ жүргізу қажет. Итбалықтардың көктемгі түлеу жатақтарын зерттеу жұмыстары: сәуірде – ресейлік сектордағы Малый Жемчужный аралы мен шектес акваторияда, мамырда – қазақстандық сектордағы Солтүстік Каспий теңіз арнасының маңындағы құмды қайраңдарда ойдағыдай жүргізілді. Солтүстік Каспийдің ресейлік секторында теңіз кемесі мен өздігінен ұшатын аппаратты пайдаланып санақ жүргізу кезінде 1 000-нан астам итбалық анықталды. Қазақстандық бөлігіндегі әуеден жүргізілген санақ 3000-нан астам итбалық барын көрсетті.

Күзде каспий итбалығын зерттеу жұмыстары жалғастырылды: қазанның 6-18 қазан аралығында ресейлік акваторияда, 1-13 қараша аралығында Солтүстік Каспий теңіз арнасы маңында (Прорва) жүргізілді. Морфометриялық зерттеулер жүргізілді, генетикалық, гормондық, серологиялық, молекулалық-вирусологиялық, генетикалық және басқа да зерттеулер үшін биологиялық материал жиналды. Ресейлік секторда Астрахань қорығынан бастап Малый Жемчужный аралы мен Еділ-Каспий арнасына дейінгі аумақта итбалықтар санағы жүргізілді, алты өлі және екі тірі каспий итбалығынан биологиялық материал алынды. Каспийдің қазақстандық бөлігінде морфометриялық және басқа да зерттеу жұмыстарына қосымша 11 итбалыққа жерсеріктік датчиктер орнатылды.

Ихтиофауна

Каспий теңізінің қазіргі заманғы ихтиофаунасының түр алуандығы ашық теңіздегілермен салыстырғанда мол емес және негізінен аборигендік түрлерден тұрады. Онда балықтар мен балық тәрізділердің 139 түрі мен түршесі бар, олардың ішінде бес түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

NCOC компаниясының теңіз алаңдарында көктемде, жазда және күзде балықтарды зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. 2020 жылы ихтиофаунаға мониторинг жүргізу процесі алдыңғы жылдардағыдай экологиялық зерттеулердің басқа түрлерінен бөлек, өзіне тән ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып жүзеге асырылды:

  • мониторинг нүктелерінің (стансаларының) бекітілген торында қадағалауларды тұрақты түрде жүргізу;
  • қадағалау аспаптары мен әдістерін бірегейлендіру, стандарттау;
  • болып жатқан өзгерістерді анықтау және дер кезінде ден қою үшін қадағаланып жатқан өзгерістерді шұғыл талдау және интерпретациялау.

Бұндай талаптар балық ресурстарындағы өзгерістер динамикасы бойынша бірқатар салыстырмалы деректер алуға мүмкіндік береді. Компанияның келісімшарт алаңдарында лицензияланған мердігер тарапынан Солтүстік Каспийдің ихтиофаунасына жүргізген зерттеулері нәтижесінде 2020 жылы 70 балық түрі мен түршесі анықталды, бұл Каспий теңізін мекендейтін балықтардың әдеби тізімдегі құрамының 50%-інен астамын құрайды.

Бекіре тұқымдас балықтар Каспий теңізіндегі ең құнды балық түрлері болып табылады. Қазіргі уақытта балықтардың осы түрлеріне жойылу қаупі төніп тұр. 2014 жылы Каспий маңы мемлекеттері бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын қалпына келтіру үшін оларды кәсіпшілік мақсатында аулауға тыйым салу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Балық қорларына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі табиғат қорғау іс-шараларының бағдарламасына сай 2020 жылы NCOC компаниясы бағалы реликт балықтардың популяциясын қолдау мақсатында бекіре тұқымдас балықтардың 250 мың шабағын суға жіберді. Кейінгі жылдары да Жайық-Каспий бассейніне бекіре балықтарының шабақтарын жіберуді жалғастыру жоспарланып отыр.

2020 жылғы құстарды зерттеу жұмыстары

Солтүстік Каспийдің сулы-батпақты алқаптары – Еуразиядан Африкаға және Үндістанға қоныс аударатын және Каспий теңізінің жағалауы мен оған құятын өзендердің атыраптарында ұя салатын құстардың 280-нен астам түрі үшін маңызды аумақ. Осы аумақтың қамыс қопаларын құстар қыстау кезінде, ұя салу және қоныс аудару кезеңінде тасалану және тынығу үшін пайдаланады.

NCOC өңірдің әлемдік биоәртүрлілікті қолдау тұрғысындағы маңыздылығын түсіне отырып, 2000 жылдан бері тұрақты түрде құстарды жыл сайынғы және маусымдық зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

  • маусымдық миграциялар кезінде (көктем және күз) жыл сайынғы екі зерттеу;
  • құстардың көбею кезеңінде жағалау аймағында ұя салатын құстардың таралуын зерттеу;
  • су мен су маңы құстарының қыстайтын орындарын бақылау;
  • құрлықтағы және теңіздегі өндірістік нысандар маңында және жазғы уақыттағы ұя салу кезеңінде қадағалау жұмыстары.

Орнитологиялық зерттеулер батысында Еділ атырабынан бастап, шығысында Жем атырабына дейінгі, солтүстігінде Атыраудан бастап, оңтүстігінде Ақтауға дейінгі ауқымды өңірді қамтиды. Зерттеушілер топтарының құрамына NCOC компаниясының экологтары, жануарлар әлеміне мониторингілік зерттеулер жүргізетін мердігер жұмысқа тартқан қазақстандық жетекші ғалымдар мен орнитолог мамандар, сонымен қатар Атырау облысы бойынша экология департаментінің және облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының инспекторлары кіреді.

2020 жылы күрделі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал мен оған қатысты шектеулерге байланысты көктемгі зерттеулер жүргізілген жоқ. Жазғы кезеңде зерттеу жұмыстарының тек құрлықтағы бөлігі жүргізілді. Солтүстік жағалау бойынша – батыс бағытта Еділге қарай.

Нақты мысалды талдау

Атырау қаласының әуежайына шектес аумақтағы орнитологиялық зерттеулер

Әлемдік тәжірибеде құстардың әуе кемелерімен, әсіресе ұшақтармен соқтығысуына байланысты туындайтын қауіп-қатер деңгейі өте жоғары.

NCOC компаниясы Атырау қаласының әуежайын пайдаланатын әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатында Атырау қаласының әуежайы маңында орнитологиялық қадағалау жұмыстарын жүргізу арқылы орнитологиялық қатерлерді бағалау және олардың деңгейін төмендету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Бұл жұмыстар бірнеше міндеттерді шешуге бағытталды:

  • құстармен соқтығысу қауіп-қатерінің орын алуына себеп болуы мүмкін жағдайларды, мысалы аэродромішілік аумақтағы инфрақұрылымның, өсімдік жамылғысының, жер пайдалану ережелерінің және қызмет сипатының ерекшелігін анықтау;
  • құстардың түрлік құрамын, жылдың зерттеу жүргізілетін маусымындағы ұшу маршруттарын сәйкестендіру, маусымға және тәулік мезгіліне қарай мінез-құлық ерекшеліктерін тіркеу;
  • әуе кемелерінің анықталған құс түрлерімен соқтығысу қатерін бағалау;
  • қауіп төндіретін құстарды үркіту жөніндегі шаралар мен ұсынымдар әзірлеу; әуежайға шектес аумақта сол жердің құстар үшін тартымдылығын азайту мақсатында іс жүзінде орындауға болатын өзгерістер бойынша ұсынымдар, сонымен қатар аэродром қызметтерінің ішкі бөлімшелерінің орнитологиялық қатерлерді азайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Далалық орнитологиялық зерттеулерді «Қазақ қолданбалы экология агенттігі» ЖШС білікті орнитолог мамандары өздігінен ұшатын аппаратты пайдаланып жүргізді.

Нәтижесінде NCOC авиация бөлімі мен «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-ға Атыраудағы орнитологиялық ахуалды және құстармен соқтығысу қатерлерін азайту және ұшақтарды қорғау бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, нақты іс-шаралар ұсынылды. Сонымен қатар ұшақтарды құстармен соқтығысудан қорғау үшін тиімді техникалық және биологиялық құралдар ұсынылды.

және шығыс бағытта Жемге қарай жүргізілген күзгі зерттеулер нәтижесінде 280 мың құс тіркелді. Еділ-Жайық өзендерінің аралығында құстардың орташа тығыздығының барлық жылдарда болған ең жоғары шамасы бөлінген аумақта (30-35 км2) 18,3 мыңнан асты. Зерттеу жұмыстарының қысқартылған бағдарламасына қарамастан құстардың таралу тығыздығы Солтүстік Каспийде олардың көп түрлерінің саны жоғары екенін көрсетеді.

2020 жылы Каспий теңізінің су деңгейінің төмендеуі және осының салдарынан солтүстік жағалаудағы құстарға қолайлы аумақтардың одан әрі азаюы әлі де байқалуда. Тиісінше, солтүстік жағалаудың саға аралық учаскелерінің құрғауы мен саға маңындағы учаскелерде құстар санының көбеюі салдарынан саға аралық учаскелерде құстар санының азаюы байқалып отыр. Сондай-ақ Жайық өзенінің сағасындағы балық өтетін арнаның бойымен жүргізіліп жатқан су түбін тереңдету жұмыстары біршама шағын учаскеде балықтың жаппай өтуі үшін қолайлы жағдай жасап, үлкен аумақтан балықпен қоректенетін құстарды тартқаны және құстардың орасан зор шоғырын құрғаны (2 000-ға жуық бұйра бірқазан мен 500-ден астам қызғылт бірқазан, 15 000-ға жуық үлкен суқұзғын) анықталды.

6.3. Су қоймаларына төгінділер

NCOC компаниясы табиғи беткі су қоймаларына, соның ішінде Каспий теңізіне қалдықтар тастамау және тазартылған сарқынды су төкпеуді көздейтін «нөлдік төгінді» саясатын ұстанады.

NCOC гидрооқшаулағыш төсемі бар булану тоғандарын тазартылған өндірістік суды қолданудың анағұрлым қауіпсіз әдісі ретінде пайдаланады. Өндірістік процестер барысында түзілген тазартылған сарқынды су, сонымен қатар тазартылған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су торлы сүзгілерден өткізіліп, су буланатын булану тоғандарына/тоған-жинақтауыштарға төгіледі.

Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды сумен бірге булану тоғандарына төгілетін көмірсутегілердің жалпы көлемі 2020 жылы 1,85 тоннаны құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда булану тоғандарына төгілген көмірсутегілер көлемінің біршама азаюы сарқынды суды тазарту процесін түзетумен байланысты.

NCOC Қазақстан Республикасының экологиялық талаптарына сәйкес булану тоғандарына тазартылған су төгуге қажетті барлық рұқсаттарды алды.

2020 жылы компания құрлық кешенінде жаңа су тазарту қондырғылары жобасын жүзеге асыру кезеңіне кірісті. Осы ірі жоба мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысынан шығатын суды қосымша тазарту арқасында Астрахань — Маңғыстау құбыр желісінен алынатын су көлемін 70%-ға азайтуға және булану тоғандарына төгілетін судың сапасын жақсартуға бағытталған. Сарқынды суды тазартудың экономикалық тиімділігін арттыру метанол, мұнай, күкіртсутегі, темір және қалқыма қатты бөлшектер сияқты ластаушы заттектерді 56,5% – 97% азайтудан тұрады.

Су тазарту қондырғылары 2023 жылдың басында іске қосылады деп күтіліп отыр.

6.4. Парник газдарға жатпайтын атмосфералық шығарындылар

NCOC нысандарындағы атмосфералық шығарындылардың негізгі көздері – алау қондырғылары, газ турбиналы қондырғылар, жылыту және су қыздыру қазандықтары және дизельді генераторлар.

Алау асты бақылау жұмысы

at www.ncoc.kz

Алау қондырғысы мұнай және газ өндіру саласындағы барлық нысандар үшін стандартты нысан түрі болып табылады. Ол «сақтандырғыш клапан» қызметін атқарады және мақсаты – өндірістік нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету. Аздаған тұтандыру оттығы жағуға дайындықты қамтамасыз ету үшін үнемі жанып тұрады. Алаудың биіктігі жану өнімдерінің атмосферада барынша сейілуіне есептелген.

Құрлық және теңіз кешендерінің нысандарына электр энергиясы Қашаған кен орнында өндірілетін ілеспе газбен жұмыс істейтін газ турбиналы қондырғылардан беріледі. Турбиналар азот оксидінің шығарындысын азайтуға есептелген арнайы жанарғылармен жабдықталған. Қазандар бу өндіруді, су қыздыруды және ғимараттарды жылытуды қамтамасыз етеді. Олар отын газымен жұмыс істейді, сонымен қатар дизель жанармайын да пайдалануға болады. Дизель генераторлары тек резервтік энергиямен жабдықтау үшін ғана пайдаланылады.

2020 жылы NCOC компаниясының барлық операциялары салдарынан атмосфераға шыққан парниктік газдарға жатпайтын шығарындылар көлемі рұқсат етілген көлемнің 23% құрады және келесідей компоненттерді қамтыды:

  • ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ) – 947 тонна;
  • күкірт оксиді (SOx) – 14 899 тонна;
  • азот оксидтері (NOx парниктік газдың атмосфералық шығарындылары туралы есептерде көрсетілетін N2O қоспағанда) – 3 818 тонна.

