|
2008 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы
СКӨБК-ге қатысушы жеті компаниямен «Норт
Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» атты жаңа
бірлескен операциялық компания құру туралы
уағдаластыққа қол жеткізді. 2009 жылы
қаңтарда НКОК ресми түрде СКӨБК бойынша
Оператор ретінде тағайындалып, бұрын «Аджип
ҚКО» компаниясы атқарған міндеттерді өз
мойнына алды. СКӨБК шеңберіндегі мердігерлік
учаске 5600 шаршы километр құрайтын аймақты
алып жатыр және әлемдегі ең ірі мұнай кен
орындарының бірі болып табылатын Қашаған
алып кен орнын, сонымен қатар Қаламқас,
Ақтоты және Қайраң кен орындарын қамтиды.
СКӨБК шеңберіндегі Консорциумға
қатысушылар сонымен бірге НКОК-тың
акционерлері болып табылады, бұл ретте
олардың қатысу үлестері СКӨБК-ге қатысу
үлестеріне сайма сай. |
|
НКОК
ТАРИХЫ
2009 жылы қаңтарда
НКОК ресми түрде СКӨБК
бойынша Оператор
ретінде тағайындалып.
|
|
|
|
| |
© North Caspian Operating Company
|