ҚР студенттеріне арналған демеушілік бағдарлама

1998 жыл мен 2019 жыл аралығында NCOC компаниясы мұнай-газ саласының әртүрлі пәндері бойынша оқитын 3500 студентке 8,781,136 АҚШ доллар көлемінде демеушілік қолдау көрсетті.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, NCOC, ҚПО Б.В. және KAZENERGY қауымдастығы арасында 2015 жылдың 29 қыркүйегінде жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары қаржыландыратын оқу грантын алуға үміткерлер таңдалады.
Грант алу конкурсына Қазақстан Республикасының келесі азаматтары қатыса алады:

  • жалпы білім беретін мектептердің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен колледждерінің түлектері;
  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен колледждерінің студенттері.
Тіркеуді KAZENERGY қауымдастығы жүргізеді. Толық ақпаратты grant.kazenergy.com веб-сайтынан алуға болады.