Құрлық және теңіз кешендерінің нысандарындағы атмосфералық шығарындылардың жалпы көлемінің 94-76% құраған, парниктік газдарға жатпайтын SOx шығарындылары 2017 жылдан бастап 2020 жыл аралығындағы кезеңде:

  • алауда газ жағу көлемін азайту;
  • технологиялық жабдықтардың сенімділігі мен пайдалануға дайындығын арттыру арқасында үнемі азайып келді.

Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен NOx шығарындыларының көлемі 2019 жылдағымен салыстырғанда жоғары болды. Карантиндік шаралар енгізілген кезде өндірістік нысандардағы жұмыстардың шектелуіне байланысты жүзбелі тұрғынжайлар мен көмекші баржалардың бос тұруы нәтижесінде ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ) шығарындылары азайды.

Ауа сапасын бақылау NCOC жалпы өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бірнеше компоненттерден тұрады, соның ішінде:

  • алау асты бақылау жұмыстары;
  • шығарынды көздеріндегі мониторинг;
  • ауа сапасын бақылау стансалары (АСБС).

Ауа сапасын бақылау стансалары

NCOC компаниясының қаржылық және техникалық қолдауымен Атырау қаласында және Атырау облысында ауа сапасын үздіксіз бақылайтын 20 автоматты станса орнатылды. Төрт станса «Болашақ» МГКДҚ-ның 7 км құрайтын санитарлық қорғау аймағының периметрі бойынша орналасқан; оларға қосымша МГКДҚ-ға жақын маңдағы және одан шалғай орналасқан елді мекендерде, соның ішінде Доссор мен Мақат кенттерінде жеті станса бар; тоғыз станса Атырау қаласында орналасқан.

Ауа сапасын бақылау стансаларында атмосфералық ауаның негізгі ластаушы компоненттері болып табылатын 5 ластаушы заттың (күкіртсутегі, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді және көміртегі оксиді) концентрациясы, сонымен қатар қоспалардың атмосферада сейілуі жағдайларын анықтайтын метеорологиялық параметрлер (жел жылдамдығы мен бағыты, температура, барометрлік қысым және салыстырмалы ылғалдық) өлшенеді.

NCOC ауа сапасын бақылау стансаларының деректері Атырау тұрғындарына қолжетімді

2020 жылы «Қазгидромет» РМК AirKz мобильдік қолданбасы мен экологиялық ақпараттың интерактивтік картасын әзірледі және енгізді, осы қолданба арқылы кез келген адам Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа сапасының ағымдағы көрсеткіштерін онлайн режимде қадағалай алады.

NCOC компаниясы осы жобаға Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2020 ж. 21 қыркүйектегі жол картасы шеңберінде қатысты.

Жобаны жүзеге асыру барысында NCOC, «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалы, Атырау облысы бойынша экология департаменті және «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арасында Атмосфералық ауа сапасы туралы ақпарат алмасу саласындағы өзара әрекеттестік туралы төрт жақты келісімге қол қойылды.

2020 жылғы желтоқсанға қарай жоба ойдағыдай аяқталды. Компанияның Атырау қаласындағы негізгі мөлтек аудандарында (Жилгородок, Вокзал маңы, Авангард, Восток және т.б.) орнатылған 8 стансасынан ауа сапасы бойынша алынған деректер «Қазгидромет» РМК интерактивтік картасында(https://maps.hydromet.kz/) және App Store немесе Play Market арқылы жүктеп алуға болатын AirKz қолданбасында қолжетімді.

Нақты мысалды талдау

Атырау қаласының шегінде және Батыс Ескендегі «Болашақ» МГКДҚ маңында ауа сапасын кешенді зерттеу

2019 жылы NCOC компаниясы «Атырау қаласының шегінде және Батыс Ескендегі «Болашақ» МГКДҚ маңында ауа сапасын кешенді зерттеу» жобасын іске асыруға кірісті. Бұл жоба тұрғындардың осы аудандағы өнеркәсіптік шығарындылардың өсуімен және олардың халық денсаулығына теріс әсерімен байланысты ауа сапасының нашарлауына қатысты алаңдаушылығына жауап ретінде қолға алынған.

Жоба NCOC компаниясы, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалы жинақтаған көп жылдық мониторингілік деректерді жүйелеу, талдау және жинақтау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ халықтың науқастануымен күреске үлес қосу тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды ластаушы заттар бойынша ауа сапасына кеңейтілген мониторинг жүргізуді қамтиды.

Бұл жұмыс табиғи және антропогендік факторлардың теріс әсерін анықтау мақсатында атмосфералық ауа сапасының өзгеру үрдісін және ластаушы заттардың уақыт пен кеңістік бойынша таралуын бағалауға мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде атмосфералық ауаны мониторингілеу бағдарламасы әзірленіп, 2020 жылғы 6 қарашада өткен дөңгелек үстелде жұртшылықтың талқылауына ұсынылды.

Бағдарламаға сәйкес қала шегінде атмосфералық ауа сапасының мониторингі облыс орталығының аумағында біркелкі орналастырылған (тор өлшемі 3 х 3 км) 16 шартты стансада жүргізіледі, олардың екеуі аялық орындар болып табылады (қаланың оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөлігінде).

«Болашақ» МГКДҚ санитарлық-қорғау аймағының және онымен шектес елді мекендердің (Қарабатан, Таскескен, Ескене стансалары) шекарасында ауа сапасы 6 шартты бақылау стансасында зерттеледі. Олардың орналасу орындары компанияның ауа сапасын бақылау стансаларының тарихи деректерін бастапқы талдау нәтижелері негізінде белгіленген.

Нормативтік-техникалық құжаттамада берілген ұсынымдарға сәйкес өлшеу және ауа сынамаларын алу жұмысы сағат 01:00, 07:00, 13:00, 19:00-де толық көлемде жүргізіледі.

COVID-19 вирусының таралуы салдарынан карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты белгілі бір кезеңдерде мониторингілік жұмыстар қысқартылған бақылау бағдарламасы бойынша тек күндізгі уақытта (07:00; 13:00; 19:00 сағ.) жүргізілді.

Зерттеулер әр түрлі топтағы 32 ластаушы зат бойынша жүргізіледі:

  • оксидтер;
  • шекті, хош иісті, полиаромат көмірсутектер;
  • меркаптандар;
  • ауыр металдар;
  • қатты заттар және т. б.

Бағдарламаға енгізілетін параметрлер тізімі келесі критерийлер бойынша анықталған:

  • NCOC компаниясының өндірістік қызметі барысында бөлінетін заттар;
  • қауіптілік (уыттылық, канцерогенділік) класы жоғары заттар;
  • өткір жағымсыз исі бар заттар;
  • «Болашақ» МГКДҚ-дан тарайтын шығарындылар бойынша есептер негізінде қоршаған ортаның ластануына барынша әсер ететін заттектер.

Бұл тәсілдеме өңір үшін аса маңызды болуы мүмкін немесе аса маңызды болып табылатын және бақылауға алынуы тиіс заттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін атмосфералық ауаны мониторингілеу саласында тәжірибесі және қажетті техникалық жарақтары бар аккредиттелген зертханалар, атап айтқанда «Атмосферадағы ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» физика-химиялық талдау және зерттеу орталығы, «IPC Gidromet Ltd» ЖШС және «ҚАЗЭКОТАЛДАУ» ЖШС тартылды.

Жобаны іске асыру барысында Қазақстан Республикасы аумағында аттестатталған зерттеулердің заманауи әдістері қолданылады және атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың ең аз концентрациясын анықтауға мүмкіндік беретін жабдықтар (мысалы, хроматография әдістерінің түрлері) пайдаланылады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеде кеңінен таралған, бірақ ҚР аумағында қолданылуы шектеулі жаңа технологиялар қолданылады. Олар кейіннен ауаның сапалық және сандық құрамын бағалау үшін бір мезгілде бірнеше орында тәулік бойы үздіксіз сынама алуға мүмкіндік береді (термодесорбциялық түтіктерді пайдалана отырып, масс-спектрометриялық детектормен жүргізілетін газ хроматография әдісі).

Кешенді зерттеулер бойынша жұмыстар жиналған деректерді толық талдаудан және қорытындылаудан кейн 2021 жылы желтоқсанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Зерттеулер NCOC компаниясының сайтында жарияланады.

Стансалардан ақпаратты орталықтандырып жинау үшін деректерді қашықтан беруді ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылды, бұл әрбір ауа сапасын бақылау стансасынан өлшеу деректерін NCOC кеңсесінде орналасқан орталық компьютерге тәулік бойы жіберуге мүмкіндік береді, деректер сол жерде талданады және сақталады. Компанияның стансаларынан келіп түсетін деректер «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының және «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне де бір мезгілде қолжетімді болады және олар ауа сапасының күйін нақты уақыт режимінде қадағалай алады.

2016 жылдан бастап Компания стансаларды жаңадан техникалық жабдықтау мен жаңғырту шараларын жүргізуде. Бұл шаралар деректердің кешігіп келуін қысқарту мақсатында мәлімет тарату жүйесін жетілдіруді көздейді. Нәтижесінде кідіріс уақыты 1 сағатқа дейін қысқарды. Сондай-ақ МГКДҚ аумағында орнатылған газталдауыштар жаңа сериялы үлгілермен алмастырылды. Барлық стансадағы өлшеу құралдарын кезеңкезеңімен жаңарту 2021–2022 жылдары жалғастырылады. Сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге ластаушы заттардың халыққа тиетін әсерін бақылау үшін Атырау қаласының оңтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан №104 «Вест ойл» стансасын қаланың қоныстану ауданына көшіру мәселесі қарастырылуда.

Қазақстан Республикасының 2020 жыл бойынша қоршаған орта ахуалы туралы ақпараттық бюллетені

at www.ncoc.kz

Күкіртсутегі

Күкіртсутегі (H2S) атмосфераға тарайтын шығарындылар құрамындағы парниктік газға қатысы жоқ тағы бір қосылыс болып табылады. Ол – жанғыш және уыттылығы жоғары, өткір жағымсыз исі бар заттек. Күкіртсутегі оттегі болмағанда күкіртті органикалық заттектер ыдырайтын кез келген жерде түзілуі мүмкін, сондықтан табиғатта ол батпақ газдары және жанартаулардың шығарындылары құрамында (кейде өте көп көлемде), бірқатар мұнай-газ кен орындарындағы мұнайда және ілеспе газда болады.

Қашаған мұнай құрамында күкірт мөлшері көп кен орны екенін ескерсек, күкіртсутегі мұнай мен газ өндірудің, тасымалдаудың және дайындаудың әрбір кезеңінде және тиісінше компанияның осы процестермен байланысты барлық қондырғысында бар.

NCOC компаниясының өндірістік нысандарында, атап айтқанда ұңғыма ернеулеріне, лезде буланатын газ компрессорларына және басқа да жабдықтарға өте жақын жерде жұмыс істейтін мамандары арнайы оқу курсынан өтіп, жеке детекторларды және тыныс алу жүйесін қорғайтын құралдарды пайдаланады. Нысанның қауіптілік деңгейіне және жүргізілетін жұмыстарға қарай респираторлар, эвакуациялануға немесе жұмысқа арналған тыныс алу аппараттары қолданылады. Аталған орындардан алыстаған сайын қауіп-қатер деңгейі төмендеп, күкіртсутегінің жоғары деңгейдегі концентрацияларының болу ықтималдығы да азаяды.

NCOC компаниясы «Болашақ» МГКДҚ нысаны тұрғындар үшін қауіпті емес деп сенімді түрде мәлімдей алады. Қауіпсіздіктің негізгі кепілі – қондырғы айналасындағы 7 километрлік санитарлық қорғау аймағы (немесе СҚА), ол жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын атмосфералық шығарындылардың олардың денсаулығына ұзақ мерзім әсер етуінен қорғауға және тіпті штаттан тыс оқиғалар орын алған жағдайда жоғары деңгейлі сенімділік қорын құруға жеткілікті құрал болып табылады. Осындай сенімділік ыждағатты жобалауға, көпжылдық зерттеу және компьютерлік модельдеу нәтижелеріне, мемлекеттік сараптаманың қорытындыларына және мемлекеттік органдардың келісулеріне, және сондай-ақ осы үлгілердің дұрыстығын растаған алдыңғы пайдалану тәжірибесіне негізделген. 2020 жылы үздіксіз мониторинг жүргізу нәтижелері алдыңғы жылдардағыдай H2S мөлшерінің қысқа мерзімді жоғары деңгейлері (1 мен 20 минут аралығында) «Болашақ» МГКДҚ-ға қарағанда Атырау қаласында орын алуы әлдеқайда ықтимал екенін айғақтайды.

