|
 |
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Қашаған кен орнының ауқымы мен техникалық
қиындықтарға байланысты оны игеру
кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру немесе ТӨИ
деп аталатын І кезең аясында қазіргі уақытта
құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
II кезең бастапқы жобалау сатысында, ал
Игерудің кейінгі кезеңдері үшін тұжырымдама
таңдалып жатыр. Кезеңдердің бәрі жалпы
алғанда Кен орнын кең ауқымды игеру деп
аталады.
|
|
|
Cолтүстік
Каспийдегі судың тайыздығы мен қыстың суықтығы салдарынан
темір-бетон құрылымдары мен теңіз түбінде орнатылатын өздігінен
көтеретін платформалар сияқты дәстүрлі бұрғылау және өндіру
технологияларын пайдалану мүмкін болмай отыр.
Оларды қыстың күрделі жағдайларынан және мұз сеңдерінен қорғауды
қамтамасыз ету үшін теңіз құрылыстары жасанды аралдардың үстіне
орнатылуда. Аралдардың екі түрі көзделген: қызметкерлері жоқ
шағын «бұрғылау» аралдары және қызмет көрсететін қызметкерлері
бар үлкен «технологиялық кешендері бар аралдар» (ӨТК).
Көмірсутегілер бұрғылау аралдарынан құбыр желілері арқылы ӨТК-ге
айдалады. ӨТК аралдарында шикі газдың құрамынан сұйық фаза
(мұнай мен су) айыруға арналған технологиялық қондырғылар, газ
айдауға арналған қондырғылар және энергетикалық жүйелер болады.
І кезеңде өндірілген газдың барлық көлемінің шамамен жартысы қойнауқатқа кері айдалатын болады. Айырылған флюидтер мен шикі газ құбыр желілері арқылы құрлыққа, атап айтқанда Атырау облысындағы мұнайды тауарлық сапаға сай дайындау жұмысы жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына (МГКДҚ) жіберіледі. Газдың біраз көлемі электр энергиясын өндіруде пайдалану үшін теңіз кешеніне кері тасымалданады, ал тағы бір бөлігі зауытқа қажетті электр энергиясын өндіру үшін жерүсті кешенінде пайдаланылатын болады.
|
|
|
|
Қашаған Қазақстанның мұнай саласының өркендеуіне және жалпы Қазақстан
Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын болады.
|
|
 |
|
|
|
| |
© North Caspian Operating Company
|