|
 |
ЭКСПОРТТЫҚ СТРАТЕГИЯ
Қашағаның мұнайын өткізу рыноктарына
тасымалдау үшін бірқатар тасымалдау
тәсілдері қажет болады. Кейбір тасымалдау
тәсілдері қазірдің өзінде бар, басқаларды
әзірлеу қажет болуы мүмкін.
|
|
|
Мұнай кеніші пайдалануға берілгеннен кейінгі өнімді
экспорттаудың қазіргі таңдағы жоспары қолданыстағы құбыр және
теміржол желісін кәдеге жаратуды көздейді.
Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) құбыр желісінің батыс
маршруты (Атыраудан Қара теңіз жағалауы бойындағы
Новороссийскіге дейінгі құбыр желісі), Атыраудан Самараға
дейінгі солтүстік маршрут (ресейлік «Транснефть» желісіне
қосылу) және шығыс маршрут (Атыраудан Алашанкоуға дейін)
қолданыстағы экспорттық тасымалдау жүйелеріне қосылуды
қамтамасыз етеді.
Оңтүстік-шығыс маршруттың болуы Қазақстандық Каспий тасымалдау
жүйесін (ҚКТЖ) құруға байланысты болады. Бұл жүйе бойынша
«Болашақ» зауыты орналасқан Батыс Ескенеден «Құрық» атты жаңа
терминалға мұнай айдауға болар еді. Содан кейін мұнайды
танкермен Баку қаласының маңындағы жаңа терминалға тасымалдауға
болатын еді, ол жерден халықаралық рыноктарға шығару үшін
мұнайды «Баку-Тбилиси-Жейхан» (BTC) құбыр желісіне немесе басқа
құбыр желілеріне айдауға болады.
Қазіргі уақытта барлық ықтимал экспорттық маршруттар
зерделенуде.
|
|
|
 |
|
|
|
| |
© North Caspian Operating Company
|