Дей тұрғанмен NCOC компаниясы Батыс Ескенедегі АСБС-да тіркелген атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштерінің нормативтерден асып кету жағдайларын олардың ықтимал себептерін анықтау үшін, соның ішінде нормативтерден асу кезіндегі жел бағытын ескере отырып, ластанудың ішкі немесе сыртқы ықтимал көздерін анықтау үшін қадағалайды. NCOC нысандарындағы ластанудың кез-келген ықтимал көздерінің әсерін растау өте қиын, өйткені компания нысандарында орналасқан көздерден шығатын эмиссиялар шығарындылар мен төгінділердің нормативтер бойынша рауалы шектерде және тиісінше асып кетудің айқын себебі болып табылмайды.

Ластану көрсеткіштерінің өсу себептерін анықтау және растау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет, оларды 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр («Атырау қаласының шегінде және Батыс Ескендегі «Болашақ» МГКДҚ маңында ауа сапасын кешенді зерттеу» деп аталатын 5.5-тарауды қараңыз).

Ағаш отырғызу

Ағаш отырғызудың өңір экологиясы үшін қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, NCOC қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және басқару қағидаттарын басты назарда ұстау арқылы осыған байланысты міндеттемелерін орындауға барынша күш салуда.

Қазіргі уақытта компания «Болашақ» МГКДҚ санитарлық-қорғау аймағының ауданын негіздеу» жобасы шеңберінде өндірістік нысандарының санитарлық-қорғау аймағын (СҚА) көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда көгалдандыру ауданы 14,2 га құрап отыр. Алайда, осы аумақта қалыптасқан қолайсыз табиғиклиматтық жағдайларға байланысты СҚА-ның жаңартылған жобасы негізінде басқа алаңдарды көгалдандыру мүмкіндігі қарастырылуда. Компания алда жүзеге асырылатын жобаны жаңарту жұмыстары аясында Атырау қаласы мен Атырау облысының аумағында облыс әкімдігі бөлген жерлерге жасыл желектер отырғызуға қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі әзірлеген Меморандум талқылануда, ол қала мен облыс аумағында көшеттер отырғызуды жалғастыру мәселесін анықтайды.

Сонымен бірге «Атырау-Қарабатан-Доссор» трассасының бойындағы аумақты көгалдандыру жөніндегі Эксперименттік пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы Меморандумға сәйкес компания Соколок арнасының бойындағы ауданы 0,5 га жерге ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Кейін осы аумақтың ауданы қосымша 0,5 га-ға кеңейтілді.

Айта кететін жайт, COVID-19 пандемиясына қатысты шектеулер енгізілуіне байланысты 2020 жылы жаңа көшеттер отырғызылмады, тек бұрын отырғызылған ағаштарды суару жұмысы жүргізілді.

NCOC компаниясы қала күнін тойлау аясында Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп Атырау қаласында ағаш отырғызу науқанына қатысты. Бұл науқан Әбу Сәрсенбаев атындағы саябақ аумағында, «Алмагүл» мөлтек ауданының паркінде және «Геолог» поселкесі айналасындағы аймақта сала өкілдерінің күшімен өткізілді. NCOC компаниясы ауданы 1,5 га көгалдандырылған жерге күтім жасауды өз міндетіне алды.

H2S концентрациясы шекті рауалы шамадан асқан оқиғалар саны

X өсінде NCOC компаниясының ауа сапасын бақылайтын 19 станция белгіленген, алайда оған қаланың өнеркәсіптік аймағында орналасқан №104 «Уест Ойл» АСБС кірмейді, оның деректері елді мекендер үшін ең жоғары біржолғы шекті рауалы концентрациямен (ШРК) салыстыруға жатпайды.

Түсті тік бағандар әр стансада шекті рауалы концентрациядан асатын күкіртсутегі концентрациялары (ұзақтығы 20 минуттан кем) тіркелген оқиғалар санын көрсетеді (шартты белгілердегі түсті кодтауды қараңыз).

№№103, 104, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114 стансалары Атырау қаласы аумағында орналасқан.

№№105, 106 стансалары Доссор мен Мақат кенттерінде орналасқан.

№№101, 102, 107, 115, 116, 117, 118, 119, 120 стансалары СҚА периметрі бойынша, «Самал» вахталық кентінде, жақын маңдағы Ескене, Таскескен, Қарабатан теміржол стансаларында және Батыс Ескене кентінде орналасқан. «Болашақ» МГКДҚ әсері дәл осы стансаларда тіркелуі мүмкін.

Осы кестеде тек H2S бойынша деректер ғана көрсетілген. NCOC ауа сапасын бақылау стансалары осы көрсеткішпен қатар ауа құрамындағы CO, SO2, NO және NO2 мөлшері деңгейлерін тіркейді. Отынның жануы кезінде және газды алауда технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу барысында бөлінетін жану өнімдері SOx және NOx болуы ықтимал екенін атап өткен жөн. Бақылау стансаларындағы H2S көрсеткіштері (NCOC нысандарындағы ішкі немесе NCOC-ға қатысы жоқ басқа өнеркәсіптік көздердің) шығарындылармен байланысты болуы мүмкін немесе олар табиғи сипатта болып, биологиялық процестерден түзілуі мүмкін.

6.5. Мұнай төгілімдерін жою

NCOC компаниясының басты міндеті – мұнай төгілімдерінің алдын алу. Алдын алу жөніндегі шаралардың тиімділігіне деген сенімділіктің зор екеніне қарамастан, компания осындай оқиғалар орын алған жағдайда оларды шұғыл түрде және толық жоюға үнемі дайын.

NCOC өндірістік операциялары нәтижесінде 2020 жылы қоршаған ортаға көмірсутегілердің 1 баррельден астам көлеміндегі төгілім көрсеткіші 0 шамасында болды (жалпы көлемі: мұнай баламасының 0 барреліне тең).

2020 жылы қабылданған шаралар

Алдын алу. Мұнай төгілімдерінен қорғанудың анағұрлым тиімді құралы төгілу қатерлерін анықтау арқылы, сонымен қатар сол қатерлердің әсерін төмендету үшін үнемі қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарын қолдана отырып, бастапқы кезден олардың алдын алу болып табылады.

Технологиялар. Компания мұнай төгілімдерін жою жөніндегі инновациялық технологиялар енгізуде және жаңа, әлдеқайда тиімді әдістерді зерделеу жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр.

Оқу-жаттығу шаралары. NCOC компаниясында мұнай төгілімдерін жою жөніндегі арнайы топ құрылды, ол оқудан өткен 100-ге жуық маманнан тұрады және Солтүстік Каспийдегі күрделі жағдайларда пайдалануға есептелген жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жабдықтар Баутин мен Дамбадағы теңіз операцияларын қолдау базаларында сақталуда. Сонымен қатар компанияда тұрақты түрде оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді көздейтін мұнай төгілімдерін жоюдың кешенді жоспары әзірленген.

2020 жылғы қарашада 3-деңгейлі мұнай төгілімін жою бойынша «Karasha 2020» ауқымды жаттығуы өтті. Жаттығуға 63 адам, соның ішінде OSPRI және TRG Contractor халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты. Жаттығу барысында NCOC оқиғаларды басқару тобының және дағдарысты жағдайларды басқару тобының мүшелері COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі барлық сақтық шараларын сақтай отырып, дағдарысты жағдайларды басқару әрекеттері мен әдістері бойынша жаттықты. Бұл әдістерге ресурстарды сұрату мен қадағалауға арналған онлайн-режимдегі бағдарламалық құралдарды қолдану, сонымен қатар жаттығуға қатысушылардың барлығына нақты уақыт режимінде мәліметтер беру мақсатында жалпы операциялық суретті дайындау кіреді. Бұл жаттығу мол тәжірибе жинақтауға және бағалы ой-пікірлер алуға мүмкіндік берді, олар төтенше және дағдарысты жағдайларға даяр болу және ден қою процесін үнемі жақсарту үшін пайдаланылатын болады.

6.6. Қалдықтар

Компанияда 2020 жылы түзілген қалдықтардың жалпы көлемі 4 839 тоннаны құрады, олардың ішінде янтарь түсті деңгейлі қалдықтар 2 209 тонна және жасыл түсті деңгейлі қалдықтар 2 630 тонна құрады.

2020 жылы түзілген қалдықтар көлемі 2019 жылғымен салыстырғанда едәуір азайды. 2019 жылы қалдықтар көлемі негізінен жоспарлы алдын алу мақсатындағы қызмет көрсету/күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ұлғайды. Одан бөлек 2020 жылы NCOC компаниясының нысандарында көптеген жұмыстар COVID-19 пандемиясының күрт таралуына байланысты тоқтатылды.

NCOC компаниясының қалдықтарды басқару жөніндегі жүйесі компанияның өндірістік операцияларын тиісті түрде жоспарлау арқылы оларды түзілу көзінде немесе технологиялық процесс барысында азайтуға немесе түзілуіне мүлде жол бермеуге бағытталған.

NCOC компаниясында қалдықтармен жұмыс қалдықтардың түзілуінен бастап оларды толық кәдеге жаратқанға дейінгі бүкіл цикл бойына жүзеге асырылады. Қалдықтарды сұрыптау технологиялық циклдың аса маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Қалдықтардың қауіпті және қауіпті емес түрлерін араластыруға тыйым салынғандықтан, олар түзілген орындарында бөлек контейнерлерге және герметикалы ыдыстарға жиналады. Осы мақсатта коммуналдық қалдықтар үшін арнайы (еуро) контейнерлер мен пластик қалдықтар жинау үшін тор контейнерлер қосымша орнатылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес Компанияның барлық нысандарында пайдаланылып болған техникалық майды түрлері бойынша (ПММ, ПӨМ және ПМҚ), сондай-ақ аккумуляторларды, құрамында сынап бар қалдықтарды және автокөлік шиналарын бөлек жинау жүйесі енгізілген. Нысандарда ай сайын персоналдың қалдықтарды бөлек жинау туралы хабардарлығын арттыру іс-шаралары өткізіледі.

Компанияның нысандарында қалдықтар көлемін азайту және олардың уыттылық деңгейін төмендету механикалық немесе термиялық тәсілдермен жүргізіледі:

  • тамақ қалдықтары мен медициналық қалдықтар қауіпті қалдық түрлеріне жатады. Олардың қауіпті қасиеттерін азайту үшін және санитариялық талаптарды сақтау мақсатында теңіз нысандарында (жүзбелі тұрғынжайларда) «TeamTec» маркалы қалдықтарды өртеуге арналған екі камералы пеш орнатылған;
  • Компанияның Атырау облысындағы құрлық нысандарында қалдықтар көлемін азайту үшін қағаз бен картон қалдықтарын престеуге арналған компактор қолданылады.

Компанияның нысандарында түзілген қалдықтардың барлығы кейінгі өңдеу және кәдеге жарату үшін қалдықтарды тапсыру акті бойынша мердігер компанияға тапсырылады. Мердігер пайдаланылып болған техникалық майды кейін қайта өңдеуге (қалпына келтіруге) тапсыру алдында механикалық қоспалардан және судан тазарту жұмысын жүргізеді. Пластик қалдықтары, металл сынықтары, қағаз бен картон қалдықтары, пайдаланылып болған шиналар, аккумуляторлар, пайдаланылып болған техникалық май мердігердің нысандарында қосымша сұрыпталып, бастапқы өңделгеннен кейін қайталама шикізат санатына өтеді және одан әрі өңдеу үшін мамандандырылған ұйымдарға тапсырылады. Ағаш қалдықтар тұрғындарға тегін беріледі.

NCOC өз нысандарында құрамында сынап бар шамдарды кезең-кезеңімен жарықдиод шамдармен алмастыруда. 2020 жылы Атырау облысындағы нысандарда 1 518 люминесцентті шам жарықдиод шамдармен алмастырылды. Люминесцентті шамдарды жарықдиод шамдармен алмастырудың экологиялық әсері келесі факторлармен байланысты:

жарықдиод шамдарын пайдалану мерзімінің люминесцентті шамдарды пайдалану мерзімімен салыстырғанда ұзақтығы, бұл оларды қолдану барысында қалдықтар көлемінің азаюына себеп болады;

  • жарықдиод шамдарын пайдалану мерзімінің люминесцентті шамдарды пайдалану мерзімімен салыстырғанда ұзақтығы, бұл оларды қолдану барысында қалдықтар көлемінің азаюына себеп болады;
  • жарықдиод шамдардың құрамында сынап жоқ, сондықтан олар пайдалану кезінде де, қалдықтар ретінде кәдеге жарату кезінде де қауіпсіз;
  • жарықдиод шамдар электр қуатын аз тұтынады.

Компания өзінің қалдықтарды басқару стратегиясында ұлттық, сондай-ақ халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес болуға ұмтылуда.

Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары

at www.ecogosfond.kz

6.7. Құрлықтағы және теңіздегі зерттеулер

NCOC компанияның теңіз және құрлық нысандары орналасқан аудандардан деректер алу мақсатында кешенді экологиялық мониторинг бағдарламасын жүзеге асыруда.

Өндірістік экологиялық бақылау аясында жыл сайын барлық климаттық маусымдарда (қысқы кезеңде мұз басқан аумақтарды қоспағанда) теңіздегі зерттеу жұмыстары және Атырау мен Маңғыстау облыстарының аумағындағы компанияның нысандары айналасында құрлықтағы зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы зерттеу жұмыстарының көлеміне қоршаған орта компоненттерінің сапасы туралы анағұрлым анық мағлұмат алу үшін теңіз суы мен беткі суды, флора мен фаунаны, топырақтың, түптік шөгінділердің және атмосфералық ауаның сапасын зерттеу жұмыстары кіреді.

Теңіздегі әсер ету мониторингісі Қашаған, Ақтоты, Қайраң кен орындарының бүкіл лицензияланған аумағын, кәсіпшілік құбыр желісінің солтүстік теңіз бөлігін және Түпқараған шығанағын қамтиды.

2020 жылы мониторингілік стансалардың саны 224 құрады, соның ішінде аялық стансалар ретінде пайдаланылатын, ұзақ мерзімді қадағалау жүргізілетін 9 станса бар. Осы стансалардың барлығында теңіз суының, түптік шөгінділердің химиялық және физикалық параметрлеріне, планктондық (зоо- және фитопланктон) және зообентостық ағзаларға, су өсімдіктеріне, ихтиофаунаға және атмосфералық ауа сапасына қадағалау жүргізіледі.

Құрлықтағы әсер ету мониторингісі жүргізілетін экологиялық стансалар (сынама алу нүктелері) компанияның құрлық нысандары айналасында және кәсіпшілік құбыр желілері бойында орналасқан. Атырау облысындағы мониторинг жүргізілетін 45 стансада және Маңғыстау облысындағы 11 стансада топырақ сынамалары алынады, өсімдіктер мен жануарлар әлемі сипатталады. 2020 жылы мониторингілік жұмыстардан басқа Қашаған кен орнын келешекте дамыту шеңберінде теңіз және құрлық алаңдарында аялық экологиялық зерттеулер жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижелері тиісті жобалардың алдын ала ҚОӘБ және ҚОӘБ құжаттарына енді.

Күрделі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға және соған байланысты персонал мен жүк тасымалдау бойынша шектеулерге қарамастан экологиялық мониторинг жұмыстары толық көлемінде дерлік орындалды.

07

климаттың
өзгеруі және
энергия

NCOC компаниясы БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының тараптары конференциясының 21-сессиясында қабылданған Париж келісімі аясында Қазақстан Республикасы мәлімдеген мақсаттарға жету үшін қоғам мен бизнестің бірігу қағидатын ұстанады және өндірістік шектеулер мен өндірістік қауіпсіздікті ескере отырып, парниктік газ шығарындыларын іс жүзінде орынды төмен деңгейге (ІОТД) дейін азайтуға тырысуда. Біз осы мақсатқа жетудің анағұрлым тиімді тәсілі жоғары өндірістік сенімділікті қамтамасыз ету және энергия пайдалану тиімділігін үнемі арттыру болып табылатынына сенімдіміз.

7.1. Парниктік газдардың эмиссиялары

NCOC өндірістік операциялары нәтижесіндегі парниктік газдардың тікелей шығарындыларының жалпы көлемі 2020 жылы CO2баламасындағы 3035 тоннасын, соның ішінде көмірқышқыл газдың (CO2), 2 842 тоннасын, метанның (CH4) CO2 баламасындағы 184 тоннасын және азот шала тотығының (N2O) CO2баламасындағы 8,8 тоннасын құрады. Осы жалпы көлемге жылжымалы және тұрақты көздердің шығарындылары кіреді.

NCOC компаниясының өндірістік нысандары электр энергиясымен, жылумен және бумен жабдықтауға қатысты автономды жұмыс істейді, бұл компанияның тікелей шығарындылары үлесін елеулі шамада ұлғайтады (1-көлем). «Энергетикалық қызмет» санатындағы эмиссиялар көздерінің үлесі әлдеқайда көп және жалпы шығарындылардың 70%-дан астамын құрайды.

Шығарындылар (2-көлем) Баутин базасы және Атырау оқу орталығы сияқты қосалқы нысандар үшін электр энергиясын сатып алу салдарынан болады. NCOC өндірістік операциялары салдарынан болған парниктік газдардың жанама шығарындыларының жалпы көлемі 2020 жылы CO₂ баламасындағы 7 552 тоннаны құрады. Бұл шығарындылар тек көмірқышқыл газынан ғана тұрады.

Парниктік газдар шығарындыларының (өндірілетін өнім бірлігіне шаққандағы парниктік газдар шығарындыларының) қарқындылық деңгейі 2020 жылы өндірілген мұнай баламасындағы 1 000 тоннаға шаққанда CO2 баламасының 149 тоннасын құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштен 6,3%-ға төмен. 2020 жылы NCOC акционерлері NCOC қызметін жыл сайын бағалау құрамында «Парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы» мақсатын белгіледі. Осылайша NCOC 2021 жылдан бастап парниктік газдар шығарындыларының белгіленген бақылау көрсеткіштеріне қатысты қарқындылығының көрсеткішін қадағалайды

NCOC парниктік газдар шығарындылары мөлшерін анықтауға басқа жанама шығарындылардың (3-көлем) бағасы кірген жоқ. NCOC компаниясы өндірістік цикл барысында түзілген шығарындыларды қолайлы әдістемені қолдана отырып бағалауға мүмкіндік беру үшін мүдделі тараптарға мұнай мен газ өндіру көлемдері бойынша ақпарат ұсынатын болады.

NCOC қондырғысынан тарайтын парниктік газ шығарындыларының көлемі Қазақстан заңнамасымен мемлекеттік реттеу субъектілері үшін белгіленген көміртегі диоксиді баламасындағы 20 мың тонна шамасындағы эмиссия шегінен асатындықтан, ол қолданылу мерзімі 2020 жылы аяқталатын Парниктік газ шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына 2018 жылы енгізілген болатын. Осы жоспар қолданылып жатқан үшжылдық кезеңде (2018-2020 жж.) NCOC рұқсат етілген бүкіл квотаның 65% тұтынды (көміртегі диоксидінің 13,6 миллион тоннасы).

2021 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі енгізілгеннен бастап ҚР Үкіметінің парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және климат саласындағы халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты тәсілдемесі аздап өзгерді. Шығарындыларды сату жүйесі бизнесті ынталандырудың негізгі құралы болып қала береді, оның мәні квоталар бөлудің Ұлттық жоспарында қондырғыларының шығарындылары көміртегі диоксидінің 20 мың тоннасынан асатын белгілі бір экономика секторлары үшін шектеулер (квоталар) белгілеуден тұрады. Қондырғының шығарындылары бөлінген квоталар көлемінен асқан жағдайда сол қондырғының операторы тапшылықты өтеу үшін тауарлық биржада квоталар сатып алуы тиіс немесе толық игермеген жағдайда оларды сата алады.

Келесі квоталар бөлудің ұлттық жоспарының жаңа Экологиялық кодексте жоспарланып отырған бесжылдық кезеңі ақыр соңында екі кезеңге – 2021 жылға және 2022-2025 жылдарға бөлінді. 2021 жылға арналған жаңа жоспарда NCOC компаниясына бөлінетін квоталар көлемі көміртегі диоксидінің 3,5 миллион тоннасы шамасында бекітілді. Кейінгі кезеңдердің квоталар көлемдері әлі белгіленген жоқ, бірақ Қазақстанның Париж келісімі бойынша парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 15%-ға азайту жөніндегі міндеттемелерді орындау және елдің жалпы көміртегі бойынша бюджетін жыл сайын кем дегенде 1,5% шамасында белгіленген көлемде қысқарту бойынша мақсаттарын ескерсек, қондырғыларға қатысты шектеулер әлдеқайда қатаң болады деп күту керек.

7.2. Энергия

NCOC өндірістік операциялары барысында 2020 жылы тұтынылған энергияның жалпы көлемі 43,14 млн гигаджоуль (ГДж) құрады. Осы көлем ішінде 0,42 млн ГДж электр энергиясы түрінде сатып алынды, соның ішінде 0,33 млн ГДж Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығынан (ЖЭК жөніндегі ЕҚО) сатып алынды. 2020 жылы энергияны пайдаланудың үлесті қарқындылығы (өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы энергияның тұтынылуы) мұнай баламасындағы өнімнің тоннасына шаққанда 2,11 ГДж құрады. Биыл өнімге энергияның жұмсалуы былтырғымен салыстырғанда ұлғайды, бұл ең бірінші кезекте OPEC+ шеңберінде мұнай өндіруді уақытша шектеумен, сонымен қатар отын-энергетика ресурстарын тұтыну бойынша кіріс деректерді есепке алу жүйесіндегі жақсартумен байланысты.

2020 жылы NCOC компаниясы акционер-компаниялардың («Тоталь ЭжәнеП Қазақстан», «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» және «Аджип Каспиан Си Б.В.») сарапшыларымен бірге компанияның өндірістік нысандарында энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыру жолдарын анықтау мақсатында ішкі энергетикалық зерттеу жүргізді.

Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша өндірісте көміртегінің бөлінуі мен энергияның жұмсалуын азайту бойынша ұсынылған іс-шаралар қамтылған есеп әзірленді, олар «Көміртексіздендіру және парниктік газдардың эмиссияларын азайту» деп аталатын төмендегі тарауда сипатталған.

7.3. Газды алауда жағу

NCOC компаниясы «Жұмыстың штаттық режимінде алауда газ жақпау» саясатын ұстанады.

Қашаған кен орнын игеру жобасының І кезеңі бастапқыда жұмыстың штаттық режимінде газдың алауда жағылуына, яғни табиғи газдың артық көлемін «штаттық» жағуға жол бермейтіндей етіп әзірленген болатын. Дегенмен қандай да бір мұнай-газ жобасында мұнай өндіру барысында өндіріс қауіпсіздігінің басқа тәсілі жоқ. Іс жүзінде Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінде өндіріліп жатқан газдың барлық көлемі қойнауқатқа кері айдалады, сонымен қатар отын ретінде пайдаланылады немесе сатуға жіберіледі. Дей тұрғанмен, өндірістік операцияларды орындау барысында уақытша техникалық себептерге (мысалы, қосу-реттеу жұмыстарына, газдың аздаған мөлшерінің ысырма арқылы алау коллекторларына шығуына немесе пайдалану жұмысындағы істен шығулар кезіндегі біржолғы алауға шығарылуына) байланысты өңдеуге мүмкін болмайтын газды жоюдың анағұрлым қауіпсіз және тиімді тәсілі ретінде оны алауда жағу қажет болады. Осындай жағдайларда алауда жағылатын газ көлемі есептеліп, есепке енгізілуде. NCOC компаниясы үнемі құрлық және теңіз нысандарындағы бақылау әдістерін жетілдіре отырып, газды алауларда технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу көлемін азайту үшін жұмыстануда. Жоба іске қосылған кезден бастап жыл сайын алауларда жағылатын газ көлемдері азайтылып және оңтайландырылып келеді.

TNCOC компаниясының өндірістік операциялары барысында алауда жағылған көмірсутегі газының көлемі 2020 жылы рұқсат етілген көлемдердің 26% құрады, атап айтқанда 47,2 млн ст. м3 (стандартты текше метр) болды, бұл мұнай өндіру көлемі 7% ұлғайғанына қарамастан алдыңғы жылдағыдан шамамен 18%-ға төмен. Пайдалану сенімділігі күткенімізден жоғары болды және қосу-реттеу жұмыстары барысындағы жақсартылған технологиялық тұрақтылық алауда газ жағу көлемін өндірілген газдың жалпы көлемінің 0,52% төмен деңгейде ұстауға мүмкіндік берді.

7.4. Көміртексіздендіру және парниктік газдардың эмиссияларын азайту

2020 жыл шынымен де бүкіл адамзат үшін қиын жыл болды. Коронавирус пандемиясы экологиялық, соның ішінде ғаламдық жылынумен және климаттың өзгеруімен байланысты сын-тегеуріндерге шұғыл қарсы тұру қажеттігін күшейте түсті. Қоғамның осы проблемаларға көзқарасы өзгерді – ол анағұрлым ынталы және талап қойғыш болды. Тұтынушылардың жас буыны анағұрлым экологиялық және зиянсыз төмен көміртекті өнімді таңдай бастады.

Қоғамдағы осындай өзгерістер мен болжамдар саланы және жалпы алғанда елдерді төмен көміртекті даму, көміртексіздендіру бойынша үдемелі сценарийлерді қолға алуға және баламалы энергия көздерін пайдалануға ынталандырды.

2020 жыл елдер мен әлемдік энергетикалық компаниялардың көміртектік бейтараптыққа ұмтылуына қатысты мәлімдемелерінің көптігімен ерекшеленді. Қазақстан осы мәлімдемелерге қосылды және 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа жетуге ниеттеніп отыр. Халықаралық жетекші мұнай-газ және энергетикалық компаниялардың бірқатары да 2050 жылға қарай өздерінің өндірістерінде бейтарап көміртегі ізіне қол жеткізу жөніндегі өршіл мақсаттары туралы мәлімдеді. Халықаралық энергетикалық

компаниялардың көміртексіздендіру және төмен көміртекті даму бойынша үлгілік стратегияларын «энергия көп, көміртегі аз болсын» деп қысқаша сипаттауға болады. Олар келесі негізгі элементтердің дамуын қамтиды:

  • энергия тиімділігі;
  • жаңартылатын энергия көздері және энергия сақтау жүйелері;
  • айналмалы экономика;
  • электр мобильділік (электрмобильдер үшін қуаттандыру инфрақұрылымдарын дамыту);
  • биоотын, биогаз, сутегі;
  • көміртегі тұту және сақтау;
  • төмен көміртекті өнім мен сервистерді қолдау және сатып алу (мердігерлермен және жабдықтаушылармен жұмыс);
  • ормандарды қалпына келтіру.

NCOC компаниясы елдердің парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелерін, сонымен қатар акционерлердің көміртексіздендіру және төмен көміртекті даму стратегияларын әзірлеу бойынша тәжірибесін ескере отырып, өзінің Парниктік газдар шығарындыларын және энергия тиімділігін басқару стратегиясын әзірледі. Оны 2020 жылғы қыркүйекте компанияның акционерлер комитеті бекітті және ол көмірсутегілерді тұрақты түрде өндіруді қамтамасыз ету қажеттігін, сонымен қатар жобалық қуаттарға шығуды ескере отырып, қатерлерді төмендетуді және парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша кешенді шешімдер әзірлеуді мақсат етеді. Қабылданған стратегияға сай NCOC компаниясы:

  • Қашаған кен орнын игерудің І кезеңінде парниктік газдардың үлесті шығарындыларын 2030 жылға дейін 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%- ға азайтуды;
  • парниктік газдар шығарындыларын одан әрі, соның ішінде келешек кеңею жобаларын әзірлеу шеңберінде азайту мүмкіндіктерін зерделеуді жалғастыруды;
  • кеңейту жобалары үшін мақсатты көрсеткіштерді іс жүзінде орынды төмен деңгей (ІОТД) негізінде мұнай баламасының бір тоннасына шаққанда көміртегі диоксиді баламасының 0,135 тоннасына тең мөлшерде белгілеуді жоспарлап отыр.

NCOC стратегиясында белгіленген мақсаттарға келесі іс-шаралар арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр:

  • энергетикалық зерттеу және міндетті энергия аудиті барысында анықталған және бекітілген іс-шараларды орындау;
  • энергоменеджмент жүйесін (ISO 50001 талаптарына сәйкес келетін) енгізу, яғни энергия үнемдеуге жүйелі тәсілдеме қолдану, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар әзірлеу және енгізу;
  • атмосфераға газдың ұйымдастырылмаған шығарындыларын бақылау мақсатында өнімнің шығуын немесе төгілуін анықтау және жою жөніндегі (LDAR) заманауи бағдарламаны орындау;
  • алауда технологиялық тұрғыдан еріксіз жағылатын газ көлемін азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
  • жобалық шешімдердің көміртектік бәсекеге жарамдылығын бағалау процесін енгізу;
  • жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) және көміртегілік ізді азайту жөніндегі баламалы технологияларды пайдалану жөніндегі жобаларды зерделеу және дамыту;
  • мердігерлердің және қызмет көрсетушілер мен тауарлармен жабдықтаушылардың қызметінде энергия тұтыну көлемін қысқартудың және парниктік газдар шығарындыларын азайтудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында олардың деңгейінде ақпараттық науқандар жүргізу

2020 жылдың IV тоқсанында NCOC компаниясы өзінің стратегиясын дәйекті түрде орындай бастады, атап айтқанда:

  • энергоменеджмент жүйесін кезең-кезеңімен енгізу;
  • атмосфераға газдың ұйымдастырылмаған шығарындыларын анықтау және жою (LDAR) жөніндегі әдістеме мен бағдарламаның жобасын әзірлеу;
  • компанияның қосалқы нысандарында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мүмкіндігі туралы тұжырымдамалық есеп дайындау;
  • құрлық кешеніндегі өндірістік алаңдарда клапандар мен бекіту-реттеу арматурасын бүтіндікке қатысты сынау және тиісті жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Осы іс-шараның нәтижесінде алауда газ жағудан шығатын парниктік газдар эмиссиясының жол берілмеген көлемі CO₂ баламасында 2,3 мың тонна құрады.

08

жергілікті
қамту

8.1. Жергілікті қамтуды дамыту көрсеткіштері

NCOC компаниясы жергілікті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді барынша пайдалануды көздейтін әлемдік деңгейдегі жобаны жүзеге асыруға ұмтылуда, бұл ретте жергілікті кадрлардың біліктілігін арттырып, жергілікті компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

2020 жылы NCOC компаниясы жергілікті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді пайдалануды көбейтудегі оң беталысты жалғастырды, нәтижесінде шығыстар 509,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл шығындардың жалпы көлемінің 55%-на сәйкес келеді. Бұл компания үшін жаңа рекорд болып табылады және соңғы 5 жыл ішінде жергілікті қамту үлесінің екі есе артқанын айғақтайды.

Жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге шығындалған жиынтық сома жыл аяғында 2004 жылдан бергі кезең бойынша 15,3 млрд АҚШ долларынан11 асты. Осы және басқа да деректер NCOC компаниясының жергілікті қамтуды пайдалануға ынталылығын айғақтайды.

Жергілікті қамту саласындағы саясат

at www.ncoc.kz
11

Жергілікті тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің анықтамасы ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңында (2010 ж.) белгіленген «Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінде» берілген. Заңда берілген, NCOC пайдаланатын жергілікті қамтудың анықтамаларына сілтемені қараңыз. 2010 жылға дейін NCOC компаниясы СКӨБК-де қарастырылған жергілікті қамтуды есептеу әдістерін пайдаланып келді.

2004 ж. мен 2020 ж. аралығында жергілікті қамту бойынша төлемдер, % шаққанда

2020 жылы компания «Жергілікті қамтуды дамытудың бесжылдық бағдарламасының» жүзеге асырылуына аралық талдау жүргізді. Қазақстандық компаниялардың жобаға, сонымен қатар NCOC жаңа жобаларына және бұрғылау операцияларына қатысуы үшін дамудың қосымша мақсатты салалары анықталды

ISO certification

22 local companies completed trainings on ISO certifications

16 local companies received certificates on ISO 9001 Quality Management System

Тауарларды жергіліктендіру шеңберінде NCOC 3 негізгі бағыттарға көңіл бөледі:

  • түпнұсқа жабдық өндірісін жергіліктендіру – белгіленген 4 түпнұсқа жабдық өндірушінің өнімін жергіліктендіру мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
  • «ерте тендерлер» – 5 келісімшарт жергілікті жасаушыларға берілді;
  • пилоттық тапсырыстар – 4 пилоттық тапсырыс жергілікті өндіруші компанияға берілді.

2020 жылдың аяғына қарай бюджеттік балама бойынша келісімшарттардың 90% жергілікті компаниялар орындады. Бұл компанияның орасан зор күш салып жұмыстануының, сонымен қатар жобаны басқаруға көрсетілген қолдаудың арқасында мүмкін болды.

NCOC 2019 және 2020 жылдардағы жергілікті нарықты зерделеу барысында 90-ға жуық жергілікті өндірушіні анықтады, сонымен қатар бүгінгі таңда 44 өндірушінің қызметін мұқият талдап, өндірістік нысандарымен танысты. NCOC мүмкіндігінше жоба үшін тауарлар шығарушы жергілікті компаниялардың барлығын (шамамен 90 компания қатарындағы) шақырады.

Сыртқы веб-парақтағы бір терезе нысаны

2020 жылы NCOC компаниясында «Бір терезе нысаны» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды. Ол:

  • жергілікті қамтуды реттеумен және дамытумен;
  • жергілікті қамту саласындағы қарым-қатынаспен және ынтымақтастықпен;
  • жабдықтаушылардың біліктілігін бағалаумен және нарықты зерделеумен байланысты келіп түсетін сұрақтар мен ұсыныстарды өңдеуге мүмкіндік береді.

8.2. Жергілікті өндірістік қуаттарды ұлғайту

NCOC компаниясы үшін жергілікті жабдықтаушыларды дамыту басымдықты міндет болып табылады. Оның мақсаты – жергілікті компаниялардың жоба бойынша әлеуетті жабдықтаушылар ретінде біліктілік деңгейін бағалаудан өтуі, ал ұзақ мерзімді келешекте ішкі және халықаралық нарықтардағы өзге тендерлерге қатысуға қабілетті болуы үшін оларға техникалық және басқарушылық мүмкіндіктерін жақсартуға қолдау көрсету.

Бірыңғай терезе
формасы

at www.ncoc.kz

Машина жасау саласын дамыту бастамасы

2020 жылы NCOC компаниясы машина жасау саласын дамытуға қолдау көрсетуді жалғастырды. Нарықты зерделеу нәтижесінде Қазақстанда 91 машина жасайтын компания анықталды. Олардың 24-і NCOC жобаларына қатысу үшін техникалық және әлеуетті қуаттар бойынша кемшіліктерді талдаудан өтті. Компаниялар жақсарту бойынша ұсынымдар алып:

  • кәсіби-техникалық және жалпы оқыту;
  • бүтіндікті сақтап тексеру әдістерін үйрету;
  • ISO бойынша оқыту және сертификаттау;
  • ASME стандартын енгізу арқылы жақсарту жұмыстарына кірісті.

NCOC сонымен қатар Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту жөніндегі халықаралық орталық құруға қатысуда. «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компанияларымен бірге «Ниет туралы келісім» әзірленіп, оған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС және Қазақстанның машина жасаушылар одағы қол қойды. Халықаралық орталық Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және техникалық стандарттарды бейімдеу арқылы қазақстандық өндірушілерге олардың бизнес-мүмкіндіктерін жақсартуға қолдау көрсетеді деп жоспарланып отыр.

NCOC жергілікті жабдықтаушылардың дамуына төмендегідей қолдау шаралары арқылы ықпал етуде:

  • жергілікті компанияларға басқару жүйелері бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестікке қатысты сертификатталуға, тауарлар мен қызметтерді сертификаттауға көмектесу, осылайша олардың NCOC компаниясымен келісімшарттар бойынша бәсекеге жарамдылығын елеулі түрде арттыру;
  • жергілікті әлеуетті жабдықтаушылар мен мердігерлерді анықтау;
  • оқыту, семинарлар, жұмыс жиналыстары арқылы жақсарту бағдарламасын жүзеге асыру;
  • бірлескен кәсіпорындар құруға көмектесу жөніндегі іс-шараларға қатысу.

2020 жылға арналған жақсарту бағдарламасы

Оқыту

Кәсіби-техникалық және жалпы таныстыру мақсатындағы

87

Семинарлар

Жалпы таныстыру мақсатындағы

6

Жобаны жүзеге асыру сапаны басқару

Жабдықтаушылардың кәсіби жарамдылықты алдын ала бағалау және оларды тіркеу процестері

ДЕҚҚОҚ

Форум

Жолаушылар тасымалдау қызметі

1

NCOC компаниясы 6 компанияның бүтіндікті сақтап тексеру бойынша оқудан өтіп, сертификатталуына қолдау көрсетті. Сонымен қатар қазақстандық 65 компанияда 3 санат бойынша техникалық кемшіліктерді талдау жұмысы жүргізілді:

  • экологиялық қызметтер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтер;
  • оқшаулағыш материалдар;
  • машина жасау.

09

әлеуметтік
инвестициялар

9.1. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар

Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберінде NCOC компаниясы жыл сайын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына қаражат бөледі. 2020 жылы осы бюджет 76,9 млн АҚШ долларын құрады. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандарын салу, сонымен қатар жолдар, электр беру желілері мен су

2020 жылы NCOC компаниясы әлеуметтік жобаларды тиімді жүзеге асырғаны және қоғамдық қарым-қатынастардың жаңа нысандарын енгізгені үшін ұлттық «Жомарт Жүрек» сыйлығына ие болды.

құбырлары сияқты инженерлік қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда тигізетін басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салуға арналған қаражат Солтүстік Каспий жобасы шеңберіндегі негізгі қызмет жүргізіліп жатқан Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең бөлінеді.

1998 жыл мен 2020 ж. аралығындағы кезеңде 222 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Осылайша, осы жобаларға жұмсалған жалпы инвестициялар 774,5 млн АҚШ долларын құрады.

2020 жылы аяқталған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар

  • қайырымдылық көмек ретінде берілген өкпені жасанды желдететін аппараттар, дефибриляторлар, жеке қорғану құралдарының жинақтары (обаға қарсы жинақтар), дәрідәрмектер, шығыс материалдары және дезинфекциялау құралдары, компьютерлердің бағдарламалық жасақтамалары және Атырау жұқпалы аурулар ауруханасы үшін медициналық материалдары)
  • 30 желдеткіш;
  • оттегі стансасы;
  • ресейлік дәрігерлердің тамақтануы және тұрғынжайда тұруы
  • қайырымдылық көмек ретінде берілген өкпені жасанды желдететін аппараттар, дефибриляторлар, көп функциялы кереуеттер, жеке қорғану құралдарының жинақтары (обаға қарсы жинақтар), дәрі-дәрмектер, шығыс материалдары және дезинфекциялау құралдары, бу генераторлары, медициналық кереуеттер, оттегі концентраторлары);
  • 3 жедел жәрдем машинасы;
  • провизорлық орталық үшін медициналық жабдықтар және жиһаз (200 кереует, оттегі концентраторлары, пульсоксиметр, ЖҚҚ).

Әдетте әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды облыстық әкімдіктер (жергілікті билік органдары) ұсынады. Ұсыныстарды NCOC компаниясы мен ӨБК бойынша өкілетті орган ӨБК талаптарына және оператордың тұрақты даму жөніндегі міндеттемесіне сәйкестік бойынша талдайды; содан кейін сол ұсыныстар негізінде облыстық әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста жобалар әзірленеді. Жобалар бекітілгеннен кейін NCOC компаниясы келісімшарт беруге арналған тендер, жобаны жүзеге асыру және тапсыру-қабылдау үшін жауапкершілік атқарады.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың инженерлері техникалық қадағалау өкілдерімен бірге тұрақты түрде өндірістік алаңдарға барып, құрылыс-монтаж жұмыстары мен материалдардың сапасын, сонымен қатар пайдаланылып жатқан жабдықтардың жобалық құжаттамаға, инженерлік желілерге қосудың техникалық шарттарына, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін тексереді. Сонымен бірге әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тобы апта сайын жиналыстар өткізіп, сол жобаларға байланысты барлық мәселелерді, соның ішінде бақылау және сапаға сәйкестікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

9.2. Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы

NCOC компаниясы демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөледі. Жыл сайын осы мақсаттарға 1,5 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі бюджет бөлініп, ол Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең жұмсалады. Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы жергілікті халықты қолдаудың бес негізгі бағыты бойынша жүзеге асырылуда: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылық.

Компания жүзеге асырылуы жергілікті қоғамдастықтың игілігі үшін тұрақты дамуды көрсететін жобаларды қалайды. Атап айтқанда біз жабдықтармен толық жарақтандыруды, сонымен қатар қайырым көрушілерді сертификатталған оқу орнының оқытуын (тиімді нәтиже алу үшін оқыту кезең-кезеңімен жүргізілуі мүмкін) қамтитын жобаларды қолдаймыз. Біз жобаның аяқтануына көмектесе отырып, оның алға қарай дербес дамитынына және жұмысқа қабылдау арқылы, сондай ақ тұрақты қаржылық даму арқылы қоғамға пайда келтіретініне үміттенеміз.

Компанияның саясатына сай демеушілік және қайырымдылық жобалары саяси немесе діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауы, әділетсіз нарықтық бәсекеге жағдай туғызбауы және жергілікті қоғамдастықтардың немесе табиғи экожүйелердің экологиялық тұрақтылығын бұзбауы қажет. Әдетте жобаларды жергілікті халық ұсынады, алайда NCOC компаниясы да бастамашы бола алады.

2020 жылы 38 жоба (Атырау және Маңғыстау облыстарында 19 жобадан) орындалды. 1998 жылдан бері демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 23,7 миллион АҚШ долларын құрады

2020 жылы Атырау облысында орындалған демеушілік және қайырымдылық жобалары

Жобаның атауы

Санат

«Атырау облысында ағылшын тілін қашықтан үйрету» жобасы. Үш жылға есептелген. 2018-2021 жылдар аралығында «Британ кеңесімен» бірге өңірдің сегіз мектебінде және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жүзеге асырылуда

Білім беру

Атырау облыстық мүгедектер қоғамының Мақат филиалына мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған ГАЗ 32212 базасындағы арнайы автокөлік

Қайырымдылық

«Атырау Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған далалық ойын алаңы

Қайырымдылық

№21 «Алтын кілт» балабақшасы үшін сөйлеу қабілеті тежелген балаларға арналған «Монтессори» әдістемесі бойынша арнайы жабдық

Білім беру

Жобаның атауы

Санат

Атырау облысының мүгедектеріне арналған спорт клубының залы үшін еденге орнатылатын 8 сплит-жүйесі

Спорт

Атырау қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Атырау қаласындағы Ф.Досымова атындағы №12 жалпы білім беру орта мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Атырау қаласындағы №32 жалпы білім беру мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Атырау қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы №5 жалпы білім беру мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Атырау қаласындағы Амангелді атындағы №5 жалпы білім беру мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Доссор кентіндегі О. Сарғұнанов атындағы жалпы білім беру мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

№54 бөбекжай-балабақшаның педагог мамандары үшін «Монтессори» әдістемесі бойынша арнайы жабдықтар және кіріспе курс

Білім беру

Атырау қаласындағы №21 «Алтын кілт» бөбекжай-балабақшасы мен Мақат ауданының Доссор кентіндегі «Қарлығаш» бөбекжайбалабақшасы үшін балаларға арналған далалық ойын алаңы жабдықтары

Білім беру

Жобаның атауы

Санат

ақат ауданының Доссор кентіндегі «Қарлығаш» бөбекжайбалабақшасы үшін балаларға арналған далалық ойын алаңы жабдықтары

Білім беру

Қазақстан Республикасында Жеңіс күнінің 75 жылдығын тойлау құрметіне Атырау облысының 9 ардагері үшін номиналы 750 000 теңгесыйлық сертификаттары

Қайырымдылық

Елдегі COVID-19-ға қатысты ахуалға байланысты Атырау қаласындағы 17 білім беру мекемесінде және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мамандандырылған ұйымда ауаны зарарсыздандыратын бактерицидті рециркуляторлар

Қайырымдылық

Елдегі COVID-19-ға қатысты ахуалға байланысты Мақат ауданындағы 15 білім беру мекемесінде және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мамандандырылған ұйымда ауаны зарарсыздандыратын бактерицидті рециркуляторлар

Білім беру

Елдегі COVID-19 індетіне қатысты ахуалға байланысты Атырау қаласының 27 жалпы білім беру мектебінде зарарсыздандырғы-тазартқылардың сүзгілерін алмастыру және орнату/p>

Білім беру

Елдегі COVID-19 індетіне қатысты ахуалға байланысты Атырау қаласының 27 жалпы білім беру мектебінде ауыз су бұрқақшаларындағы орнату, ауыз су бұрқақшаларындағы суды микробиологиялық және химиялық талдау

Білім беру

2020 жылы Маңғыстау облысында орындалған демеушілік және қайырымдылық жобалары

Жобаның атауы

Санат

үпқараған ауданындағы А.М. Горький атындағы мектеплицейінің робототехника кабинетіне арналған жабдықтар

Білім беру

Мұнайлы ауданындағы №9 «Бәйтерек» балабақшасына балаларға арналған далалық ойын алаңы

Білім беру

Ақтау қаласының №31 «Еркем-ай» балабақшасына балаларға арналған далалық ойын алаңы

Білім беру

Түпқараған ауданындағы «Құлыншақ» балабақшасының педагог мамандары үшін «Монтессори» әдістемесі бойынша арнайы жабдықтар және кіріспе курс

Білім беру

Ақтаудағы №19 «Толағай» балабақшасының педагог мамандары үшін «Монтессори» әдістемесі бойынша арнайы жабдықтар және кіріспе курс

Білім беру

Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы №32 жалпы білім беретін мектеп-лицей үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Түпқараған ауданының жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектепинтернаты үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Ақтау қаласының Н. Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинет

Білім беру

Ақтау қаласының №11 мамандандырылған физикалықматематикалық мектеп үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Ақтау қаласының №21 жалпы білім беру мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Ақтау қаласының №23 жалпы білім беру мектебі үшін «STEM-зертхана» оқу кабинеті

Білім беру

Түпқарағандағы «Алпамыс» балабақшасына балаларға арналған далалық ойын алаңының жабдықтары

Білім беру

Ақтау қаласындағы №46 «Балбұлақ» балабақшасына балаларға арналған далалық ойын алаңының жабдықтары

Білім беру

Ақтау қаласындағы №42 «Түймедақ» балабақшасына балаларға арналған далалық ойын алаңының жабдықтары

Білім беру

Жобаның атауы

Санат

Қазақстан Республикасында Жеңіс күнінің 75 жылдығын тойлау құрметіне Маңғыстау облысының 11 ардагері үшін номиналы 750 000 теңге сыйлық сертификаттары

Қайырымдылық

Елдегі COVID-19-ға қатысты ахуалға байланысты Түпқараған ауданындағы 10 мектепте ауаны зарарсыздандыратын бактерицидті рециркуляторлар орнату

Білім беру

Елдегі COVID-19-ға қатысты ахуалға байланысты Түпқараған ауданының 11 балабақшасында және Ақтау қаласының 5 мамандандырылған білім беру ұйымында ауаны зарарсыздандыратын бактерицидті рециркуляторлар орнату

Білім беру

Елдегі COVID-19-ға қатысты ахуалға байланысты Ақтау қаласының 25 мектебінде ауаны зарарсыздандыратын бактерицидті рециркуляторлар орнату

Білім беру

Ақтау қаласының 25 орта білім беру мектебінде, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатта ауыз су бұрқақшаларын орнату

Білім беру

10

адами
капитал

10.1. Персонал

Қызметкерлеріміз NCOC компаниясының басты дәулеті болып табылады. Біз компаниямызда әлемнің көптеген елдерінен ең үздік мамандар жұмыс істейтінін мақтан етеміз, олар Қазақстан игілігі үшін Қашаған кен орнын игеру жобасын жүзеге асыруға атсалысуда.

NCOC қызметкерлері

3,154

Жергілікті персонал

2,937

Шетелдік персонал

219

Ерлер

2,142

Әйелдер

1,014

Басшы лауазымдардағы жергілікті персонал

62

Басшы лауазымдардағы шетелдік персонал

43

Басшы лауазымдардағы әйелдер

20

Басшы лауазымдардағы ер адамдар

85

Келісімшарттық персонал

317

10.2. Кәсіптік-техникалық оқыту және біліммен бөлісу

Оператор шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарға жету құралы ретінде жергілікті персоналды анықтау мен іріктеу және кейіннен оларды оқытып, NCOC компаниясында ұзақ мерзім еңбек етуге мүмкіндік бері үшін арнайы мақсатты бағдарлама әзірледі. 1998 жылдан бері Қазақстанның 20 548 азаматы NCOC қызметкерлері немесе NCOC көмек көрсетіп жатқан жергілікті компаниялардың қызметкерлері ретінде оқудан өтті.

Жиырма жылдан астам кезең ішінде оператор Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті кадрлар арасында әлеует қалыптастыру мақсатында шамамен 291 млн АҚШ долларына тең қаражатты қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және кәсіби оқытуға инвестициялады.

NCOC компаниясының оқу гранттары бойынша бағдарламасы

NCOC СКӨБК-ге сәйкес студенттер үшін гранттар беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Оператор Қазақстанның 3 879 студентіне Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі оқу орындарында білім алуға демеушілік қолдау көрсетті. Осы мақсаттағы демеушілік шығындар ақшалай алғанда 9 млн АҚШ долларынан асты.

Қазақстан азаматтарының (компанияның қызметкерлері емес) мұнай-газ саласымен байланысты мамандықтар бойынша академиялық оқуы, соның ішінде университеттерде, колледждерде және басқа да оқу орындарында оқуы үшін құрылған шәкіртақылық қорды NCOC қаржыландырып, Kazenergy қауымдастығы басқарады. Қордың ақшалай қаражаты конкурстық негізде бөлінеді. 2020-2021 оқу жылында NCOC компаниясы 55 оқу орнында 459 студенттің оқуын қаржыландырды.

KAZENERGY стипендиялық қоры туралы

at www.ncoc.kz

10.3. Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру

СКӨБК-нің XXVII бабында мұнай операцияларын орындауға тартылған қазақстандық персонал саны бойынша жалпы мақсатты көрсеткіштер белгіленген. 2020 жылы Қашаған кен орнын игеру жобасының І кезеңі шеңберінде бұл көрсеткіштер едәуір жоғары:

Ұлттандырылған лауазымдар

2018

47

2019

38

2020

48

2020 жылдың аяғындағы ахуал бойынша NCOC операциялық компаниясының үш мыңнан астам жұмыскерінің 93 пайызы Қазақстан азаматтары болып табылады. Жалпы алғанда Солтүстік Каспий жобасына тартылған бес мыңнан астам қызметкердің 94 пайызы Қазақстан азаматтары болып табылады.

11

жоғары кәсіби
шеберлік

11.1. Адам құқығы

NCOC өз қызметін жауапкершілікпен, өз қызметкерлеріне және бірге жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қатысты адам құқықтарын құрметтей отырып жүзеге асыруға ұмтылады. Компанияның осы құқықтарды сақтауға қатысты тәсілдемесі бірнеше негізгі элементтерден, соның ішінде корпоративтік саясатты, қолданылатын заңнама мен ережелерді сақтаудан, мүдделі тараптармен тұрақты диалогтан және қарым-қатынас жасаудан, сонымен қатар қызметімізді жүргізіп жатқан өңірдегі қоғамның әл-ауқатын нығайтуға тікелей немесе жанама үлес қосудан тұрады. Біз өзіміздің талпынысымызда компанияның жалпы қызмет қағидаттарын, іскерлік әдеп кодексін, парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі нұсқауын және тиісті процедураларын басшылыққа аламыз.

Абырой, адалдық, адамгершілік және әділдік қызметіміздің барлық аспектілерінің негіз қалаушы қағидаттары болып табылады және біз бұны бірге қызмет жүргізетін серіктестерімізден де талап етеміз.

11.2. Жұмыс орнындағы адам құқықтары

NCOC мақсаты – Қазақстандағы тартымды жұмыс беруші болу.

NCOC халықаралық және ұлттық стандарттарды, сонымен қатар еңбек, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерді сақтай отырып, өзінің барлық нысандарында персонал арасында қолайлы жұмыс жағдайын сақтауға ұмтылады. Өз мердігерлеріміз бен жабдықтаушыларымыздан да осыны күтеміз.

NCOC компаниясындағы жағдайлар Еңбек кодексінің еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік жеңілдіктер жиынтығын ұсыну жөніндегі құқықтық талаптарынан әлдеқайда жоғары, бұл қызметкерлерді тартуға, уәждеуге және ұстап қалуға, сонымен қатар олардың бизнес-мақсаттарымызға жетуімізге үлес қосуына ынталандыруға мүмкіндік береді. NCOC компаниясы жалақының бәсекеге қабілеттілігін, сонымен қатар әлеуметтік жеңілдіктер жиынтығының құрамын нарықтық зерттеулер жүргізу арқылы мұқият реттеп отыр.

Көтермелеу қағидаттары «жұмыс нәтижелері бойынша ақы төлеу» тәсілдемесіне негізделген, бұл NCOC мақсаттарына, көзқарасына және құндылықтарына, сонымен қатар мә

Мәдени ерекшеліктерді және жеке ерекшеліктерді құрметтеу

at www.ncoc.kz

Қызметкерлерді тәртіп бұзушылық туралы хабарлағаны үшін қудалаудан қорғау бағдарламасы

NCOC компаниясында қызметкерлерді тәртіп тәртіп бұзушылық туралы хабарлағаны үшін қудалаудан қорғау бағдарламасы жұмыс істейді, онда зиян келтіретін, кемсітушілік сипаты бар және іскерлік әдеп нормаларына сәйкес келмейтін амал-әрекеттер туралы хабарлайтын қызметкерлерге қатысты ережелер қамтылған. Бұл айыптаулардың шындыққа жанасатынына немесе жанаспайтынын қарамастан NCOC компаниясы қызметкерге қатысты қудалаудың және басқа да жаза түрлерін қолданудың алдын алу үшін, түптеп келгенде заңдылықты қамтамасыз ету және іскерлік әдеп нормаларын сақтау үшін қажетті шараларды қолданады. Персоналды тәртіп тәртіп бұзушылық туралы хабарлағаны үшін қудалаудан қорғау бағдарламасы алдын алу тәсілдемесіне негізделген. Ол позитивті өндіріс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, қызметкерлердің қанағаттануын арттырады және сындарлы бизнес-талдау үшін негіз ретінде қолданылады.

Бағдарлама мақсаттары:

  • қызметкерлерден шағымдар және алаңдаушылық тудыратын проблемалар туралы хабарламалар қабылдау және оларға тиісті түрде ден қою;
  • шағымданған немесе алаңдаушылық тудыратын проблемалар туралы хабарлаған қызметкерлердің қудалануына жол бермеу және қудалау фактілерін қарау.

NCOC компаниясы бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін оған төрт негізгі элемент енгізді.

дениетіне толық сәйкес келеді. Қызметкердің жалақысына жыл сайын жалпы үстемеақы қосылуымен, Мұнайшы күні қарсаңында сыйақы төленуімен және еңбек демалысына шыққанда материалдық көмек көрсетілумен қатар, еңбек сіңіргені үшін жеке жалақысы көтерілуі мүмкін және ол жұмыс нәтижелері бойынша жыл сайынғы сыйақысын ала алады. Компанияның шешімі бойынша үстемеақы және қосқан сүбелі үлесі үшін немесе NCOC құндылықтарын ұстануы үшін арнайы ақшалай сыйлық төленуі елеулі ынталандыру шаралары болып табылады. Компанияда тікелей еңбек шартымен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары басқа да көптеген өтемақы төлемдері мен жеңілдіктер алады, олардың ішінде ақы төленетін еңбек демалыстары мен ақысыз демалыс күндері, зейнетақы төлемдері, білім алуға қаржылық қолдау көрсету, медициналық сақтандыру мен өмірді сақтандыру, компанияның көлік құралдарымен тегін жүру, спортпен шұғылдануға қаржылай қолдау көрсету бағдарламасы, тұрғын үй алуды ипотекалық несиелеу, жақын туыстарынан айрылған кезде қаржылай көмек көрсету, балаларды оқытуға және оқулықтар сатып алуға көмек бар.

11.3. Адам құқығы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

NCOC міндеті – персоналдың қауіпсіздігін және өндірістік нысандардың сенімділігін, сонымен бірге адам құқығының сақталуын және жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз өндірістік операцияларға төнетін қауіп-қатерлерді мұқият сараптаймыз. Қазақстан Республикасы Үкіметімен және серіктестермен активтерді қорғау және өз қызметкерлеріміз бен мердігерлеріміз үшін қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету шаралары ұдайы назарда ұсталады. NCOC қарулы күзет қызметін пайдаланбайды, өйткені бұл ағымдағы рисктер профиліне сай талап етілмейді.

Компания кауіпсіздік пен адам құқығы бойынша ерікті қағидаттарды қарқынды енгізуде, олар барлық мүдделі тараптарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдармен жұмыс істеу кезінде адам құқығына қатысты рисктерді бағалау үшін нұсқау болып табылады. NCOC құрылған кезден бастап компанияда немесе мердігерлеріміздің өндірістік алаңдарында адам құқығы бұзылған бір де бір жағдай тіркелген жоқ.

2020 жыл бойына NCOC қауіпсіздік бөлімі компанияның өндірістік алаңдарында COVID-19 жаппай таралуына қатысты ең нашар сценарийдің алдын алуда маңызды рөл атқарып, кіру бекеттерінде бақылауды қамтамасыз етті және денсаулық пен еңбек қорғау бөлімдерімен бірге тиісті жұмыстардың барлығына қатысты. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының салауатты және қауіпсіз жұмыс орны үлгісіне сай қызметкерлердің денсаулығын және олардың денсаулық үшін қауіпсіз жағдайларда жұмыс істеуге құқықтарын қорғауға ықпал етті.

NCOC мемлекеттік мекемелермен лаңкестік қауіп-қатермен күрес бойынша бірлескен жауапкершілік қарастырылған өзара түсіністік туралы меморандум жасасуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен бірге құрлық кешенінде лаңкестік әрекеттерге қарсы жаттығу өткізілді.

NCOC қауіпсіздік бөлімі лаңкестік әрекеттерге қарсы қорғануға қатысты ҚР Үкіметінің қаулыларын қарауға атсалысты. Тиісті өзгерістер талқыланып, ҚР билік органдарының және басқа да ірі мұнай-газ компанияларының өкілдерінен тұратын жұмыс тобының қарауына ұсыныстар берілді.

Компания қауіпсіздік саласындағы жаңа технологиялар енгізумен байланысты бірқатар жобаларды ойдағыдай жүзеге асырды:

  • персоналдың кіруін бақылау жүйелерін әзірлеу және орнату – рентгендік тексеру, металл іздеу құрылғысы арқылы өткізу, жарылғыш заттарды анықтайтын портативтік аспаптар, алкогольдің бар-жоғын тексеретін аспаптар;
  • теңіз кешеніне жөнелту орындарында кіруді бақылайтын электрондық жүйе орнату, теңіз кешенінің персоналына тұрақты бейдждер беру;
  • Баутин базасында үлкен радиусты қамтитын инфрақызыл жүйе орнату (осыған ұқсас жұмысты 2021 жылы теңіз кешенінде де жүргізу жоспарланып отыр).

NCOC қауіпсіздік қызметі осы саладағы мердігер үшін бірқатар оқу курстары мен семинарлар өткізді. Біз мердігердің іскерлік әдеп стандарттары мен адам құқықтарын сақтауын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде өзін-өзі бақылау мақсатында ішкі тексерулер жүргізіп тұрамыз.

11.4. Жабдықтау жүйесі шеңберіндегі адам құқығы

Мердігерлер мен жабдықтаушылар NCOC компаниясының ажырамас бөлігі болып табылады және Компания бизнесінде маңызды рөл атқарады. Компания олармен берік қарым-қатынас құрып, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын негізге ала отырып жұмыс істеуге ұмтылуда.

NCOC мердігерлерінің адам құқықтарын қалай сақтайтынына баса назар аударады.

Компания мердігерлердің өндірістік қатынастар мен әділ еңбек жағдайлары саласындағы жұмысын жақсартуға бағытталған еңбек қатынастарына және қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты талаптар әзірледі және енгізді.

NCOC компаниясы қосалқы мердігер компаниялардың басшылары мен жергілікті билік органдарының қолдауымен келісімшарттарды үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар компанияның өндірістік қатынастар саласында күтіп отырған нәтижелеріне жету, соның ішінде еңбек қатынастарына қатысты талаптар мен қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарын орындау мақсатында әлеуметтік әріптестік жүйесін құруда.

Мердігерлермен (қосалқы мердігерлермен) жұмыс жүргізу кезіндегі өндірістік қатынастардың негізгі қағидаттары келесі мәселелерден тұрады:

  • қауіпсіздік ең басты міндет болып табылады, яғни адамдардың денсаулығына зиянның және мүлікке зардаптың мүлде болмауы қамтамасыз етілуі тиіс;
  • ҚР заңнамасын, NCOC ережелерін сақтау және келісімшарттық міндеттемелерді орындау;
  • персоналмен, жергілікті билік органдарымен және басқа да мүдделі тараптармен өзара сенім негізіндегі серіктестік қарым-қатынас құру арқылы әлеуметтік шиеленістің алдын алу;
  • жауапкершілік және сенім: персоналмен жергілікті билік органдарымен сыйластық және тұрақты түрде ашық ақпарат алмасу негізінде қарым-қатынас орнату, сонымен қатар дауларды келіссөздер арқылы реттеу.

NCOC компаниясы мердігерлері мен жабдықтаушыларына қатысты адам құқықтарын құрметтейді:

  • – жұмыс жағдайлары;
  • – еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау;
  • – қауымдастықтар құру және ұжымдық шарттар жасау бостандығы.

NCOC осы қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін келесі іс-шараларды атқаруда:

  • Талаптардың сақталуын бақылау – персонал бойынша құжаттарды, жалақының уақтылы төленуін, вахталық қызметкерлердің тамақпен және тұру жағдайларымен қамтамасыз етілуін тексеру, персонал саны бойынша мерзімді ақпарат жинау және өзгерістерді талдау (ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептер) арқылы ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау түрінде жүргізіледі.
  • ҚР еңбек заңнамасын және NCOC компаниясының өндірістік қатынастар саласындағы талаптарын қолдану бойынша тұрақты семинарлар мен оқыту курстарын өткізу арқылы біліктілік деңгейін арттыру.
  • Еңбек даулары мен шағымдарды қарау. NCOC компаниясының еңбек даулары мен персоналдың шағымдарын қарау саласындағы саясаты нақты процедураларды қарастырады, олар мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да тең дәрежеде қолданылады. Осы процедуралардың мақсаты – басшылықты қызметкерлердің шағымдары туралы хабардар қылу және наразылықтың жанжалға ұласуына жол бермеу үшін сол шағымдардың ашық, тиісті түрде және уақтылы шешілуін қамтамасыз ету. Тиісті процедураға сай қызметкердің әрбір жазбаша шағымы қабылдануы, тіркелуі, қаралуы және шешілуі тиіс. Қызметкерлер өздерінің шағымдарын жұмыстан шығаруы мүмкін деген қорқынышсыз еркін және ашық мәлімдей алады. Қызметкерлер өздерінің пікірлері бойынша олардың еңбек құқықтарын бұзатын шешімге шағым келтіруге құқылы. Егер шағым NCOC ішінде реттелмесе, оны тиісті жергілікті билік органдарының қарауына жолдауға болады.
  • Қосалқы мердігерлерге өндірістік қатынастарға байланысты күтпеген оқиғаларда әрекет ету жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру кезінде қолдау көрсету арқылы өндірістік қатынастар саласында өзара әрекеттесу.
  • Әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияларға қатысу. NCOC компаниясы Атырау облысының әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиясының және мұнайгаз саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның белсенді мүшесі болып табылады. Біз өңірлік және салалық деңгейлерде өндірістік қатынастар саласындағы келісімдерге түзетулер әзірлеуге ықпал етеміз.

Кәсіподақтар - еңбек құқықтарын қорғау құралы

NCOC компаниясы кәсіподақ ұйымымен бірге келесі негіз қалаушы қағидаттарды белгіледі:

  • Компанияның қызметінің табысты болуына өзара мүдделілік;
  • тараптардың заңды мүдделерін өзара тану;
  • күнделікті еңбек сапасының басымдылығын өзара тану;
  • ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі екіжақты міндеттеме;
  • келісімнің тиімділігін арттыру жөніндегі екіжақты міндеттеме.

Бұл қағидаттар жалпы және серіктестік негізіндегі жұмысқа тән болып табылады.

11.5. Жергілікті халықпен қарым-қатынас

Жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынас сыртқы қатынастар саясатының ажырамас бөлігі болып табылады және біз Қашаған кен орнын игеру жобасы басталған кезден бері осы қағидатты толық ұстанып келеміз. Біз қоғамның құрметі мен сеніміне тек тиімді жұмыс, ашық ақпарат алмасу және жұртшылықтың қатысуы арқасында ғана ие бола алатынымызды түсіне отырып, компанияның өндірістік қызметіне байланысты алаңдаушылық тудыратын кез келген мәселелерді шұғыл шешуге ұмтыламыз. Біз жобаның бастапқы кезеңдерінен бастап жұртшылықпен белсенді қарым-қатынас жасаймыз және оны ағымдағы процесс бойынша хабар етіп отырамыз.

2020 жылы пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан біз жұртшылықпен қарым-қатынасымызды жалғастырдық:

  • 18 ақпанда NCOC қазақстандық және ресейлік ғалымдардың қатысуымен үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті жұртшылық және мемлекеттік табиғат қорғау органдарының өкілдерімен экологиялық мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізді. Екі елдің теңіз биологтары және ғалымдары NCOC компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторында барлық мемлекеттік реттеуші органдардың мақұлдауымен ұйымдастырылған аэротүсірілімнің бастапқы нәтижелерімен бөлісті.
  • 28 ақпанда NCOC компаниясы «Атырау облысының қауіпсіз жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Бұл шарада NCOC компаниясының жол-көлік оқиғаларының қауіп-қатерін азайтуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тәсілдемесі туралы айтылды.
  • 21 қыркүйекте NCOC компаниясы Жайық-Каспий Орхус орталығымен бірге «Қашаған кен орны нысандарының құрылысы. Теңіз кешені. Теңіз кемелері қатынайтын арналар (ТКА). Қоршаған ортаға әсердi бағалау жобасы» тақырыбында онлайн форматындағы қоғамдық тыңдау өткізді. Қоғамдық тыңдауға 100-ден астам адам, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттаманы әзірлеушілер, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және белсенділер қатысты.

Мердігерлерді ДЕҚҚОҚ саласында біріктіру бағдарламасы.

2020 жылы NCOC компаниясы мердігер ұйымдарындағы ДЕҚҚОҚ саласын басқару процесі шеңберінде мердігерлерді ДЕҚҚОҚ талаптарымен таныстыру бағдарламасын әзірледі және енгізді.

Бағдарламаның мақсаты - мердігерлердің жаңа персоналын компанияның ДЕҚҚОҚ саласындағы талаптарымен және процестерімен таныстыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, сонымен қатар оқиғалар мен қауіпті болуы ықтимал жағдайлардың алдын алу. Осы бағдарлама аясында келесі жұмыстар орындалды:

  • бағыт-бағдар беру жиналыстары;
  • мобилизациялау алдындағы тексерулер;
  • мердігердің өкілдерімен және супервайзерлерімен ДЕҚҚОҚ мәселелері бойынша сұхбаттасу;
  • өндірістік алаңдағы кіріспе нұсқамалар;
  • ндірістік алаңның басшылығының қатысуымен қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы жиналыстар өткізу және жаңа қызметкерлердің барлығының біліктілік деңгейін бағалау

Бағдарламада жаңа қызметкерлердің оң тәжірибе алуына және олардың NCOC өндірістік ортасына қауіпсіз кірігуіне ықпал ететін бейімделу жоспары қарастырылған. 2020 жылғы қаңтарда осы процесс басталғаннан бері мердігер ұйымдардың 400 қызметкерінің қатысуымен бірде бір еңбекке уақытша қабілетсіздік оқиғасына жол берілмей, 10 000 адам-сағат жұмыс істелді

NCOC пандемияға байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан жаңа қызметкерлердің бейімделупроцесін жақсарту, олардан күтілетін нәтижелерді және мақсатты нөлдік көрсеткішке жету жөніндегі міндеттемелерді тереңірек түсіну бойынша түрлі пәрменді бастамаларды қолға алуда.

NCOC компаниясы баржалардың өтуі мен ірі габаритті материалдарды жеткізу үшін қажет су тереңдігін қамтамасыз ету арқылы өндірістік персоналды апаттық эвакуациялауды, автоматты режимде жұмыс істейтін аралдарды қауіпсіз пайдалануды, 2022 жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын орындауды қамтамасыз ететін осы жобаның қажеттілігі туралы әңгімеледі. Қоршаған ортаға тиюі ықтимал әсер мен оны азайту үшін жүзеге асырылуы жоспарланып отырған шаралар атап көрсетілді.

  • 2020 жылғы 7 қыркүйекте ресми қоғамдық тыңдау алдында NCOC үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен ТКА жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізіп, бұл шара ашық және барынша конструктивті өтті.
  • 6 қарашада NCOC компаниясы Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Экология департаментінің, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының, үкіметтік емес ұйымдардың, қазақстандық университеттердің және басқа да ұйымдардың қатысуымен экологиялық бастамалар бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Компания ауа сапасын бақылау бойынша орындалған жұмыстар, экологиялық зерттеулер, сараптама мен аудит, жаңа нормативтік құжаттар әзірлеу туралы әңгімелеп берді.
  • 3 желтоқсанда Қашаған кен орнын игеру жобасының қоршаған ортаға әсерiн алдын ала бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жұртшылық өкілдері ұсынылған құжат туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. NCOC компаниясы табиғат қорғау іс-шараларының жоспары және өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына қосып жатқан үлесі туралы айтып берді.

NCOC компаниясында өзекті тақырыптар бойынша мүдделі тараптарға хабарлау және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу жөніндегі кең ауқымды бағдарлама әзірленген. Кез келген тұрғын өзін алаңдататын сұрақтарды қоя алады немесе компанияның құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмеуі мүмкін жайт туралы (соның ішінде құпия түрде) NCOC компаниясының іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік жөніндегі маманына хабарлай алады немесе осы мақсатта 2017 жылы ашылған нормаларды сақтау мәселелері бойынша шұғыл байланыс желісін пайдалана алады («Іскерлік әдеп» тарауындағы қосымша ақпаратты қараңыз).

11.6. Іскерлік әдеп

NCOC қызметінің барлық аспектілерінде адалдық, адамгершілік және әділдік негіз қалаушы қағидаттар болып табылады және біз бұны бірге жұмыс жүргізетін серіктестерімізден де талап етеміз.

NCOC қызметінің жалпы қағидаттары компания қызметінің барлық салаларына қатысты қолданылады. Олар NCOC компаниясының әрбір қызметкерінің, соның ішінде тікелей еңбек шарты бойынша еңбек ететін қазақстандық персоналдың, уақытша қызметке тағайындалған қызметкерлердің және мердігерлер персоналының мінез-құлқына қойылатын талаптардың сипаттамасын қамтиды. Оның үстіне NCOC компаниясының барлық қызметкерлерінен компанияның негізгі құндылықтарына сәйкес қызметтің жалпы қағидаттарын қалай қолдану керектігі сипатталған іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтау талап етіледі. Онда заңнама талаптарын және тапсырыс берушілермен, жергілікті халықпен және әріптестермен қарым-қатынас жасау ережесін сақтау бойынша практикалық нұсқаулар берілген. Талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін персоналды хабардар ету және мониторинг жүргізу бағдарламасы әзірленген және енгізілген.

NCOC компаниясында ешбір адам персоналдан заңға қайшы немесе қызметіміздің жалпы қағидаттарына немесе іскерлік әдеп кодексіне қайшы іс-әрекеттерді орындауды талап ете алмайды. Егер қызметкер ондай әрекетке немесе нұсқауға тап болса, ол тергеу жүргізу және қажет болуы мүмкін тәртіптік шараларды қолдану үшін құпия түрде сол жағдай туралы супервайзеріне, NCOC компаниясындағы іскерлік әдеп және этикалық нормалардың сақталуы жөніндегі маманға немесе этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

at www.ncoc.kz

ікелей байланысу желісі арқылы хабарлауға құқылы. Этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша тікелей байланыс желісі үшінші тарап басқаратын веб-сайттан (http:// www.ncoc.deloitte-hotline.com), электрондық пошта адресінен (ncoc.hotline@deloitte.kz) және телефон нөмірінен тұрады (8 800 080 15 65), осы байланыс құралдары арқылы кез келген адам соның ішінде аты-жөнін айтпай заңның, бизнес жүргізудің жалпы қағидаттарының және іскерлік әдеп кодексінің бұзылу ықтималдығы туралы хабарлай алады.

Персонал, жабдықтаушылар, мердігерлер немесе басқа да кез келген тараптар өздерінің алаңдаушылықтары немесе компанияның құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмеуі мүмкін жағдайлар туралы NCOC компаниясындағы іскерлік әдеп және этикалық нормаларға сәйкестік жөніндегі маманға хабарлай алады немесе осы мақсатта тікелей байланысу желісін пайдалана алады (соның ішінде құпия түрде). Бұндай хабарламалардың мазмұны құпия сақталады. Іскерлік әдеп және этикалық нормаларға сәйкестік жөніндегі маман мәлімдемені қарайды және көрсетілген жайттар расталған жағдайда компанияның басшылығы анықталған мән-жайларға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды. NCOC компаниясы қызметіміздің жалпы қағидаттарының, іскерлік әдеп кодексінің немесе парақорлықпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі басшылықтың не болмаса қолданылатын заңнама талаптарының бұзылуы мүмкін оқиғалар туралы хабарлаған адамдарға қатысты қандай да бір шара қолдануға жол бермейді.

Жыл сайын NCOC жұмыс орнында этикалық мәдениет қалыптастыру мақсатында өз қызметкерлері мен негізгі мердігерлері үшін іскерлік әдеп және әдеп нормаларын сақтау бойынша оқу курстарын өткізеді. 2020 жылы NCOC компаниясының 588 қызметкері мен оның төрт бас мердігерлері іскерлік әдеп және әдеп нормаларын сақтау бойынша оқу курсынан өтті. Жүргізілген тергеулер кейбір жағдайларда компаниядан жұмыстан шығаруға негіз болды.

Қызметіміздің жалпы қағидаттары Іскерлік әдеп кодексі

at www.ncoc.kz

11.7. Тәуелсіз консультациялық кеңес

NCOC компаниясы Тұрақты даму туралы есеп әзірлеу кезінде озық тәжірибе стандарттарын ұстана отырып, тәуелсіз консультациялық кеңеспен (ТКК) ашық диалог құрады. Атырау облысы бойынша Жайық-Каспий Орхус орталығының басшысы Шынар Ізтілеуова басқаратын кеңес құрамына жетекші экологиялық және қоғамдық ҮЕҰ өкілдері, академиктер және Қазақстандық табиғат пайдаланушылардың тұрақты дамуға арналған қауымдастығының өкілдері кіреді.

NCOC компаниясы есеп әзірлеу барысында ТКК-мен есептің мазмұнын талқылау бойынша бірнеше жиналыс өткізді. Біз NCOC компаниясының қызметін оңтайлы сипаттау және сол ақпаратты жұртшылыққа анағұрлым ашық ұсыну бойынша ұсынымдар алдық.

Бірлескен талқылаулар аясында NCOC компаниясы қызметінің экологиялық және әлеуметтік салалардағы оң аспектілері атап өтілді, сондай-ақ баса назар аударуды және жақсартуды қажет ететін мәселелер анықталды.

External Advisory Board

Жақсыгүл Шахзадақызы
МАХАНБЕТОВА
Ақтау

«Жастар жетiстіктерi» қоғамдық қорының директоры.

Маңғыстау облысының азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі «Азаматтық альянс» бірлестігінің құрылтайшысы.

Шынар Орманбекқызы
ІЗТІЛЕУОВА
Атырау

Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры.

Галина Христофоровна
ЧЕРНОВА
Атырау

«Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі.

Атырау облысында инвесторлар жүзеге асырып жатқан әлеуметтік және инновациялық жобаларға қоғамдық мониторинг және қоғамдық сараптама жүргізудің бастамашысы.

Шара
ЖҰМАҒАЗИЕВА
Aқтау

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті инжиниринг факультетінің деканы.

Қазақстан, ТМД және басқа елдердің ғылыми-практикалық журналдарындағы 40-тан астам ғылыми мақалалардың және халықаралық ғылыми конференцияларға арналған жарияланымдардың авторы.

Әйгерім Жәрдемқызы
ДОСҚАЛИЕВА
Aтырау

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы директоры.

Қоғам қайраткері. Қайырымдылық шаралар, қорлар құру, салауатты өмір салты үшін қозғалыс және еріктілер қозғалысы.

Кирилл Владимирович
ОСИН
Aқтау

«Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры.

Қоршаған ортаны қорғау, экотуризмді дамыту және еріктілер қозғалысы саласындағы қоғам қайраткері.

Галина Викторовна
АРТЮХИНА
Алматы

Қазақстандағы тұрақты даму жөніндегі бизнес-кеңестің (Қазақстандағы ТДБК) атқарушы директоры.

«Экология и промышленность» журналының редакторы.

Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика және тұрақты даму жөніндегі мемлекеттік сарапшы.

Сұлтанбек Найзулаұлы
ҚАЙЫМ
Атырау

Тұрақты даму мақсаттары бойынша Каспий хабының үйлестірушісі.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің сапа қызметі жетекшісі.